Атырау облысы әкімінің аппаратының



жүктеу 74,5 Kb.
Дата14.11.2018
өлшемі74,5 Kb.
#20108


Атырау облысы әкімдігінің

2015 жылғы «___» _________

№___ қаулысымен бекітілген



Атырау облысы әкімінің аппаратының

Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ЖАРҒЫСЫ

  1. Жалпы ережелер

1. Атырау облысы әкімінің аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының (бұдан әрі – Ассамблея) қызметін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.

3. Мекеменің құрылтайшысы Атырау облысы әкімдігі (бұдан әрі -Әкімдік) болып табылады.

4. Мекеменің уәкілетті органы «Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган) болып табылады.

Мекеменің мүлкіне қатысты құқық субьектісі функциясын жүзеге асыратын орган Әкімдік болып табылады.

5. Мекеменің атауы:



Атырау облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

6. Мекеменің орналасқан жері: 060010, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Құлманов көшесі, 129.

2. Мекеменің заңды мәртебесі

7. Мекеме мемлекеттік тіркелген сәттен бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығын иеленеді.

8. Мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес балансы, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Мекеменің атауы бар бланкілері, мөрі болады.

9. Мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

10. Мекеме өз міндеттемелері бойынша өзінің иелігіндегі ақшамен жауап береді. Мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша субсидиялық жауапкершілікті бюджет қаражатымен Атырау облысы көтереді.

11. Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін ғана күшіне енеді.

3. Мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

12. Мекеме қызметінің мәні Ассамблеяның қызметін қамтамасыз ету, этномәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттерін іске асыруға бағытталған жұмыстарына қолдау көрсетуді ұйымдастыру болып табылады.

13. Мекеме қызметінің мақсаттары ұлттық бірлікті, қоғамдық келісімді нығайту, Ассамблеяның жұмыс істеуін ұйымдастырушылық, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру, оның қоғамдық-көпшілік, ғылыми-талдамалық, ақпараттық жұмысын жүргізу болып табылады.

14. Мақсаттарға қол жеткізу үшін Мекеме мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) Ассамблея сессиясының, Кеңесінің отырыстарын және басқа да іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру;

2) облыстық этномәдени бірлестіктердің тілді, мәдениетті, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды насихаттау бойынша қызметі үшін жағдай жасау;

3) көркем өнерпаздар байқауларын, ән мен би мерекелерін, фестивальдарды, сайыстарды, халықтық бейнелеу және қолданбалы шығармашылық көрмелерін ұйымдастыру және өткізу;

4) Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған бұқаралық қоғамдық-саяси іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

5) Ассамблеяның ғылыми-сарапшылық тобының, жетекші сарапшы-журналистер клубының, Ақсақалдар Алқасының, «Алтын Шаңырақ» Аналар кеңесінің, Қоғамдық келісім кеңесінің, жастар ұйымдарының және басқа Ассамблея құрылымдарының қызметін қамтамасыз ету;

6) Ассамблеяның Даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шараларды өткізу, соның ішінде оларды жоспарлау;

7) Ассамблеяның Атырау облыстық мәслихатының қоғамдық және этносаралық келісім мәселелері жөніндегі партияаралық ынтымақтастықтың депутаттық тобымен, мемлекеттік органдармен, бюджеттік және кәсіподақ ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, бизнес-құрылымдармен, саяси партиялармен, бұқаралық ақпарат құралдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

8) өңірдегі этносаралық қатынастардың жай-күйі бойынша талдамалық және болжамдық материалдар дайындау және осы мәселе бойынша мониторинг жүргізу;

9) Әкімдік басшылығы, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының (бұдан әрі – Хатшылық) тапсырмасы және мемлекеттік органдардың тапсырысы бойынша мемлекеттік этносаясат мәселелері жөніндегі ақпараттық-талдамалық материалдары мен баяндамалар дайындау;

10) этносаралық және конфессияаралық қатынастарды реттеу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

11) мемлекеттік басқару органдары, қоғамдық ұйымдар үшін этносаралық және конфессияаралық мәселелер бойынша кеңес беру қызметін көрсету;

12) Ассамблея қызметіне ақпараттық қолдау көрсетуді жүзеге асыру;

13) Ассамблеяның қызметін жария ету мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты ұйымдастыру және мемлекеттік этносаясатты, оның ішінде интернет-ресурстарда, ілгерлету;

14) Ассамблеяның медиа-жоспарларын әзірлеу және іске асыру;



15) Ассамблеяның қызметін ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу;

16) Ассамблеяның ағартушылық қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру, оқыту семинарлары мен тренингтер өткізу;

17) мемлекеттік этносаясат саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласын зерделеуді, олардың қазіргі заманғы жай-күйіне талдау жүргізуді, оларды дамытуды болжамдау және жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеуді ұйымдастыру;

18) мемлекеттік органдар мен ұйымдар өткізетін ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу;

19) Ассамблеяның этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы қызметінің мәселелері бойынша ғылыми, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық әдебиетті әзірлеуді ұйымдастыру;

20) ғылыми мақалалар, монографиялар, оқу құралдарды басып шығаруды және Ассамблеяның басқа баспа қызметін ұйымдастыру, Ассамблея қызметінің бағыттары бойынша басқа да ақпараттық материалдар шығару;

21) семинарлар, конференциялар және Ассамблея қызметінің бағыттары бойынша өзге іс-шараларды өткізу;

22) Ассамблеяның халықаралық ынтымақтастығын, оның халықаралық және басқа іс-шаралар жұмысына қатысуын ұйымдастыру;

23) Ассамблеяның мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту бойынша жұмысын ұйымдастыру;

24) Ассамблеяның ынтымақтастық туралы меморандумдары мен келісімдерін орындау шеңберінде жұмысты ұйымдастыру;

25) мемлекеттік органдармен, мемлекеттік емес ұйымдармен хат алмасуды жүргізу;

26) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін және Мекеменің жарғысына қайшы келмейтін өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру және мәмілелер жасасу.

Мекемеге жарғыда бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсаттарына сәйкес келмейтін қызметті, сондай-ақ мәмілелер жасасуды жүзеге асыруға тыйым салынады.

15. Мекеменің Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы, немесе басшының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі Уәкілетті органның немесе Әкімдіктің не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

16. Мекеме басшысының Мекеменің жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік әрі материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеліп соғады.


4. Мекемені басқару

17. Мекемені жалпы басқаруды Уәкілетті орган жүзеге асырады. Мекеменің жұмысын Хатшылық үйлестіреді.

18. Әкімдік заңнамамен белгіленген тәртіппен келесі функцияларды жүзеге асырады:

1) Мекемеге мүлікті бекітіп береді;

2) Мекемеге берілген немесе ол өзінің жеке шаруашылық қызметі нәтижесінде сатып алған мүліктерді алып қоюға немесе қайта бөлуге келісім береді;

3) Мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

19. Уәкілетті орган заңнамамен белгіленген тәртіппен келесі функцияларды жүзеге асырады:

1) Мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

2) Мекеме мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

3) Мекеменің басқару органдарының құрылымын, қалыптасу тәртібін және өкілеттік мерзімін, Мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін айқындайды;

4) Мекеменің құрылымын бекітеді;

5) Мекеменің жылдық қаржылық есептілігін бекітеді.

20. Мекеме басшысын (бұдан әрі – Басшы) Хатшылықтың ұсынымы бойынша Уәкілетті орган қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

21. Басшы Мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Уәкілетті органға тікелей бағынады, Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

22. Басшы Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дара басшылық қағидаттарында іс-қимыл жасайды және Мекеме қызметінің мәселелерін дербес шешеді.

23. Мекеме қызметін жүзеге асыру кезінде Басшы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1) Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Мекеменің мүддесін білдіреді;

3) шарттар жасасады;

4) сенімхаттар береді;

5) іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді оқу орталықтарында оқыту мен олардың біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша Мекеменің тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

6) банк шоттарын ашады;

7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрық шығарады және нұсқаулар береді;

8) Хатшылықпен келісім бойынша өз орынбасарларын және Мекеменің өзге басшы қызметкерлерін қызметке тағайындайды;

9) Мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Мекеме қызметкерлеріне ынталандыру шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;

11) өз орынбасарының (орынбасарларының) және Мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктері шеңберін айқындайды;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен және Уәкілетті органмен өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

5. Мекеме мүлкінің құралу тәртібі

24. Мекеме мүлкін құны заңды тұлғаның балансында көрсетілетін заңды тұлғаның активтері құрайды. Мекеменің мүлкі:

1) оған меншік иесі берген мүлік;

2) өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. Мекеменің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және өзіне қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

26. Мекеме қызметі облыстық бюджеттен қаржыландырылады.

27. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есептілік ұсынады.

28. Мекеме мен Әкімдік, Уәкілетті орган, Мекеме әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

29. Мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру мен ревизиялауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Уәкілетті орган жүзеге асырады.



6. Мекемедегі жұмыс режимі

30. Мекеменің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.



7. Мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен

толықтырулар енгізу тәртібі

31. Мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Атырау облысы әкімдігінің қаулысымен қабылданады.



32. Мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

8. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

33. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Әкімдік қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
жүктеу 74,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау