254
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018ж
ыл
университеттермен өзара әріптестік қызмет, ынтымақтастық байланыстарды нығайту, оқу
үдерісіне халықаралық инновациялық технологияларды кеңінен енгізу, білім сапасын көтеру
мақсатында жүзеге асырылуда.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті магистратура мен
докторантура бойынша мамандарды даярлау үшін 2007-2008 оқу жылынан Ғылыми,
халықаралық байланыстар және инновациялық даму орталығы болып құрылып, 2017-2018
оқу жылынан университет құрылымының өзгеруіне байланысты Жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру офисі болып ауыстырылды.
Бүгінгі күнде университетте магистранттар мен докторанттардың жан-жақты, жоғары
сапалы білім алуына барынша мүмкіндіктер жасалған.
Жоғары санатты мамандар даярлау бойынша, жоспарлы және жан-жақты жұмыс
жүргізілуде. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде PhD докторантура
және магистратурада мамандар даярлау екі бағыт бойынша жүзеге асырылады:
- ғылыми және педагогикалық (2 жылдық)
- бейіндік (1; 1,5 жылдық)
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті аймақтағы магистратура
мен PhD докторантура білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын бірден-бір университет
болғандықтан, 2020 жылға дейінгі университеттің стратегиялық даму жоспарына сәйкес, әр
оқу жылында жаңа мамандықтар ашылуда, 2007-2008 оқу жылында магистратурада 3
мамандық ашылған болса, қазіргі күнде магистратура бойынша 21 мамандыққа, ал 2010-
2011 оқу жылынан PhD докторантураның 6 мамандығы бойынша білім беруді жүзеге асыру
үшін ҚР БҒМ мемлекеттік лицензиясы беріліп, өз қызметін атқаруда.
2017-2018 оқу жылында магистратура мен PhD докторантурада 17 ғылым
докторлары, 105 ғылым кандидаттары, 8 философия докторлары (PhD), 84 магистрлер оқу
үдерісін қамтамасыз етуде.
Білімгерлердің, магистранттардың, докторанттардың академиялық ұтқырлығын
жетілдіру, соның ішінде шетелдік беделді жоғары оқу орындарынан профессорлар шақырту,
тәжірибе алмасу қағидалары бойынша Шыңжан экономика және қаржы университетімен,
YEDITEPE университетімен (Түркия), Санкт-Петербург психология және қоғамдық жұмыс
мемлекеттік университетімен К.Д. Ушинский атындағы Ярославль мемлекеттік
педагогикалық университетімен (Ресей Федерациясы), Қырғыз Республикасы Президенті
жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Швецияның Блекинг технологиялық
институтындағы ALGA халықаралық зерттеу орталығымен жасалынған келісім-шарт
негізінде
жетекші
мамандарды
шақыру,
оқытушылардың,
докторанттардың,
магистранттардың және білімгерлердің ғылыми тағылымдамадан өтулерін және тәжірибе
алмасу іс сапарларын ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жандандыру бағытында тиімді
жұмыстар атқарылуда. Кассел қаласындағы жоғары білім беру саласындағы ғылыми
зерттеулердің халықаралық орталығымен және Фрайбург қаласындағы педагогикалық
университетімен, Дуйсбург-Эссен қаласындағы Меркатора менеджмент университетімен
ынтымақтастық жалғасуда.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті «Болон үдерісіндегі
академиялық ұтқырлық бағдарламасы» аясында магистранттар өз білімдерін ары қарай
жетілдіріп, тәжірибе алмасу мақсатында 2012-2017 жылдар аралығында 25 магистрант
Польша, Венгрия, Чехия, Италия мемлекеттерінің ЖОО-да білім алып келді.
Бұдан басқа тәжірибе алмасу, оқу үдерісін жүргізуді қамтамасыз ету үшін, алыс-
жақын шет мемлекеттердің ЖОО-нан кәсіби біліктілігі жоғары профессорлар шақырылып,
дәрістер жүргізілуде.
2009 жылдан бастап магистратура білім беру бағдарламасы бойынша 1061 түлек
магистр дәрежесін алды. 2017-2018 оқу жылында 267 магистрант оқуларын аяқтайды, оның
ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 48 магистрант, ақылы негізде 219
магистрант.
255
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018 жыл
Сондай-ақ, 2015 жылдан бастап, PhD докторантураның Құқықтану, Қазақ тілі және
әдебиеті, Педагогика және психология мамандықтары бойынша 10 докторант бітіріп, оның
ішінде 6 докторант философия докторы (PhD) дәрежесін алды. Қазігі таңда Құқықтану, Қазақ
тілі және әдебиеті, Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандықтарының 3
докторанты оқуларын аяқтау жоспарлануда.
Жаңа оқу үдерісіне сай, университетке қажетті мамандар даярлау үшін 2010-2011 оқу
жылынан бастап, мақсатты даярлық негізінде Қазақстан Республикасының Жоғары оқу
орындарына докторантураға 26 докторант оқуға түсіп, оның ішінде 12 докторант оқуларын
аяқтап, 4 философия докторы (PhD) дәрежесін алды. Бүгінгі күні 14 докторант оқуларын
жалғастыруда. Сондай-ақ 2012-2013 оқу жылынан бастап, магистратурада 34 магистрант
оқуға түсіп, 24 магистрант оқуларын аяқтап, магистр академиялық дәрежесін алып, 9
магистрант оқуларын жалғастыруда.
Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарынанан біздің университетке 2012-
2013 оқу жылынан бастап, мақсатты даярлық негізінде докторантураға 4 докторант оқуға
түсіп, оның ішінде 2 докторант оқуларын аяқтап, 2 докторант білім алуда. Сондай-ақ 2012-
2013 оқу жылынан бастап, магистратурада 23 магистрант оқуларын аяқтап, магистр
академиялық дәрежесін алды.
2017-2018 оқу жылында ғылыми және педагогикалық, бейіндік бағыттар бойынша
білім алып жатқан магистранттар саны 366, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы
негізінде 125, ақылы негізде 241, ал докторанттар саны 35, оның ішінде мемлекеттік білім
беру тапсырысы негізінде 20, ақылы негізде 15 докторант білім алуда.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің магистранттары Ресей
Федерациясы, ҚХР, Малайзия, Греция, Беларус, Түркия, Қырғызстан мемлекеттеріндегі
ЖОО-да шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтіп келді. Сондай-ақ, 2010 жылы PhD
докторантура білім беру бағдарламасы аясында, бүгінгі күнге дейін І. Жансүгіров атындағы
Жетісу мемлекеттік университетінің докторанттары докторлық диссертация жұмыстарын
зерттеу барысында Польша, АҚШ, Түркия, Ресей Федерациясы, Ұлыбритания, Эстония,
Испания, Болгария, Оңтүстік корея мемлекеттеріндегі ЖОО-ның ғылыми орталықтарында
шетелдік ғылыми кеңесшілерімен докторлық диссертация бойынша ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жүргізіп, шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті. Сонымен қатар, 2015 жылдан
бастап Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, Қазақ тілі және әдебиеті, Құқықтану
мамандықтарының докторанттары, Erasmus+КА 1 бағдарламасы аясында сыртқы
академиялық ұтқырлық бойынша, Болгария, Испания мемлекеттерінде білім алып келді.
2017-2018 оқу жылы 2 курс оқитын 4 магистрант 3 семестрде академиялық ұтқырлық
бағдарламасы бойынша Чехия мемлекетінде, ал Польша мемлекетінде 3 магистрант білім
алуда.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру офисі әр жыл сайын бірнеше алыс-жақын
шетелдің жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу орталықтарымен келісім-шарт жасасып,
жылына 150-ге жуық магистранттар мен докторанттар шетелге ғылыми тағылымдамадан
өтуге жіберіледі.
Оқу үдерісінде әдістемелік оқыту технологиялары кеңінен қолданылады. Оқытудың
тірек схемалары; өзін-өзі басқару, өзіне-өзі қызмет ету, ғалым-дидакт, жобалау
технологиялары, ақпараттық коммуникациялық, мультимедиялық технология және GLIL
әдісі т.б. қолданылады.
Оқу үдерісі барысында заман талабына сай, магистратура білім беру бағдарламасында
ағылшын тілінде жүргізілген пәндер: Management, English for researches, Structurally-
substantial design research in education, The use of modern IT technology to work with
professionally-oriented text, International Financial Reporting and Auditing Standards.
Бүгінгі күні, магистратура және докторантурада оқып жатқан магистранттар мен
докторанттар арасында шет тілінен IELTS сертификаттары барлар: 1 курста - 5 магистрант, 2
курста - 2 магистрант. TOEFL сертификаттары барлар: 1 курста - 1 докторант.
2016-2017 оқу жылы көптілдік оқыту магистратура білім беру бағдарламасының
Достарыңызбен бөлісу: |