қайтарылады.
20. Əлеуметтік келісімшарт негізінде əлеуметтік көмек алу үшін
жолыққан отбасына (адамға) уəкілетті орган, ауылдық округ əкімі не ассистент
кеңес беру деңгейінде көмектің көрсету шарттары туралы түсінік береді жəне
отбасының белсенділігін арттырудың əлеуметтік келісімшартына отыруға
келісім берген жағдайда азаматпен, отбасының (азаматтың) мəселесі туралы,
оның өмірлік қиын жағдайдан шығу мүмкіншілігі туралы мəліметті
анықтайтын əңгімелесу жүргізеді.
Əңгімелесу жүргізу кезінде:
1) үміткердің өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты немесе
əлеуметтік келісімшарт негізінде əлеуметтік көмек алу құқығы;
2) əлеуметтік бейімдеу бойынша көрсетілетін шаралар түрлері;
3) жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің мемлекеттік шаралары айқындалады.
Əңгімелесу нəтижелері бойынша осы Қағидаларға 2 қосымшаға сəйкес
əңгімелесу парағы жəне 3 қосымшаға
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V15CI004407 - z54
сəйкес арызданушының отбасы жəне материалдық жағдайы туралы сауалнама
толтырады, оған мынадай құжаттар қоса беріледі ;
1) осы Қағидалардың 5 - қосымшасына сəйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куəландыратын құжат;
3) осы Қағидалардың 1 - қосымшасына сəйкес нысан бойынша отбасы
құрамы туралы мəліметтер;
4) отбасы
мүшесіне (қажет болған кезде) қамқоршылықтың
(қорғаншылықтың) белгіленгендігін растайтын құжат;
5) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат немесе
мекенжай анықтамасы;
6) осы Қағидалардың 4 - қосымшасына сəйкес нысан бойынша жеке
қосалқы шаруашылығының бар - жоғы туралы мəліметтер ;
7) адамның (отбасы мүшелерінің ) табыстары туралы мəліметтер;
21. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде əлеуметтiк көмек көрсетуге
жəне əлеуметтік келісімшарт негізінде əлеуметтік көмек алу үшін өтiнiш келiп
түскен кезде уəкiлеттi орган немесе ауылдық округтің əкімі бір жұмыс күні
ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық
жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.
22.
.
Учаскелiк комиссия, құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi
iшiнде өтiнiш берушiнің материалдық жағдайы туралы тексеру жүргiзедi, оның
нəтижелерi бойынша осы Қағидалардың 6, 10, 12 қосымшаларына сəйкес
нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi
жасайды, адамның (отбасының) əлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы
қорытынды дайындайды жəне оларды уəкiлеттi органға немесе ауылдық округ
əкiмiне жiбередi.
Ауылдық округ əкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын
алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен
уəкілетті органға жiбередi.
23. Əлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда
уəкілетті орган əлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн
қажеттi мəлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
24. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына
байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уəкілетті орган тиiстi
мəлiметтердi қамтитын өзге уəкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi
негiзiнде əлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
25. Уəкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе ауылдық округ
əкiмiнен өмірлік қиын жағдай туындаған кезде əлеуметтік көмек алу үшін
құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан
Республикасының заңнамасына сəйкес адамның (отбасының) жан басына
шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi жəне құжаттардың толық
пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
26. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс
күнi iшiнде əлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды
шығарады, оң қорытынды болған кезде əлеуметтiк көмектiң мөлшерiн
көрсетедi.
27. Осы Қағидалардың 11 - қосымшасына сəйкес уəкiлеттi орган өтiнiш
берушiнiң əлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап
сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның
əлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде
əлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Осы Қағидалардың 23 жəне 24 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда
уəкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе ауылдық округтiң əкiмiнен
құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде əлеуметтiк
көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
28. Əлеуметтік келісімшарт негізінде көрсетілетін əлеуметтік көмек алуға
үміткер отбасының (адамның) жан басына шаққандағы орташа табысы,
əлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген айдың алдындағы үш айдағы алынған
жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына жəне үш айға бөлу арқылы
есептеледі жəне отбасының белсенділігін арттырудың əлеуметтік келісімшарты
қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
29. Осы Қағидалардың 9 - қосымшасындағы нысандар бойынша уəкiлеттi
орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған
шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш
берушiнi жазбаша хабардар етедi.
30.
.
Əлеуметтік келісімшарт негізінде көрсетілетін əлеуметтік көмек
отбасының белсенділігін арттырудың əлеуметтік келісімшарты қолданылатын
мерзімге беріледі жəне ай сайын немесе үміткердің өтініші бойынша үш ай
үшін бір мезгілде төленеді.
Əлеуметтік келісімшарт негізінде көрсетілетін əлеуметтік көмектің
біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, тұратын жылжымайтын мүлік
сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға
арналған шығындардан басқа, əлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді
орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы