Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет182/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   207

364 

4.  И.В. Сыромятников. Терроризм – зло. Терроризм: история и современные проявления, пути 

противодействия и правила поведения при террористических актах, угрозах. Изд.: LAP Lambert 

Academic Publishing, 2012. – 79 с. 

5.  Е. Егоров. Идеологиятерроризма. Взгляд на проблему с точки зрения праксиологии. – М.: Юрайт, 

2016. – 364 с. 

6.  Д. Тулупов. Терроризм: Как вербуют людей. – М.: Издательские решения, 2017. – 96 с. 

8.  Б.Ганчевски. Криминалистическая психология: Учебное пособие. – Караганда, 2013. – 310 с. 

9.  В. Соснин, Т. Нестик. Современный терроризм. Социально-психологический анализ. – М.: Когито-

Центр, 2008. – 227 с. 

10.  Р. Эмануилов, А. Яшлавский. Террор во имя веры. Религия и политические насилие. – М.: Мосты 

культуры, 2011. – 344 с. 

11.  Тувинов А. Многоликий фундаментализм // НГ-Религии, 2001. – 26 с. 

12.  А.С. Нурадинов. Религиозные течения в Казахстане и их особенности / А.С. Нурадинов. // Вестник 

ЕНУ им. Л.Н Гумилева.. – Астана, 2012. – С. 124. 

 

 

Кудайбергенова С. К., Аширбекова Д.К., Болтаева А.М. 

(Қазақстан мемлекеті , Алматы қаласы, Əл- Фараби атындағы  

Қазақ ұлттық университеті) 

 

АНА БОЛУҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ  

(ƏДЕБИ ШОЛУ ДЕРЕК КӨЗДЕРІНЕН) 

 

Ана  болу  инстинкті  əйел  адамға  табиғи  жолмен  беріледі,  бірақ  өкінішке  орай,  жүктіліктің  бəрі 



ойдағыдай  қауіпсіз  босанумен  аяқталмайды.  Кейде  нəресте  уақытынан  бұрын  келіп,  əйел  көптен 

куткен  баласын  жуктіліктің  соңғы  куніне  дейін  көтере  алмайтын  жағдайлар  да  кездеседі.  Бұндай 

жағдайлар  орын  алмауы  ушін,  жуктілікті  алды-ала  жоспарлап,тек  босануға  ғана  дайындалмай, 

нəрестенің  жатырға  бітуіне  де  көңіл  бөлу  керек.  Паталогиялық  жуктіліктің  саны  көбейіп  келе 

жатқандықтан қазіргі уақытта бұл маңызы зор мəселе [1]. 

Алдағы  босану  қашанда  жүкті  əйелдерді  толғандырады,  əсіресе  бірінші  рет  дүниеге  сəби  алып 

келетін  əйелдерде  қобалжулы  көңіл-күй  мен  сəбиін  аман-есен  дүниеге  əкелуге  байланысты 

мазасыздық  туады.  Көптеген  əйелдер  босану  кезінде  кездесетін  жан  шыдатпас  аурулар  мен 

зардаптардан  қорқады.  Көптеген  əйелдерде  босану  кезінде  ауқымы  кең  ауру  сезімдері 

болады.Дəрігерлер  босану  кезінде  аурудың  керек  емес  екенін  жəне  міндетті  шарт  болып 

табылмайтынын  ұзақ  уақыттан  бері  біледі.  Психопрофилактикалық  дайындық  əдістерінің  көмегі 

арқылы жүкті əйелдермен жүргізілетін психологиялық жұмыстар ауыртпашылықты азайтуға немесе 

болдырмауға,  жүкті  əйелдерде  кездесетін  баласының  өміріне  деген  қобалжу  мен  алаңдаушылықты 

сейілтуге көмек береді. 

Əйелдерді босануға психологиялық дайындық, əйел адамның өзін ана ретінде қабылдап сезінуіне 

мүмкіндік  береді. C.Ю.  Мещерякованың  еңбегінде  ана  болуға  психологиялық  дайындық-өмірге 

келмеген  нəрестеге  қатысты  пəндік  бағдарлық  сипаты  бар  жеке  білім  қалыптастыру  ретінде 

қарастырылады [2]. Ол  ажырамас  биологиялық  жəне  əлеуметтік  факторлардың  əсерінен 

қалыптасады,  бір  жағынан  инстинкті  негізі  бар  болса,  ал  басқа  жағынан  ерекше  жеке  білім  ретінде 

əрекет етеді. 

Ана атануға психологиялық дайындықтың негізгі құрылымдары: 

- бала кезінде алынған коммуникативтік тəжірибенің ерекшеліктері; 

-  əйел  адамның  жүктілікке  деген  қобалжуы  ,соның  ішінде  əлі  дүниеге  келмеген  сəбиге  қарым-

қатынасы; 

- нəрестені тəрбиелеу жəне оған қамқорлық жасау стратегиясын бағдарлау. 

Ана  атануға  дайын  жəне  дайын  емес  əйелдер  ананың  рөлін  əртүрлі  қабылдайды.  Ана  болуға 

дайын  əйелдерде  баланың  жеке  қасиетін  дамыта  алатын,  білім  алуына  мəн  беретін,  оны  түсінетін 

жауапты ананың бейнесін көруге болады.Ана болуға дайын  емес əйелдерде бала құндылығы айқын 

байқалып,  баланың  дамуына  ұмтылуы,  жауаптылық,  баланы  қабылдау  сияқты  қасиеттер  толық 

дамымағаны көрінеді. 

Жүктілік əйелдің өз қалауымен, мойындау деңгейінде қуанышпен қабылданса ең қолайлы нұсқа 

болып  табылады.  Бұл  психологиялық  жəне  физиологиялық  тұрғыда  жүктіліктің  тыныш  өтуіне  əсер 

етеді. Бұндай жағдайда əйел ана болуға дайын жəне бала үшін барлық қиындықтар мен шектеулерді 

көтеруге шамасы жетеді. 

Отандық жəне шетел ғалымдары жүкті əйелдердің ішкі дүниесін зерттеу барысында басты назар 

аударған  маңызды  сфера – аналық  қарым-қатынас  пен  ана  болу  психологиясы.  Жүктілік  кезеңінің 

ерекше маңызды сəт екендігі, бастапқы пайда болуы жəне баланың қимылының сезілуі, жүктіліктің 



365 

белсенділігінің артуы, босануға психологиялық тұрғыда дайындау жəне оны саналы турде қабылдау 

сияқты алты кезең Г.Г. Филиппованың аналық динамиканы сипаттау жұмысында көрсетілген [3]. 

Жүктілік  кезіндегі  алаңдаушылық  стилі:  жуктілікті  сəйкестендіру  сəтіндегі  физикалық  жəне 

эмоционалдық алаңдау, жүктіліктің белгілеріне алаңдау, жүктіліктің кезеңдеріне байланысты көңіл-

куйдің  өзгеруі,  алғашқы  қимылға  байланысты  жəне  жүктіліктің  екінші  кезеңіндегі  қозғалуға 

байланысты  алаңдаушылық,  жүктіліктің  үшінші  кезеңіндегі  əйелдің  белсенділігін  арттыруды 

қамтиды. Əсіресе іштегі баланың əр қимылы қатты алаңдаушылық туғызады. 

Жүктілік сипатының алты нұсқасы: 

1. Адекватты.  Жүктілікті  анықтау  кушті,  ұзақ,  теріс,  эмоцияларсыз  өтеді,  іш  орташа  көлемде,

соматикалық  түйсіну  жүктілік  жоқ  кезеңнен  əлдеқайда  жағымды,  қарқындылығы  орташа,  жақсы 

көрсетілген.  Жүктіліктің  бірінші  кезеңінде  күйзеліссіз  жалпы  көңіл-  күйдің  түсуі,екінші  кезеңінде 

қалыпты  эмоционалды  жағдай,  үшінші  кезеңнің  соңғы  аптасына  қарай  қобалжудың  күшеюі, 

жүктіліктің  үшінші  кезеңінде  босанғаннан  кейінгі  кезеңге  дайындық  белсенділігі  артады;  баланың 

бірінші  қозғалысы 16-20 аптсында  сезіледі,  соматикалық  туйсінуге  байланысты  жағымды  өтеді; 

cоңғы қозғалыстары да теріс соматикалық жəне эмоционалдық алаңдаушылық туғызбайды. 

2. Мазасыз.  Жүктілік  күнделікті  өзгеріп  тұратын  қорқыныш,  қобалжу,  алаңдаушылықпен

көрінеді;  іштің  көлемі  жүктілік  уақытына  сай  көлемге  қарағанда  өте  үлкен  немесе  өте  кішкентай 

болады.  Ауру  түріне  байланысты  соматикалық  компонент  айқын  байқалады;  жүктіліктің  бірінші 

кезеңінде  эмоционалды  жағдайда  қатты  қобалжу  мен  күйзеліс  байқалады,  екінші  кезеңінде 

тұрақтылық  байқалмайды,  күйзелу  немесе  қобалжуға  байланысты  эпизодтар  қайталанады,үшінші 

кезеңінде  ол  кушейе  түседі.Үшінші  кезеңдегі  белсенділік  жуктілік  кезеңінде  кездесетін  қауіппен, 

босану  кезені  жəне  босанудан  кейінгі  қорқынышпен  байланысты  болады.Бірінші  қозғалу  ерте 

сезіледі,  көп  күмəн  туындайды  немесе  керісінше  күні,  сағатына  дейін  есте  қалып,  қорқыныш, 

қобалжу,  ауырлау  сезімдері  болады,  одан  кейінгі  кезең  іштегі  сəбидің  қозғалыстарына  байланысты 

көбіне  алаңдаушылық  сезімде  өтеді.  Баланың  жəне  өзінің  денсаулығына  қобалжу  қосымша 

ақпараттар алуға бағытталады. 

3. Эйфорикалық. Барлық сипаттамаларда эйфорикалық бояудың жеткіліксіздігі, жүктілік пен ана

болудың мəселелеріне немқұрайлы қарау, баланың қозғалысына да сараланған көзқарастың болмауы 

байқалады.  Жуктіліктің  соңында  асқынулар  пайда  болады.  Проектифті  əдістер  босанғаннан  кейінгі 

кезеңде сəтсіздікер болатынын көрсетеді. 

4. Елеусіз.  Жүктілікті  анықтау  тым  кеш,  жағымсыз  ащы  сезімі  немесе  жағымсыз  жағдаймен

байланысады,іш  өте  кішкентай,  соматикалық  компанент  мулдем  көрінбеген  немесе  жүктілік 

алдындағы  жағдайдан  да  жақсы,  эмоционалдық  жай-күйінің  динамикасы  жүктілік  кезінде  не 

көрінбейді  немесе  жалпы  эмоционалды  тонус  пен  белсенділіктің  жоғарлауы  байқалады;  бірінші 

қозғалу өте жай білінеді; соңғы қозғалыстар физиологиялық толқулар сипатына ие болып,жүктіліктің 

соңына  қарай  физикалық  қолайсыздық  туғызады;  үшінші  кезеңде  белсенділік  артып,  бірақ  балаға 

қатысты емес мазмұнға бағытталады. 

5. Амбивалентті.  Жалпы  белгілер  мазасыздық  түріне  сəйкес  келеді,  тек  іштегі  нəрестенің

қозғалысы  барысында  физикалық  жəне  эмоционалды  түйсінуде  қарама-қарсы  ерекшелік  байқалып, 

ауырсыну  сезімдері  пайда  болады:  əйел  өзінің  теріс  эмоцияларын  баласы  үшін  қорқыныш  немесе 

жүктіліктің,  босанудың  сынағы  ретінде  түсіндіреді.  Жүктіліктің  сəтті  өтуіне  бөгет  келтіретін 

жағдайларға осы сілтемелер тəн. 

6. Қабылдамау. Жүктілікті анықтау кезеңі жағымсыз эмоциялармен өтеді: барлық белгілері айқын

көрініп,  физикалық  жəне  эмоционалды  теріс  куй  туады;  жүктіліктің  бар  кезеңін  жаза,  кедергі  т.б 

сияқты  сезінеді;  іштегі  баланың  қозғалуы  жағымсыз  физиологиялық  түйсікпен  ұштасып, 

қолайсыздықпен,  жиіркенішпен  аралас  жүктіліктің  соңында  күйзеліс  пен  аффектілік  күй  туындауы 

мүмкін.  Жүктілікке  деген  оң  көзқарас  оның  тыныш  жүзеге  асуына  əсер  етеді.  Мұндай  əйел  өз 

баласының қамы үшін саналы түрде кез-келген қиындықтар мен шектеулерге оңай көзқарас танытуы 

мумкін.  Соған  қарамастан,  əйел  адам  болашақ  баласының  бейнесін  ойлағанда,  жағымды  эмоциялар 

туындап, ол болашақ ана болуды "алдын- ала"жоспарлай бастайды. 

Жүктілік туралы теріс пікірдегі əйелдер ушін болашақ баласы да теріс эмоциялардың көзі болып 

табылуы  мүмкін.  Жуктілікке  оң  көзқараспен  қарайтын  əйелдер  болашақ  баласына  деген 

сүйіспеншілікті  шын  ықыласпен  көрсету  керектігін  айтады.  Аналық  сезімдері  əлдеқайда  күшейіп, 

күмəн  азаяды.  Мұндай  əйелдер  үшін  жүктілік  ана  атанудың  маңызды  функциясы  болып  табылады 

жəне баласы туралы көзқарасы өмірдің жаңа мағынада сиппатталуына алып келеді.[5] 

Егер  əйел  адам  бала  сүюді  қаласа,  ол  əйелдің  бақытты  болуының  көрінісі.  Баланы  қаламаған 

кезде, ерте босану жиі кездеседі. Себебі əйел тоқырап, күйзеліске ұшырайды, болашақ баласы туралы 

ойы оған маза бермейді. 



жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау