Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет56/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   207

113 

2.  Чеврениди А. А. Прокрастинация в структуре временных отношений личности // Вестник ЮУрГУ. 

Серия: Психология. 2016. №3. С.104-113; 

3.  Калинина Т.В., Кудачкин Д.А. Феномен прокрастинации: современные исследования // Приволжский 

научный вестник. 2016. №11 (63). С.58-61; 

4.  Барабанщикова В.В., Марусанова Г.И. Перспективы исследования феномена прокрастинации в 

профессиональной деятельности. // Национальный психологический журнал. 2015. № 4(20). С. 130-140; 

5.  Мычко В. Н. Прокрастинация как феномен и образ жизни современного человека // Молодой ученый. – 

2016. – №25. – С. 651-654; 

6.  Ковылин В.С.Теоретические основы изучения феномена прокрастинации // Личность в меняющемся 

мире: здоровье, адаптация, развитие. 2013. №2. С.22-24; 

7.  Е. П. Ильин «Работа и личность. Трудоголизм, перфекционизм, лень». Санкт-Петербург, Питер. 2011. 

 

 

Шайжанова К.У. 



(Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Қазақ мемлекеттік  

Қыздар педагогикалық университеті) 

 

ОЙЛАУ ҮРДІСІН ДАМЫТУДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ 

ТЕОРИЯЛЫҚ-ƏДІСНАМАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

 

Қазақстанның  дамуының  жаңа  кезеңі  еліміздің  əлемнің  бəсекеге  барынша  қабілетті 50 елінің 



қатарына  кіру  мақсатына  бағдарланған.  Соған  сəйкес  ұлттық  білім  моделі  əлемдік  білім  кеңістігіне 

ықпалдастырылуы, əлемдік еңбек нарығында бəсекеге қабілетті мамандар даярлауды қамтамасыз етуі 

тиіс. Қазіргі таңда қоғамға мақсат қоя білетін, өз бетімен жұмыс атқаратын, креативті ойлайтын жəне 

мақсатқа жетудің əдіс-тəсілін шығармашылықпен анықтайтын, кəсіби-маман тұлғасы қажет. 

Шығармашылық – пайда  болған  міндеттерді  əлдеқашан  белгілі  болған  тəсілдермен  шешу  үшін 

талап етілетіндердің тысына шығатын жоғары формадағы ойлау. Ойлау үрдісінде үстемдік еткенде, 

шығармашылық  елес  ретінде  көрінеді.  Мақсат  пен  іс-əрекет  тəсілінің  компоненті  бола  тұра,  ол 

шеберлік  пен  инициативаның  міндетті  шарты  ретінде  шығармашылық  іс-əрекеті  деңгейіне  дейін 

көтереді [1,34б.]. 

Адамның шығармашыл болуы мəселесі барлық уақыттарда гуманитарлық ғылымдардың, əсіресе 

психологияның  өзекті  мəселесі  болды.  Шығармашылық  психологиясы  ғылым  ретінде  ХХ-ХХI 

ғасырлар  тоғысында  пайда  болып, «жаңалық  ашу»  деген  мəнге  ие  болды.  Бұл  мағынаны  бізді 

қоршаған органикалық жəне органикалық емес өмірдің барлық саласында қолдануға болады. Өйткені 

өмірдегі  кез-келген  өзгерістер,  жаңарулар-шығармашылық  күштердің,  əрекеттердің  өнімі. 

Психологиялық  əдебиеттерде  олардың  төмендегідей  негізгі  белгілерімен  сипатталатындығы 

көрсетіледі: 

•  кез-келген  жаңа  өнім  кездейсоқ  немесе  əр  түрлі  варианттар  сынап  көру  нəтижесінде 

алынатындықтан,  өнімнің  жаңалығы  оны  жасаудағы  үрдістің  (жаңа  əдіс,  тəсіл,  қимыл-əрекет) 

жаңашылдығынан тұрады; 

•  шығармашылық – таныммен,  ақиқаттың  сəулеленуі,  оның  дамуы  мен  қызмет  ету  заңдарымен 

тікелей  байланысты;  өйткені  сəулелену  шығармашылықтың  базасы  мен  негізі:  шығармашылық 

кезінде  адам  өзінің  білімін  кеңейтеді,  тереңдетеді  сондықтан  ақиқат  дүниені  тану  формасы  ретінде 

танылады; 

•  шығармашылық – мəселені,  қалыптан  тыс  жағдайларды  көру  мен  шешу  үрдісі,  ал  кез-келген 

түйткіл  негізінде  қарама-қайшылықтың  шешімін  табу  жатыр,  сондықтан  шығармашылықтың  мəні 

ретінде осы ерекшелігіне көңіл бөлінуі керек; 

•  шығармашылық – адам  əрекетінің  ең  жоғарғы  түрі,  оның  тұрмысының  тəсілі,  өзіндік 

əрекетінің, өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі танытуының формасы; 

•  шығармашылық – рухани  жəне  материалдық  құндылықтардың  бірлігі.  Бұған  мұғалімнің 

күнделікті  əрекеті  тұрғысынан  қарасақ,  рухани  шығармашылық  бағдарлама,  жоспар,  жоба,  модель 

ойлау үрдісінде туады, ал оны тəжірибеге айналдыру – материалдық шығармашылыққа жатады; 

•  шығармашылық – ойлаудың маңызды психологиялық критерийі, шығармашылықтың шешімі – 

эмоционалдық көтеріңкі көңіл-күйдің, не күйзелістің айқын байқалуы. 

Шығармашылық – өте күрделі психологиялық үрдіс. «Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығу», 

«ойлап  табу»  дегенге  келіп  саяды.  Көрнекті  психолог  Л.С.Выготский  шығармашылық  деп  жаңалық 

ашатын əрекетті атаған [2, 121с.]. Ал Я.Пономарев оны даму ұғымымен қатар қояды. Соңғы жылдары 

шығармашылық сөзімен жаңалық, бастамашылық, белсенділік ұғымдары астарлас қолданылып жүр. 

Ол  іс-əрекет  түрі  болғандықтан,  тек  адамға  ғана  тəн.  Шығармашылықты  төмендегідей 

ерекшеліктерімен сипатталған адам əрекеті деуге болады: 



114 

•  шығармашылықтағы қарама-қайшылықтардың болуы; 

•  əлеуметтік жəне жеке тұлғаға деген мəнінің болуы, 

•  шығармашылыққа арналған шарттардың жағдайдың болуы; 

•  шығармашылық тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы; 

•  нəтиженің жаңалығы, соңы. 

Кеңес  психологиясында  шығармашылық  психологиясының  мəселелерін,  оның  ойлаумен 

байланыстылығын  белгілі  психологтар  А.В.Брушлинский,  В.С.Библер,  Д.Б.Богоявленская, 

Т.В.Кудрявцев,  А.М.Матюшкин,  Н.Н.  Поддьяков,  Я.А.Пономарев,  О.К.Тихомиров  жəне  басқалар 

зерттеді [3,59б.]. 

Шығармашылық  психологиясының  дамуында  шығармашылықтың  обьективті  заңдары  ашылды. 

Кеңес психологиясында шығармашылық ойлау, шығармашылық тұлға, шығармашылық қабілеттерді 

диагностикалау  жəне  басқа  да  көптеген  мəнді  теориялық  жəне  эксперименттік  нəтижелер  алынды. 

Қоғамдағы өзгерістер шығармашылық психологиясына көптеген міндеттерді жүктейді, шығармашы-

лықтың  мəдени  негізін  Л.С.Выготский  тұжырымдады.  Л.С.Выготскийдің  шығармашылық 

саласындағы  өте  құнды  зерттеулерін  жалғастырған  жұмыстар  (С.О.Грузенберг,  П.К.Энгельмейлер, 

Б.А.Лезин,  А.А.Потебня,  Д.Н.Овсянико-Кулиновский)  шығармашылық  мəселелерін  анықтауда 

З.Фрейд, К.Г.Юнг сияқты ірі психологтардың жұмыстарын басшылыққа алды. 

Шығармашылық  мінез-құлықтың  мəдени-тарихи  шарттануы  жайлы  идеяны  терең  дамытқан 

Д.Н.Узнадзенің  тұжырымдамалары  болды.  Д.Н.Узнадзенің  көркем  шығармашылықты  зерттеудің 

эстетикалық-психологиялық əдісі шығармашылық мінез-құлықтың тарихи-əлеуметтік, мəдени негізін 

көрсетеді. 

