Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР 2016.12.01 № 442-V ЗАҢЫ
Статус документа: Действующий Дата: 10.09.2019 11:52:28
3
пайдалануға беру, пайдалану, реконструкциялау, күрделі жөндеу, пайдаланудан шығару,
тасымалдау, айналымы, сақтау, көму және кәдеге жарату;
2018.24.05. № 156-VI ҚР
Заңымен
7) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
7) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау - атом
энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органның өз құзыреті шегінде жеке және
заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы
заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;
8) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган)
- атом энергиясын пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы
орган;
9) иондандырушы сәулелену көздері - радиоактивті заттар, құрамында радиоактивті
заттар бар аппараттар немесе құрылғылар, сондай-ақ иондандырушы сәуле шығаратын
немесе шығаруға қабілетті электрофизикалық аппараттар немесе құрылғылар;
10) иондандырушы сәулелену көздерінің тізілімі - иондандырушы сәулелену көздерін
экспорттау мен импорттау кезінде орнын ауыстыру туралы мәліметтерді қоса алғанда,
Қазақстан Республикасының аумағында олардың бар-жоғы, орын ауыстыруы және
орналасқан жері туралы мәліметтердің ұдайы жаңартылып тұратын жиынтығын білдіретін,
иондандырушы сәулелену көздерінің дерекқоры;
11) кейіннен кәдеге жарату - күрделі құрылыстардың (үйлердің, ғимараттардың,
кешендердің) пайдаға асырылуы (пайдаланылуы, қолданылуы) тоқтатылғаннан кейін,
регенерацияланатын элементтерді (конструкцияларды, материалдарды, жабдықтарды) бір
мезгілде қалпына келтіріп және қайталап пайдаланып, сондай-ақ регенерацияға жатпайтын
элементтер мен қалдықтарды қайта өңдей отырып, оларды бөлшектеу және бұзу жөніндегі
жұмыстар кешені;
12) көму - пайдаланылып болған ядролық отынды немесе радиоактивті қалдықтарды
көму пунктіне оларды алып қою ниетінсіз орналастыру;
13) көму пункті - пайдаланылып болған ядролық отынды немесе радиоактивті
қалдықтарды көмуге арналған ядролық немесе радиациялық қондырғы;
14) көму пунктін жабу - көму пунктін қауіпсіз жағдайға келтіріп, көмгеннен кейін
барлық операцияларды аяқтау;
15) қондырғыны пайдалануға беру - ядролық немесе радиациялық немесе
электрофизикалық қондырғының компоненттері мен жүйелерін оның құрылысы
аяқталғаннан және қажетті сынақтар жүргізілгеннен кейін жұмыс жағдайына келтіру
жөніндегі құжатпен ресімделетін қызмет;
16) қондырғыны пайдаланудан шығару - ядролық немесе радиациялық немесе
электрофизикалық қондырғыны пайдалануды тоқтату және қондырғы мен оны
орналастыру алаңының қауіпсіздік жөніндегі талаптарға сәйкес келетін түпкілікті жай-
күйін қамтамасыз ете отырып, оны мемлекеттік бақылаудан алып тастау жөніндегі
құжатпен ресімделетін қызмет;
17) пайдаланушы ұйым - атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен жұмыс істеу
жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
18) пайдаланылып болған ядролық отын - ядролық реакторда сәулеленген және одан
біржола алып тасталған ядролық отын;
19) персонал - иондандырушы сәулелену көздерімен тұрақты немесе уақытша жұмыс
істейтін немесе еңбек жағдайларына байланысты олардың әсер ету аясында болатын жеке
тұлғалар;
20) радиациялық қатер - сәуле алу нәтижесінде, оның салдарының ауырлығын ескере
отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне,
қоршаған ортаға зиян келтіру ықтималдығы;
21) радиациялық қауіпсіздік - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
нормаларға сәйкес персоналға, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерді
Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР 2016.12.01 № 442-V ЗАҢЫ
Статус документа: Действующий Дата: 10.09.2019 11:52:28
4
шектейтін іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, атом энергиясы пайдаланылатын
объектінің қасиеттері мен сипаттамаларының жай-күйі;
22) радиациялық қауіптілік санаты - атом энергиясы пайдаланылатын объектімен
жұмыс істеген кезде немесе ықтимал авария жағдайларында халық және (немесе) қоршаған
орта үшін оның радиациялық қауіптілік дәрежесі бойынша атом энергиясы
пайдаланылатын объектінің сипаттамасы;
23) радиациялық қондырғы - өзіне қатысты үй-жайларды, құрылыстар мен
жабдықтарды қоса алғанда, радиоактивті заттармен жұмыс істеу жүзеге асырылатын,
ядролық болып табылмайтын арнайы қондырғы;
24) радиоактивті заттар - құрамында радионуклидтер бар, кез келген агрегаттық
жағдайдағы, шығу тегі табиғи немесе техногендік кез келген материалдар;
25) радиоактивті қалдықтар - құрамында алып қою деңгейінен жоғары радионуклидтер
бар, одан әрі пайдаланылуы көзделмейтін радиоактивті заттар, ядролық материалдар
немесе радионуклидті көздер;
26) радионуклидті көз - құрамында радиоактивті заттар бар, оны пайдалы қолдану үшін
арнайы жасалған немесе қандай да бір қызмет түрінің жанама өнімі болып табылатын
иондандырушы сәулелену көзі;
27) сақтау - ядролық отынды, ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды,
радионуклидті көздерді, пайдаланылып болған ядролық отынды, радиоактивті
қалдықтарды сақтау пункттеріне олармен одан әрі жұмыс істеу үшін оларды алу мүмкіндігі
көзделетін уақытша орналастыру;
28) сақтау пункті - ядролық отынды, ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды,
радионуклидті көздерді, пайдаланылып болған ядролық отынды, радиоактивті
қалдықтарды сақтауға арналған ядролық немесе радиациялық қондырғы;
29) көліктік қаптама комплекті - тасу кезінде радиоактивті құрамды толық орналастыру
мен ұстап тұру үшін қажетті элементтердің жиынтығы;
30) физикалық қорғау - атом энергиясы пайдаланылатын объектіге рұқсатсыз қол
жеткізуіне жол бермеу жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың
бірыңғай жүйесі;
31) электрофизикалық қондырғы - өзіне қатысты үй-жайларды, құрылыстар мен
жабдықтарды қоса алғанда, иондандырушы сәулелерді генерациялайтын немесе
генерациялауға қабілетті арнайы, ядролық немесе радиациялық болып табылмайтын
қондырғы;
32) ядролық қауiпсiздiк - ядролық авариялардың мүмкiн болмайтындығы белгiлi бiр
ықтималдықпен қамтамасыз етілетін, атом энергиясы пайдаланылатын объектiнiң
қасиеттері мен сипаттамаларының жай-күйі;
33) ядролық қондырғы - өзіне қатысты үй-жайларды, құрылыстар мен жабдықтарды
қоса алғанда, ядролық материалдармен жұмыс істеу жүзеге асырылатын арнайы қондырғы;
34) ядролық материалдар - бөлiнетiн (ыдырайтын) радионуклидтерден тұратын немесе
оларды шығаруға қабілетті материалдар;
35) ядролық физикалық қауіпсіздік - атом энергиясы пайдаланылатын объектілерге
және (немесе) пайдаланушы ұйымға қатысты ұрлау, диверсия, рұқсатсыз қол жеткізу,
заңсыз беру, жұмыс істеу фактілеріне немесе басқа да құқыққа қарсы әрекеттерге жол
бермеуге, анықтауға және (немесе) ден қоюға бағытталған ұйымдастырушылық және
техникалық шаралардың бірыңғай жүйесінің жай-күйі.
2-бап. Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы
заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасы
Қазақстан Республикасының
Конституциясына
негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.