Отбасы күні – қыркүйектің
екінші жексенбісі;
Мүгедектер күні - қазан айының екінші жексенбісі.
Учаскелік жəне арнайы комиссиялар өз қызметін облыстардың ЖАО
бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2. Əлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі жəне
əлеуметтік көмектің мөлшерлері
8. Ай сайынғы əлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:
1)
.
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық
қызметтерге, 8 000 (сегіз мың) теңге мөлшерінде;
2)
.
мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін
мүгедек балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне, білім беру
кезеңіне бір мүгедек балаға, 1 (бір) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде «Алға
аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің берген тізімдеріне сəйкес;
3) аз қамтылған отбасыларға, мемлекеттік атаулы əлеуметтік көмек жəне
он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жəрдемақы алатындарға 1 (бір)
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде «Алға аудандық жұмыспен қамту жəне
əлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тізімі негізінде;
4)
.
онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның
иммуножетіспеушілік
вирусы
инфекциясын
жұқтырғандарға
жəне
туберкулездің əртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, ай сайын ұсынылатын
«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алға орталық аудандық ауруханасы»
мемлекеттік коммуналдық кəсіпорны берген тізімдерге сəйкес, жылына 6 айға
дейінгі амбулаториялық ем алу мерзіміне 10 (он) айлық есептiк көрсеткіш
мөлшерінде.
5) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, I, II, III топтағы
мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедектерге жəне оларды ертіп жүруші
тұлғаларға, «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің ( бұдан əрі – облыстық денсаулық сақтау басқармасы) жолдамасы
бойынша емделуге төленетін жол шығындарын өтеу үшін.
Əлеуметтік көмек, егер жоғарыда аталған тұлғалар толық мемлекет
қарауында болмаған жағдайда көрсетіледі.
9. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, не оның мүлкіне зиян келтіру
нəтижесінде келтірілген шығындарға байланысты төмендегі мөлшерде
əлеуметтік көмек көрсетіледі:
1)
.
Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, 150 000 (жүз
елу мың) теңге мөлшерінде;
2) жеңілдіктер
мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы
қатысушыларына жəне мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, 100 000 (жүз
мың) теңге мөлшерінде;
3)
.
жеңілдіктер мен
кепілдіктер бойынша Ұлы
Отан соғысы
қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, 80 000
(сексен мың) теңге мөлшерінде;
4) зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға, 60 000 (алпыс мың) теңге
мөлшерінде;
5) мүгедектерге, оның ішінде он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы
тəрбиелеп отырған адамдарға, 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
6) саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіндерден зардап
шеккен адамдарға, 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
7) көп балалы отбасыларға, 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
8)
.
жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға,
балалар үйінің түлектеріне, 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
9)
.
аз
қамтылған азаматтарға, 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
10)
.
онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның
иммуножетіспеушілік
вирусы
инфекциясын
жұқтырғандарға
жəне
туберкулездің əртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, 80 000 (сексен мың)
теңге мөлшерінде.
10.
.
Өмірлік қиын жағдайлардағы азаматтарға, əлеуметтік келісімшарт
негізінде көрсетілетін əлеуметтік көмектен басқасы, егер жолыққан сəттің
алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа
табысы Ақтөбе облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен 1 еседен
аспаса əлеуметтік көмек көрсетіледі (кірісі есептелмей əлеуметтік көмек
көрсетілетін Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерін қоспағанда).
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне өмірлік қиын
жағдай туындаған кезде, əлеуметтік көмек олардың табысын есепке алмай
көрсетіледі.
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаж азаматтардың
санаттарының қатарына жатқызу үшін төмендегілер негіздеме болып
табылады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не
оның мүлкіне зиян келтіру не əлеуметтік мəні бар аурулардың болуы;
3) жан басына шаққандағы орташа табыстың, өмірлік қиын жағдай
туындауына байланысты біржолғы əлеуметтік көмек тағайындау барысында ең
төменгі күнкөріс деңгейінің 1- еселік мөлшерінен аспауы жəне əлеуметтік
келісімшарт негізінде көрсетілетін ай сайынғы əлеуметтік көмек көрсету үшін
ең төменгі күнкөріс деңгейінің 0,6 мөлшерінен (күнкөріс деңгейінің 60
пайызынан) аспайтын болуы негіздеме болып табылады.
11. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдайлар
туындаған кезде əлеуметтік көмек алу үшін өтініштерді қарау мерзімі:
өмірлік қиын жағдайлар туындаған сəттен бастап алты айдан кеш емес.
12.
.
Атаулы күндер мен мерекелік күндерге табыстарын есепке алмай
біржолғы əлеуметтік көмек көрсетіледі:
9 мамыр – Жеңіс күніне орай:
1)
.
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, 100 000 (жүз
мың) теңге мөлшерiнде;