Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Б» корпусының D-O-3 санаты бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу үшін осы мемлекеттік органның қызметкерлері арасында ішкі конкурс жариялайды
Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 31 А, кабинет 212. 060005
Анықтамалар үшін телефон: 32-48-13, электрондық пошта:
Ukzsp@atyrau.gov.kz
Шетелдік жұмыс күшін тарту және көші-қон бөлімінің басшысы (1 бірлік), D-O-3 санаты бойынша лауазымдық айлық ақысы мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтіліне байланысты 126 356 теңгеден 170 599 теңгеге дейін.
Лауазымның функционалдық міндеттері:
Бөлім жұмысын басқару және ұйымдастыру. Шетелдік жұмыс күшін квоталау бойынша ұсыныс және алдағы жылы шетелдік жұмыс күшін тартудың негіздемесін жасақтайды. Қазақстан Республикасы шетелдік жұмыс күшін тарту және Қазақстан Республикасынан шетелдерге жұмыс күшін шығару туралы тоқсандық, жылдық есептер мен экономика салалары бойынша облыс аумағына шетелдік жұмыс күшінің тартылуы туралы тоқсандық мәлімет дайындайды. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу, рұқсаттың қолданыс мерзімін ұзарту және алынған рұқсаттар бойынша жұмысқа тартылатын шетелдік мамандардың тізімін бекіту үшін жұмыс берушілердің ұсынған құжаттарын қарайды және одан туындайтын шараларды қабылдайды. Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың Қазақстан азаматтарына жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмысқа тартылған шетелдік мамандарды ауыстыру үшін қазақстандық кадрларды дайындау туралы мәліметтерді талдау (рұқсаттар шарттары бойынша және нақты орындалуы) жұмысымен айналысады. Шетелдік жұмыс күшін пайдаланушы кәсіпорындар туралы мәліметтерді талдап, есебін жүргізеді. Атырау облысына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру комиссиясы отырысының қарауына рұқсат алу үшін құжаттарды дайындайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Қазақстан Республикасы шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны белгілеу, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібі Ережелері” талаптарына сүйенеді. Шетелдік жұмыс күшін тартушы мекемелердің жұмысын тексеретін органдармен бірге Қазақстан азаматтарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, қосымша жұмыс орындарын ашу және болашақта шетелдік мамандармен алмастыруда заңдылықтардың орындалуын қадағалауға өзара байланыс жүргізеді. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу, рұқсат мерзімін ұзарту және тізімдерді бекіту мәселелері бойынша кәсіпорындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бөлім мүліктері мен құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді. «ИРС» бойынша деректер базасымен жұмыс жасайды. Аумақты дамыту бағдарламаның көрсеткіштерін жасақтап, орындалуын қамтамасыз етеді; кезекті қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру көрсеткіштерінің орындалысын қамтамасыз етеді. Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекітеді және орындау бойынша мәселелерді жүзеге асырады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша есептерді жинақтап, құзырлы органдарға тапсырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (еңбекті ұйымдастыру және реттеу, әлеуметтану, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару), құқық (құқықтану), қызмет (әлеуметтік жұмыс), техникалық ғылымдар және технология, (қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау), денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру, білім (педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану.
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесінің болуы.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген Ukzsp@atyrau.gov.kz электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Ішкі конкурсқа қатысып, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында өтеді.
Басқарушы лауазымына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Байқаушылар туралы ақпарат: Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі –уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидаларды 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.
Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
_________________________________ (мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар: ___________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны________________________________________________________________________________________________________________________________ _____________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
|
"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан
|
"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"
|
_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
|
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)
|
_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
|
1.
|
Туған күні және жері/
Дата и место рождения
|
|
2.
|
Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
|
|
3.
|
Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
|
|
4.
|
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
|
|
5.
|
Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
|
|
6.
|
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
|
|
7.
|
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
|
|
8.
|
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
|
|
9.
|
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
|
|
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ Күні/Дата
|
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
|
қабылданған/
приема
|
босатылған/
увольнения
|
|
|
|
|
_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
|
_______________
күні/дата
|
Достарыңызбен бөлісу: |