253
«Ұл тəрбиелей отырып,халықты тəрбиелейміз,
Қыз тəрбиелей отырып,ұлт тəрбиелейміз» деп М.Əуезов айтқандай балаға тəрбие берместен
бұрын қарастырылатын жағдайға тоқталайық. Біз біреуді тəрбиелемес бұрын алдымен өзімізді
дұрыстауымыз қажет. Ұрпақты тəрбиелеуде əке мен ананың рөлінің маңыздылығы жоғары. Ананың
берген тəрбиесін əкесі бере алмайды, əкенің берген тəрбиесін жүз мектеп те бере алмайды. Баланы
егіндеп, анасын жер деп алатын болсақ: егер жер қаншалықты құнарлы болса, соншалықты оның
жақсы егін берері сөзсіз.
Ислам дінінің құндылықтарын жаңғырту арқылы бүгінгі қазақ ұлтының тəрбиесіндегі
олқылықтарды жоюға болады. Ғылым мен өркениетті дамытуға қанша ұмтылғанымыз бен оны
меңгерудің тəрбиелік негізі дұрыс қалыптаспағандықтан түрлі қайшылықтарға кездесіп жатырмыз.
Ұлттық санасы мен тəрбиесі жетілмеген ұрпақтың бүгінгі өркениет жетістіктерін дұрыс
пайдаланбауынан қоғамымызда орны толмас келеңсіздіктер орын алып отыр. Жалпылай ғаламдық
байланыс пен компьютерлік техника, ақпараттың тасқыны бүгінгі ұрпақтың тəрбие-білім ошағына
айналғанын көріп отырмыз. Нəтижесінде ата-ана мен ұстазды тыңдамайтын оқушы, кітап
оқымайтын, есеп шығара алмайтын оқушы (студент),ой санасы дайын ақпаратқа машықталған жəне
білімділерді түрлі тəсілдермен басып озуға бейімделген жеткіншектер өсіп келеді. Бүгінгі өмірдегі
əлімжеттік, өзіне-өзі қол жұмсау, атыс-шабыс, кісі өлтіру, ұрлық пен тонау, маскүнемдікке салыну
т.б. жан түршігерлік оқиғалардың өсіп жатқаны бүгінгі тəрбие жөніндегі ғылымның тозығы жетіп,
дəрменсіз күйге ұшырағаны деп білеміз.
Бүкіл ғаламды шарпыған жайсыз əрекеттерден ұлтымызды ұрпағымызды қорғау баршамыздың
борышымыз əрі міндетіміз. Олай болса бүгінгі озық үлгідегі техниканы əсіресе байланыс ақпараттық
құралдарды тиімді істерге қолданудың ғылыми тəрбиелік негіздерін жан-жақты үйрету жəне
қадағалау жұмыстары мемлекет, мекеме, оқу орындары, ата-аналар тарапынан тұрақты жүргізілсе,
пайдалану ережелері мен зиянды əсерлері кеңінен насихатталса, тəрбие жөніндегі ислам дінінің
қағидалары жиі айтылса қоғамды жайлаған індеттен құтылудың жолы ашылар еді.
Рухани құндылықтарымыз бен дінімізді, салт дəстүрімізді қалпына келтіру шаралары
тəуелсіздіктің бастапқы жылдарында қолға алынып еді. Мəселен мектептің бастауыш сыныптарында
араб графикасы, Ислам діні негіздері, салт дəстүр бойынша əдеп сабақтары жүргізілгенімен түрлі
себептермен жалғасын таппады. Елбасымыздың бастамасымен қоғамдағы Ислам дінінің ықпалы мен
маңыздылығы ескеріліп, мешіт, медреселер мен діни орталықтар салынды. Елорда да əлемдік
дəстүрлі дін өкілдерінің өзара түсінушілік пен ынтымақтастық тақырыбындағы жиындардың
өткізілуі ислам дінінің абыройын көтерді. Мешіттерде намаз оқитын, медреселерде дəріс алатын,
ғылым мен білімді жəне өнер мен кəсіпкерлікті діни тұрғыда түсінетін жастардың көбейгені
қуантады. Бұл бағытта мектеп жəне дін тəрбиесін бірдей ұстанған ҚМДБ-ның жанынан ашылып
отырған медреселерді айтуға болады. Осындай оқу орындар мен мешіт қабырғаларында білім алып,
рухани жəне тəрбиелік тұрғыдан сусындап шыққан түлектерінің өзі жолыққанда ата-салтымыз
бойынша алыстан сəлем беріп, жəрдем беруге ниет танытатына қуанамыз.
Қазақ халқы ұрпақ тəрбиесіндегі жақсы əдеттерге, имандылық құндылықтарға, ата-бабадан
қалған игі мұраларға, ұлағатты өнегенің əсеріне ерекше мəн берген дана. Ислам діні имандылыққа
жетелейді. Имандылық – дегеніміз адамның ар-ұжданы, тазалығы, адамгершілігі, əдептілігі,
əділеттілігі. Ислам дінінің адамгершіліктік нормаларында тəрбиеге қатысты қайырымдылық,
мейірімділік, жақтары көп ескеріледі. Бүгінгі біз өмір сүріп отырған қоғамда қайырымдылық тиімді.
Ислам дінінің тəрбиелік маңызы зор. [2.б,60]
Ислам діні мəдениеттіліктің бастамасы, оны қорғаушы күш. Қазақ елінің рухани тұғыры Ислам
мен оның құндылықтарының қайта жаңғыруы халықтың өзінің рухани түп-тамырын толық түсінуге
деген ұмтылысы. Сондықтан да, қазақ халқының діни-рухани мəдениетін танып білуге ұмтылуы
заңды. Діннің қалыптасуына ықпал еткен рухани құндылықтарды зерттеу қазіргі қазақ қоғамының
рухани гүлденуі жəне діни санамыздың беріктігін нығайту үшін қажет. Қазақтың бітім-болмысын
жəне рухани жан дүниесін айшықтайтын Ислам дінінің құндылықтары мен мəдениетін жан-жақты
саралау, қазақ қоғамындағы діни төзімділік пен діни келісім мұраты жолында қызмет етпек.
Қазақстандағы қазіргі діни жағдайды жəне дінаралық қатынасты қарастыруда Ислам дінінің
қоғамдағы мəдени-діни жəне рухани негізде саралау өзекті мəселе. [3,б.115]
Бүгінде адамға ең қажетті нəрсе – тəрбие. Əсіресе, бұл қазіргі жастарға өмірдегі шынайы
құндылықтарды ұғынуы үшін өмірде өз орнын табуы мен жалпы тіршілік жөніндегі дүниетанымын
кеңейту үшін қажет. Тəрбиеге жеткілікті көңіл бөлмеушілік қоғам тарапынан жастар тəрбиесіне
салғырт жəне немкетті қарау, кейбір шектен шыққан əдепсіздік пен арсыздықтың көрініс беруіне
алып келіп отырғаны шынайылық. Жастардың ұлттық тəрбиеге қырын қарауы, бұл батыстық тұтыну
мəдениетіне еліктеушіліктен туындап отыр. Сондықтан, жастарға имандылықты, ұлттық дəстүрлерді
насихаттап, сөзден іске көшу керек. Салт-санамыздағы тəрбиелік мəні бар құндылықтарды жастар
арасында насихаттау үшін сөз бен іс-əрекеттеріміздің арасындағы сəйкестілік болу керек. Ұлттық