Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет137/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   207

274 

Қорыта  айтқанда,  білім  берудегі  эвалюация  өзгерістер  динамикасын  бақылау  үшін  сандық  жəне 

сапалық  əдістерді  есепке  ала  отырып,  бірыңғай  əдіснамалар  негізінде  талданатын,  студенттердің 

құндылықтары  мен  позитивті  сапаларын  жүйелі  түрде  зерттеуге  арналған  теориялық-əдіснамалық 

жəне  тəжірибелік  жұмыстар  спектрін  қамтиды.  Эвалюация  білім  беру  жүйелері  үшін  қажет  болып 

табылады, онсыз білім берудегі көптеген мəселелер өз шешімін таба алмауы мүмкін. 



 

Əдебиет 

1.  Трайнев В.А, Мкртчян С.С, Савельев А.Я. Повышение качества высшего образования и 

болонскийпроцесс. Обобщение отечественной и зарубежной практики.- М: Издательско-торговая 

корпорация «Дашков и К», 2007-392с. 

2.  Уксикбаева А. XXI ғасыр деңгейінде білім беруге жаңа технологияларды енгізудің мəні мен маңызы // 

Мектеп (Шымкент); 2008 №6 10-14б. 

3.  Шишов С.Е., Кальней В.А. Школа: Мониторинг качества образования. – М.: Пед. общество России, 

2000. – 320 с. 

4.  Балыкбаев А.Т., Омирбаев С.М., Абдыхаликов А.Т.и др. Развитие национальной системы оценки 

качества образования: Отчет о НИР. – Астана 2005. – 120 с. 

 

 

Баярыстанова Э.Т., Елубаева Г.  



(Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, Ш.Есенов атындағы  

Каспий мемлекеттік технологиялар жəне инжиниринг университеті



 

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ: 

ТƏСІЛДЕМЕЛЕР ЖƏНЕ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАР 

 

Еліміздің  саяси,  экономикалық,  мəдени  өмірінде  болып  жатқан  өзгерістерге  сай  жоғары  білім 



беру  жүйесінің  үлкен  жауапкершілікті  сезініп,  білікті,  бəсекеге  қабілетті,  кең  ауқымды,  жан-жақты 

дамыған  маман  дайындауға  ұмтылуы,  өзінің  бүкіл  қызметін  осы  бағытта  құруы – заңды  құбылыс, 

себебі қоғам өзінің əлеуметтік-экономикалық жəне рухани дамуының жаңаша мазмұны мен сипатына 

қарай  жəне  еңбек  сапасына  қойылатын  талаптың  жоғарылауына  байланысты  өз  ісін  жетік  білетін, 

кəсіби білімі мол мамандарды қажет етеді.  

Осыған орай қазіргі таңда маман даярлау ісінде пəндік білім беру парадигмасынан құзыреттілікке 

бағытталған  оқыту  моделіне,  яғни  күтілетін  нəтижеге  бағдарлану  орын  алуда.  Болашақ  маманның 

өзінен күтілетін нəтижелерге, жетістіктерге бағдарлануы студенттердің біртұтас əмбебап білім, білік, 

дағдылар  жүйесін  жəне  өздігінен  жұмыс  жасау,  жеке  басына  жауапкершілік  алу,  шығармашылық 

ықылас пен ұтқырлық таныту секілді маңызды сапаларын, яғни тірек құзыреттерін қалыптастыруды 

жəне дамытуды қажет етеді.  

Жоғары  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартында  «оқытудан  күтілетін 

нəтижелер  Дублин  дескрипторлары  негізінде  анықталады  жəне  құзыреттілік  арқылы  көрінеді»  деп 

жазылған.  Ал  «дескриптор (descriptors) – студенттердің  жоғары  жəне  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі 

білімнің  тиісті  деңгейінің  (сатысының)  білім  беру  бағдарламаларын  аяқтағанда  игеріп  шығатын 

білім, білік, дағды жəне құзыретінің деңгейлері мен көлемінің сипаттамасы» ретінде анықталған. 

Аталған құжатқа сəйкес бірінші деңгейдегі (бакалавриат) дескрипторларға:  

1) зерттеп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса 

алғанда, осы сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу; 

2) осы білімі мен түсінігін кəсіби деңгейде қолдана білу; 

3) дəйектемелер құрастыру жəне зерттеп отырған саладағы 

проблемаларды шешу; 

4) əлеуметтік, этикалық жəне ғылыми көзқарастарды ескере отырып, 

пайымдаулар жасауға қажетті ақпарат жинауды жəне интерпретациялауды жүзеге асыру; 

5) ақпаратты, идеяларды, проблемаларды жəне шешімдерді мамандарға 

да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттері жатады [1]. 

Білім беру жүйесіне қатысты құзыреттілік мəселесін зерттеуде И.А.Зимняя, А.В.Хуторский, Н.В. 

Кузьмина,  Л.В.Свирская  жəне  т.б.  ресейлік  ғалымдар,  А.Б.Абибулаева,  К.Құдайбергенова, 

Б.Тұрғынбаев,  Ш.Таубаева  сияқты  отандық  ғалымдар  үлкен  үлес  қосып,  ғылыми-теориялық 

талдаулар  жасаған.  Педагог-ғалымдар  құзыреттілік  ұғымына,  оның  түрлеріне  жан-жақты  сипаттама 

беріп  қана  қоймай,  сонымен  бірге  құзыреттілік  тұрғыдан  білім  беру  тəсілдерін  де  іздестірген.  Олар 

құзыреттілік  тұрғысынан  білім  берудің  басты  ерекшелігі  дайын  білімді  игерту  емес,  білімді  өз 

бетімен игеруге, оны практикада қолдана білуге жағдай туғызу екендігін баса ескертеді. 



275 

И.А.Зимняя  құзыреттілік  ұғымын  адамның  əлеуметтік  біліктілік  сипаттарымен  көрінетін 

зияткерлік  жəне  тұлғалық  білімдеріне  негізделген  белсенді  түрде  қалыптасқан  жеке  қасиет  ретінде 

түсіндіреді. Ғалым құзыреттіліктің білім, білік, дағдыдан айырмашылығын төмендегіше көрсетеді: 

- білімнен айырмасы – алған білімі ақпараттық сипатта қалып қоймай, өнімді қызмет формасына 

айналады; 

-  дағдыдан  айырмасы – алған  білімі  бойынша  берілген  материалдарды  жинақтап,  ережелер  мен 

заңдылықтарды шығармашылықпен пайдаланудағы сапалы қызмет; 

-  біліктіліктен  айырмасы – алған  білімін  интеграциялау  (кіріктіру)  арқылы  қалыпты  емес 

жағдайдан шыға білудегі даралығы [2, 36-37 б.]. 

 Қазақстандық  ғалым,  педагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор  Ш.Т.Таубаева 

құзыреттілікті былайша пайымдайды: 

- адамның өзіндік əлеуетін жүзеге асырудағы қабілеттілігі жəне оған деген ұмтылысы; 

-  өзінің  білімін,  іскерлігін,  біліктілігі  мен  тəжірибесін  шығармашылық  табысқа  жетуде  көрсете 

білуі; 

-  өз  əрекетінің  нəтижелерінің  əлеуметтік  мəнін  түсінуге  жауапкершілікпен  қарау  жəне  одан  əрі 



жетілдіру қажеттігін түсінуі [3, 4 б.]. 

А.Б.Абибулаеваның  еңбектерінде  білім  беруге  құзыреттілік  тұрғысынан  келуде  күтілетін 

нəтижелер ретінде үздіксіз білім беру жүйесін дамытудың төмендегідей мүмкіндіктері айқындалады:  

-білім алушылардың өзбетіндік, танымдық, практикалық іс-əрекет дағдысын қалыптастыру; 

-өздігінен  білім  алуды  дамытуда  оқытудың  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар 

құралдарын тиімді пайдалану; 

- білім берудің даралап оқыту принципі негізінде оқу процесін даралауды жүзеге асыру; 

- білім алушының табысты іс-əрекетіне қажетті білім дайындығын əлеуметтік сұранысқа негіздеу 

[4, 6 б.]. 

Құзыреттілік мəселесін қарастырудағы маңызды бағыттардың бірі – оларды жіктеу.  

И.А.Зимняя  «құзырет», «құзыреттілік»  ұғымдарының  арақатынасын  зерттей  келе,  құзыреттер 

адамның  ішкі,  жасырын  жатқан  психологиялық  сапалары  болып  табылады  жəне  топтаса  келе 

тұлғаның құзыреттілігі ретінде байқалады, ал құзыреттілік адамның акмеологиялық даму формасын 

білдіреді,  яғни  тұлғаның  белгілі  бір  білім  сатысын  аяқтаған  жəне  сол  білімдер  негізінде  нəтижелі, 

өнімді іс-əрекетке дайындығын (қабілеттілігін) көрсететін сапасы деп есептейді. Осыған байланысты, 

ғалым  тірек  құзыреттіліктерін  үш  топқа  біріктіреді: 1) адамның  өзін  тұлға,  субъект  ретінде 

қабылдауына байланысты құзыреттіліктер; 2) тұлғаның өзге адамдармен қатынасына, əрекеттестігіне 

қатысты құзыреттіліктер;  

3) адамның негізгі іс-əрекетіне (қызметіне) байланысты құзыреттіліктер [1, 38 б.]. 

Кəсіби білім беру жүйесінде кең таралған жіктеудің авторы А.В.Хуторский. Зерттеуші кез келген 

маманның  кəсіби  қызметінің  маңызды  бөлігі  ретінде  кəсіби  құзеттілікті  көрсете  отырып,  оның 

мынадай түрлерін ажыратады:  

-  құндылықты-мағыналық; 

-  жалпымəдени; 

-  оқу-танымдық; 

-  ақпараттық; 

-  коммуникативтік; 

-  əлеуметтік-еңбекті [5, 60 б.]. 

Аталған  құзыреттіліктердің  қай-қайсысының  да  мəнділігін  кемітуден  аулақ  бола  отырып, 

коммутикативтік құзыретіліктің болашақ педагог-психолог үшін маңыздылығын қарастырайық. 

Коммуникативтік құзыреттіліктің түйінді рөлін дəлелдейтін фактор – коммуникация, яғни қарым-

қатынас жасау ұғымының өзі барлық басқа құзыреттіліктерді іске асыру мен дамытудың бірден бір 

шарты болып табылады.  

Коммуникация  латынның «communication» сөзінен  шыққан,  латын  тілінен  аударғанда,  қарым-

қатынас  орнату,  байланыс  жасау,  бір-бірімен  араласу,  қатысу  деген  ұғымды  білдіреді.  Ғылыми 

əдебиеттерде оның төмендегідей үш мазмұны нақтыланады: 

–  коммуникация – кез  келген  материалдық  жəне  рухани  əлем  объектісіндегі  байланыс  құралы 

(белгілі бір құрылым); 

–  коммуникация – тілдесу,  қатынасу  құралы  (адамдардың  бір-бірімен  өзара  əрекеті  мен  ақпарат 

алмасуы – жеке аралық коммуникация); 

–  коммуникация – (қарым-қатынас  жəне  қоғамда  ақпарат  алмасу  құралы  (қоғамдық  санаға  əсер 

ету – əлеуметтік коммуникация). 




жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау