165
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
негізінде тұтынушылардың қажеттіліктерін сапалы өнімімен қамтамасыз ету болып
табылады.
Қазіргі кездегі экономикалық әдебиеттерде кәсіпорындарда маркетинг қызметі
түрлі белгілері бойынша ұйымдастыру нұсқалары берілген. Олар: функционалдық,
тауарлық, нарықтық, географиялық белгілері бойынша және маркетингті
ұйымдастырудың аралас түрі.
Қазіргі уақытта шетелдік кәсіпорындарда маркетинг қызметін ұйымдастырудың
алуан түрлі құрылымдық нысандары қолданылады. Олардың ішіндегі ең кең тарағаны -
функционалдық түрі[3].
Маркетинг қызметін ұйымдастырудың функционалдық құрылым нысаны
тауарлары мен нарық мөлшері көп емес кәсіпорындарда қолданылады. Бұл қағида
еңбектің функционалдық бөлінуіне негізделген. Сондай-ақ маркетинг элементерінің
бірінің басым болған және шығарылатын тауар топтарның арасында үлкен айырма
болмаған жағдайда қолданылады. Бұл нысан кез келген кәсіпорынның жалпы
ұйымдастырушылық құрылымына жеңіл интеграцияланады.
Маркетингтi тауарлық ұйымдастыру нысанында дифферециацияланған өнімді
жеткілікті шамада біртектес тұтынушылар тобына ұқсас өткізу арналары арқылы сату
кезінде қолданылады.
Маркетингтiк құрылымның тауарлық нысанын қолдану өндiрiс пен өткiзудiң
арнайы шарттарын талап ететiн өнiм ассортиментi мен өткiзу көлемi үлкен кәсiпорындар
үшiн тиiмдi болып табылады. Дегенмен, бұл ұйымдастыру нысаны функционалдық
ұйымдастырумен салыстырғанда үлкен шығындарды талап етедi.
Маркетинг қызметiн ұйымдастырудың нарықтық нысанында жеке нарықтарды
басқарушы белгілі бір нарықтарда маркетинг қызметінің стратегиялары мен жоспарын
әзірлеуге және жүзеге асыруға жауапты болады.
Бұл нысан әр түрлi нарықта тұтынушылардың қалауы бiрдей емес, ал тауарлар
арнайы қызметтi талап ету жағдайында қолданылады.
Маркетинг қызметін ұйымдастырудың географиялық нысанында маркетинг
бойынша мамандар, ең алдымен өткізушілер жекелеген географиялық аймақтар бойынша
топтастырылады. Бұл нысан ірі кәсіпорындар кеңейтілген нарыққа өнімдерін ұсынған
жағдайда қолданылады.
Жоғарыда аталған маркетинг қызметінің ұйымдастырылу нысандары жеке бөлек
түрінде салыстырмалы түрде сирек кездеседі, көбіне олар аралас түрде кездеседі.
Маркетингтi ұйымдастырудың аралас нысаны жоғарыда аталған маркетинг қызметiн
құру қағидалары негiзге ала отырып жүзеге асырылады. Атап айтқанда, функционалды-
тауарлық, функционалды-нарықтық, тауарлы-нарықтық және функционалды-тауарлы-
нарықтық.
Маркетингтi матрицалық ұйымдастыру кем дегенде екi белгiмен негiзделедi.
Матрицалық құрылымның мысалы ретiнде маркетингтiк бағдарламаны және
функционалды ұйымды немесе менеджмент-жобасы мен өнiм бойынша басқаруды айтуға
болады. Матрицаның әрбiр бөлiгi екi бөлiктен тұрады.
Тәжірибеде маркетинг қызметін ұйымдастырудың идиалды нысаны жоқ. Аталған
маркетинг қызметін ұйымдастыру нысандарының артықшылықтары мен кемшіліктері
бар.
Келесі кестеде маркетинг қызметін ұйымдастыру нысандарының артықшылықтары
мен кемшіліктері берілген.
166
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Кесте 1– Маркетинг қызметін ұйымдастыру нысандарының артықшылықтары мен
кемшіліктері
Маркетинг қызметін
ұйымдастыру
нысандары
Артықшылықтары
Кемшіліктері
Функционалдық
- Басқарудың қарапайымдылығы;
- Қызметкер міндетінің
сипатталуы;
- Қызметкерлердің
функционалдық мамандануы және
біліктілігінің жоғарылауы
-Басқару шешiмдерiн үйлестіруде
кездесетін қиыншылықтар;
-Нақты
тауарлар
бойынша
маркетингті басқарудың болмауы;
-Нақты
нарықтар
бойынша
маркетингті басқарудың болмауы.
Тауарлық
-Әрбір
тауар бойынша маркетингті
басқару;
-Әрбір тауар бойынша туындаған
мәселелерді уақытында шешу
мүмкіндігі;
-Тұтынушылардың
қажеттіліктерін тереңірек зерттеу
және қанағаттандыру.
-Функционалдық
құрылыммен
салыстарғанда қымбат болуы;
-Бір-бірін
қайталайтын
бөлімшелердің болуы;
-Тауарлық топ қызметкерлерiнiң әрі
тiкелей басшыларына да, әрі
функционалдық
қызмет
басшыларына да екі жақты
бағынуы туындаған мәселелердi
жедел шешудi қиындатады.
Нарықтық
-Өз тұтынушыларының талғамы
мен қажеттiлiгiн жақсы бiлу;
- Нарыққа шығудағы кешенді
бағдарламалады әзірлеу;
- Нарық ерекшелiгiн ескере
отырып, сенiмдi болжау жасау.
-Ұйымдық
құрылымның
күрделілігі;
-Міндетті іс-әрекеттің қайталануы;
- Тауар номенклатурасын білудің
төменгі дәрежесі.
Матрицалық
-
Ақпараттың
шоғырлануы
есебiнен қызметтiң өте жақсы
үйлестірілуі.
-Орындаушы
жауапкершiлiгiнiң
төмендеуі, құзыретке байланысты
дау-тартыстар, тәртіпсіздіктер
болуы жатады.
Кәсіпорындарда маркетинг қызметін ұйымдастыруда төмендегідей талаптар
қойылады:
-
Максималды түрде қарапайым болуы керек;
-
Бөлімшелер арасындағы байланыс жүйесін тиімді қамтамасыз етуі қажет;
-
Аз деңгейлі немесе аз буынды болуы керек;
-
Икемделу және бейімделу дәрежесі жоғары болуы тиіс.
Қорытындылай келе, кәсіпорындарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін
қалыптастыруда маркетинг отандық шаруашылық үшін кәсіпорындардың өндіру – өткізу
қызметін ұйымдастыру мен басқарудың жаңа әдісі болып табылады. Сондықтан да
кәсіпорын маркетинг қызметін ұйымдастыру барысында аталған нысандардың
артықшылықтары мен кемшіліктері ескере отырып, өздеріне тиімді түрін таңдауы қажет.
Қолданылған дереккөздер тізімі
1.
Крылова Г.Д., Соколова М.И. Маркетинг. Теория и практика: Учебник для
вузов.-М.: ЮНИТИ – ДАНА, 2014. – 655с.
2.
Котлер Ф. Основы маркетинга. – СПб.: АО «Коруна», АЗОТ «МЕТРАПЛЮС»,
1994. – 697 c.
3.
Дихтель Е., Хершген Х. Практический маркетинг/ Пер. с нем. А.М. Макарова;
под ред. И.С. Минко.-М.: Высшая школа, 1995.-255с.