258
3. Шапарь В.Б. Словарь практического психолога/ В.Б. Шапарь. – М.: ООО «Издательство АСТ»; Харьков:
«Торсинг», 2004. – 734 с.
4. 6.Лазарус Р. Теории stressа и психологические исследования // Эмоциональный stress. – Л., 1970.
5. Рубинштейн С.Л. Принципы и пути развития психологии. – М.: Учпедгиз, 1996. – 704 с.
6. Сидоров П.И., Парняков А.В. Клиническая психология: учебник. – 3-е изд., перераб. и доп. – М.:
ГЭОТАР-Медиа, 2008. – 880 с.: илл.
Туребаева К.Н., Балтымова М. Р
(Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы,
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті)
АРНАУЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ
Əлемдік білім кеңістігіне енуде заманауи Қазақстанда білім беру жүйесінің жаңартылған
мазмұнына көшу педагогикалық теория мен тəжірибедегі түбегейлі өзгерістерге байланысты орын
алуда. Білім беру əлемдік бəсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді əрі ұзақ
мерзімді стратегия болып табылады. Қазақстан Республикасындағы Білім беру мазмұнында орын
алып жатқан түбегейлі өзгерістер осы əлемдік жаңару кеңістігіне көшуді қамтамасыз етіп отырғаны
біршаңызға белгілі. Сондықтан Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру
бағдарламасы – заман талабына сай бағдарлама деп білеміз.
Біздің өміріміздегі барлық сапалы өзгерістер, соның ішінде білім саласындағы өзгерістер білім
беру қызметкерлердің көзқарасын өзгертіп, олардың білім беру ісіндегі орны мен ролін нақтылауға
мүмкіндік беруде. Ал, бұлай дегеніміз, білім берудегі жаңартылған мазмұн мен жаңа
технологияларды игермейінше оқытудағы жаңашылдықты тəжірибеге енгізу мүмкін еместігін
дəлелдейді. Сол себепті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен білім беру
процесінің əдістемелік қамтамасыз етуілуі педагогикалық іс-əрекетті өзгертуді қажет етуері сөзсіз.
Өйткені, болашақ ұрпақ тəрбиесі мен білім алуын, əлеуметтенуін қамтамасыз етуші, олардың жеке
адамдық құндылықтарын қалыптастырушы орта – білім беру ортасы, яғни тəрбие институттары. Осы
аталған заман талабының қажеттіліктерін орындау мен білім мазмұнын жаңарту ісінде жалпы білім
беретін ұйымдар ғана емес мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың білім алуы мен тəрбиесін қамтамасыз
етуші арнаулы ұйымдар да тыс қалған жоқ. Яғни, аталған білім беру ұйымдары да жаңартылған білім
мазмұнына енуде. Осы, арнаулы білім беру ұйымдарының жаңартылған білім мазмұнына көшудегі
негізге алынған,
Қазақстандық мектеп ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Нұрлы жол –
болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауының контексінде: заманауи үлгі, даму
үрдістері мен болашағы;
Білім беру жүйесі педагогикалық қызметкерлерінің кəсіби шеберлігін дамыту бойынша
ғылыми
- əдістемелік жұмыстың мазмұны мен формаларын жаңарту.
Жаңартылған мазмұнды жүзеге асыруда əдістемелік қызмет жəне педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесі қызметін кіріктіру.
Инклюзивтік білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуын психологиялық-
педагогикалық сүйемелдеу.
Инклюзивтік білім беру саласында шетелдік тəжірибені қолданудағы тұжырымдамалық
жетілдіру;
Білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогтің кəсіби қалыптасу моделін жүзеге асыру
PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың функционалдық
сауаттылығын дамытуды басқару;
Білім беру ұйымдарында ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тəрбие тұжырымдамасын, оқу
үдерісінің тəрбиелік компонентін нығайту бойынша Типтік кешендік жоспарын жүзеге асыру;
Өзгермелі қоғамда нəтижелі əлеуметтену мақсатында балалардың шығармашылық жəне
көшбасшылық қабілеттерін дамыту [1; 17].
Аталған, бағдарлама мазмұнында мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың тең құқылығы мен бала
теңдігі көрсетілген «Бала құқығы туралы Конвенция» негізгі құжатта да білім мазмұнындағы
өзгерістерге негіз болған адам факторы, адам капиталы, мектеп-интернаттан кейінгі қоғамдық өмірге
араласу мүмкіндігі, əлеуметтенуі мен тұлғаларды оңалту, əлеуметтендіру туралы мəселелер
көрсетілген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің 2011 жылғы
тамыз педагогикалық кеңестеріндегі секция отырыстарының үлгі тақырыпнамасындағы «Арнайы
түзету) білім беру ұйымдарының қызметкерлері» секциясында мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың əр
259
категориясына сəйкес олардың білім алуын қамтамасыз етуші бағыттар жаңартылған білім
мазмұнының талаптарын орындауға мүмкіндік береді. Олар:
o Психикалық дамуы тежелген кіші мектеп жасындағы балаларды тұлғалық-бағдарлы оқыту
бағыты.
o Сөйлеу, есту жəне зерде бұзылыстары бар балаларды дамыта оқытуды ұйымдастыру жəне оның
мазмұны.
o Педагог-психологтің
психологиялық
түзету
тəжірибесіндегі
суреттік
жəне
ойын
тəсілдерімелері.
o Оқыту мен тəрбиелеудің ерекше қажеттіліктері бар балаларды əлеуметтік-педагогикалық
оңалту механизмдері.
o Арнайы мекеме жəне отбасы жағдайында қозғалтқыш-тіркеу аппаратының бұзылыстары бар
балаларды (ҚТАБ) педагогогикалық оңалту.
o Мүмкіндігі шектеулі балаларды табысты əлеуметтендіру шарты ретінде олардың заманауи
сапалы білім алуға тең қол жеткізулерін қамтамасыз ету.
o Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған түзету жəне оңалтудың заманауи құралдары.
o Арнайы (түзету) мектеп-интернаттарының түлектерін интернаттан кейінгі сүйемелдеу, олардың
өз бетінше табысты өмір сүру шарты.
o Мүгедек баланы ауылдық жағдайда əлеуметтендірудің заманауи технологиялары.
Арнаулы ұйымдардағы жаңартылған білім мазмұнына көшу жағдайы мен одан күтілетін
нəтижелерді нақтыласақ, Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2016 жылғы 28
қаңтардағы № 92 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2016 жылы 29
ақпанда № 13306 болып тіркелген «Мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру, сондай-ақ арнаулы
білім беру ұйымдарының педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру
бағдарламаларын бекіту туралы ережеде көрсетілгендей жаңартылған білім мазмұнына көшудің
міндеттілігі көрсетілген. (бұйрықтағы қосымшалар)
70) осы бұйрыққа 70-қосымшаға сəйкес мектептердің педагог-ұйымдастырушыларына, аға
қызметкерлеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Девиантты
мінез-құлықты мектеп оқушыларын рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде тəрбиелеу» білім
беру бағдарламасы;
70) осы бұйрыққа 71-қосымшаға сəйкес мектеп директорларына, директордың оқу жəне тəрбие ісі
жөніндегі орынбасарларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының
«Арнайы білім беру ұйымдарының педагогикалық-түзету жұмыстарының мазмұнын жаңарту» білім
беру бағдарламасы;
72) осы бұйрыққа 73-қосымшаға сəйкес қазақ жəне орыс тілдерінде оқытатын арнайы білім беру
ұйымдарының педагогтеріне, тəрбиешілеріне арналған педагогикалық кадрлардың біліктілігін
арттыру курсының «Ерекше білім қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тəрбиелеудің заманауи
технологиялары» білім беру бағдарламасы;
73) осы бұйрыққа 73-қосымшаға сəйкес арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының
дефектологтарына, логопедтеріне, сурдопедагогтеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін
арттыру курсының «Қазақстан Республикасында арнайы (түзету) білім беру жағдайында
педагогтердің кəсіби құзіреттеліктерін дамыту» білім беру бағдарламасы.
Аталған бұйрықтағы қосымшаларда білім беру қызметкерлерінің біліктілігін көтеру, мектеп
оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, арнаулы білім беру
ұйымдарындағы педагогикалық-түзету жұмыстарын ұйымдастыру, ерекше қажеттіліктері бар
тұлғаларды оқыту мен тəрбиелеудің заманауи технологияларын қолдану, арнайы (түзету)
ұйымдарының
дефектологтарына,
логопедтеріне,
сурдопедагогтарына
арналған
кəсіби
құзіреттіліктерін қалыптастырудағы жұмыстарын ұйымдастыру, арнайы білім беру ұйымдарының
педагогикалық-түзету жұмыстарының мазмұынын жаңарту жайы көрсетілген
Осы құжаттарда көрсетілгендей, арнаулы ұйымдардың барлық типтері биылғы оқу жылында
(2017-2018 оқу жылы) жаңартылған білім мазмұнына көшуде. 2017 жылғы 18 тамыз №422. Астана
қаласы. «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы білім берудің үлгілік оқу
жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республдикасы Білім жəне ғылым министрінің 2012 жылғы 8
қарашадағы №500 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне
ғылым министрінің 2016 жылғы 7 шілдедегі №432 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығы
бойынша арнаулы ұйымдар жаңартылған білім беру мазмұнына көшуде. Осы бұйрықтағы Оқыту
қазақ тілінде жүргізілетін мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған негізгі орта білім берудің
(жаңартылған мазмұнының) үлгілік жоспары бекітілген. Берілген үлгі жоспарда арнаулы білім беру
мектептерінің типтеріне арналған сағат сандары мен оқытылатын пəндер тізбегі берілген. Əрбір