Атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 16 ақпан 2018 жыл



жүктеу 2,77 Mb.
Pdf просмотр
бет86/129
Дата09.02.2020
өлшемі2,77 Mb.
#28666
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   129

 
172 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018ж 
 
 
 
ыл 
 
 
Мақсаты:  Оқушының  ойлау  қабілетін  арттыру,  сыни  тұрғыдан  талдауға  бейімдеу, 
іскерлік дағдысын қалыптастыру.  
Оқушыларды  шығармашылыққа  баулу,оқуға  қызығушылығын  арттыру,шешім 
қабылдай білуге бейімдеу  
Сын тұрғысынан ойлау- оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыра отырып, өз 
ойыңды еркін және зерттей отырып, тұжырым жасайды. 
Сын  тұрғысынан  ойлау-  оқушы  өз  бетімен  және  бірлесіп  шығармашылық  жұмыс 
жасау,  ой  қозғай  отырып,  өз  ойымен  өзгелердің  ойына  сыни  қарап,  естіген  білген  білімін 
талдау арқылы оқушылардың ойлау қабілеті арттады. 
Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  бағдарламасы  әлемнің  түкпір-түкпірінен  жиылған 
білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Ситл, Куртис 
С.  Мередит,  Чарльз  Темпл.  Жобаның  негізгі  Ж.  Пиаже,  Л.С.  Выготский  теорияларын 
басшылыққа алады [24]. 
«Сыни  тұрғысынан  ойлау»  ұғымын  белгілі  бір  идеяларды  қабылдай  отырып,  оның 
неге  қатысты  екенін  зерттеу,  оларды  жеңіл  септикалық  ойларға  қарсы  қоя  білу,  салыстыра 
алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау 
деп түсіндіреді авторлар. 
Сын  тұрғысынан  ойлау  деңгейіндегі  ойлау  тек  ересек  адамдарға,  жоғары  сынып 
оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты 
дұрыс  ұйымдастырған  жағдайда  өз  даму  деңгейіне  сәйкес  ойы  шыңдалып,  белгілі  бір 
жетістіктерге жетері сөзсіз. 
Сын  тұрғысынан  ойлау  жобасының  әдіс-тәсілдері  оқушыларды  тынымсыз 
ізденімпаздыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол 
ашады.  Оқушының  ізденісі  жеміссіз  болмақ  емес.  Дәстүрлі  білім  беру  кезіндегі  оқушыны 
сын тұрғысынан ойлайтын оқушымен салыстырғанда нәтижесі жақсы болды. 
Сын  тұрғысынан  ойлау  –  оқу  мен  жазуды  дамыту  бағдарламасы.  Оқушыны 
мұғаліммен,  сыныптастарымен  еркін  сөйлесуге,  пікір  таластыруға,  бір-бірінің  ойын 
тыңдауға,  құрметтеуге,  өзекті  мәселені  шешу  жолдарын  іздей  отырып,  қиындықты  жеңуге 
баулитын бағдарлама. 
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт: 
1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек; 
2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру; 
3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау; 
4) үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау; 
5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айна-лдырмау; 
6)  оқушылардың  бір-бірінің  жауабына  жасаған  сынының  дәлелді,  дәйекті  болуын 
талап ету; 
7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау. 
Ал оқушылардан осыған байланысты: 
– сенімділікпен жұмыс жасау; 
– бар ынтасымен оқуға берілу; 
– пікірлерді тыңдау, құрметтеу; 
– өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет. 
Тек сонда ғана олар: 
– мен осы мәселе туралы не ойлаймын? 
– осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе? 
– осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба? 
–  маған  бұл  жаңа  ойлар,  идеялар  қаншалықты  әсер  етті?  деген  сауалдар  төңірегінде 
ойлауға үйренеді. 
 Сын тұрғысынан ойлау технологиясынан алатын пайдамыз: 
1. Оқушы ақпараттарды сынай талдап, бағалай, топтай отырып қабылдайды; 
2. Оларға қорытынды жасатып, ойлау қабілетін активтендіреді; 


 
 
173 
 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018 жыл 
 
3.  Топпен,  жұппен  жұмыс  жасай  алу  кезінде  оқушыға  тиімді  ойлануға  мүмкіншілік 
береді; 
4. Оқу процесінде оқушының белсенділігін арттыруда септілін тигізеді; 
5. Оқушының шығармашылық дағыларын дамытып жетілдіреді; 
6. Оқушының жалпы пәнге, сабақтарға, оқу процесіне қызығушылығы артады; 
7.  Түрлі  жанрлы  мәтіндерді  құрастыруға  және  жазуға  оқушының  дағдылары 
қалыптасады; 
8.  Мол  ақпараттармен  жұмыс  жасауды  үйреніп,  комуникатикативтік  дағдылар 
қалыптасады; 
9.  Оқушының  өз  бетінше  аналитикалық  іс  әрекетке  деген  және  ақпараттық 
сауаттылыққа деген қабілеттілігін дамытады; 
10. Оқушы мағыналық пен жаңалық дәрежесіне қарай ақпараттарды електеп, негізгіні 
таңдап, қажетсізін бөлектеп тастайды; 
11. Қандайда болсын идеялар, фактілер, ұсыныстар қабылданып, оқушы өзінің пікірін 
«күлкі боламын» демей айта алады; 
12.  Оқушылар  өз  –  өздерін  тексеріп,  бағайды,  жолдастарының  пікірлерін  құрметпен 
тыңдай білуге үйренеді; 
13. Ауызекі сөйлеу стильмен өз идеяларын айтып, әдеби тілдегі сөздерді игереді; 
14. Мұғалім өзінің ыңғайына қарай әдістерді нұсқаландырып отырады; 
15. Басқа технологиялармен үйлестілуге өте ыңғайлы: интернет – технологияларымен, 
бинарлы сабақтармен, дифференциалды сабақтармен, интеграцияланған сабақтармен; 
16.  Оқушылар  өз  идеялары,  ұсыныстары,  тәжіриберері  негізінде  өз  пікірлерін 
өндіреді; 
17.  Мұғалім  мен  оқушы  мұндай  сабақтардан  қанағаттанушылық  алады,  түсінушілік 
пен қызметтестік орнайды; 
18. Сабақта психологиялық жылы орта орын алады; 
19. 
Технологияның қолдану аясы кең: тәрбие сағаттары, ата – аналар жиналысы, 
педкеңестер, семинарлар, сабақтан тыс іс – шаралар; 
20. Сабақта оқушы мен мұғалім әріптес немес серіктес болып, ұраншы болудан қалып, 
араларындағы кедергілер жойылады. 
Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясының  аталған  әдістерін  пайдалана  отырып,  біз 
күрделі мәселелерді шешуге жол ашамыз: оқытушы қызықты етеміз, әлеуметтік табыстарға 
қол жеткіземіз, кез келген мәселені шешуде сынай ойланатын тұлғаны тәрбиелейміз.  
Ойлауды  үйрене  бастаған  балалардың  тілі  де  дами  бастады.  Белгілі  тақырыптағы 
ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ой-толғау, суреттей алу, еске түсіру, болжау оқушыны 
да,  жаңа  бір  әлемнің  жаңалығын  ашқандай  қалыпқа  жеткізеді.  Әрі  қарай  ойын  айтуға 
ынталандырады. Бұрынғы қолданылған оқыту әдістерінде мұғалім басты орын алып оқушы 
тек  тыңдаушы  ғана  болса,  қазіргі  сын  тұрғысынан  шыңдалған  ойлаудың  арқасында  оқушы 
білім  негіздерімен  толығып,  болашақты  ойлауға  құлшыныс  алады.  Сондықтан  сын 
тұрғысынан ойлау - өте күрделі маңызды құбылыс. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.  Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. – Алматы, 2000. – 5-44 бет. 
2.  Аймағамбетова  К.А.  Бастауыш  сыныптарда  ана  тілін  оқытудың  теориялық 
негіздері. – Алматы: Балауса, 2003. – 111-118 бет. 
3.  Қабдықайырұлы  Қ.  Оқытудың  педагогикалық  жаңа  технологиясы:  Оқу  құралы.  – 
Алматы: РБК, 1999. – 30-39 бет. 
4.  Мұқанов М.М. Бақылау және ойлау. Алматы, 1959 – 120 б. 
 
 
 
 


жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау