Атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 16 ақпан 2018 жыл



жүктеу 2,77 Mb.
Pdf просмотр
бет22/129
Дата09.02.2020
өлшемі2,77 Mb.
#28666
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   129

 
44 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018ж 
 
 
 
ыл 
 
 
2. 
Аболин
 Л.М.  Психологические  механизмы  эмоциональной  устойчивости  человека  / 
Л.М. Аболин. — Казань: Изд-во Казанского университета, 1987: — 262 с. 
3. 
Баранов
 А.А. 
Психологическая  стрессоустойчивость  и  мастерство  педагога: 
Теоретические и прикладные аспекты: автореф. дис. . док. псих, наук: 19.00.07 / А.А. Баранов. 
СПб, 2002.-41с. 
4.  Щербатых Ю. В. Психология стресса и методы коррекции. — СПб.: Питер, 2007.  
5.  Тарабрина Н.В. Практикум  по психологии посттравматического  стресса. Спб., 2001. 
6.  Орел  В.Е.  Опросник  психического  выгорания  для  работников  социальных  профессий 
изд.  [Текст]  /  Орел  В.Е.,  Сенин  И.Г.  –  Ярославль:  Научно-производственный  центр 
«Психодиагностика», 2005. – 12 с. 
7.  Селье Г. Очерки об адаптационном синдроме / Г. Селье. М.: Прогресс, 2010.-254 с. 
8.  Рукавишников  А.А.  Опросник  психического  выгорания  для  учителей  [Текст]: 
руководство  /  А.А.  Рукавишников.  –  Ярославль:  Научно-производственный  центр 
«Психодиагностика», 2001. – 14 с. 
 
 
ӘОЖ 370 
 
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕР АРҚЫЛЫ ДӘРІС, СЕМИНАР САБАҚТАРЫН ЖҮРГІЗУ 
ЖОЛДАРЫ 
 
Байжуманова А.М., Садықбекова А.Н. 
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ., 
Nurai310707@mail.ru 
 
Бұл  мақалада  оқушылармен  сабаққа  қатысатын  интерактивті  оқыту  нысандары 
мен әдістері қарастырылады. мұндай түбегейлі байланысты қазіргі заманғы технологиялар 
мен  ақыл  қазыналары  ретінде,  сонымен  қатар  студенттердің  өзіндік  шығармашылық 
жұмысының  басшысы  ретінде  ғана  емес,  predstovlenie  мұғалімдердің  дамуына  туындаған 
интерактивті  әдістерін  түрлі  жүргізу  барысында  енгізу  арқылы  мұғалімдердің  рөлін 
өзгерту пайда мүмкіндігі ретінде ашып аспектілері. 
Кілттік  сөздер:  инновациялық  әдіс,  интербелсенді  әдіс,  оқу  үрдісі,  оқыту  әдісі, 
перцентивті оқыту, пікірталас, талдау, рефлексия. 
В  данной  статье  расматриваються  формы  и  методы  интерактивного  обучения, 
которые  применяете  на  занятиях  со  студентами.  Раскрываются  такие  аспекты  как 
появление возможности основательно изменить роль преподавателей с помощью внедрения 
в  систему  ведения  курса  различных  интерактивных  методов,  которые  возникли  в  силу 
развития  современных  технологии,  так  и  предстовление  учителей  не  только  в  качестве  
кладезя ума, но и как руководителья самостоятельных творческих работ студентов. 
Ключевые  слова:  инновационный  метод,  интерактивный  метод,  образовательный 
процесс, метод обучения, перцептивное обучение, обсуждение, анализ, размышление. 
This article looks at the forms and methods of interactive learning that you apply to classes 
with students. Such aspects as the emergence of the opportunity to fundamentally change the role of 
teachers through the introduction of various interactive methods in the course management system, 
which  arose  due  to  the  development  of  modern  technology,  and  the  presentation  of  teachers  not 
only as a fount of mind, but also as the manager of independent creative works of students. 
Key words: innovative  method,  interactive method, educational  process,  teaching  method, 
percivative teaching, discussion, analysis, reflection. 
 
Қазіргі  таңдағы  технологиялардың  дамыған  кезеңінде  инновациялық  әдістермен 
оқытудың  ақпараттық  технологияларын  қолдану  арқылы  студенттердің  ойлау  қабілетін 
арттырып, ізденушілігін дамыту өзекті мәселелердің бірі болып табылады. 


 
 
45 
 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018 жыл 
 
Интербелсенді  оқу/оқыту  бірінші  мезетте  білім  игеру  процесіне  қатысушылардың 
тиімді  қарым-қатынасына  негізделеді.  Ағылшын  тілінен  келген  «интерактив»  сөзі  де  осы 
ұғымды  білдіреді:  «inter»  дегеніміз  «өзара»  мағынасында,  ал  «akt»  -«әрекет  жасау»  дегенді 
білдіреді.  Басқаша  айтқанда,  «интербелсенді»  дегеніміз  біреумен  қоян-қолтық  қарым-
қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. 
«Интербелсенді»  дегеніміз  диалог  арқылы  үйрену/үйрету,  яғни  «үйретуші  – 
үйренуші», «үйренуші – үйренуші», «үйренуші – өзімен өзі» форматтарында жасаған қарым-
қатынас («әңгіме», «сұхбат», «бірлескен әрекеттер»). 
Интербелсенді оқыту білім игеру процесін келесідей ұйымдастыруға ынталы: 
-  барлық  үйренушілерге  бірлескен  таным  процесіне  белсенді  арласуға  мүмкіндік 
жасау; 
-  әрбір  үйренушінің өзінің үйренгені  мен өз білімі  туралы түсініктерін ортаға салып, 
бірлесе талқылап, олар туралы ой толғануына мүмкіндік жасау; 
- үйренушілер білімді өздігімен құрастыратын орта құру; 
- терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту; 
- өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру; 
- оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін 
қалыптастырып, белсенді өмірлік бағытын (көзқарас, дүниетаным) ұстану; 
-  пікірталастарға  қатысып,  өз  ойы  мен  пікірін  дәлелдеу.  Бұл  тұлғаның  тұрақты 
қасиеттеріне  айналып,  тек  студенттердің  аудиториясында   ғана  орын  алып  қана  қоймай, 
сонымен бірге өмірдің басқа да жақтарынан тиянақты түрде көрінеді [1, 63]. Бұдан жасайтын 
қорытынды   жоғары  оқу  орындарында  интербелсенді  оқу/оқыту  білім  игеру  процесін 
ұйымдастыруда  студенттердің  барлығын  дәріс,  семинар  және  өзіндік  жұмыс  сабақтарында 
бірлескен таным процесіне белсенді араласуға, жеке студенттің өзінің үйренгені мен білімін 
ортаға салып талқылау, өз ойларын талдауға, пікірталас, өз пікірін дәлелдеу және т.б.  негізде 
ұйымдастыруға болады. 
Интерактивті  әдістерді  қолдану  арқылы   интербелсенді  дәріс,  семинар  сабақтарында 
студенттердің белседілігін арттыру тиімді екендігі бәрімізге белгілі. 
Қазіргі  кезеңдегі  технологиялардың  дамуы  барысында  ұстаздардың  рөлін  түбегейлі 
өзгерту  мүмкіндік  туды,  ұстаз  тек  қана  білімді  алып,  жүруші  ғана  емес,  сонымен  қатар 
студенттердің өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі. 
Интерактивті әдістерге: топпен жұмыс, пікір-таластар,проблемалық шығарма әдістері, 
презентациялар,  рөлдік  ойындар,  блиц-сұрақтар  әдісі,  кейс-стадийлер,  миға  шабуыл  әдісі, 
викториналар,  мини  зерттеулер,  іскерлік  ойындар,  инсерт  әдісі,  анкета  алу  әдісі  және  т.б. 
жатады. 
Көрсетілген  интербелсенді  әдістерді  қолдану  арқылы  -  жоғарғы  оқу  орындарындағы 
дәріс,  семинар  (практикалық),  студенттің  өзіндік  жұмыстар  (СӨЖ)  сабағын  жаңаша 
ұйымдастыру, оқытушының рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, ғылымитеориялық, 
педагогикалық  және  психологиялық  зерттеулерге  сүйене  отырып,  студенттерді 
елжандылыққа, саналылыққа, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. 
Енді,  біз  ЖОО  интербелсенді  сабақтарын  өту  жолдарына  тоқталмас  бұрын  дәріс 
сабағына тоқталсақ, дәріс - (лекция) сабағы дегеніміз – жаңа материалдағы негізгі теориялық 
мәселелердің мазмұны терең, жүйелі, бірізділікпен ашып көрсетіледі. Сондай-ақ дәрісте тың, 
маңызды  жаңалықтар,  түрлі  көзқарастар  мен  даулы  мәселелер  нанымды  түрде  баяндалады. 
Дәріс  тақырыбы  неғұрлым  айқын,  проблемалы,  пікір-сайыс  түрінде  өтілсе,  қойылған 
сұрақтарға  дайын  жауап  болмай,  оны  студент  өздігінен  ізденіп,  тапса  сабақтың   тиімділігі 
жоғары болады [2, 10]. Оқытушы құқықтық пәндерден дәріс беру барысындағы басты мақсат 
студенттерге  аса  маңызды  фактілерді,  құбылыстарды  оқып  үйрету,  әлеуметтік,  рухани, 
адамгершілік  тәжірбиені  меңгерту,  сол  арқылы  жас  ұрпақтың  тәуелсіз  қоғамның  жолында 
Қазақстанның  құқық  жүйесімен  салалық  байланысты  меңгеру  мен  боашақ  мамандығын 
игерудегі жоғары жауапкершілік сезімін қалыптастыру болып табылады. 
Кезінде  көптеген  әдіскерлер  ЖОО-да  оқытудың  әдістері  мен  тәсілдерін  зерттегенде 


жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау