Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет130/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   207

260 

арнаулы  ұйымның  типіне  қарай  мүмкіндігі  шектеулі  тұлғалардың  категориясына  сай,  олардың 

физиологиялық,  психологиялық  даму  ерекшеліктері  есепке  алынып,  пəндер  тізбегі  белгіленген. 

Пəндер  тізбегі  инварианттық  компонент,  вариативті  компонент,  түзету  компоненті  бойынша 

бөлінген.  Оның  дəлелі  ретінде,  қазіргі  күні  қаламыздағы  №7  арнайы  (түзету)  мектебі,  Ақтөбе 

облыстық  есту  қабілеті  бұзылған  балаларға  арналған  (түзету)  мектеп-интернат-колледжінде 

жаңартылған  білім  мазмұны  бойынша  оқу  процесі  (бастауыш  буында 1-2 кластарда)  жүзеге 

асырылуда.  Үлгі  жоспарда  инварианттық  компонент,  вариативті  компонент,  түзету  компоненті 

бойынша  пəндер  тізбегін  құруда  осы  уақытқа  дейінгі  бағдарлама  мазмұны  толықтырылып, 

өзгертілгенін байқауымызға  болады. Оның көрінісі түзету  компонентіндегі  пəндердің  атаулары  мен 

оларға  енгізілген  қосымша  пəндерден  жəне  инвариантты  компоненттегі  үш  тілділікке  көшу  бағыты 

бойынша  енгізілген  ағылшын  тілі  пəнін  айтуымызға  болады.  Үш  тілді  білім  беру  тəжірибесін 

жақсарту  үшін  зерттеулер  нəтижелерін  енгізу  мониторингінде  шеттілдік  білім  берудің  негізгі 

мақсаты – бұл  шеттілдік  құзыреттің  барлық  кешенін  қалыптастыруда  бірізділік  пен  үздіксіздікті 

қамтамасыз ететін жеке деңгейлердің мақсаты мен міндеттерінің иерархиялық жүйесін жүзеге асыру 

арқылы  мəдениетаралық,  шеттілдік  қатынасқа  дайын  жəне  қабілетті  саты  бойынша  қол  жеткізетін 

екінші  тілдік  тұлға  қалыптастыру,  сонымен  қатар  халықаралық  стандарт  талаптарына  сəкес 

оқығандық сапасының нақты көрсеткіштеріне жету. Осы талаптар негізіне Еуропаның барлық елдері 

үшін  тілді  оқығандық  деңгейіне  қойылатын  талаптарды  сəйкестендіруші  «Шет  тілін  меңгеру 

деңгейінің  жалпыеуропалық  құзыреті»  бағдарламалар  жəне  стандарттары  қойылды.  Осы  моделде 

білім  беру  бағдарламаларын  қабылдаумен  жəне  əр  деңгей  сертификаттарына  сəйкес 6 оқығандық 

деңгей  ерекшеленеді.  Бұл  деңгейлер  мазмұны  бойынша  арнайы  мектептер  үшін  ағылшын  тілінде 

оқыту  бағдарламалары  жасалған [3;17]. Яғни,  мүмкіндігі  шектеулі  тұлғалардың  əр  категориясына 

байланысты сағат сандарында өзгерістер ағылшын тілінен (ақыл-ой дамуы бұзылған балалар мектебі) 

сағаттар  қосылған,  жаңартылған  білім  мазмұны  бойынша  ұсынылған  үлгі  жоспарда  түзету 

компонентіндегі  пəндер  мүмкіндігі  шектеулі  тұлғалардың  психологиялық – физиологиялық  даму 

ерекшеліктеріне байланысты жіктелген. Мысалы, 

Есту  қабілеті  бұзылған  балалар  үшін:  Дыбыстардың  дұрыс  айтылуын  қалыптастыру,  Ым-ишара 

сөйлеу тілі, Ауызекі жəне тұрмыстық сөйлеу тілі. 

Көру  қабілеті  бұзылған  балалар  үшін:  Емдік  дене  шынықтыру,  Қалдық  көру  қабілетін  дамыту, 

Əлеуметтік тұрмыстық бағдарлау, Мимика жəне пантомимиканы дамыту.  

Сөйлеу  тілі  бұзылған  балалар  үшін:  Сөйлеу  тілінің  даму  кемшіліктерін  дамыту,  Логопедиялық 

сабақтар (жеке жəне топтық).  

Ақыл-ой дамуы бұзылған балалар үшін: Психомоторикасы мен сенсорлдық процестерін дамыту, 

Белсенді қозғалуға арналған жеке жəне топтық сабақтар.  

Тірек-қозғалыс  аппараты  бұзылған  балалар  үшін:  Əлеуметтік  тұрмыстық  бағдарлау,  Емдік  дене 

шынықтыру. 

Үй  жағдайында  білім  алатын  тұлғалар  үшін:  Əлеуметтендіру,  Əлеуметтік  қолдау  мен  көмек 

көрсету бағытындағы пəндер енгізілген.  

Білім  беру  саласындағы  өзгерістер  мен  жаңашылдықты  игеру  жəне  осы  тақырып  көлеміндегі 

жүргізілген  шолу  жұмысы  барысында  арнаулы  білім  беру  ұйымдарының  жаңартылған  білім 

мазмұнына көшудегі күтілетін нəтижелерге болжам жасау үшін келесідегідей сұрақтардың жауабын 

іздедік.  

Олар:  


o  Жаңартылған білім мазмұнының осы уақытқа дейінгі білім мазмұнынан ерекшелігі неде?  

o  Арнаулы  білім  беру  ұйымдарындағы  жалпы  білім  беретін  мектептегі  білім  беру  процесін 

ұйымдастыру формасы өзгере ме? 

o  «Нəтижеге бағытталған білім беру» түсінігін қалай түсінеміз? 

o  Жаңартылған  білім  мазмұны  шеңберінде  мұғалімнің  кəсіби  дайындығы  қай  бағытта  болуы 

керек? 


  Осы  орайда,  оқу  процесін  технологияландыру,  педагогикалық  инновациялық  технологиялар 

жайында көп айтылуда. Оқу процесіндегі нəтижеге қол жеткізгенімізбен шешілмеген проблемалар да 

аз болмай отыр. Нəтижесінде, арнаулы мектеп оқушыларының оқуға белсенділігі мен мотивациясын 

қалай туғызуға болады, мектепті тұлғаның адамгершілік-рухани сапалық қасиеттерін қалыптастыру, 

өзін-өзі  тану,  өзін-өзі  дамыту  мен  өзін-өзі  жүзеге  асыруда SMART-білім  беру  ортасына  айналдыру 

жайында ойлануымызға тура келеді. Жаңартылған білім мазмұны арнаулы мектеп оқушысын мектеп-

интернаттан  кейінгі  əрекетін  құруға,  қоғамдық  ортадағы  орнын  табуға,  материалдық  жəне  рухани 

құндылықтарын  құруға  баулитындай  етіп  құрылуы  тиіс  деген  қорытынды  жасауымызға  болады. 

Арнаулы  білім  беру  ұйымдарындағы  жаңартылған  білім  мазмұнындағы  оқу-тəрибе  процесін 



261 

ұйымдастыру  мен  жүзеге  асыру,  оның  қорытындысы  мүмкіндігі  шектеулі  тұлғаның  қоғам  өміріне 

белсене  араласып,  өзінің  адамдық  құндылықтарын  жоғалтпай,  өзінің  құқығы  мен  қоғам  алдындағы 

міндеттерін орындай білуге үйретеді десек болады. Сөз соңында, білім беру жүйесіндегі əлемдік даму 

тенденциясының негізі ретіндегі көрсеткіштерді назарға ала отырып, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға 

деген  қоғамдық  көзқарастың  өзі  жаңартылған  білім  мазмұнына  көшуді  қажет  ететіндей.  Өйткені, 

əлемдік білім беру кеңістігіне енудің бірден-бір көрсеткіші көп тілді меңгеру, адамдық құндылықты 

таныту,  адам  капиталының  маңыздылығын  көрсету  болса,  мүмкіндігі  шектеулі  тұлғаларға  да  осы 

аталған  қабілеттер  мен  қасиеттерді  сіңіруге  болады.  Арнаулы  білім  беру  ұйымдарындағы 

жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыру нəтижесінде:  

 қоғамның даму темпін жеделдету;  



 мəдени  аралық  қарым-қатынас  кеңістігін  дамыту,  постиндустриалды,  ақпараттық  қоғамға 

көшу;  



 халықаралық  іскерлік  қарым-қатынас  деңгейінде  жаҺандық  мəселелерді  шешілу  мүмкіндігін 



арттыру;  

 қоғамды демократияландыру; 



 адам капиталы, оның маңыздылығын арттыруға қол жеткіземіз.  

Білім беру құрылымындағы жаңашылдық оқытудағы репродуктивті стильден білім берудің жаңа 

консруктивтік  моделіне  көшу,  білім  алушылардың  танымдық  белсенділігі  мен  өз  бетінше  ойлау 

мүмкіндігін  арттыруды  қамтамасыз  етеді.  Жаңартылған  білім  мазмұнына  көшудегі  арнаулы  білім 

беру  ұйымдарында  оқу-тəрбие  процесі  пəнаралық  байланыс  түрінде  орындалып,  АКТ  қолдану, 

мүмкіндігі  шектеулі  тұлғаны  əлеуемттік  ортаға  бейімдеу,  оңалту  жұмыстарын  ұйымдастыру, 

медициналық-психологиялық-педагогикалық  қолдау  мен  көмек  көрсетуге  бағытталады.  Аталған 

міндеттерді жүзеге асыруда, арнаулы мектеп мұғалімдерінен жаңартылған білім мазмұны шеңберінде 

келесідегідей дағдылар талап етіледі?  

 жетістікке жетуге негізделген оқу мақсаттарын құрастыру; 



 оқу материалын игертуге қажетті, тиімді оқу процесін құру; 

 оқу мақсаттарына сай оқу материалдарын дайындау; 



 оқу процесіне арналған потенциялды ақпараттық орта құру; 

 тұлғаның  жеке-тұлғалық  бағытына  негізделген  білім  алушыны  оза  оқыту  мен  оза  дамыту 



жағдайын құру;  

 жағымды психологиялық климат пен қолдау жасау; 



 алға қойған мақсатқа жетудегі ағымдық нəтижелерді қорытындылау; 

 арнаулы мектеп оқушысының потенциялдық даму мүмкіндігін анықтау, арттыру. 



Сонымен  қатар,  жаңартылған  білім  мазмұнындағы  көрсетілген  міндеттерді  шешуде  арнаулы 

мамандар қауымы жоғары деңгейдегі құзіреттіліктерге ие болуы тиіс: 

  Арнаулы  құзіреттіліктер – кəсіби  дамуын  қамтамасыз  ету,  жоғары  деңгейде  өз  əрекетін 

жобалау;  

Əлеуметтік құзіреттіліктер – кəсіби қарым-қатынасқа түсу, кəсіби іскерлік қабілетін жоғарылату;  

Білімдік  құзіреттеліктер – кəсіби  білім,  іскерлік,  дағдысын  игеру,  креативтілікті  игеру, 

педагогикалық жəне əлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу.  

Нəтижесінде арнаулы мектептегі білім алушыдан не талап етіледі?  

  білім берудегі жеке траектория (оқу материалын игеру темпі, игеру деңгейі)  



 білімді игеру дағдысы, тəсілі;  

  оқу ситуацияларын шешудегі білім, іскерлік, дағдыларды қолдана білу.  



Жаңартылған  білім  беру  бағдарламасының  мақсаты  білім  беру  қызметкерлерінің  педагогикалық 

шеберлігін  жетілдіру.  Оқушылар  оқытылатын  əр  пəндік  саланы  түсінетіндігін  көрсете  отырып, 

алдағы уақытта осы білімдерін басқа жағдайларда қолдана білулері қажет. Сондықтан оқушыларды 

өз  білімдерін  кез-келген  жағдайға  қалай  бейімдеу  керектігін  біліп,  болашақта  кездесетін  кез-келген 

күрделі  тапсырмаларды  шешуге  икемді  болуға  баулу  маңызды.  Сонымен  қатар,  оқу 

бағдарламаларының маңызды қағидасы білім беру бағдарламасының спиральдік қағидасы білім беру 

бағдарламасы  моделіне  негізделеді.  Оның  негізінде  оқушылар  келесі  сыныпқа  ауысқан  сайын 

зерделенетін  материалдар  мен  білімі  қайталанып  отырады.  Ал,  бұл  қағиданың  арнаулы  мектептегі 

білім  алушылар  үшін  орны  ерекше.  Өйткені,  қайталау – білімнің  айнасы  дегендей,  оқушылардың 

өткен  материалдары  қайта  жаңғыртылып,  толықтырылып  отырады.  Бұл  қайталау  дағдысының 

автоматтануы  білім  алушылардың  теориялық  білімді  игеріп  қана  қоймай  тəжірибеде  қолдануда 

жүзеге  асырылады.  Сонымен  қатар,  инклюзивті  білім  беру  жүйесінің  де  осы  жаңартылған  білім 

мазмұнында  көрсетілген  міндеттерді  шешуге  негіз  болатындығы  белгілі.  Жалпы  білім  беретін 

мектептерде  арнаулы  сыныптар  құра  отырып,  инклюзивті  білім  беру  жүйесін  жүзеге  асыруда 




жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау