Ақтөбе қаласының білім бөлімі бойынша
Бұйрық
Ақтөбе қаласы № 196 «17» наурыз 2010 жыл
Қалалық сырттай "Экология және балалар"
зерттеу жұмыстары мен жобаларының
қалалық конкурсын өткізу туралы
Ақтөбе қаласының білім бөлімінің 2009 – 2010 жылдарға арналған тәрбиенің кешенді бағдарламасын жүзеге асыру, қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға, әлеуметтік - экономикалық, экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған оқушылардың үздік шығармашылық жұмыстарын анықтау мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. 2010 жылдың 17 наурызы мен 5 сәуірі аралығында Ақтөбе қалалық жас натуралистер стансасында қалалық сырттай “Экология және балалар” зерттеу жұмыстары мен жобаларының конкурсы өткізілсін.
2. Қалалық “Экология және балалар” зерттеу жұмыстары мен жобаларының ережесі, ұйымдастыру комитеті, қазылар құрамы, шығындар сметасы бекітілсін (1, 2, 3, 4-ші қосымшалар).
3. Қалалық білім мекемелері жетекшілері оқушылардың қалалық зерттеу жұмыстары мен жобаларының конкурсына қатысуын қамтамасыз етсін.
4. Қалалық жас натуралистер стансасы (директоры О.Сенғалиев) Конкурсты өткізу мен әзірлік жұмыстарын ұйымдастыруды, қортындылау мен марапаттауды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының директоры Ж.Ж. Мухамбетоваға жүктелсін.
бөлімінің бастығы А. Арынғазиева
ҚББ "17 " наурыз 2010 жылғы
№ 196 бұйрығына № 1 қосымша
«Экология және балалар» атты оқушылардың зерттеу жұмыстары мен жобаларының қалалық сырттай конкурсын өткізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Экология және балалар» атты оқушылардың зерттеу жұмыстары мен жобаларының қалалық конкурсын өткізу ережесі (бұдан әрі - Конкурс) аталған конкурстың мақсаты мен міндеттерін, өткізу тәртібін және қаржыландыруын анықтайды.
2. Мақсаты мен міндеттері:
- экологиялық ой – санасы үйлесімді қалыптасқан жеке тұлғаны шығармашылық тұрғыда дамыту және қоршаған ортаны қорғауға арналған іс-шараларға қатысуға ұмтылдыру;
- оқушылардың зерттеу кәсібіне деген қызығушылығын ояту;
- білім беру ұйымдарындағы жас зерттеушілердің арасында үздік зерттеу жұмыс тәжірибелерін насихаттау.
3. Қалалық конкурсты Ақтөбе қаласының білім бөлімі мен Қалалық жас натуралистер стансасы бірлесіп өткізеді.
2. Өткізу мерзімі және орны
1. Қалалық сырттай «Экология және балалар» атты оқушылардың зерттеу жұмыстары мен жобасының қалалық конкурсы 17 наурызы мен 5 сәуірі аралығында өтеді.
2. Конкурсқа қатысу туралы өтінімдер конкурс материалдарымен бірге 17 наурыз бен 5 сәуір аралығында ұйымдастыру комитетіне мына мекен – жай бойынша жіберіледі:
Қонаева көшесі 3 А, Қалалық жас натуралистер стансасы, тел/факс: 217223.
3. Белгіленген мерзімнен кейін келіп түскен, сонымен қатар қойылған талаптарға сай келмейтін жұмыстар қабылданбайды.
4. Қалалық конкурстың қортындысы 2010 жылдың 9 сәуірінде анықталады.
5. Конкурсқа қатысатын оқушылардың зерттеу жұмыстары мен жобалары балалардың өз күшімен, яғни, дербес орындалуы керек. Конкурсқа қатысуға ұсынылған жұмыстар кері қайтарылмайды. Конкурсты ұйымдастыру алқасы конкурсқа қатысқан зерттеу жұмыстары мен жобаларын автордың аты-жөнін көрсете отырып, бұқаралық ақпаратттық құралдардың беттерінде және ғаламтор сайттарының бетерінде жариялауға толық құқылы.
3. Конкурсқа қатысушылар
3.1. Қалалық конкурсқа 8 – 11 сынып оқушылары - қала мектептері оқушылары, оқушылардың ғылыми қоғамдарының жас зерттеушілері қатыса алады.
4. Жұмыс мазмұнына және оны рәсімдеуге қойылатын талаптар
4.1. Жұмыстар қазақ немесе орыс тілдерінде баспа түрінде және жұмыстың электронды нұсқасы қосымша ретінде ұсынылады. Мәтін Times New Roman қарпімен Word редакторында басылуы қажет. (қазақ тілінде - Times New Roman қарпімен), кегль 14. Беттердің параметрлері: жоғары, төмен, сол жақтан, оң жақтан – 2 см. Жұмыс көлемі 20 беттен аспауы керек (оның ішінде: суреттер, схемалар, таблицалар, графиктер, фотосуреттер).
4.2. Әрбір жұмыстың міндетті түрде жетекшінің жазған сипаттамасы және маманның жазған пікірі болуы қажет. Онда таңдап алған тақырыптың мақсаттылығы, автордың жұмысқа қосқан жеке үлесі, жетістіктері мен кемшіліктері көрсетіледі.
Жұмыстың қазақша және орысша түйіндемесі болуы шарт.
5. Конкурсты қортындылау және жеңімпаздарды марапаттау
5.1. Қалалық сырттай конкурстың қортындысы әр номинация бойынша
1 – бірінші,
1 – екініші,
2 – үшінші орындар анықталады.
6. Жұмыс мазмұны
13. Қалалық конкурсқа жас зерттеушілердің келесі секциялар бойынша жеке және ұжыммен орындаған жұмыстары ұсынылады:
1. Экология және адам денсаулығы (қоршаған ортаның әсері, атмосфераның, судың, топырақтың ластануы; өндірістік, химиялық, радиациялық және басқа факторладың әсері; жағымсыз әрекеттердің адам денсаулығына әсері).
2. Қолданбалы экология (қоршаған ортаны жақсарту үшін практика жүзінде пайдалануға болатын жобалар, антропогендік әрекеттердің қоршаған ортаға әсер етуін бағалау).
3. Флора экологиясы (қоршаған ортаның және антропогендік факторлардың өсімдіктерге әсер еруі, өсімдіктер әлемін қорғау, өсімдіктердің түр – тұқым құрамын зерттеу, өсімдіктермен жасалған эксперименттік жұмыстар).
4. Фауна экологиясы (экологиялық факторлардың жануарларға әсер етуі, жануарлар әлемін қорғау, өңірде кездесетін жануарлардың түр – тұқым құрамын зерттеу, жануарларды қолда ұстау, өсіру ерекшеліктерін зерттеу).
5. Қуат көзін үнемдеу бойынша экологиялық жоба.
7. Қатысушыларды марапаттау
7.1. Қалалық сырттай конкурстың жүлделі жеңімпаздары қалалық білім бөлімінің мақтау қағазымен және сыйлықтарымен марапатталады.
7.2. Ынталандыру: әр номинация бойынша 2 ынталандыру орындары анықталады.Жеңімпаздар қалалық жас натуралистер стансасы мақтау қағазымен марапатталады.
7.3. Қалалық сырттай конкурстың жеңімпаздарын дайындаған педагогтер қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталады.
8. Қаржыландыру
8.1. Қалалық сырттай конкурсты қаржыландыруды қалалық жас натуралистер стансасы іске асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |