244
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018ж
ыл
Білім беру жүйесін дамыту, мазмұнын жаңарту - оқушыларға тек белгілі бір білім,
іскерлік, дағдылар жиынтығын меңгерту емес, оқушы тұлғасын дамыту, өмірдегі кездесетін
көкейкесті мәселелерді өздігінен тиімді шешуге, жеке тұлға ретінде қалыптасу барысында
өзін-өзі анықтауына, әлеуметтенуіне, қоғамда және түрлі ортада өзіндік орнын табуға
мүмкіндік беретін білім, тәжірибе және түрлі қабілеттерді меңгертуге бағытталған.
Қазіргі білім беру жүйесінің басым бағыттары нәтижеге бағытталған, білім беру
қызметінде базалық, әлеуметтік және білімдік құзіреттілігін қалыптастыру жағдайы мен
дамыту бағыттарының жаңа логикасын анықтау. Бұл өз кезегінде білім беру саласының
белгілі бағыттары – ізгіліктік көзқарас, тұлғалық, тұлғалық-бағдарлы, іс-әрекеттік,
құзыреттілік тұрғыдан білім беру. Яғни, оқушының жеке тұлғалық мүмкіндіктерін жүзеге
асыру үшін барлық жағдайды жасау. Мектепте әрбір бала қайталанбайтын, ешкімге
ұқсамайтын даралық ретінде қалыптасуы тиіс. Сондықтан бастауыш білім беру кезеңінің
міндеттері – баланың даралығын ашу, оның айқындалуына, дамуына көмек беру болып
табылады. Бүгінгі көзқараста - білім мазмұны тұлғаның жеке өмірінің, өзіндік білім мен
тәрбиесінің субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталып, құзыреттілік, дамытушылық, іс-
әрекеттік, тұлғалық бағдарлы тұрғыдан қарастырылуы өзекті мәселе болып танылады.
Аталған идеяларды жүзеге асыру білім берудің жаңа мазмұнын құзыреттілік тұрғыдан
жобалау арқылы мүмкін болатындығын дәлелдеп отыр.
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттарында: бастауыш білім берудің оқу бағдарламалары баланы жеке тұлға ретінде
қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң мотивациясы мен іскерлігін:
негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың,
есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық
мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған. Сондай-ақ, бастауыш білім беру
баланың жеке тұлға ретінде адамгершілік қасиеттерінің, оның қоршаған ортаға
эмоционалдық-құндылық қатынасының, оқу үдерісіне оң мотивациясының қалыптасуын
және таным әрекетіндегі жеке қабілеттері мен шеберліктерінің дамуын қамтамасыз етеді.
Бастауыш білім мазмұнын жеті білім саласы құрайды: "Тіл және әдебиет", "Математика",
"Жаратылыстану", "Адам және қоғам", "Өнер", "Технология", "Дене шынықтыру" - деп
негізделген [1].
Осы тұрғыдан келгенде педагогика ғылымы жаңа парадигмаға сәйкес білім беруді
жаңарту барлық білім беру деңгейлерінде бірыңғай әдіснамалық тұғырдың болуын талап
етеді. Білім беруді реформалау үрдісі білім мазмұнын зияткерлік, моральдық және рухани
жетілуді жеке тұлғалық ізденуді жүзеге асырушы адам типін жобалайтын жаңа нобай болып
табылатын ықпалдасуға негізделеді.
Бастауыш білім беру алты-он жас арасындағы жас ұрпақтың қамтылуымен жүзеге
асатыны белгіленді. Бастауыш білім беру сатысына қабылдау мезгілінің өзгертілуінің
негізінде жатқан теориялық мәселелерге терең үңілсек біріншіден, бастауыш білім беру
ауқымының ықпалы мектепке дейінгі тәрбиеге қарай ығысты. Осыған байланысты бастауыш
білім берудің әдіснамалық, ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздері күрделі өзгеріске
ұшырауына әкеп соғады. Себебі, алты жастағы және жеті жастағы балалардың анатомиялық
және физиологиялық даму ерекшеліктерінде үлкен айырмашылық бар екені анық. Екіншіден,
мектепке дейінгі тәрбие бағдарламасы мен бастауыш білім беру бағдарламаларының
ықпалдасу деңгейлері жоғарылай түседі. Үшіншіден, бала дамуындағы санитарлық-
гигиеналық ережелердің орындалуындағы талаптарға өзгерістер енеді, өмір сүру ырғағы
бағытқа бейімделеді. Төртіншіден, бастауыш білім берудің оқу бағдарламалары бұрынғы
бастауыш мектеп бағдарламаларына қарағанда нақты өзгерістер енгізуді талап етеді.
Бастауыш білім берудің оқу бағдарламаларының жүктемелері жеңілдетілу бағытында
жүреді. Бесіншіден, оқу бағдарламаларының мақсаты өзгертілуі тиіс. Даму бағдарламасында
белгіленгендей, бастауышта білім берудің мақсаты оқу, жазу, есептеудің нақты дағдыларын
қалыптастыру мен дүниетанымдық болып отыр. Алтыншыдан, бастауыш білім беру
мазмұнына: қарапайым тілдік қарым-қатынас - үш тілділікке бейімдеу және информатикалық
245
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018 жыл
сауаттану мәселесі еніп отыр. Осының нәтижесінде оқушы шығармашылықпен өзін-өзі
көрсетуі, мінез-құлық мәдениеті рухани-адамгершілікті тұлға ретінде қалыптасуы көзделіп
отыр. Жетіншіден, жоғарыда баяндалып, ғылыми негіздемелер жасалаған ой
тұжырымдардың барлығының өзегі ұлттық болмыстың аясында жүзеге асырылуы керек.
Сондықтан оқу бағдарламалары және педагогикалық үдерістегі қарым-қатынастар ұлттық
тәрбие жүйесіне бағындырылып, оны өзек етіп алуы тиіс.
Бастауыш сынып оқушысының жеке тұлғалык қасиеттерінің қалыптасуы мен
қабілеттерінің жас ерекшеліктеріне сәйкес жүйелілікпен және қарқынды дамуына ықпал ету,
мұғалінің кәсіби іс-әрекетінің дұрыс ұйымдастырылуы мен талаптық деңгейінің
сапалылығына
тәуелді
болмақ.
Бастауыш
сыныптарында
оқу-тәрбие
үдерісін
ұйымдастырудың мазмұны - оқушылардың оқу-танымдық іс-әректіндегі қол жетерлігі мен
шығармашылықпен ойлау алу мүкіндіктеріне ие болуы, мұғалімнің ұтымды педагогикалық
әрекет жасауы мен олардың арасында ынтымақтастық қарым-қатынастар орын алғанда ғана
оң нәтиже береді.
Бастауыштағы окыту мен оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың төмендегідей жалпы
дидактикалық ұстанымдарына ие болады:
оқушы тұлғасының жас және психофизиологиялық даму ерекшелігінің ескерілуі;
күтілген нәтижеге жетуге бағдарлығы;
ашықтығы, достық қарым-қатынас (ынтымақтастық педагогика);
белсенді іс-әрекете болуы.
1-сыныпта педагогикалық үдерістегі оқыту мен тәрбиелеу - тікелей мұғалімнің
басшылығымен;
2-сыныптың педагогикалық үдерісінде оқыту мен тәрбиелеу және оқу іс-әрекетіне
баулу, тапсырмаларды жеке орындау біліктілігін игеру (оқушының өздігінен білім алу)
мұғалімнің жетектеуімен;
3-сыныптың педагогикалық үдеріснде оқыту мен тәрбиелеу және оқу іс-әрекетіне
баулу, тапсырмаларды жеке орындай алу біліктілігін толық деңгейде меңгеруі (оқушының
өздігінен білім алу) – мұғалімнің қадағалауымен;
4- сыныптың педагогикалық үдеріснде оқыту мен тәрбиелеу және оқу іс-әрекетіне
баулу, тапсырмаларды жеке орындай алу біліктілігін жоғары деңгейде меңгеруі (оқушының
өздігінен білім алу) – мұғалімнің бағыттаушылық нұсқаумен. Міне, осы бағыттағы мұғалінің
қызметтік іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы бастауыштағы педагогикалық үдерісті жүзеге
асыруы – бұл қазіргі заман талаптарын орын алу барысы деп түсіне аламыз. Өйткені, қазіргі
жаңартылған білім мазмұнының бағытыда оқушының өздігінен білім алуғы ұмтылысын
қалыптастырып, дамытуға негізделген. Бұны білім беру жүйесінің бастауыш сыныптарында
педагогикалық үдерісті жүргізудегі оқытудан - оқу іс-әрекетіне көшу деңгейлерін
ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік қағидасы ретінде қабылдауымыз қажет және мұғалім
өзінің педагогикалық қызметін осы қағида аясында жүргізуге бағыт-бағдарын алуы тиіс.
Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетін анықтаудың негіздері оның мақсат қоюшылығы мен
мақсатқа қол жеткізудегі жүйелі жұмысының бағыттылығы болап табылады. Мұғалім
мақсатты орындауда бірнеше әрекеттерді біртұтастыққа топтастырып оны педагогикалық
үдерістің заңдылықтарына бағындырып және бағыттаушылығындағы жүйелілікті естен
шығармауы керек. Бұндай ғылыми негіздемені педагогика ғылымының әдіснамалық
тұрғысынан қарасақ – мұғалім педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастырудағы мақсаттың
қорытындысы мен түпкі нәтижесін алдын ала болжай білуі және оның белгілі құралдар
көмегімен жүзеге асатындығын көре біліп, елестете алуын сипаттайды. Бастауыш сынып
мұғалімінің оқушыларғы білім беру мен оқу-тәрбие үдерістерін ұйымдастырудағы
тәрбиелілік, оқу танымдық, мотивациялық іс-әрекетін қарастырсақ.
Бастауыш білім берудің басым бағыты – оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру
болып отырғандықтан төмендегі мәселелер ескерілуі қажет:
Достарыңызбен бөлісу: |