294
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
2.
Пестравкин А.А. Бюджетирование в системе стратегического управления
финансами промышленного предприятия // Автореферат диссертации. 2013.
3.
Савельева И.М. Бюджетирование в системе управления финансами компаний
холдингового типа // Автореферат диссертации. 2012.
4.
Тедеева З.Б. Финансовое планирование на предприятии в современных
условиях // Автореферат диссертации. 2012.
Қазақстандағы франчайзинг нарығының даму жағдайын талдау
Манап А.С.
Нархоз Университетінің доценті
E-mail:
alma_ms@mail.ru
Қазақстанда кәсіпкерлік бизнес 1990-шы жылдардың басында қалыптаса бастады,
алайда отандық экономика үшін франчайзинг бизнестің кең дамыған ұйымдық нысаны
ретінде әлі де болса жаңа құбылыс болып табылады. Нақты айтқанда Қазақстанда
франчайзингтің орын алғанына жиырма жылдай болды [
i
].
Жаңа тәжірибелерді игеру, жаңа идеяларды және әдістер мен технологияларды
иемдену кез келген қызметтің түрі үшін әрдайым пайдалы. Қазақстан кәсіпкерлігі
шетелдік серіктестердің шағын бизнестің көптеген жағымды элементтеріне қол жеткізуге
мүмкіндік береді, сондай-ақ оларды қазақстандық жағдайларға бейімдеп, отандық
кәсіпкерлік мәдениетін көтеруге септігін тигізеді. 90-шы жылдардағы Қазақстандағы
франчайзингтің дамуының, оның территориялық таралу дәрежесін және қолданылатын
франчайзингтің түрлерін, франчайзингтік келісімдер санының өсу көлемін сипаттайтын
үш кезеңін бөліп көрсетуге болады.
Франчайзингтік қатынастардың дамуындағы бірінші кезеңі (1994-1999ж.ж.)
жекелеген кәсіпкерлердің отандық экономикада жаңадан қалыптасып келе жатқан
нарықтық қатынастардағы франчайзингтік қатынастар жүйесін (ФҚЖ) пайдаланудағы
талпыныстарымен сипатталады. Бұл кезеңде франчайзинг тамақтандыру саласында,
пиццериялар мен шағын наубайханаларға арналған құрал-жабдықтар саласында дами
бастады. Өндірістік және сервистік франчайзинг қалыптаса бастады.
1994 жылы Қазақстанның сусындар нарығына америкалық«Coca Cola» компаниясы
өз өнімдерімен келді. Компания газдалған сусындарды өндіру және өткізумен
айналысады. Нарықтың осы сегментінде «Coca Cola» компаниясының үлесі 38%. Ал 1995
жылы Алматы қаласында «Алматы Кока Кола Ботлерс» сусындарды құю зауыты ашылды.
Компания өз қызметінде өндірістік франчайзингті қолданады, ол негізінен зауыттың
өндіріс технологиясы, сусындарды әзірлеу мен құю жүйесі және тасымалдау шарттары
сипатында болады[
ii
].
Ал, 1996 жылы қазақстандық нарықта франчайзинг жүйесі бойынша даму шешімін
алғаш қабылдаған отандық «Сеймар» инвестициялық-өнеркәсіптік компаниясы бұл
салада көшбастаушы болды.
«Сеймар» компаниясы үшін франчайзинг бизнесті бағалауда маңызды критерий
болып табылатын компанияның табыстары мен шығындарын плюс-минус 5 пайыз
дәлдігімен жоспарлау мүмкіндігі түрінде тиімді болды. «Алматы Құс» АҚ тиімділігін,
рентабельділігін және өткізу көрсеткіштерін жоғарылату мақсатында, компания өзінің
«Сеймар» сауда маркасының франшизасын жеке кәсіпкерлерге, жанұялық кәсіпорындарға
ұсынды. «Алматы Құс» АҚ франчайзилермен қарым-қатынастарды қатаң қадағалайды.
Келісім шарттары жарты жылда бір рет қайта қарастырылады. Франчайзилер жемді тек
«Алматы Құс» АҚ құрамындағы Қапшағай комбижем зауытынан ғана сатып алуға
міндеттенеді, сонымен қатар олар ай сайын амортизациялық өтемдерге сәйкес теңгемен
роялти төлемдерін жүргізеді [
iii
]
.
295
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Алайда, маманданған кадрлар және франчайзинг бойынша толық ақпараттың
болмауынан, көптеген фирмаларда бұл іс эксперимент жүзінде ғана қалып қойды.
Жоғарыда атап өткен сервистік франчайзингтің Қазақстандағы тағы бір нысаны
ретінде «Kodak» компаниясының қызметін атап өтуге болады. Бұл компанияны 1880
жылы АҚШ-ң Рочестер қаласында Джордж Истман құрған. Компанияның ұсынатын
қызметтері келесідей болды: әуесқой және кәсіпқой фотопленкаларды, кинопленкаларды,
рентгенографияға арналған пленкаларды, фото қағазды, сандық фотоаппараттарға қажетті
бөлшектерді, батареяларды көтерме және бөлшек сату. 1990 жылдан бастап «Kodak-
Экспресс» халыққа жоғары сапалы тұрмыстық қызмет көрсетумен айналысатын
халықаралық франчайзингтік бағдарламаны жүзеге асырады. Қазақстан нарығында
«Kodak» компаниясы 1997 жылдан бастап қызмет етеді.
Франчайзингтің тағы бір мысалы 1999 жылы ресейлік «Дока» компаниясының
желілерінің ашылуы [
iv
]. Осы жылдары Алматы қаласында бірқатар жылдам
тамақтандыру орындары франчайзинг негізінде ұйымдастырылды. Алайда бұл желілердің
өмірлік циклі ұзаққа бармады, өйткені нарықта айтарлықтай қолдау таппады және
сұраныс деңгейі төмен болды.
Франчайзингтің дамуының екінші кезеңі (2000 -2004 ж.ж.) - Қазақстанға ірі
франчайзингтік фирмалардың келуімен, қазақстандық франчайзингтік заңнамасының
қабылдануымен, соның нәтижесінде қазақстандық франчайзингтік қауымдастығының
қалыптасуына себеп болған бүкіл елдің кәсіпкерлері мен аймақ басшыларына
франчайзингтік семинарларын жүргізу бойынша USAID шараларының жүзеге
асырылуымен байланысты [
v
].
Осы жылдары франчайзинг экономиканың әр түрлі салаларында қалыптасты:
қоғамдық тамақтандыру, ақпараттық технологиялар, бөлшек сауда, туризм, мұнай өндіру,
денсаулық сақтау тауарлары мен қызметтері, биологиялық белсенді қоспалар, емдік
косметика.
Осы кезеңнің орта шенінде – 2002 жылдың ақпан айында Қазақстан Франчайзинг
Қауымдастығы құрылды. Қауымдастықтың миссиясы Қазақстан Республикасында
франчайзингті дамыту, қолдану ауқымдарын кеңейту және қолдау. Қауымдастықтың
мақсаты – франчайзингтің танымалдылығын жоғарылату және жылжыту, қауымдастық
мүшелерінің мүдделерін қоғамдық, мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда қорғау [
vi
].
2002 жылдың 24 маусымында Қазақстан Республикасының «Кешенді кәсіпкерлік
лицензия (франчайзинг) туралы» Заңы қабылданды. Осы Заңның 1 бабына сәйкес
«Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) айрықша құқықтар кешенінің құқық
иеленушісі осы кешенді басқа тұлғаға өтемді негізде пайдалануға беретін кәсіпкерлік
қызмет» деп қарастырады [19, 1 бап].
Франчайзингтің дамуының осы кезеңінде Қазақстан нарығында мынадай
франчайзингтік кәсіпорындар өз қызметін жүзеге асырды: «1C» - бағдарламалық
жабдықтау; «World Class» - фитнес клуб; «Scot Holland Estates» - жылжымайтын мүлік,
рекрутинг, «Business Consult» - консалтинг; «Баскин31Роббинс» - балмұздақ; «Пятерочка»
- азық-түлік дүкендерінің желісі; «MaxMara», «Sela» - киім сату дүкендері; «Il Patio»,
«Планета Суши», «Американский Бар и Гриль» - қоғамдық тамақтандыру.
Үшінші кезең 2005 жылдан басталып осы кезге дейінгі уақытты қамтиды. Қазіргі
уақытта мамандардың берген бағасы бойынша Қазақстанда 100 жуық оператор-
фирмалармен іскерлік қарым-қатынас жасайтын, Қазақстандық франчайзинг
қауымдастығына біріктірілген, 15- 20-ға дейінгі бас фирмалар қызмет етеді. Сервистің
салалары бойынша франчайзингтік қатынастар жүйесінің таралу аумағы алуан түрлі,
бірақ тұтастай алғанда жалпы әлемдік тенденцияларға сәйкес келеді. Әлемде франчайзинг
бойынша дамып келе жатқан 70-тен астам бизнес түрі бар. Алайда, Қазақстанда
франчайзинг жеткілікті дәрежеде әртараптандырылмаған (диверсификацияланбаған) – ол
негізінен жылдам тамақтандыру, мейрамханалық бизнес, сауда және қызмет көрсету
салалары жүйесіндегі кәсіпорындарды қамтиды.