«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 12 қаңтардағы №442-v заңы (2018. 24. 05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)



жүктеу 0,57 Mb.
Pdf просмотр
бет8/11
Дата30.12.2019
өлшемі0,57 Mb.
#25562
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ» 

Документ: ҚР 2016.12.01 № 442-V ЗАҢЫ 

Статус документа: Действующий Дата: 10.09.2019 11:52:28

 

15 



17) радиоактивті заттар

18) радиофармпрепараттар; 

19) нейтрон генераторлары; 

20) құрамында уран бар заттар

21) құрамында торий бар заттар; 

22) табиғи уранның қайта өңделген өнімдері

23) белсенділігі көрсетілген жабық радионуклидті көздер; 

24) активтілігі жоғары радиоактивті қалдықтар; 

25) активтілігі орташа радиоактивті қалдықтар; 

26) активтілігі төмен радиоактивті қалдықтар; 

27) радиоизотоптық спектрометрлер, талдағыштар, датчиктер, өлшеуіштер; 

28) рентгендік спектрометрлер, талдағыштар, датчиктер, өлшеуіштер; 

29) стационарлық радиоизотоптық дефектоскоптар; 

30) көшпелі радиоизотоптық дефектоскоптар; 

31) стационарлық рентгендік дефектоскоптар; 

32) көшпелі рентгендік дефектоскоптар; 

33)  қол  жүгін,  багажды,  көлікті,  материалдарды,  заттарды  жете  тексеруге  арналған 

радиоизотоптық қондырғылар; 

34)  қол  жүгін,  багажды,  көлікті,  материалдарды,  заттарды  жете  тексеруге  арналған 

рентген жабдығы; 

35) адамды жеке-дара жете тексеруге арналған рентген жабдығы; 

36) энергиясы 10 МэВ дейін электрондарды үдеткіштер; 

37) энергиясы 10 МэВ жоғары электрондарды үдеткіштер; 

38) энергиясы 2 МэВ/нуклонға дейін иондарды үдеткіштер; 

39) энергиясы 2 МэВ/нуклоннан жоғары иондарды үдеткіштер; 

40) зарядталған бөлшектерді медициналық үдеткіштер; 

41) жалпы мақсаттағы медициналық рентген қондырғылары; 

42) медициналық рентгендік дентальдық жабдық; 

43) медициналық рентгендік маммографиялық қондырғылар; 

44) медициналық рентгендік ангиографиялық жабдық; 

45) медициналық компьютерлік рентгендік томографтар; 

46) медициналық радиоизотоптық диагностикалық жабдық; 

47) медициналық рентгендік терапиялық жабдық; 

48) медициналық рентгендік симуляторлар; 

49) медициналық гамма-терапиялық қондырғылар. 

5.  Атом  энергиясын  пайдалану  саласындағы  қызмет  түрлеріне  лицензиялардың 

қолданылуы мынадай жағдайларда: 

1) радиациялық авариялар және (немесе) оқыс оқиғалар кезінде

2)  тексерулер  нәтижесінде  анықталған  ядролық  және  (немесе)  радиациялық  және 

(немесе)  ядролық  физикалық  қауіпсіздік,  ядролық  материалдарды,  иондандырушы 

сәулелену көздерін есепке алу талаптары бұзылған кезде; 

3)  лицензия  алу  кезінде  лицензиат  ұсынған  материалдарда  анық  емес  мәліметтер 

анықталған кезде; 

4) уәкілетті органның нұсқамалары белгіленген мерзімдерде орындалмаған кезде алты 

айдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін. 

6. Лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған кезде лицензиат ядролық, радиациялық 

және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жалғастырады. 

7.  Лицензияны  тоқтата  тұру  немесе  одан  айыру  Қазақстан  Республикасының 

заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 

  

10-бап. Қондырғылардың радиациялық қауіптілік санаттары 




Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ» 

Документ: ҚР 2016.12.01 № 442-V ЗАҢЫ 

Статус документа: Действующий Дата: 10.09.2019 11:52:28

 

16 



1. Ядролық, радиациялық, электрофизикалық қондырғылар мынадай төрт радиациялық 

қауіптілік санатына бөлінеді: 

1) 1-санат - авария кезінде олардың санитариялық-қорғау аймағының шегінен тысқары 

жерде халыққа радиациялық әсері болуы мүмкін қондырғылар; 

2) 2-санат - авария кезінде радиациялық әсер олардың санитариялық-қорғау аймағының 

аумағымен шектелетін қондырғылар; 

3) 3-санат - радиациялық әсері оларды орналастыру алаңымен шектелетін қондырғылар; 

4)  4-санат  -  радиациялық  әсері  атом  энергиясын  пайдалана  отырып  қызметті  жүзеге 

асыруға  байланысты  жұмыстар  жүргізілетін  үй-жайлармен  немесе  жұмыс  орнымен  ғана 

шектелетін қондырғылар. 

2. Ядролық, радиациялық, электрофизикалық қондырғылардың радиациялық қауіптілік 

санаттарын  атом  энергиясын  пайдалану  саласындағы  қызметті  жүзеге  асыратын  және 

(немесе)  қондырғылардың  меншік  иелері  болып  табылатын  жеке  және  заңды  тұлғалар 

радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық 

талаптарға  және  Қазақстан  Республикасының  атом  энергиясын  пайдалану  саласындағы 

заңнамасына сәйкес айқындайды. 

3. Заңды тұлғалар ғана радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттардағы ядролық және 

радиациялық  қондырғылардың,  сондай-ақ  электрофизикалық  қондырғылардың  меншік 

иелері бола алады. 

  

11-бап. Радионуклидті көздердің қауіптілік санаттары 

1. Радиациялық қорғануды оңтайландыру және ядролық, радиациялық және ядролық 

физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында радионуклидті көздер адамға қауіпті 

әсер туғызатын шекті белсенділікке көздің белсенділігінің қатысымен айқындалатын бес 

қауіптілік санатына бөлінеді: 

1) 1-санат - белсенділігі шекті белсенділікке қатысты 1000-нан астам мәнге ие көздер; 

2) 2-санат - белсенділігі шекті белсенділікке қатысты 10-нан 1000-ға дейінгі мәнге ие 

көздер; 

3)  3-санат  -  белсенділігі  шекті  белсенділікке  қатысты  1-ден  10-ға  дейінгі  мәнге  ие 

көздер; 

4)  4-санат  -  белсенділігі  шекті  белсенділікке  қатысты  0,01-ден  1-ге  дейінгі  мәнге  ие 

көздер; 

5) 5-санат - белсенділігі алып қою деңгейінен жоғары мәнге ие және белсенділігі шекті 

белсенділікке қатысты 0,01-ден кем мәнге ие көздер. 

2. Әртүрлі радиоизотоптар үшін шекті белсенділік шамасының мәндерін уәкілетті орган 

белгілейді. 

  

12-бап. Ядролық қондырғылар мен көму пункттерін салу 

1.  Ядролық  қондырғыларды  және  көму  пункттерін  салу  және  салу  ауданы  туралы 

шешімді  аумағында  қондырғыны  немесе  көму  пунктін  салу  жоспарланатын  жергілікті 

өкілді органдардың келісімімен Қазақстан Республикасының Үкіметі: 

1) елдің және оның жекелеген өңірлерінің шаруашылық міндеттерін шешу үшін оларға 

деген қажеттіліктерді; 

2)  Қазақстан  Республикасының  атом  энергиясын  пайдалану  саласындағы 

заңнамасының талаптарына сай келетін көрсетілген объектілерді орналастыру үшін қажетті 

жағдайлардың болуын; 

3)  жақын  орналасқан  азаматтық  және  әскери  объектілер  тарапынан  көрсетілген 

объектілерге қауіпсіздік қатерінің жоқ екендігін; 

4) Қазақстан Республикасының экологиялық 

заңнамасында

 белгіленген талаптарды; 

5) көрсетілген объектілерді орналастырудың өңірдің өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық 

және  әлеуметтік  дамуына  ықтимал  әлеуметтік  және  экономикалық  салдарын  ескере 

отырып, қабылдайды. 




жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау