Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары Том 1



жүктеу 4,81 Mb.
Pdf просмотр
бет146/228
Дата14.01.2020
өлшемі4,81 Mb.
#26556
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   228

294 

Open  access:

 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/



  

 

 



2. 

Пестравкин А.А. Бюджетирование в системе стратегического управления 

финансами промышленного предприятия // Автореферат диссертации. 2013. 

3. 


Савельева И.М. Бюджетирование в системе управления финансами компаний 

холдингового типа // Автореферат диссертации. 2012. 

4. 

Тедеева З.Б. Финансовое планирование на предприятии в современных 



условиях // Автореферат диссертации. 2012. 

 

 



 

Қазақстандағы франчайзинг нарығының  даму жағдайын талдау 

 

Манап А.С. 

Нархоз Университетінің доценті 

E-mail: 


alma_ms@mail.ru

 

 



Қазақстанда кәсіпкерлік бизнес 1990-шы жылдардың басында қалыптаса бастады, 

алайда  отандық  экономика  үшін  франчайзинг  бизнестің  кең  дамыған  ұйымдық  нысаны 

ретінде  әлі  де  болса  жаңа  құбылыс  болып  табылады.  Нақты  айтқанда  Қазақстанда 

франчайзингтің орын алғанына жиырма жылдай болды [

i

].  


Жаңа  тәжірибелерді  игеру,  жаңа  идеяларды  және  әдістер  мен  технологияларды 

иемдену  кез  келген  қызметтің  түрі  үшін  әрдайым  пайдалы.  Қазақстан  кәсіпкерлігі 

шетелдік серіктестердің шағын бизнестің көптеген жағымды элементтеріне қол жеткізуге 

мүмкіндік береді, сондай-ақ  оларды  қазақстандық  жағдайларға  бейімдеп,  отандық 

кәсіпкерлік  мәдениетін  көтеруге  септігін  тигізеді.  90-шы  жылдардағы  Қазақстандағы 

франчайзингтің  дамуының,  оның  территориялық  таралу  дәрежесін  және  қолданылатын 

франчайзингтің  түрлерін,  франчайзингтік  келісімдер  санының  өсу  көлемін  сипаттайтын 

үш кезеңін бөліп көрсетуге болады.  

Франчайзингтік  қатынастардың  дамуындағы  бірінші  кезеңі  (1994-1999ж.ж.) 

жекелеген  кәсіпкерлердің  отандық  экономикада  жаңадан  қалыптасып  келе  жатқан 

нарықтық  қатынастардағы  франчайзингтік  қатынастар  жүйесін  (ФҚЖ)  пайдаланудағы 

талпыныстарымен  сипатталады.  Бұл  кезеңде  франчайзинг  тамақтандыру  саласында, 

пиццериялар  мен  шағын  наубайханаларға  арналған  құрал-жабдықтар  саласында  дами 

бастады. Өндірістік және сервистік франчайзинг қалыптаса бастады. 

1994 жылы Қазақстанның сусындар нарығына америкалық«Coca Cola» компаниясы 

өз  өнімдерімен  келді.  Компания  газдалған  сусындарды  өндіру  және  өткізумен 

айналысады. Нарықтың осы сегментінде «Coca Cola» компаниясының үлесі  38%. Ал 1995 

жылы Алматы қаласында «Алматы Кока Кола Ботлерс» сусындарды құю зауыты ашылды. 

Компания  өз  қызметінде  өндірістік  франчайзингті  қолданады,  ол  негізінен  зауыттың 

өндіріс  технологиясы,  сусындарды  әзірлеу  мен  құю  жүйесі  және  тасымалдау  шарттары 

сипатында болады[

ii

].   



Ал, 1996 жылы қазақстандық нарықта франчайзинг жүйесі бойынша даму шешімін 

алғаш  қабылдаған  отандық  «Сеймар»  инвестициялық-өнеркәсіптік  компаниясы  бұл 

салада көшбастаушы болды.  

«Сеймар»  компаниясы  үшін  франчайзинг  бизнесті  бағалауда  маңызды  критерий 

болып  табылатын  компанияның  табыстары  мен  шығындарын  плюс-минус 5 пайыз 

дәлдігімен жоспарлау мүмкіндігі түрінде тиімді болды.  «Алматы  Құс»  АҚ  тиімділігін, 

рентабельділігін  және  өткізу  көрсеткіштерін  жоғарылату  мақсатында,  компания  өзінің 

«Сеймар» сауда маркасының франшизасын жеке кәсіпкерлерге, жанұялық кәсіпорындарға 

ұсынды.  «Алматы  Құс»  АҚ  франчайзилермен  қарым-қатынастарды  қатаң  қадағалайды. 

Келісім  шарттары  жарты  жылда  бір  рет  қайта  қарастырылады.  Франчайзилер  жемді  тек 

«Алматы  Құс»  АҚ  құрамындағы  Қапшағай  комбижем  зауытынан  ғана  сатып  алуға 

міндеттенеді, сонымен қатар олар  ай сайын амортизациялық өтемдерге  сәйкес теңгемен 

роялти төлемдерін жүргізеді [

iii


]

.  



295 

Open  access:

 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/



  

 

 



Алайда,  маманданған  кадрлар  және  франчайзинг  бойынша  толық  ақпараттың 

болмауынан, көптеген фирмаларда бұл іс эксперимент жүзінде ғана қалып қойды.  

Жоғарыда  атап  өткен  сервистік  франчайзингтің  Қазақстандағы  тағы  бір  нысаны 

ретінде  «Kodak»  компаниясының  қызметін  атап  өтуге  болады.  Бұл  компанияны  1880 

жылы  АҚШ-ң  Рочестер  қаласында  Джордж  Истман  құрған.  Компанияның  ұсынатын 

қызметтері келесідей болды: әуесқой және кәсіпқой фотопленкаларды, кинопленкаларды, 

рентгенографияға арналған пленкаларды, фото қағазды, сандық фотоаппараттарға қажетті 

бөлшектерді,  батареяларды  көтерме  және  бөлшек  сату.  1990  жылдан  бастап  «Kodak-

Экспресс»  халыққа  жоғары  сапалы  тұрмыстық  қызмет  көрсетумен  айналысатын  

халықаралық  франчайзингтік  бағдарламаны  жүзеге  асырады.  Қазақстан  нарығында 

«Kodak» компаниясы 1997 жылдан бастап қызмет етеді. 

Франчайзингтің  тағы  бір  мысалы  1999  жылы  ресейлік  «Дока»  компаниясының 

желілерінің  ашылуы  [

iv

].  Осы  жылдары  Алматы  қаласында  бірқатар  жылдам 



тамақтандыру орындары франчайзинг негізінде ұйымдастырылды. Алайда бұл желілердің 

өмірлік  циклі  ұзаққа  бармады,  өйткені  нарықта  айтарлықтай  қолдау  таппады  және 

сұраныс деңгейі төмен болды. 

Франчайзингтің  дамуының  екінші  кезеңі  (2000  -2004 ж.ж.) -  Қазақстанға  ірі 

франчайзингтік  фирмалардың  келуімен,  қазақстандық  франчайзингтік  заңнамасының 

қабылдануымен,  соның  нәтижесінде  қазақстандық  франчайзингтік  қауымдастығының 

қалыптасуына  себеп  болған  бүкіл  елдің  кәсіпкерлері  мен  аймақ  басшыларына 

франчайзингтік  семинарларын  жүргізу  бойынша  USAID  шараларының  жүзеге 

асырылуымен байланысты [

v

].  



Осы  жылдары  франчайзинг  экономиканың  әр  түрлі  салаларында  қалыптасты: 

қоғамдық тамақтандыру, ақпараттық технологиялар, бөлшек сауда, туризм, мұнай өндіру, 

денсаулық  сақтау  тауарлары  мен  қызметтері,  биологиялық  белсенді  қоспалар,  емдік 

косметика. 

Осы кезеңнің орта шенінде – 2002 жылдың ақпан айында Қазақстан Франчайзинг 

Қауымдастығы  құрылды.  Қауымдастықтың  миссиясы  Қазақстан  Республикасында 

франчайзингті  дамыту,  қолдану  ауқымдарын  кеңейту  және  қолдау.  Қауымдастықтың 

мақсаты  –  франчайзингтің  танымалдылығын  жоғарылату  және  жылжыту,  қауымдастық 

мүшелерінің мүдделерін қоғамдық, мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда қорғау [

vi

].   



2002  жылдың  24  маусымында  Қазақстан  Республикасының  «Кешенді  кәсіпкерлік 

лицензия  (франчайзинг)  туралы»  Заңы  қабылданды.  Осы  Заңның  1  бабына  сәйкес 

«Кешенді  кәсіпкерлік  лицензия  (франчайзинг)  айрықша  құқықтар  кешенінің  құқық 

иеленушісі  осы  кешенді  басқа  тұлғаға  өтемді  негізде  пайдалануға  беретін  кәсіпкерлік 

қызмет» деп қарастырады [19, 1 бап]. 

Франчайзингтің  дамуының  осы  кезеңінде  Қазақстан  нарығында  мынадай 

франчайзингтік  кәсіпорындар  өз  қызметін  жүзеге  асырды:  «1C»  -  бағдарламалық 

жабдықтау;  «World  Class»  -  фитнес клуб; «Scot Holland Estates» -  жылжымайтын мүлік, 

рекрутинг, «Business Consult» - консалтинг; «Баскин31Роббинс» - балмұздақ; «Пятерочка» 

-  азық-түлік  дүкендерінің  желісі;  «MaxMara»,  «Sela»  -  киім сату дүкендері; «Il Patio», 

«Планета Суши», «Американский Бар и Гриль» - қоғамдық тамақтандыру. 

Үшінші  кезең  2005  жылдан  басталып  осы  кезге  дейінгі  уақытты  қамтиды.  Қазіргі 

уақытта  мамандардың  берген  бағасы  бойынша  Қазақстанда  100  жуық  оператор-

фирмалармен  іскерлік  қарым-қатынас  жасайтын,  Қазақстандық  франчайзинг 

қауымдастығына  біріктірілген,  15-  20-ға  дейінгі  бас  фирмалар  қызмет  етеді.  Сервистің 

салалары  бойынша  франчайзингтік  қатынастар  жүйесінің  таралу  аумағы  алуан  түрлі, 

бірақ тұтастай алғанда жалпы әлемдік тенденцияларға сәйкес келеді. Әлемде франчайзинг 

бойынша  дамып  келе  жатқан  70-тен  астам  бизнес  түрі  бар.  Алайда,  Қазақстанда 

франчайзинг жеткілікті дәрежеде әртараптандырылмаған (диверсификацияланбаған) – ол 

негізінен  жылдам  тамақтандыру,  мейрамханалық  бизнес,  сауда  және  қызмет  көрсету 

салалары жүйесіндегі кәсіпорындарды қамтиды.  




жүктеу 4,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   228




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау