«ЗАМАНДАСЫМ, СЫРЛАСЫМДЫ» ҚАЙТА ОҚЫҒАНДА
Адамның қолымен жасалған өнердің ішіндегі ең өміршеңі әдебиет десек, әдебиет жанрларының ішіндегі сан-салалы мол мүмкіншіліктерге ие, өмір болмысына артық бояу жақпай, шындық шеңберінде нақты да дәл суреттейтін очерк жанры десек қателеспеспіз. Қазақтың тарихын, әдебиеті мен мәдениеті, әдет-ғұрпы мен салт-санасын, тілі мен ділін қарапайым халыққа таныту мен насихаттауда очерктің атқарар рөлі айрықша. Очеркке қойылар талап – нысанасы дәл, мағлұматтары айқын, нақты өмірде болған оқиғалар тізбегінен тұратын, сол оқиғалар белгілі дәрежеде дәлірек бейнелетін, қатысушылары өмірде болған адамдар. Сонымен қатар очерк жанры бейнелі түрде елестете баяндайтын және бейнелі хабарлау функцияларын да атқарады. Очерктің өзге жанрлардан тағы бір ерекшелігі жиі өзгерістерге ұшырап, әр дәуірдің талабына сай бейімделіп отыратын қасиетке де ие. Очеркте де бейнелеу, көркемдеу құралдары кеңінен пайдаланылады, белгілі бір идеяны көркем де әсерлі етіп жеткізуде таптырмайтын құрал деуге болады. Очеркші туындысының пәрменді, жақсы болуы үшін әлеуметтік, мәдени, саяси қырағы болуымен қоса сол кезең ағымына сай тақырып таңдай білуі аз, жазылатын очерктің композициялық құрылымы, сюжеті, тілдік, стильдік құралдары үйлескен жағдайда ғана шығарма шеберлік шыңына көтеріледі. Академик М.Қаратаев очерк жанры туралы былай дейді: «Қазақ әдебиетімен бастан бірге жасасқан көркем публицистика әр кез өзінің елгезек, ұшқыр, алғыр, өскелең жанр екенін танытты. Мұның түп тамыры алыста, туысқан орыс әдебиетімен ұштасып, жалғасып жатыр. Очерк пен публицистика қай кезде болмасын әдебиеттің алғы шептегі барлаушысы, тыңнан жол салатын, жаңа тақырыптардың көзін ашатын жаңашыл жасағы, жауынгер құралы. Әдетте жақсы, көркем очерктердің құятын үлкен арнасы – үлкен проза» [72,10-б]. Академик З.Қабдолов: «Шағын эпостың әңгімеге жақын тұрған бір түрі – очерк. Бұл да қысқа көлемді шығарма. Мұнда да үлкен шындықтың кішкене бір бөлігі, өмірінің аздаған эпизоды нәрлі тілмен әртүрлі суреттер арқылы шебер тартымды бейнеленуі тиіс» [73,322-б],- дейді.
Өмірмен ілісіп отыратын очерк жанры 1970 жылдары да дәуір туғызған жаңалықтарды, жақсы адамдарды ел-жұртқа таныстыру мақсатында көп міндеттер атқарды. Сол кезеңдегі қазақ очеркінің басты мақсаттарының бірі – алып істер мен елеулі оқиғаларды дер кезінде өз оқырманына жеткізіп, жаңа қырынан көрсету болды. 1970 жылдары көптеген қазақ жазушылары очерк жанрында қалам сілтеп, сол кезең адамдарының рухани жан дүниесі, бүкіл болмыс-бтімі, ой-өресін осы очерктер арқылы танытуға талпыныс жасады. Бұл бір жағынан сол очеркшілердің қоғамдық-әлеуметтік, әдеби-эстетикалық көзқарастарын кеңінен танытса, екіншіден, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге септігін тигізіп отырды.
Қазақ әдебиетіне «Дулыға» сияқты көлемді тарихи әфсаналар берген, көркем сөздің көрнекті өкілі, жазушы - ғалым Тұрсын Жұртбай өзінің алғашқы туындыларын, кейбір ой-толғаныстарын публицистикалық стильмен жазып, 1977 жылы «Замандасым, сырласым» [74] деген атпен «Қайнар» баспасынан очерктер жинағын шығарған. Осы кезеңде қазақ басылымдарында Тұрсын Жұртбайдың ондаған очерктері жарық көріп, өмірдің қайнаған ортасында жүрген очеркші еңбек адамдары, құрбы-замандастары жайлы жаза отырып, қызықты факті, ісі мен мінезі оқшау жандарды өз шығармаларына арқау етеді.
Автордың «Шұғылалы Шыңғыстың баурайында» очерктер циклының тақырып өресі кең, оқиғалары шындық өмірден алынған, образдары қонымды, өміршең шыққан. «Құрыштай шыныққан азаматта» жастайынан әке-шешесінен айрылып, ерте еңбекке араласқан, үзілген үмітінің жалғануы қалада да оңайға соқпаған Ыбырайымды кейіннен ағасы Түсіпхан ауылға алып кетеді. Ағайындар қол ұстасып, туған жеріне оралып, бірге еңбек жолын бастайды. Елге бірге қайтқан ағайындар татулығы мен еңбекқорлығы арқысында тіршіліктері түзелген бауырлардың тірлігі шын өмірдің мән-маңызын ашып бергендей әсер етеді. Ой соңына ілесіп кеткен сәтте малдары бытырап жайылып, басын қоса алмай әлекке түсіп жүргенде жолшыбай бір қызға жолыққаны да қызықты әңгімеленіп, кейіпкерінің болашақ жарымен алғаш кездесу сәтін қаламгер былай суреттейді:
«- Малды атпен емес, ақылмен бағу керек. Әлі үйреніп кетесіз. Мен мынау ауылда тұрамын. «Қызылшоқы» деп атайды. Дүкеннен сәлем-сауқат әкеле жатырмын. Жолда ойқастаған Сізді көріп... Сөзінің арғы жағын жұтып қойды» [74,7-б],- дей келе, Ыбырайымның жүрегіне шоқ тастап кеткен қыз таудың қойнауындағы сол бір қыстауға жиі көз тастайтын жағдайға жеткізеді.
Жазушы енді араға біраз жылдар салғаннан кейінгі Ыбырайымның жай-күйін былай бедерлейді:
«Арада өткен жылдар, ызғарлы қыс, аптапты жаз, төгілген тер, жинақталған тәжірбие Ыбырайымның мінезіне де үлкен өзгерістер енгізді. Жалынды жастығы, ұшқыр ойы байсалды тартып, сабырлылыққа ауысты. Байыппен қарап, әрбір нәрсені саралай білуге үйретті. Ол үшін бұл жылдар текке кеткен жоқ. Табандылығы мен еңбек сүйгіштігінің нәтижесінде құрметке бөлене білді. Қарауындағы малдың бәрін аман сақтап, шығынға ұшыратпады. ... Жұрт ағайынды Тәтіхановтарға сыйлы жанармен қарап, сыпайылық танытты. Жеке басы үшін қуанышты жай: оның шынайы махаббаты болған Нүкенмен көңіл жарасып, отау тігуі болатын. Кешегі тентек жігіт бақыт құшағына бөленіп, шұрайлы өмірдің шырынды дәмін татты» [74,8-б],- деп қиындық пен тартыста бірте-бірте келген атақ пен даңқтың маңдай терінің өтеуі екенін Ыбырайым жақсы түсінген бейнесі, әдеби портреті сәтті ашылған. Өмірдегі Ыбырайым мен очерктегі Ыбырайымда үндестік бар және кейіпкер басынан кешкен өмір оқиғалары сыналап кіргізілуі арқылы сол кезең адамдарының характері, іс-әрекеті, мақсат-мүддесі түгелімен көз алдымызға елестеуімен құнды. Бұл тек қана қойшы Ыбырайымның ғана емес, өмір тауқыметін бастан кешкен, еңбек майданында бел шешіп, ауырлықтарды ақылмен, еңбекпен жеңген типтік бейне дәрежесіне көтерілген жазушы замандасының бейнесі деп қабылдауымыз керек.
Очеркшінің «Өмір деген тамаша ғой, бауырым» шығармасы он екі жасында жетім қалған Нұрғазы Райбаев өмірінің сырларына толы. «Нұрғазы Райбаев болып тас қалап, кірпіш құйғалы қашан... Бала жасынан басына су құйып, әдеттенген шаруа ғой. Соңғы он шақты жылда қаншама қыстақтың негізін қалап, ескісін жөндеп, шопандардың алғысына бөленді десеңші. Талай-талай мерекелік сыйлықтарға ие болды. Ол «Қызылту» совхозының 3-бөлімшесіндегі құрылысшылардың топ бастығы, өзіне тән абыройы, өзі тақылеттес күн көріс кәсібі бар» [74,45-б]. Бұл өз еңбегінен бақытын тапқан ұрпақтың өмірі. Құрылысшы Нұрғазы арқылы еңбек адамының бейнесін шебер жасап қана қоймайды, өз ісіне шын берілген қарапайым жандардың мінез-құлқы, іс-әрекетінен бұл очеркінде жазушы жантануға көп көңіл бөледі. «Ағаңның мінезі өзіңе аян ғой, қайным» деген жеңешесінің сөзін эпилог ретінде беруінің өзі жантанудың алғышарттары.
Т.Жұртбай өз очерктерінде адам мен табиғатты қабыстыра суреттеп, түрлі көңіл-күй мен табиғат тылсымдарын салыстыра, қатарластыра бейнелеген тұстарына тәнті боласың. Әсіресе, жарынан айрылған әке, анасынан айырылған баланың сол сәттегі күйі мен қатал табиғат суреттері реалистік, психологиялық үндестікпен өріледі.
«Суық боран аш қасқырдай ұлып тұрды. Оған қоса қырық тоғыз жыл жібектей желегін жайған бір өмір, аяулы өмір, ана өмірі өзінің ақырғы әнін күңірене әлсіз, бірақ ұзақ созып шертті. Боран кілт ышқына ішегін ішіне тартқанда, ән де үзіліп кетті... Әкем бетін басты, бір түйір тамшы бетін тарамдай келіп, шоқша сақалының ұшында дірілдеп тұрды да, тырс ете түсті. Жерге емес, тізесіне басын салып отырған менің уыз алақаныма түсті... Ұзақ қарап тұрдым. Ол кезде не ойлағынымды кім білсін» [74,7-б],- суық боранда ана өмірінің үзілуі тура табиғи қалпында, орны толмас қайғылы сәттер сезім-күй ассоциациялары табиғат толғаныстарымен жалғасып кетеді. Суық боранның аш қасқырдай ұлуы, боранның кілт ышқына ішегін ішіне тартуы кейіпкердің ішкі сезімінің реңктерінің дәлдігі, сипаттаулардың үзілмей дамып отыруы, көз алдындағы құбылысты кейіптеу арқылы бере білуі очерктің көркемдік деңгейінің жоғарылығын айғақтаса керек. Шығармадағы табиғат суреттері жазушының жан әлемімен бірлікте, ішкі толғаныстарымен сабақтас және табиғат пен адамның терең байланысын шебер пайымдаумен жасалған. Жоғарыдағы очерктің соңындағы табиғат суреттері де адамның өзіндей тыныстап, ойлап, қуанып, құлшынады. «...Күн нұры ұясынан ақтарылып төгіліп, сары теңіздей теңселіп тұрған Сарыарқаның адыры ісек қойдай теңкиіп-теңкиіп жатыр... Айнала сарғыш тартқан. Артқа шаңды бұрқ-бұрқ еткізіп, ағайым мотоциклін ағызып келеді. Қуанышын көрсеңші! Күлгені не деген ұнасымды.
Мотоциклдің газын басып, есіп-есіп жібереді, тіпті. Бағана автобустан түскенімде де күле берген еді-ау» [74,31-б]. Т.Жұртбай очерктеріндегі табиғатты бейнелеу өнері кейінгі шығармаларында да зор дәстүр салғанын байқау қиын емес. Бұл табиғат суреттері жазушының ішкі толқыныстары мен сезімдік ойларын ашу үстінде ұтымды қызмет атқарып қана қоймай, көркемдік жағынан да эстетикалық жағынан да образдық құралға айналған.
Тұрсын Жұртбайдың «Сен мені түсінбейсің...» лирикалық очеркінде сан-қилы көңіл күй мен дала бейнесі қатарласа отырып, естелік жинақтау арқылы жазылған. Досы Қадырбайдың Алқын деген қызға ғашық болып, жиһанның ардағын, дүниенің асылын осы қызға теңеген жас жігіттің жүрек лүпілдері тамаша табиғат суреттерімен астастырылған. Кейіпкерлердің тілдесу сәттері хабарламалық сипатта болғанымен, жас ғашықтың көңіл-күй, мінез құлқынан да елес береді және диалогтарды өмірдегідей қалпында емес, табиғат әлемі Қадырбай жан әлемімен бірлікте көрінеді. Бір сыныпта оқыған қызға ғашық болған жас жігіт қыз жүрегіне жүгіне алмай, әскерге өзі сұранып аттанады. Диалог түріндегі кейіпкер мен жазушы арасындағы сөздерде терең сабақтастық бар. Әскерден келген соң досымен қайта кездескен Қадырбайдың сезімі өзгермей, бұрынғыдан да беки түседі. Оны очеркші былай суреттейді:
«Міне ол көгалда жатыр. Үйреншікті мақамы.
Маған ұмыт дейсің бе? Сол үшін не іске де тәуекел едім ғой...
Ұмыт дейсің бе, - деді. Самал есіп тұр. Ұмыт дейсің бе,- деді. Самал
есіп тұр. Шалғындар шайқалып, құрақтар сыбдырлайды.
- Иә,- дедім, иә. «Жаңадан бастауың керек. Ауылда одан да сұлу,
одан да қылықты қыздар көп қой. Анау Сәулені алсаңшы. Иненің көзінен өткендей емес пе? Самал тына қалды. Сары масаның ызыңы естілді.
Ол:
Сен мені түсінбейсің,- деді орнынан тұрып бара жатып. Самал қайта
есті. Шалғындар аяғын орап, тракторына тақай берді. Қамыс сыбдыры «Сен мені түсінбейсің...» - деп тұрғандай. «Сен мені түсінбейсің». Мүмкін досым. Араға жылдар ізін салған шығар. Бірақ мынау көк шалғындағы салған жолыңдай махаббатта да өзгеге ұқсамас өз ізің бар» [74,7-б]. Жанға жайлы жаз кескіні қандай әсем болса, адам психологиясындағы махаббат тұрақтылығы да жанданып, басқа қыз туралы айтқанда табиғат кілт өзгеріп, самалдың тына қалуы, сары масаның ызыңы естілуі кейіпкер басындағы көңіл-күй пернелерімен астасып, нәзік философиялық тұжырыммен көрінеді. Бұл жердегі жазушы пейзажы психологиялық та характерологиялық міндет атқарып тұр. Қамыс сыбдырының өзі «Сен түсінбейсің» деп тұрғаны жазушы көңіл-күйіндегі мол тебіреністен туып, Қадырбайдың сезім-күй ассоциациялары табиғатпен егіз елестеп, очеркшінің ойлау мен қиялдауына қанат байлайды.
Тұрсын Жұрбай очерктерінде ауыл адамының бейнесін жасау, ел, ауыл тұрмысындағы проблемаларды көрсетуде де өзіндік ерекше жол тапқан. Әсіресе өмірге үңіле, өзі ұнатқан құбылыстарды безендіріп, шындық болмысты көркемдік бояулармен құбылтып, ажарлап суреттейді. Ерлік пен намысты, күрес пен жеңісті сипаттайтын очерктерінің қай-қайсысында болмасын өз замандастарының өнегелі істерін, мінез-құлқын, тұрмысын, жанын жан-жақты бейнелеуді очеркші көздеп отырады. «Қашағанды құтқармай, асауменен алысқан» очеркіндегі өмір бойы жылқышы таяғын ұстап, қызығы мен қиындығы мол еңбектің иесі болған Абылқақтың қашағанға құрық салған атақты жылқышы болғанға дейін талай сыннан өткенін шыншылдықпен бейнелеген. «Алғаш құрық ұстаған кезі. Күн ашық болатын. Ұзақ күнге шыдамы жетпеді. Қасындағы серігі екеуі табынның екі жағында жүрді. Түн ортасы ауа ұйқы меңдеп, көзі іліне берді. Әйтеуір қалғып-мүлгіп жүрген. Бір кезде қатты шыққан дауыстан селк ете түсті. Көзін ашса, қардың үстінде жатыр. Бір аяғы үзеңгіде. Ал серігі оны оятып жүр. Сөйтсе, қалғып жүріп, ұйықтап кетіпті де, қарға құлап түсіпті. Жылқышының сан түрлі құқайын көрген аты тырп етпепті. Қазір де сол бір балаң кезі көз алдынан өтті. Өмір де ағын су сияқты екен ғой. Бір тыным жоқ. Алға қарай заулай бересің» [74,32-б]. Очерктегі Абылқақ бейнесі оның еңбегі арқылы ашыла отырып, оның асаумен алысып, қашағанға құрық салған өз ісіне берілген азамат ретінде көрінуі, қазақ халқының психологиялық ой-санасына сіңген салт-дәстүрлерді жетік меңгеруі очеркші кейіпкерінің мерейін үстем етеді. «Туған жерге туың тік» очеркіндегі Аманқұл Бердімұратов, «Дән туралы жырдағы» Амангелді Ботанбеков, «Арман аясындағы» Тұрсынақын сияқты ауыл адамдарының еңбегі суреттеле отырып, қоғамдық, әлеуметтік маңызы бар мәселелер көтереді және осы кейіпкерлер арқылы қарапайым еңбек адамының арман-тілектері, жасампаз өмір адамдарының образы толыққанды жасалады.
«Қос майданның ардагерлері» очеркі соғыс тақырыбына арналған. Соғыста ерлік көрсетіп, еңбекте елдің алды болған үш жауынгер жайындағы бұл очеркінде автор соғыс қана емес еңбек майданында да көзге түскен батырларды жастарға үлгі ретінде танытады. Сталинград, Кишинев, Бухарест, Будапешт, Прага, Кинисберг қалаларын жаудан азат етуге қатысқан, бес жыл оқ пен оттың ортасында жүрген Әділ Қожалымов, Әуесқан ақсақал, Мүшір Тұрысбеков қариялардың қиын-қыстауға толы өмірлері әрі тартымды, тағылымды, әрі нанымды суреттелген. Очерктің сюжеттік композициясында тыл өмірі мен майдан өміріндегі қиын-қыстау кезеңдер сипатталған. Т.Жұртбайдың «Қажырлы да қайратты Қабай» очеркіндегі Қабай Ізбасаровтың портреті былай суреттеледі: «Онда ол жас жүрегі асау тайдай тулаған, тұла бойы отты жігерге толы 21 жасар жігіт болатын. Нағыз тепсе темір үзетін шағы-тын. Ақ құрықты білегіне айқара асқан жылқышы еді. Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу үшін 1939 жылы әскер қатарына алынды. Алғашқы дайындықтан өтіп жатқанда финдер шекараны бұзды. Жас жауынгер сонда аттанып, бес күн бойы шабуылға қатысты» [74,105-б],- дей келе кейіннен Г.К.Жуковтың алғысына ие болғанын, мергендігімен көзге түскенін нанымды әрі көркем баяндап, Қабай қарттың өмірі мен майдандастарының өмірі де ерлік пен күреске толы болғанын, талай-талай шайқастарға қатысып қана қоймай, кейіннен бейбіт өмірде де бақташы, жылқышы болып еңбек етуі қызғылықты жазылады. Бұдан автордың кейіпкер ісімен, тағдырымен жете таныс болып, оны шын түсініп барып тәуір образ шығарғанын көреміз. Очеркші Қабайды өмірдің барлық саласында басқаларға үлгі-өнеге, бұқараға жақын, қиынды жеңуге бастайтын, игі істерді іле қостайтын қасиеттерін жинақтай келіп, абзал адамның бейнесін жасап шыққан. Қабай Ізбасаров өмірдегі өз қалпында, өз іс-әрекетімен көріне отырып, өзінің шынайы сөзін ғана айта алған.
Тұрсын Жұртбайдың «Замандасым, сырласым» очерктер жинағы болсын, басқа мерзімді басылымдарда жарияланған очерктерінің тақырыптары болсын әр алуан. Онда ауыл адамдарының өмірі, шопан тірлігі, балықшының келбеті, соғыс ардагерінің ерліктері шынайы өрнектеліп қана қоймай жазушы қай тақырыпқа қалам тербесе де өзі сол ортаның ішінде жүріп, жанымен түсініп барып жазғанына куә боламыз. Автор адамның жан-дүниесін, рухани сезімдерін, көңіл күйін дөп басып, зерттеп барып жазуға дағдыланған. Қорыта айтқанда, Тұрсын Жұртбай өз очерктерінде өмірдің қай саласын алса да көтерген тақырыбының салмағын жете түсініп, көркемдік бояуын құбылтып, шындықты танытуда адам образдарының даралығымен екшеп, өмірді тереңінен танытуды көздейтін очеркші десек артық болмас.
Үшінші бөлім әдебиеттері:
Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы: Жалын, 1991.
Қазақ газетi. Құрастырушылар: Субханбердина.Ү., Дәуiтов.С., Сақов.Қ. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998.
Байменшин.С. Журналистиканың жанрлары. – Алматы: Алатау, 1997.
Ыдырысов.Т. Шабыт қайнары. – Алматы: Жазушы, 1975.
Бөкейханов. Ә. Шығармалар. – Алматы: Қазақстан, 1994.
Жүсiпов С. Ә. Бөкейханның өмiрi мен әдеби-публицистикалық мұрасы. Филология ғылымының кандидаты дәрежесiн алу үшiн дайындалған диссертацияның авторефераты. – Алматы: ҚазМУ, 1995.
Мүсірепов Ғ. Суреткер парызы. - Алматы. Жазушы, 1970.
Бұлқышев Б. Заман біздікі. – Алматы: Жалын, 1990.
Сатыбалдин Қ. Таңдамалы шығармалар. 4-том. – Алматы: Жазушы, 1975.
Мұстафин Ғ. Ой әуендері (Очерктер мен әңгімелер). 5-том. –Алматы: Жазушы, 1984.
Сәтбаева Ш. Индустрияландыру тақырыбы Қазақстан прозасында // Әдебиет және искусство. 1954. №8.
Шәймерденов С. Қуаныш. // Әдебиет және искусство. 1953. №11.
Жұртбаев Т. Замандасым, сырласым: [Очерктер]. – Алматы: - Қайнар. – 1977. – 110-б.
Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы. Жазушы, 1989. - 320-б.
Даль В. Толковый словарь. Т.Ш. – Москва.: Государственное издательство иностранных и национальных словарей., 1956. – С.535.
Амандосов Т.С.Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. – Алматы. Мектеп, 1978. -273-б.
Қожакеев. Т.Жас тілшілер серігі. – Алматы. Рауан, 1981. -224-б.
Ыдырысов Т. Шеберлік бастауы. – Алматы. – Мектеп, 1984. -191-б.
Көпішев Ә. Жас ұрпақ өмірінің жаршысы. // Жетісу. 1995. 5 наурыз.
Әуезов М. Менің талабымды оятқанның бірі «Пионер» журналы. // Пионер. 1946. №2. 11-бет.
Нұртазин М. Ізгіліктің ізіндей. // Пионер. 1956. №1. 8-бет.
Дайырбеков С. Арман. – Алматы. Мектеп. 1950.
Ахметова Н. Рухани қазына. // Пионер. 1946. №3. 5-бет.
Әуезов М. «Пионер» журналына. // Пионер. 1946. №1. 5-бет.
Б.Майлин Жолаушы Мырқымбай // Пионер. 1925. №2-3.
Сәтбаев Қ. «Пионер» журналына. // Пионер. 1946. №1. 5-бет.
Мұқанов С. «Пионер» журналына. // Пионер. 1946. №1. 5-бет.
Қирабаев С. Үлкен мұрат ұстанған. // Пионер. 1950. №6. 8-бет.
Ыдырысов Р. Жас ұрпақтың сүйікті журналы. // Білім және еңбек. 1985. №1.
Чернышевский Н. Шығармаларының толық жинағы. ІҮ том. М.: 1948.
Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Алматы.: Жазушы, 1981.
М.Әуезовке. Алпыс жылға арналған мақалалар жинағы. Алматы.: Қазақ ССР Ғылым Академиясының баспасы, 1959.
Қабдолов З. Арна. Алматы.: Жазушы, 1988.
Қожакеев Т. Жас тілшілер серігі. Алматы.: Рауан, 1991.
М.Әуезовтің әдеби-мемориалдық музейінің архиві. №476 іс-қағазы.
Горохов В.М. Основы журналистского мастерсво. М.: Высшая школа, 1989.
Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. Алматы: Жазушы, 1978.
Арыстанов Ж. Естен кетпес есімдер. Алматы.: “Мектеп”, 1972.
39. Қожакеев Т. Тегеурінді журналист// “Өркен” газеті, 1993 жыл, 2 қаңтар
40. Әлмешов Ж. Нәзір Төреқұлұлы. Алматы.: “Жеті жарғы”, 1996.
41. Ыдырысов Т. Шеберлік бастауы. Алматы.: “Мектеп”, 1984.
42. Глушков Н.И. Очерк в русской литературе. – Ростов.: - Издательство Ростовского университета. 1966.
43. Балтабаева Г. Оралхан Бөкей шығармаларындағы әлеуметтік және көркем шындық мәселесі. «Академик З.Ахметовтің ғылыми мұрасы және қазақ әдебиеттану мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Алматы: Үш қиян. 2003.
44. Әшімханұлы Д. Самырсын сазы. – Астана: Елорда, 2000.
Хамзин М. Қазақ публицистикасы және Оралхан Бөкейдің көркемдік әлемі. «Жоғары оқу орындары жүйесінде журналист даярлау мәселелері». Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Қарағанды, 2004.
Бөкей О. Өнерге өлердей-ақ ғашық едім. – Алматы: Санат, 1995.
Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары. –Астана: Елорда, 2001.
Мұртазаев Ш. Не жетпейді? Алматы., Жазушы, 1990.
Глушков Н.И. Очерк в русской литературе. – Ростов.: - Издательство Ростовского университета. 1966.
Жұмабек С. Сын әуені (Әдеби ой-толғаныстар). - Астана: Елорда, 2001.
Кекілбаев Ә. Заманмен сұхбат. – Алматы: Жазушы, 1996.
Темирболатова А.Б. Пространство и время в романе А.Кекильбаева «Конец легенды». «Академик З.Ахметовтің ғылыми мұрасы және қазақ әдебиеттану мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Алматы: Үш қиян, 2003.
Кекілбаев Ә. Ұйқыдағы арудың оянуы. – Алматы: Қазақстан, 1979.
Майтанов Б. Лиризм – стильдік құбылыс. Көркемдік кілті – шеберлік. – Алматы: Ғылым, 1985.
Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. – Алматы: Білім, 2004.
Амандосов Т.С. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. – Алматы: Мектеп, 1978.
Нұрғалиев Р. