Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР 2016.12.01 № 442-V ЗАҢЫ
Статус документа: Действующий Дата: 10.09.2019 11:52:28
13
7) ядролық материалдарды есепке алу мен бақылауды қамтамасыз етуге және уәкілетті
органға олардың бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы есептер
ұсынуға;
8) иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылауды қамтамасыз етуге және
уәкілетті органға олардың бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы
есептер ұсынуға;
9) уәкілетті органға ядролық, радиациялық немесе ядролық физикалық қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге қатысты жүйелердегі, жабдықтардағы, ядролық қондырғы
құжаттамасындағы кез келген өзгерістер туралы хабарлауға;
10) уәкілетті органға ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікке
байланысты авариялар мен оқыс оқиғалар туралы хабарлауға;
11) өмірлік циклінің бүкіл кезеңі ішінде ядролық қондырғыны қауіпсіз пайдалану және
оған техникалық қызмет көрсету үшін қажетті ұйымдастырушылық, қаржылық,
материалдық-техникалық ресурстарына ие болуға және білікті персоналы болуға;
12) ядролық қондырғыны пайдаланудан шығару, көму пунктін жабу, кейіннен кәдеге
жарату, радиоактивті қалдықтарды көму, радиациялық авариялардың салдарын жою,
адамдардың өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, сондай-ақ
қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету үшін
қаржы құралдарын көздеуге;
13) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы
заңнамасында белгіленген ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік
талаптарын сақтауға;
14) атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде ядролық
және радиациялық қауіпті жұмыстарға жіберілген жұмыскерлердің сәуле алу мөлшерін
есепке алу мен талдауды жүргізуге және олардың өтемақы алу құқықтарын іске асыруды
қамтамасыз етуге;
15) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды
даярлауды, біліктілігін сақтауды және уақтылы аттестаттауды жүзеге асыруға міндетті.
2. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерді пайдалануды жүзеге асыратын жеке
және заңды тұлғалардың және (немесе) мұндай объектілердің меншік иелерінің атом
энергиясы пайдаланылатын объектілерді басқа жеке және заңды тұлғаларға, егер бұл
тұлғалардың атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті қызмет түріне лицензиялары
болмаса, беруге құқығы жоқ.
3. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын
жеке және заңды тұлғалар қызметін тоқтатқан кезде қызметті қауіпсіз тоқтату жөніндегі
мынадай іс-шараларды орындауға:
1) ядролық материалдарды және (немесе) иондандырушы сәулелену көздерін атом
энергиясы пайдаланылатын объектілермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын, олармен жұмыс
істеуге тиісті лицензиялары бар жеке және заңды тұлғаларға беруге;
2) радиоактивті қалдықтарды және (немесе) пайдаланылған радионуклидті көздерді
сақтау немесе көму пункттеріне беруге;
3) пайдаланылып болған ядролық отынды сақтау немесе көму пункттеріне не атом
энергиясы пайдаланылатын объектілермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын, ядролық
материалдармен жұмыс істеуге тиісті лицензиялары бар заңды тұлғаларға беруге;
4) қоршаған ортаны қалпына келтіру, аумақтарды рекультивациялау, тоқтатылатын
қызметті жүзеге асыру кезінде ластанған жабдықтар мен үй-жайларды активсіздендіру
бойынша жұмыстар жүргізуге міндетті.
9-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау
1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау осы Заңға және
Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы
заңнамасына
сәйкес
жүзеге асырылады.
Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР 2016.12.01 № 442-V ЗАҢЫ
Статус документа: Действующий Дата: 10.09.2019 11:52:28
14
Алып қою деңгейінен жоғары атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен қызмет
лицензиялануға жатады.
2. Қызметтің түрлері: атом энергиясы пайдаланылатын объектілердің өмірлік циклінің
кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау; ядролық материалдармен жұмыс істеу;
радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және
қондырғылармен жұмыс істеу; иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен
және қондырғылармен жұмыс істеу; радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу; ядролық
материалдарды, радиоактивтi заттарды, иондандырушы сәулеленудің радиоизотоптық
көздерiн, радиоактивтi қалдықтарды транзиттiк тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан
Республикасы аумағының шегiнде тасымалдау үшін лицензия және (немесе) лицензияға
қосымша алуға өтінішті қарау мерзімі - ол ұсынылған күннен бастап:
1) радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттардағы ядролық қондырғылар, көму
пункттері үшін - он айдан аспайды;
2) радиациялық қауіптілігі 3 және 4-санаттардағы ядролық қондырғылар, радиациялық
қауіптілігі 1 және 2-санаттардағы радиациялық және электрофизикалық қондырғылар үшін
- бес айдан аспайды;
3) радиациялық қауіптілігі 3-санаттағы радиациялық және электрофизикалық
қондырғылар үшін - алпыс жұмыс күнінен аспайды;
4) радиациялық қауіптілігі 4-санаттағы радиациялық және электрофизикалық
қондырғылар үшін - қырық жұмыс күнінен аспайды;
5) пайдаланылып болған ядролық отынды, активтілігі жоғары радиоактивті
қалдықтарды тасымалдау үшін - төрт айдан аспайды;
6) ядролық материалдарды тасымалдау үшін - елу жұмыс күнін;
7) активтілігі орташа, активтілігі төмен радиоактивті қалдықтарды, радиоактивті заттар
мен жабық радиоактивті көздерді тасымалдау үшін - отыз жұмыс күнін құрайды.
3. Ядролық, радиациялық, электрофизикалық қондырғыларға қатысы жоқ
иондандырушы сәулелену көздерімен немесе радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу,
сондай-ақ қызметтің түрлері: атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету;
бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және жүргізілген ядролық
сынақтар салдарынан ластанған басқа аумақтардағы қызмет; ядролық қондырғылар мен
ядролық материалдарды физикалық қорғау; ядролық және радиациялық қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау үшін лицензия және (немесе)
лицензияға қосымша беру туралы өтініштерді қарау мерзімі отыз жұмыс күнін құрайды.
4. Лицензияға қосымшада лицензия берудің ерекше шарттары ретінде аспаптардың,
қондырғылардың, материалдардың, заттардың, қалдықтардың түрі көрсетіледі, бұлармен
лицензиат мынадай тізбе бойынша жұмыс жүргізеді:
1) ядролық отын және оның компоненттерін дайындайтын қондырғылар;
2) атом энергетикалық станциялары;
3) ядролық (атом) зерттеу реакторлары;
4) термоядролық реакторлар;
5) табиғи уран өндіретін және қайта өңдейтін қондырғылар;
6) активтілігі жоғары радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттері;
7) активтілігі орташа радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттері;
8) активтілігі төмен радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттері;
9) пайдаланылып болған ядролық отынды сақтау пункттері;
10) радионуклидті көздерді сақтау пункттері;
11) активтілігі жоғары радиоактивті қалдықтарды көму пункттері;
12) активтілігі орташа радиоактивті қалдықтарды көму пункттері;
13) активтілігі төмен радиоактивті қалдықтарды көму пункттері;
14) пайдаланылып болған ядролық отынды көму пункттері;
15) пайдаланылған радионуклидті көздерді көму пункттері;
16) изотоптық құрамы көрсетілген ядролық материалдар;