Əлеуметтік  шығармашылықты  білімдер  сферасында  танымды  белсендірудегі,  жетілдірудегі  ролі 

жайлы жұмыстар Г.М.Андреева, Н.А.Бердяев, əлеуметтік шығармашылықтың еңбек мотивациясымен 

ара  қатынасы  жəне  еңбектің  тұлғаның  əлеуметтік  белсенділігіне  тəуелділігі  жайлы  зерттеулер 

(Н.Н.Абакумов,  Т.Н.Заславская),  сондай-ақ  шығармашылықты  əр  түрлі  аспектіде  зерттеген 

зерттеулер жемісті нəтижелер берді [4,153б.]. 

Кеңес  психологиясында  шығармашылық  əрекеттің  сипаттамасына  ерекше  назар  аударған 

С.Л.Рубинштейн  болды.  Оның  пікірінше  шығармашылықты  «жаңа  материалдық  жəне  рухани 

құндылықтар жасайтын қоғамдық мəні бар адам əрекеті»- деп түсіндіреді. Сонымен қатар ол əлемді 

тану, меңгеру субьектінің өзінің шығармашылық əрекеті нəтижесінде болатынына ерекше тоқталады 

[5,89б.]. 

Шығармашылықты  таным  детерминациясында  қарастыру  бірнеше  өзара  байланысқан  бағыт-

тармен  шарттанады:  сыртқы  психологиялық  детерминанттар,  аралас  ғылымдардың  психологиялық 

ғылымдардың  категориялық  аппаратына  тигізетін  əсерлері,  ішкі  психологиялық  детерминанттар, 

таным  құралдары  мен  психологиялық  категориялар.  Тарихи  қалыптасқан  бағыттар  негізінде 

праксиология, гносеология, социология жəне аксиологияда шығармашылық мəселесі қаралады. 

Шығармашылық  психологиясында  шығармашылықты  танымның  даму  үрдісінде  қалай  өзгереді 

деген заңды сұрақ туындайды. Шығармашылық нəтижесі немесе оның параметрлері (жаңашылдығы, 

жалпылануы, күтпегендік жəне  т.б.)  арқылы  анықталады. Шығармашылықтың мəні  оның  шарттары 

мен  өту  ерекшеліктері  арқылы  көрсетіледі.  Шығармашылық  критерийлеріне  шығармашылық 

үрдістері мен шарттары алынады, ол операциялық тексеруде көрінеді. Ғылымда шығармашылықтың 

мəні  екі  мағынада  түсіндіріледі:  шығармашылық  пен  жасаумен  ұқсастырылады  жəне 

шығармашылықтың мəнін жасаушының позициясы тұрғысынан суреттейді. 

Т.И.Райнов  шығармашылық  психология  мен  теорияның  арасындағы  айырмашылықты,  олардың 

мақсат  міндетін  көрсетті.  Шығармашылықты  нəтиже  əкелетін  үрдіс  деп  қарастыру  керек. 

Шығармашылық психологиясы – жан көріністері жайлы ғылым, шығармашылық іс-əрекеттің соңғы 

нəтижесі – құндылықтарды  зерттеу  керек  деді.  Т.И.Райновтың  шығармашылық  феноменологиясы 

Д.Н.Овсинико-Кулиновский  еңбектерінде  жоғалтылған  психикалық  жəне  мəдени  құбылыстарды 

зерттеуге  деген  тарихи-диалектикалық  ықпалды  жандандырды,  шығармашылықтың  мақсатқа 

сəйкестігі жайлы идеяны бекітті. 

Психологизм өкілдері шығармашылық іс-əрекетті бір ізді сатыларға апарса да, (түпкі ойдың тууы, 

материалды шығару), шығармашылық феноменологиясындағы əрекеттің мотвациялық негізін жоққа 

шығара алмады. 

Шығармашылықтағы  бейсаналылыққа  келсек,  бірінші  топ  фактілеріне  шығармашылық  үрдісі 

жайлы  шығармашылық  адамдардың  берген  өзіндік  есептері  жатады.  Осы  өзіндік  есептер 

бейсаналылықта  үлкен  рөл  атқарады.  Алайда  бұл  көркем  жəне  ғылыми  шығармашылықта  əр  түрлі 

көрініс  береді.  Шығармашылық  үрдісіндегі  осы  айырмашылықтар  тапсырманың  ерекшелігіне 




жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау