Атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 16 ақпан 2018 жыл



жүктеу 2,77 Mb.
Pdf просмотр
бет92/129
Дата09.02.2020
өлшемі2,77 Mb.
#28666
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   129

 
184 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018ж 
 
 
 
ыл 
 
 
білім тақырыбы, Абай  танымындағы ән мен күй, поэмалары берілген. 10-11-сыныпта Абай 
мұрасының  XX  ғасырдың  отызыншы-алпысыншы  жылдарындағы  зерттелу  жайы,  қазіргі 
абайтанудағы  өзекті  мәселелер,  өнер,  білім,  қоғамдық  құрылыс,  тарих,  ел,  махаббат, 
азаматтық 
көңіл-күй, 
сыншыл, 
сатиралық 
мазмұндағы 
шығармалары, 
ақын 
шығармаларындағы  исламдық  дүниетаным  және  Алланы  тану  туралы  философиялық 
ойлары,  қарасөздері,  өлеңдері  және  аудармалары,  поэмалары  топтастырылып  берілді. 
Абайдың  талантты  ақын  шәкірттерінің  шығармашылығына  да  көңіл  бөлінді.  Абай 
шығармашылығындағы  тұлға  болмысы,  толық  адам  танымдарының  идеялық-  көркемдік 
ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударылды. Жалпы орта білім 
беретін мектепте қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы Абайтануды оқытудың маңызды 
екені белгілі. Абай өлеңдері мен қарасөздерінің тәрбиелік мәні зор, идеялық деңгейі жоғары. 
Абай  көтерген  мәселелер  бүгінгі  күні  де  маңызды,  өзектілігін  еш  жойған  жоқ.  Абай  – 
адамзат  ақыл-ойы  мен  ақындығының  ірі тұлғасы.  Абай  ең  алдымен  кемеңгер  ойшыл  ақын, 
хакім.  Әдебиеттану  саласы  бойынша  көптеген  ғалымдар  Абайды  тануға  айтарлықтай 
үлестерін  қосты.  Қазақ  әдебиеттану  ғылымының  тәуелсіздік  кезеңінде  Абай  мұрасына 
белгілі  Абайтанушы  ғалымдар  сүбелі  еңбектер  арнады.  Абай  шығармаларын  оқыту 
әдістемесіне де арналған біршама еңбектерде жарық көрді. Қ. Бітібаеваның «Мектепте Абай 
шығармаларын оқыту», Ұ.Әбілдаұлының «Абайды оқу әліппесі», Н.Омашевтің «Абайтануды 
оқытудың  тиімділігі»,  З.Қазмағамбетованың  «Ақын  шығармаларын  оқыту»,М.Жүсіповтің 
«Орта  мектептегі  Абайтану  және  оның  негізгі  бағыттары»,  Т.  Рахметованың  «Бастауыш 
кластарда Абай шығармаларын оқыту» т.б. еңбектерін атап өтуге болады. 
 Жалпы  білім  беретін  мектептің  9-11-сыныптарында  Абайтану  курсын  оқытудағы 
мақсат не?–деген сұрақ туындауы мүмкін. Біріншіден, қазақ әдебиеті пәнінде Абайдан басқа 
да  тұлғалар,  әдебиеттің  кезеңдері  оқытылады.  Екіншіден,  оқу  бағдарламасындағы  оқуға 
берілген  сағат  саны  ақын  әлеміне  терең  бойлауға  мүмкіндік  бермейді.  Сондықтан  ұлттың 
идеологы,  хакім  Абайдың  мұрасын  оқып,  «толық  адам»  болуға  ұмтылу  үшін  «Абайтану» 
таңдау  курсын  оқытудың  маңызы  ерекше.  Бүгінгі  жеткіншек  ұрпақ  арасында  батысқа 
еліктеп,  халықтық  салт-дәстүріміз  бен  ата-бабамыздан  келе  жатқан  ұлттық  тәрбиеден 
алыстап  бара  жатқандардың  жиі  кездесіп  қалатыны  жасырын  емес.  Осындай  жағымсыз 
құбылыстан  құтылудың  рухани  жолы  ұрпақты  Абайдың  әдеби  мұрасы  арқылы  тәрбиелеу 
болып  табылатыны  сөзсіз.  Бұл  айтылғандарға  абайтанушы  ғалым  М.  Мырзахметұлының: 
«Қазақ халқының ой-санасының, дүниетанымының шыңы Абайдың әдеби мұрасында жатыр. 
Жастардың  адамгершілік  мінез-құлқын,  адами  қалпын  қалыптастыруда  Абайтану  ілімі 
іргетасқа айналып отыр. Осы себепті, ең алдымен, Абай мұрасын меңгеру, терең танып білу 
– бүгінгі күннің аса қажетті мәселесі», – деген ойлары дәлел [1]. Қолданыстағы негізгі орта 
және  жалпы  орта  білім  беру  деңгейлерінің  9-11-  сыныптары  үшін  «Абайтану»  курсының 
типтік оқу бағдарламасында Абай мұрасының XX ғасырдың  30-60 жылдарындағы зерттелу 
жайы  қарастырылған  және  ақынның  өмір  жолынан,  туып-өскен  ортасы  мен  әдеби  мектебі, 
тәлім-  тәрбиелік  мәні  зор  қарасөздері,  өлеңдері,  аудармалары  мен  поэмалары,  поэзияға 
қойған  биік  мақсаттары,  қазіргі  Абайтанудағы  өзекті  мәселелер  топтастырылып  берілген. 
Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік 
ұстаным  негізіндегі  байламдарын  байыпты  бағдарлауға  назар  аударыла  отырып,  Абайдың 
талантты ақын шәкірттерінің шығармашылығына көңіл бөлінген. Абайдың дүниетанымының 
қалыптасуында  шығыс  мәдениетінің  ықпалы  зор  болған.  Кеңес  заманында  бұл  тақырып 
жабық  болды.  Сондықтан  бағдарламаның  11-сыныбында  «Алла  мінсіз  әуелден,  пайғамбар 
хақ»  деген  тақырыпта  арнаулы  қамтылған  ақын  шығармаларындағы  исламдық  дүниетаным 
және  Алланы  тану  туралы  философиялық  ойлары,  Абайдың  діни  танымы,  «Толық  адам» 
философиясы,  Абай  іліміндегі  «Хауас»  мәселесіне  тоқталу,
 
"Алланың  өзі  де  рас",  "Өлсе 
өлер", "Лай суға май бітпес", "Адамның кейбір кездері", "Көк тұман", "Алла деген сөз жеңіл" 
т.б. өлеңдеріне жеке талдаулар жасап, дүниетанымымен қатар қарастыру тың да қызғылықты 
нәтижелер  бермек.  «...  Абайға  шығыстан  келген  бұйымдардың  басы-ислам  дінінде»,  «Абай 
діні  –  сыншыл  ақылдың  шартты  діні»  [2]  екендігін  М.Әуезов  тегін  ескертпесе  керек. 


 
 
185 
 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018 жыл 
 
Ақынның ғылым, дін туралы діни-дидактикалық, гуманистік ойларының  түйіні  –төмендегі 
шумақта тұжырымдалған: 
Махаббатпен жаратқан адамзатты, 
Сен де сүй, ол алланы жаннан тәтті, 
Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп, 
Және сүй, хақ жолы деп ғәдәләтті. [3] 
Бүкіл  адамзаттық  рухани  биіктікке  шыққан  ойшыл  ақын  ұлтындағы,  дініндегі, 
тіліндегі айырмашылықтарға қарамай «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» айтқан өсиетін 
әлем  халқын  бірлікке  шақырған  үндеуі  деп  қабылдау  керек.  Халықты  бір  шаңырақтың 
баласындай өмір сүруге шақырған Абай ұлағаты мәңгілікке берік тұғыр сүйенішіміз болары 
анық. 
Әлемдік жаһандану үдерісінің тасқынды арнасымен   ақпараттық–коммуникациялық,  
мобильдік,  электрондық,  сандық  технологиялардың  қарқынды  дамуы  ЖОО-ның, 
колледждердің,  мектептердің  білім  беру  бағдарламасына    жаңашыл  технологияларды, 
интербелсенді әдістерді батыл енгізуді талап етуде. Аса шапшаң қарқынмен дамыған жоғары 
технологиялық  медиа  құралдармен  «бес  қаруы  сай»  қаруланған  жастар  қажеттіліктерін 
қанағаттандыру үшін білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін түбегейлі өзгерту-
уақыт сұранысы.  
Бүгінгі  таңда адамға қажет білімнің көлемі  күрт өсуіне байланысты білімді  тек қана 
мәліметтер  жиынтығы  деп  түсіну  мүмкін  емес.  Сондықтан,    абайтану  ілімінің  басты 
салаларын  айқындай  отырып,  бірлікте  оқыту  қажеттілігі  айқын.    Абайтану  ілімінің 
қалыптасуы  мен  даму  кезеңдерін:  ақын  өлеңдері  мен  қарасөздерінің  жарияланымдары  мен 
басылымдарын,  алғашқы  зерттеулер  бағытын;  абайтану  ілімінің  Абайтану  ғылымының 
негізін  қалаудағы  М.О.Әуезовтің  сіңірген  еңбегін;  абайтану  іліміне,  ақының  ата  тегіне, 
ақындық  мектебіне,  ақын  шәкірттеріне  жасалған  саяси  шабуылдарды;  М.О.Әуезовтің 
ғылыми  концепцияларын  жоққа  шығаруға  бағытталған  сыңаржақ  сындарды;    бүгінгі 
абайтанушы  ғалымдар  ізденістерін  бірлікте  қарастыру.  Ақындық  мектебі,  ақын  шәкірттері 
туралы  деректер  мен  жаңаша  көзқарастарды  сабақтастыра  оқыту.  Әдеби  мұрасын: 
поэзиясының қоғамдық өмірдің ең күрделі,  ең көкейтесті, ең маңызды мәселелерін қозғаған, 
қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихында өзінше бөлек, өресі аса биік , өрісі кең, мүлде жаңа 
пікір  толғаған  поэзия  екендігін;  поэтикалық  өрнегін,  эстетикалық  нәрін,  философиялық-
танымдық  тереңдігін;  адамдық  қасиет  қағидаларын,  ғылым,  өнер,еңбек  қажеттіліктерін 
насихаттаған,  табиғат,  болмыс  дін  танымдарын  уағыздаған  ағартушылық-дидактикалық 
мұрасының  тақырыптық-идеялық  арналарын;  мазмұн  мен  түр  бірлігі,  көркемдік, 
композициялық,  жанрлық  ізденістері  мен  стилдік  даралығын,  текстологиялық  мәселелерін; 
ақын  мұрасының  поэтикалық-танымдық  қырларын,  философиялық-тағылымдық  мәнін  
айқындауға, талдап айтуға  тірек боларлық біртұтас концепциялық көзқарас қалыптастыруда 
әр  шығармаға  тереңдеп  үңіліп,  өзіндік  сипатын  ұғып  түсіне  білу  қажеттілігін  пайымдау 
қажет.  Абайтанушы  ғалым  М.  Мырзахметұлы  «Абайды  баяғы  ескі  кеңестік  стеротиптік 
сарынмен оқытуға болмайды. Оған бұдан былайғы жерде жол берілмеу керек. Біз осы күнге 
дейінгі  пайдаланып  келген  оқулықтарда  Абайды  атеист,  материалист  етіп  көрсеткенбіз. 
Кеңестік  саясатқа  байланысты  барлық  буын  Абайды  осылай  таныды.  Бүгінгі  уақыт  басқа, 
дүниетаным  өзге,  олар  тәуелсіз  санаға  қарай  бейімделу  үстінде.  Біз  мақаламызда  көтерілген  
мәселені  абайтанушы  ғалым  М.  Мырзахметұлының  «Абайды  жаңаша  қырынан  танып, 
тәуелсіздік  рухы  тұрғысынан  бағалайтын  сәт  туды  деп  ойлаймын»  [4]  –  деген  пікірімен 
түйіндейміз.. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.  Мырзахметов М. Абай және шығыс. А., 1994-208.б.            
2.  Әуезов М. Абайтану дәрістері. А., 1995ж.     
3.  А.Құнанбаев ІІ ТШЖ. Алматы,  1986,1995., 2002 ж  
4.  Мырзахметов М. Абайдың адамгершілік мұраттары.- Алматы.  


жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау