Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет43/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   207

87 

Қуанжанова Қ.Т., Оразова А.М. 

(Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ,Қ.Жұбанов атындағы  

Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті) 

 

КƏСІБИ ДЕФОРМАЦИЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ МЕН БЕЛГІЛЕРІ 

 

Əрқайсымыз  өміріміздің  көп  бөлігін  жұмыста  өткіземіз,  сол  себепті  жұмысымыздын  кейбір 



кəсіби  дағдылары  мен  əдеттерді  өз  жеке  өмірімізде  еріксіз  түрде  қолданамыз.  Дəл  осындай 

деформация  арқылы  адам  қандай  салада  жұмыс  жасайтынын,  қандай  іс-əрекетпен  айналысатынын 

анықтауға болады. Егер сіздің өміріңізде үнемі сізге нені қалай жасау керектігін көрсетіп отыратын 

адам  кездессе,  сіз  оны – мұғалім  деп  ойлайсыз.  Ал  сіздің  жеке  өміріңіздегі  қиындықтарды  шешуге 

жəне  кеңес  беруге  тырысқан  танысыңыз  болса  сіз  оны – психолог  ретінде  қабылдайсыз.  Сізге  аз 

уақыт таныс болған адам көп сұрақ қойып, кейбір оқиғаларды үтір-нүктесіне дейін сұраса немесе бір 

қойған сұрақты бұрмалап басқаша қойса сіз еріксіз түрде ол адамның құқық қорғау орган саласында 

жұмыс  жасайды  деп  білесіз,  солай  емес  пе?!  Жоғарыда  көрсетілгендердің  негізінде  кəсіби 

деформация деген ұғым қалыптасады. 

Физикада  деформацияны  дененің  бұрмалануы  деп  атайды.  Яғни,  денеге  əсер  ету  процесінде 

дененің  иілуі,  бұралуы,  созылу  жəне  сығылуы  пайда  болады.  Серпімді  материал  өзінің  бастапқы 

бейнесін  қайтармайды.  Қызметкерлердің  еңбек  іс-əрекетіндегі  деформациясы  да  физикалық 

деформацияға ұсқас, бірақ одан да орасан күрделі болып табылады. [1, с.385] 

Философияда  деформация  (латын  тілінен  аударғанда – бұрмалау,  қорқынышты) – келбетінің 

өзгеруі, қайта құрылуы деген мағынаны білдіреді. 

Жалпылай айтқанда кəсіби деформация (латын тілінен аударғанда deformatio – бұрмалау) – кəсіби 

қызметте туындайтын сыртқы жəне ішкі қысым факторларының əсерінен когнитивті бұрмалану мен 

тұлғаның психологиялық дезориентациясының пайда болуы. 

Соңғы  он  жылдықта  кəсіби  деформация  феноменін  зерделеуге  үлкен  көңіл  бөлінуде.  Көптеген 

психология  əдебиеттерінде  жеке  тұлғаның  деформациясы  кəсіби  бағытта  қаралып,  жекелік 

қасиеттердің  өзгеруі  ретінде  қарастырылады  (іс-əрекет,  қарым–қатынас  түрлеріне,  қабылдау 

сипатына,  мінез-құлқына,  құндылықтардың  бағыталуына  жəне  т.б.)  осының  барлығы  кəсіби 

қызметтің ықпалынан болады [3, 22-26 б]. 

Ең  бірінші «professional deformation» термині  Х.Ландеркомның 1915 жылы  шыққан  «Кəсібилік: 

Кəсіби  деформацияны  зерделеу»  мақаласында  жарияланды.  Зертеушінің  жазуы  бойынша:  кəсіби 

деформация бұл – жеке адамның ойлау процесінің өзгеруі жəне жалпы ұжымның қызметтік жұмысты 

дұрыс бағаламауы [4, 55–62 б]. 

Орыс  ғылыми  əдебиетіне  «Кəсіби  деформация»  терминін 1921 жылы  Питрим  Сорокин  енгізген 

болатын.  Оның  пайымдауы  бойынша  кəсіби  деформация  кəсіби  қызметте  адамның  іс-əрекетіне, 

мінез-құлқына теріс əсерін тигізеді. Питрим Сорокин кəсіби деформацияны зерттеу үшін ең бірінші 

болып əлеуметтік бағдарлама ұсынды [5, 334 б]. 

Уақыт өте келе кəсіби деформацияның шығу жолдарын іздеу үшін зерттеулер жүргізіле бастады. 

Алғашқы зерттеу 1936 жылы Ганс Селье өзінің 74 жолдан тұратын «Синдром, вызываемый разными 

поврежденными  агентами»  мақаласында  болып  жатқан  кейбір  құбылыстардың  мінез-құлықтың 

өзгеруіне,  психиканың  тұрақсыз,  кернеулі  жəне  адекватсыз  болуына  ықпалын  тигізу  мүмкіндігін 

жазып өтті [3]. 

Адамға  кəсіби  рөлден  шығуға  қиын,  ол  осы  эмоцияларды  отбасына  апарады,  солай  «Кəсіби 

менің» «Адами менге» енуі көрінеді. [3]. 

Осылайша  Х.Ландерок,  Питрим  Сорокин,  Ганс  Селье  кəсіби  қызметтің  адамның  мінез-құлқына 

жəне эмоциясына теріс əсерін тигізетін жақтарын қарастырды [6, 76 б]. 

ХХ  ғасырдың  сонында  Е.М.Борисов,  Р.М.Грановская,  Э.Ф.Зеер,  А.К.Макарова  жəне  т.б. 

психологтар  еңбектің  теріс  əсері  туралы  ой  қозғады.  Еңбек  адам  психикасының  дамуына  қолайлы 

болып табылмайды, керісінше ол деформацияға алып келетіндігін айтып өтті. [4]. 

Қазіргі таңда «кəсіби деформация» термині кəсіби стресс контекстінде зерделенеді. [4]. 

Осы контексті ұстана отырып, М.А.Воробьев көп таралған кəсіби деформацияны тудыртатын бұл 

ақпараттық  стресс,  қазіргі  таңда  ақпаратпен  жұмыс  жасай  алмау,  бұл  жеке  тұлғаның  барлық 

сфераларының азуына алып келеді. Стресттің белгілері психиканың барлық сфераларынан көрінеді: 

эмоционалды,  когнитивті,  мотивациялық,  мінез-құлықтық.  Стресстік  жағдайда  болғанда  адам 

қобалжуды  сезінеді,  қарсыласады,  ал  кейінірек  аза  бастайды  толығырақ  айтқанда  кəсіби 

деформацияның толықтай белгілері көрінеді [3, с. 22–23 б]. 

С.П.Безнесов,  Р.М.Гроновская,  Л.Н.Корнеева,  А.К.Маркованың  көрсетуі  бойынша  кəсіби 

деформацияның  жоғарғы  дəрежесі  үнемі  адамдармен  жұмыс  істейтін  əлеуметтік  мамандық 




88 

өкілдерінде  пайда  болады:  құқық  қорғау  органдары,  мемлекеттік  қызметкерлер,  дəрігерлер, 

педагогтар, басшылар, қоғамдық жұмысшылар, психологтар, кəсіпкерлер жəне т.б. 

Бұл  мамандық  өкілдерінде  кəсіби  деформация  əр-түрлі  деңгейде  көрінеді.  Осы  мамандық 

жұмысшыларына  жалпы  мамандық  деформациясы  тəн.  Мысалы:  Құқық  қорғау  органдарының 

жұмысшыларында  «ассоциалды  перцепция»  синдромы  дамиды,  яғни  əрбір  азаматты  потенциалды 

құқық  бұзушы  ретінде  қабылдайды.  Кəсіп  бойынша  мамандандырылған  процесте  пайда  болатын 

арнайы кəсіби деформация бар. Кез-келген кəсіп бірнеше мамандықтарды біріктіреді. Э.Ф.Зеер кəсіби 

маманың кəсіби деформациядан аулақ болуы мүмкін еместігі, ғалымның ойынша əр кəсіби қызметте, 

əр  мамандықтың  өзіндік  деформация  «ансамбілі»  бар  екенін  айтып  өтті.  Тергеуші  де – құқықтық 

күдіктенушілік,  операвтивті  жұмысшыда – өзекті  агрессия,  адвокатта – айлакерлік,  прокурорда – 

кінəлаушлылық сияқты кəсіби деформацияның дамитының көрсетуге болады. [7, 45–54 б]. 

Қазіргі  таңда  педагогтардың,  журналистер,  əлеуметтік  жəне  əскери  салада  жасайтын 

қызметкерлер, басшылардың кəсіби деформациясы төңірегінде белсенді жұмыстар жүргізіліп келеді. 

Осы  кезден  бастап  аталған  феноменнің  жеке  жақтары  зерттеле  басталды. «Кəсіби  деформация» 

түсінігімен  қатар,  аталған  жұмыстарда  мағыналары  бір  «кəсіби  деструкция», «кəсіби  деградация» 

терминдері қолданылған (А.К.Маркова, Е.А.Климов Е.Ю.Пряжникова, А.Ф.Шикун т.б.). [8, 20 б]. 

Т.А.Жалагинаның [9] жұмысында аталған түсініктерге келесі анықтамалар беріледі: 

А)  деградация  (лат. gradus – деңгей) – алдында  жинақталған  кəсіби  қасиеттерінің  жоғалуы, 

жағымсыз жаққа беталасы. 

Б)  деформация  (лат. deformation) – ішкі  жəне  сыртқы  факторлардың  өзара  əрекетінің 

нəтижесіндегі өзгерісі; 

В) деструкция (лат. destructio) – қалыптасқан құрылымның бұзылысы. 

Тұлғалық деформацияның көрінуінің төмендегідей бірнеше белгілері бар. 



І.  Жүйелеу: 1. Лауазымдық  деформациясы – басшы  өзінің  билік  құзырыретілігін  шектемей, 

басқа  адамның  ұмтылысын  басып,  басқа  біреудің  пікірін  қабылдай  алмай,  өзінің  қаттеліктерін 

көрмей, өз-өзіне деген сенімділігі артып, өзінің пікірін дұрыс деп есептеу. 

2.  Бейімделу  деформациясы – тұлғаның  нақты  қызмет  жағдайларына  жəй  бейімделуі,  осыдан 

адамда конформизмнің жоғары сатысы қалыптасады, ол ұйымның қабылдаған мінез-құлық жəне əдет 

үлгілерін өзіне қабылдайды. Терең деңгейлі деформацияда қызметкерде жағымсыз мінез-құлық, жеке 

тұлғалық қасиеттерінің өзгеруі, билік құмарлық, қаттылық көріне бастайды. 



3.  Кəсіби  деградация  (тозу) – кəсіби  деформацияның  соңғы  сатысы,  тұлға  өзінің  адамгершілік 

құндылықтарының бағыт бағдарын жоғалтып, кəсіби дəрменсіз күйге енеді. 



ІІ.  Зерттеуші  Е.И.  Рогов  ұсынған  тұлғаның  кəсіби  деформацияларының  түрлерін 

төмендегідей нақтылайды: 

1. Жалпы  кəсіби  деформация – осы  мамандықтағы  қызметкерлерге  тəн. Мысалы: əр-түрлі  оқу 

ғимараттындағы  əр  түрлі  пəннен  беретін  мұғалімдер  бір-біріне  ұқсас  болып  келеді.  Оларға 

ғибраттылық, дидактизм, пікірлерді бағалаушылық, авторитарлық жəне т.б. жатады. 

2. Типологиялық деформациялар. Мінез құлықтағы тұлғалық ерекшеліктер мен педагогикалық 

іс-əрекеттің құрылымда қызметтерінің сəйкестігінің өзара байланысынан туындайды. Типологиялық 

деформациялар  педагогикалық  іс-əрекеттің  компоненттеріне  сəйкес  тұлғалық  ерекшеліктердің 

араласуында  пайда  болады.  Мысалы,  қарым-қатынасшыл  педагогтар  қарым-қатынасқа  көп  түседі, 

көп сөйлейді, оқушылармен ара қашықтық сақтамайды. Интеллигент-педагогтар – ақыл айтуға, кеңес 

беруге бейім келеді. 



3. Арнайы кəсіби деформациялары оның оқитын пəніне тəуелділігінен пайда болады. Мысалы, 

тілдің  мұғалімдері  серіктесінің  сөйлеуіндегі  қателіктерді  дұрыстау,  математиктер  қарым-қатынаста 

ұстамды болып келеді. 

4.  Жекелік  деформациялар  тұлғаның  құрылымында  болып  жатқан  өзгерістермен  анықталады 

[11, 240 б.]. 



Кəсіби деформацияның туындау себебі: 

Кəсіби  деформацияның  туындау  себебінің  басты  мəселесі  ол  жақын  орта,  бұл  ортамен  кəсіби 

маманың  қарым-қатынас  жасауы  жəне  қызметінің  ерекшелігі  болып  табылады.  Көп  жылдар  бойы 

жасалған  типтік  бағдарламалар  кəсіби  білімдерді  шындандырып  қана  қоймай  кəсіби  əдеттерді, 

стериотиптерді, ойлау жəне қарым-қатнас стилін қалыптастыруға ықпалын тигізеді. 

Психологиялық  əдебиеттерде  кəсіби  деформацияның  туындау  себептерінің 3 факторын  бөліп 

көрсетеді:  қызмет  ерекшеліктері  факторы,  жекелік  қасиеттер  факторы,  əлеуметтік-психологиялық 

мінез-құлық факторы. [12, 56-62 б.]. 



Кəсіби  деформацияның  туындау  себебіне  алып  келетін  стрессогенді  факторлар

эмоционалды  күю  синдромы,  моббинг,  субъективті  моббинг,  кəсіби  өшу  синдромы,  қажу,  жұмыс 




жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау