166
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018ж
ыл
Неміс педагог-дефектологы П. Шуман: Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен
болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек деген екен. Яғни, инклюзивті
білім беруде мұғалімдерге үлкен талап қойылады. Ерекше қажеттілігі бар балаларды, қалыпты
балалар қатарына қосу ұстаздар қауымының түзете-дамыту жұмысының нәтижелігі деп білеміз
[2].
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 19
желтоқсандағы «Инклюзивті білім беруді одан әрі дамыту жөніндегі шаралар кешенін бекіту
туралы» № 534 бұйрығымен бекітілген 2015-2020 жылдарға арналған Қазақстан
Республикасында инклюзивті білім беру жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі іс-шаралар
кешенінің жүзеге асыру барысында, облыста инклюзивті білім беру жүйесін еңгізу бағытында
ауқымды шаралар атқарылуда [3]. Бүгінгі күнде, ПМПК статистикалық көрсеткіші бойынша,
жылдан-жылға ерекше қажеттілігі бар балалардың саны артып келеді. Инклюзивті білім беру
бойынша, дамуы қалыпты санаттағы балалармен бірге білім алуды және тең қолжетімділікті
көздейтін ерекше қажеттіліктерге ие балалар Алматы облыс бойынша, ПМПК-ның
статистикалық есебі бойынша туылғаннан 18 жасқа дейінгі 10 527 ерекше қажеттіліктерге ие
балалар анықталып отыр. Бүгінгі күнде, мектепке дейінгі жастағы балаларға, мектепке дейінгі
мекемелерден арнайы топтар ашылып, атап айтсақ, Талдықорған қаласындағы №11
«Құлыншақ» құрама үлгідегі ясли-балабақшасында нашар көретін балаларға арналған 60
орынды құрайтын 4 топ, № 2 балабақша құрама үлгідегі ясли-балабақшасында тілінде кемістігі
бар балаларға арналған 50 орынды құрайтын 4 топ, Панфилов ауданының «Таңшолпан»
мемлекеттік, «Марат» жекеменшік және Талғар ауданында «Еркем-ай» жекеменшік
балабақшасында 6 топта 58 бала қамтылған. Қарасай ауданындағы «Инклюзивный детский сад
Mega Vector» балабақшасында психикалық дамуы тежелген балаларға арналған 1 топта 6 бала
тәрбиеленуде. Биылғы оқу жылында, облыстың жалпы білім беретін мектептерде 198
дефектолог, 146 логопед мамандары мен қамтылып, түзету жұмыстарын жүргізуде. Инклюзивті
білім беру барысында оқыту, тәрбиелеу және оңалту жұмыстары қатар жүретіндіктен басты
мәселе- тиісті кадрлармен қамту және сол мамандардың өз білімі мен тәжірибелерін ортаға
салып, инклюзивті білім беруді жүзеге асыруына мүмкіндік жасау болып отыр.Ол үшін әрбір
мектеп инклюзивті білім беру мәселесімен жіті араласу керек. Инклюзивті білім беру беруде
көбіне жалпы білім беретін мекемелерде психикалық дамуы тежелген балалар кездеседі.
Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте
сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты
психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың
оқуға үлгермеушiлiгi жетi-сегiз жастан анық байқалады. Ата-аналары көмекші не арнайы
мектептер мен мектеп-интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен
коррекциялық-түзету сыныптарына кемтар балаларын бергісі келмеген жағдайда жалпы білім
алатын мектептерде ПМПК-ның ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарламамен оқытуына
толық құқылары бар. Жалпы білім беретін мектептер мен бала бақшалар ПМПК-ның
қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни, баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген
бағдарламамен ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті оқытуға дайын
болғандары жөн [4]. Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы психологы, әлеуметтік
мұғалімі, олигофрено мұғалімі, логопед мамандары жұмыс жасайды. Егер бала көмекші
бағдарламаны толық игерген болса, оған арнайы куәлік беріледі, ал игермесе, анықтама ғана
алады. Егер ата-анасы баласын арнайы мектеп- интернатқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы
мектепте мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіндігіне қарай, жеңілдетілген бағдарлама бойынша,
инклюзивті оқытуға міндетті.
Тәжірибе көрсеткеніндей, қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып
қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра
алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір
сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі
оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді;
оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді;
167
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018 жыл
адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Ерекше
қажеттілігі бар балаларға білім беруді ұйымдастыру мақсатында, типтік арнайы білім
бағдарламасы жасалды. Онда балалардың мұқтаждықтары ескеріліп, білім алуларын қамтамасыз
ететін жалпы білім үрдістері қарастырылған. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі
қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады.
Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда
ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді.
Қазіргі таңда, инклюзивті оқыту бойынша кедергісіз аймақ құрылғанымен, көптеген
шешімін таппай тұрған мәселелер де бар. Атап айтсақ, қоршаған ортаның инклюзивті білім
беруге қарсы көз-қарасы, ана-аналардың қалыпты балалар мен ерекше қажеттілігі бар
балалармен бірігіп оқуына қарсылығы, ерекше қажеттілігі бар балалардың бағдарламасының
басқа болуына байланысты мұғалім ол балаға көңіл аударғанда басқа балалардың көңіл аударуы,
инклюзивті білім беруге ұстаздардың педагогикалық тұрғыда дайын еместігі орын алып отыр.
Ең алдымен инклюзивті білім беру қарқынды дамуы үшін, инклюзивті білім беру жағдайында
жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал.
Атап айтқанда: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; ерекше қажеттілігі бар
балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары;
ерекше қажеттілігі бар балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып,
әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы бір жүйелілікке келтіру жөн.
Ойымды қорsтындылай келе: қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелерінің өмірін
лайықты қамтамасыз ету үшін ең бірінші біздің мейіріміміз, қамқорымыз, көмегіміз қажет.
Сондықтан бізге өте жауапты миссия жүктеліп отыр – ерекше қажеттілігі бар балалардың
тұлғалық дамуын қамтамасыз ету. Білім адамның табысқа жетуінің әлеуметтік сатысы. Ендеше
түзете білім беру - даму мүмкіндігі шектеулі балалардың еркіндікті сезініп таза ауамен тыныс
алуына мүмкіндік беретін саты.
Бұл мәселелер тағдыр тәлкегіне түскен мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету
заңының іске асуына ықпалын тигізеді деп ойлаймын.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Қ.
Жұмасова Психология Астана -2006ж
2. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы
қолдау туралы. ҚР 2002ж №343 заңы
3. Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020ж жылдарына
арналған мемлекеттік бағдарламасы.Астана, 2010ж
4. Республикалық педагогикалық –әдістемелік журнал. Әлеуметтік педагог №4, 2010 ж.
ӘОЖ 612.825.8
ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖҮРЕК-ҚАНТАМЫРЛАР
ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БЕЙІМДІЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІ
Оразбаев М.М.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.
Мақала жоғары сынып оқушыларының жүрек-қантамырлар қызметіндегі бейімділік
көрсеткіштерін зерттеудің нәтижесі туралы.
Кілттік сөздер: жаттығулар, организм, гомеостаз, пульс, артериялық қысым,
максимал, минимал қысым, қалпына келу, демалыс динамикасы, С.П.Летунов сынамасы.
Статья посвящена результатам исследования адаптационных изменений сердечно-
сосудистой системы старшеклассников.
Достарыңызбен бөлісу: |