Атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 16 ақпан 2018 жыл



жүктеу 2,77 Mb.
Pdf просмотр
бет94/129
Дата09.02.2020
өлшемі2,77 Mb.
#28666
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   129

 
188 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018ж 
 
 
 
ыл 
 
 
дамыған елдерге ғана қатысты емес, өтпелі экономикасы бар елдерге де қатысты. Бірнеше жыл 
бұрын президентіміз Н.Назарбаев: «Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын 
және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының 90%-дан астамын құрайды, көптеген 
дамыған елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50%-дан астамын береді. Сондықтан да біздің шағын 
және  орта  кәсіпкерлікті  дамытудың  түбірінен  жаңа  идеологиясын  түзуіміз  қажет.  Бұл 
кәсіпкерлік  ортаның  бастамашылығын  іске  асыру  үшін  қолайлы  жағдай  туғызуымыз  керек»  – 
деген  болатын.  Көріп  отырғанымыздай,  бүгінде  президентіміз  шағын  және  орта  кәсіпкерлікті 
дамытуға  жағдай  туғызу  үшін  Еуразиялық  экономикалық  одақ  жобасын  жүзеге  асыруда. 
Сонымен қатар,  ДСҰ-ға кірудің  алғышарттары  да түзіліп қойылған. Алдағы  уақытта  еліміздің 
экономикасы дәл осы шағын және орта кәсіпкерлік арқылы аспанға шарықтайды. 
Қазақстан Республикасының бүгінгі таңда қойып отырған міндеттерінің бірі- шағын және 
орта  кәсіпкерлікті  дамыту.  Шағын  және  орта  бизнесті  дамыту  экономикалық  өрлеудің  және 
әлеуметтік-саяси  жаңғыртудың  басты  құралы.  Әсіресе,  жеке  меншіктің  нақты  өмірге  жүзеге 
асуы және орта таптың қалыптасуының мемлекетімізде артқан сайын еліміз көркейіп, халықтың 
әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарады. Сонымен бірге, шағын және орта кәсіпкерлік  – 
экономиканың  тиімді  әрі  нәтижелі  секторы.  Шағын  және  орта  кәсіпкерлік  жұмыссыздықты 
жоюда,  нарыққа  қажетті  тауарларды  жеткізуде,  жеке  өндірушілердің  монополиясын  шектеуде 
және экономиканы тұрақтандыруда шешуші фактор болып табылады. 
Бірақ,  шағын  және  орта  кәсіпкерлікке  мемлекет  тарапынан  қолдаулар  және  әкімшілік 
реттеу жүргізіліп жатқанмен, шағын кәсіпкерлік қызметтің нәтижелері әлі де жоғары деңгейде 
емес.  Шаруашылық  салаларын  алатын  болсақ,  саудадан  басқа  жерде  шағын  және  орта 
кәсіпкерліктің жетекші ықпалы байқалмайды. 
Кәсіпкерлік  саласында  мемлекеттік  саясатты  қалыптастыру  мен  жүзеге  асыруға  байланысты 
міндеттерден  басқа,  мемлекет,  кәсіпкерлікті  қаржылық,  ақпараттық-сараптамалық  және 
материалды-техникалық  қолдауды  қамтамасыз  ету  бойынша  қызметтер  атқарады.  Қолдаудың 
бұл  нысандарының  барлығын  мемлекеттік  атқарушы  органдары  арқылы  жергілікті  және 
аумақтық деңгейде қабылданатын әр түрлі бағдармалардың көмегімен де, әр ұйым капиталының 
қатысуымен осы үшін арнайы жасалған стратегиялар көмегімен де жүзеге асырады. 
ҚР  Призидентінің  2014  жылғы  17  қаңтардағы  Қазақстан  халқына  «Қазақстан-2050» 
Жолдауында:  «Мемлекет  жұмысының  негізгі  бөлігі  Қазақстан  бизнесін,  әсіресе  шағын  және 
орта бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау болмақ. Шағын және орта бизнес 2050 
жылға  қарай  Қазақстанның  ішкі  жалпы  өнімінің  қазіргі  20%   орнына  кемінде  50%   өндіретін 
болады. Еңбек өнімділігін 5 есеге- кәзіргі 24,5 мыңнан 126 мың долларға дейін арттыру керек» 
деп шағын және орта кәсіпкерліктің маңызын атап көрсетті. 
Осы орайда елімізде көптеген шаралар жүзеге асуда. Олардың қатарында: 
-  шағын  және  орта  кәсіпкерлік  еліміздегі  жұмыссыздықты  азайтудың  негізгі  нысаны. 
«Бизнестің  жол  картасы-2020»  бағдарлама  жүзеге  асқалы  бері,  елді-  мекен  тұрғындарының 
табысы 6% артты. Кедейшілік деңгейі 5,9% дан 3,8%- ға қысқарды. 
-  Мемлекет  тарапынан  қаржы-несиелік  және  инвестициялық  климат  жасалып,  шағын 
және орта кәсіпкерлікке қаржы-несиелік және инвестициялық тұрғыдан қолдау жүргізілуде. 
- Шағын және орта кәсіпкерлікті жетілдіру жолында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры 
қызмет атқарып жатыр. 
-  Ауылдық  жерлерде  шағын  және  орта  кәсіпкерлікті  дамытуға  көңіл  бөлінуде.  Бұл 
шараларды  «Ауыл  шаруашылықты  қаржылық  қолдау  қоры»  АҚ,  «Казагрофинанс»  АҚ, 
«Продкорпорация» АҚ жүзеге асыруда. 
-  Мемлекеттік  органның  даярлау,  қайта  даярлау,  біліктілігін  жоғарылату  шаралары 
жүргізілуде. 
- Технопарктер құрылды. 
Шағын  және  орта  кәсіпкерлікті  дамытудың  негізгі  жолы  болып  кәсіпкерліктің  әртүрлі 
қырларын  кеңінен  қарастыру  ғана  емес,  инновациялық  тәсілдерді,  дәстүрлі  емес  және  озық 
технологияларды қолдану, ең жаңа өнімдер мен қызметтерді пайдалану да табылады. Қазақстан 
Республикасындағы шағын және орта ЖІӨ-де алатын үлесі- 20%. Біріккен Ұлттар Ұйымының 


 
 
189 
 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018 жыл 
 
Даму  бағдарламасының  мәліметтеріне  сүйенсек,  әлемдік  экономикада  тек  шағын 
кәсіпорындардың  саны  барлық  кәсіпорындардың  жалпы  санының  95%-нан  асады,  олардың 
ЖІӨ-дегі үлесі 50%-ға  дейін жетеді. Дамыған мемлекеттердегі шағын және орта бизнестің ЖІӨ-
дегі  үлесі,  мысалы,  Жапонияда  55%,  Ұлыбританияда-52%,  Германияда-57%,  Италияда-70%. 
Салыстырмалы  сараптама  Қазақстанда  шағын  және  орта  кәсіпкерліктің  макроэкономикалық 
көрсеткіште үлесінің өте аз екенін көрсетеді. Оны 50%-ға жеткізу 2050 жылдарында болжанып 
отырғаны белгілі. 
Статистика көрсетіп отырғандай, Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелеген шағын және 
орта кәсіпкерліктегі субъектілер санының өсіңкілігі байқалады (кесте 1.2.3.4).  
Шағын  және  орта  кәсіпкерліктегі  қомақты  әлеуметтік  рөлді  атқарумен  бірге  бюджетке 
елеулі салықтық түсімдерді қамтамасыз етеді. Осы күнгі күрделі жағдайларда шағын және орта 
кәсіпкерлік тұрақтандыру ретінде көрініс  береді.  Бизнес жеке азаматтардың өз бетінше, өзінің 
мүліктік  жауапкершілігіне  және  өз  тәуекелімен  пайда  табу  немесе  басқада  формада 
экономикалық пайдаға ұмтылу әрекеттері. 
Шағын  және  орта  кәсіпкерлік  нарықтық  экономиканың  ажырамас  бөлігі  деп  айтуға 
болады. Оған жылдамдық, икемділік және жоғарғы тиімділік сипаттары сәйкес келеді. Осы және 
басқада  артықшылықтарды   ұлттық  экономиканы  дамытудың  қозғаушысы  ретінде  саналады. 
Қазіргі  уақытта шағын және орта кәсіпкерлік сферасында миллионнан астам адамдар жұмыс 
істеуде,  дегенмен  шағын  және  орта  кәсіпкерліктің  құрылуы  мен  өсуі  жөніндегі  мәселелерді 
одан  әрі  оқып  білуді  талап  етеді:  даму  перспективаларын  болжау  және  басқару,  талдау, 
бағалаудың икемді және тиімді әдістерін дайындау. 
Шағын және орта кәсіпкерлік елімізде мұнайдан кейінгі екінші  ірі экономикалық 
сала саналып келген еді. Енді ол ұғым өзгерген сыңайлы. Кейбір сарапшы-экономистер 
кәсіпкерлікті  экономиканың  ең  сенімді,  тұрақты  және  ұзақ  мерзімді  саласы  санай 
бастады. Оған себеп – әлемдік нарықта мұнай бағасы құлдырағанда  шикізатқа тәуелді 
экономиканың құны бір тұтам екені өткен жылғы жағдайлар анық көрсетті. 
Кәсіпкерлерден жиналған салық түсімдері Астана мен Алматы және басқа ірі қалалар 
бюджетінің 70 пайыздан астамын құрап келеді. Бұл – бірнеше жылдан бері қалыптасып келе 
жатқан жағдай. Үшіншіден, шағын және орта кәсіпкерлік саласы жылына бірнеше жүз мың 
адамды  жұмыспен  қамтиды.  Жыл  сайын  жаңа  жұмыс  орындары  ашылып  жатады.  Салыс-
тырмалы  түрде  алсақ,  мұнай  саласында  жұмыспен  қамтылғандардан,  шағын  және  орта 
бизнесте  тұрақты  табыс  тауып,  көп  жыл  еңбек  етіп  келе  жатқандар  әлденеше  есе  көп. 
Еліміздің  экономикалық  даму  көрсеткішінде  де  шағын  және  орта  бизнес  алдыңғы  орынға 
шыға бастады. Осы деректерді ескеріп, бүгінде бізді асырап отырған мұнай емес, кәсіпкерлік 
саласы деп батыл тұжырым жасауға әбден болатындай. 
Астана  қаласы  кәсіпкерлік  және  өнеркәсіп  басқармасының  мәліметіне  қарағанда, 
елордада  өткен  жылдың  соңғы  айларының  өзінде  шағын  және  орта  бизнес  саласында  7 
мыңнан астам жұмыс орны ашылған екен. Қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан шағын және 
орта бизнес субъектілерінің саны 100 мыңнан асады. Осы субъектілер өндірген өнім көлемі 2 
516,4 млрд теңгеге жеткен. Бұл саланы одан әрі жіктеп қарайтын болсақ, тіркелгендердің 70 
мыңнан  астамы  жеке  кәсіпкер,  10  шаруа  қожалығы,  27  мың  заңды  тұлға  екенін  көреміз. 
Сонда шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы өнім көлемі, салық түсімі, жұмыспен қамту 
және  басқа  көрсеткіштердің  басым  бөлігі  жеке  кәсіпкерлерге  тиесілі  екенін  көреміз.  Бұған 
енді  осы  салада  жұмыспен  қамтылып  отырған  тағы  бірнеше  жүз  мың  адамды  қосыңыз. 
Мұндай  жағдай  еліміздегі  барлық  қалаларға  ортақ  екенін  ескерсек,  ел  экономикасын  алға 
жылжытып  отырған  ірі  кәсіпорындар,  алпауыт  компаниялар  емес,  жүздеген  мың  жеке 
кәсіпкер  екенін  аңғару  қиынға  түспейді.  Шағын  және  орта  бизнес  саласы  тұрғындарды 
жұмыспен қамтуда үлкен үлес қосып отырғанын, экономикалық өсім көрсеткіші де соларға 
тиесілі екенін Елбасымыз да талай мәрте айтқан болатын. Сондықтан бұл саланың дамуына 
қолдау көрсету, мемлекеттік деңгейде қолайлы жағдайлар жасау – үнемі басты назарда. 
Астанада  да  кәсіпкерлікті  қолдау  және  дамытуға  жоғары  деңгейде  көңіл  бөлінеді. 
«Даму»  кәсіпкерлікті  дамыту  қоры»  АҚ  Астана  қалалық  филиалында  кәсіпкерлікпен 


жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау