214
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018ж
ыл
ӘОЖ 370
ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БАҒДАРЛАНҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМГЕРДІҢ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Тулешова Г.Б., Корабаева Н.Б.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.,
tuleshova_04@mail.ru, nazgul_22_07_80@maіl.ru
Ел экономикасын модернизациялаудың негізі адами капитал болғандықтан мақалада
жеке тұлғаға бағдарланған білім беру жағдайында білімгердің шығармашылық әлеуетін
қалыптастыру жолдары қарастырылған. Сонымен қатар, нақты пән мысалында
қолданылатын инновациялық әдістер аталып көрсетілген. Бүгінгі заман талаптарына
бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан-жақты дамуына
негізделгені қажет екені айқындалған.
Кілттік сөздер: адами капитал, инновациялық экономика, интелект, білім, табысты
шығармашылық: гуманистік тәсіл, тұлғалық тәсіл, іс-әрекеттік тәсіл; шығармашылық
белсенділік.
Основой модернизации экономики страны является человеческий капитал, в связи с
этим в статье рассматриваются пути формирования творческого потенциала студента в
условиях образования ориентированного на индивидуальную личность. Вместе с этим,
показаны фактические инновационные методы, применяемые на примере конкретной
дисциплины. Определена необходимость направления системы образования на современные
требования, основанные на всестороннее развитие личности в соответствии с образовательным
стандартом.
Ключевые слова: человеческий капитал, инновационная экономика, интелект,
образование, успешное творчество: гуманистический подход, личностный подход,
деятельностный подход, творческая активность.
The basis of modernization of the economy is human capital, in this regard, the article considers
the ways of formation of the creative potential of the student in the context of the formation based on
individual personality. However, the actual innovative methods used in a particular discipline. The
necessity of direction of the educational system to modern requirements, based on comprehensive
development of personality in accordance with the educational standard.
Key words:
human capital, innovative economy, intellect, education, success in work: a
humanistic approach, personality approach, activity approach, creative activity.
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың
жыл
сайынғы
Жолдауларында біліктілігі жоғары кадрларды дайындау мен қазіргі білім беру жүйесінің
дамуына үлкен мән беріледі. Биылғы 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік
революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында төртінші
өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету қажеттігін айқындайды.
Жолдаудағы жетінші міндет - адами капитал – ел экономикасын модернизациялаудың
негізі деп біледі. Сондықтан, ел басының алға қойған міндеті - білімгерлердің игі өзгерістерге
үнемі бейім болуы мен жаңа білімді меңгеру қабілетін, яғни адами капиталды дамыту
қажеттілігін дамыту
[1].
Адам капиталы – инновациялық экономика мен білім экономикасын қалыптастыратын
және дамытатын негізгі фактор. Инновациялық экономика – жоғары сапалы өмір, интеллект,
білім, ғылым және жоғары сапалы адам капиталы. Адам капиталының деңгейі мемлекеттің даму
деңгейін көрсетеді. Сондықтан, қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты да еңбек нарығында
бәсекеге қабілетті маман дайындау. Осыған орай, қазіргі жаңа әлеуметтік-экономикалық
жағдайларда өз бетінше таңдау жасауға қабілетті, берілген стандартты талаптардың шегінен
шығатын мақсаттарды қоятын және іске асыра алатын, өз қызметін саналы түрде бағалай
215
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018 жыл
алатын, әріптестерімен өзара оң қарым-қатынасқа және ынтымақтастыққа дайын жеке тұлғаның
белсенді шығармашылығын қалыптастыру проблемасы, өзекті мәселе.
Танымдық қабілет студенттің белсенділігі арқылы, әр түрлі тәсілдерді пайдалана отырып
алға ұмтылысымен сипатталады. Сонымен қатар, білім беру процесі студенттердің қабілеттері
мен мүмкіндіктерін ғана сүйенбей, тұлғаның шығармашылық белсенділігін қалыптастыруға,
оның барынша дамуына, яғни танымдық қызығушылықтарын, іскерлігін қалыптастыру мен
бағалауда өзіндік дербес әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасауы тиіс.
Тұлғаның шығармашылық дамуының «механизмі» ұғымында білімгерлердің қажетті-
ынталандырушы ортасының ролі де аз емес. Осыған байланысты шығармашылық дамытуды
педагогикалық ынталандыру үшін білімгердің алғашқы себептері (тілектері, қызығушылығы,
құндылықтары, көзқарасы) үлкен мәнге ие.
Табысты шығармашылық - тұлғаның өзіндік дамуында келесі жалпыға белгілі
әдістемелік тәсілдер ықпал етеді:
гуманистік – кәсіби білім беру процесінде өзара сыйластықты, еркіндікті,
шығармашылық қатынастарын қалыптастыру және дамыту;
тұлғалық – студенттердің жеке позицияларының жүзеге асуы;
іс-әрекеттік – студенттерді белсенді әрекетке қосу [2].
Білімгердің шығармашылық белсенділігін дамытуға әсер ететін әртүрлі заманауи білім
беру технологиялар тізімінің арасында, әсіресе кәсіби білім беруде қолданылатын тұлғалық-
бағытталған оқыту технологиясы маңызды және мәні жоғары болып табылады. Тұлғаның дамуы
үшін ұжымдық іс-әрекет маңызды роль атқарады. Ұжымдық іс-әрекетте тұлғаның келесі басты
қасиеттері қалыптасады: пікір тәуелсіздігі, бөтен пікірге сыни көзқарас, әрекет дербестігі, көмек
көрсетуге дайын болу және т.с.с.
Экономикалық пәндерді жүргізуде ұжымдық ойды оятатын, өндірістік жағдайларға
бейімдейтін, зейін мен қызығушылықты ынталандыратын оқытудың формалары, әдістері мен
тәсілдері әр білімгердің белсенді шығармашылық тұлға ретінде дамуына ықпал етеді. Себебі,
жастарға шығармашылық қабілетті дамыту нақты ұйымдасқан және басқарылатын ойлау
процесі арқылы шығармашылық технологиясымен мақсатты түрде қаруландырмай жеткілікті
деңгейде нәтижесі болмайды.
Білім беру жобасының негізіне студенттердің дербес бағытталған зерттеу жұмыстары
алынады. Зерттеудің білім беру сипатына қарамастан, оны ұйымдастырғанда ғылымда жалпы
белгілі танымдық әдістер қолданылады. Мысалы, талдау және жинақтау, индукция және
дедукция, аналогия, бақылау және тәжірибе, абстракция, нақтылау. Бұл әдістерді зерттеулерде
қолданған кезде оқу жоспарының тақырыптық шеңберінен шықпай білім мазмұнын ашуға
болады [3]. Шығармашылық процессті жүзеге асыру үшін оқытудың дәстүрлі, сондай-ақ
белсенді әдістері ықпал етеді: экскурсия, дәріс, конференция, іскерлік ойын, сөзжұмбақ,
презентация және т.б.
«Кәсіпкерлік» пәні бойынша конференция өткізу оқу процесінде пайдалы,
әдебиеттермен жұмыс кезінде дербестікке үйретеді, пәнді меңгеру барысында
қызығушылықты арттырады, оқу процессін ынталандырады, студенттердің пән бойынша
дайындығын арттырады.
Экономика бойынша конференция – оқу процессін ынталандыратын формалардың
бірі, ол пәнге қызығушылықты оятып қана қоймай, білімгердің шығармашылық
бастамаларын да қолдайды. Конференцияға реферат немесе баяндама тақырыптары дербес
таңдалады. Конференцияға дайындық барысында студент қосымша әдебиетті меңгеру қажет,
баяндама жазу, презентация даярлау, яғни конференцияның тиімді болуы үшін керектінің
бәрін жасайды.
Білімгерлер конференция барысында байқаулар өткізу арқылы пән бойынша
білімдерін көтеруіне болады. Конференцияда ойын элементін қолдану, оны академиялық
біржақтылығынан
арылтады.
Сонымен
қатар,
білімгердің
ұжымдық
жұмысын
ұйымдастыруда ең тиімдісі микротоптарды құру және жобалар әдісін қолдану болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |