Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау қағидаларына
1-қосымша
«Бекітемін»
Атырау қаласы
Жалпы білім беретін №3
орта мектеп директоры
________ Ж.У.Сарсенғалиева
Бұйрық №442 21.07.2014 жыл
Атырау қаласы Жалпы білім беретін №3 орта мектебінде оқитын балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттама
Конкурсты ұйымдастырушы:
«Атырау қаласы " Жалпы білім беретін №3 орта мектеп»
Мекенжайы: Атырау қаласы, адмирал Лев Владимирский көшесі, №41. Индекс 060009
БИН 010440003037
Банк реквизиттері:
ИИК KZ31070103KSN1510000
БИК KKMFKZ2A
Банк: Атырау қаласы, Қазынашылық департаменті
Тел: 8(7122) 21-55-47, 21-13-42
Электрондық пошта gulzhaina_2011@list.ru
Мекеменің коды: 4641293
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі 464 - Аудан (облыстық маңызы бар қаланың) білім беру бөлімі»
Бағдарлама 003 – «Жалпы білім беруге оқыту»
Кіші бағдарлама 015 (жергілікті бюджет арқылы)
163 ерекшелігі – «Жалпыға ортақ міндетті орта білім беру қорының шығындары»
159 ерекшелігі - Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу
Байланыс телефоны: 8(7122) 21-55-47, 21-13-42 қабылдау бөлімі
Электрондық адрес: gulzhaina_2011@list.ru
Пошта адресі: индекс 060009, Атырау қаласы, адмирал Лев Владимирский көшесі, №41
«Атырау қаласы " Жалпы білім беретін №3 орта мектеп»
1. Жалпы ережелер
Орта білім беру ұйымында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) алушылардың жалпы саны 840 білім алушыны құрайды.
- Оның ішінде 40 аз қамтамасыз етілген отбасы балалары
Білім алушыларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға бюджет қаражаты есебінен бөлінетін сома 9584744,40 теңгені құрайды.
Бір білім алушыны тамақтандыру құны конкурсты ұйымдастырушы белгілеген құннан аспайды 180 теңге, әр оқушыға ҚҚС есебінсіз 160,71 тенге.
2. Осы конкурстық құжаттама мыналарды:
1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтерді алушылар санаттарының тізбесін;
2) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес техникалық тапсырманы;
3) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді;
4) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;
5) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес неғұрлым сапалы қызмет көрсетуді ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін критерийлер тізбесін қамтиды.
3. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін бюджет қаражаты есебінен бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді:
1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік нысанында енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |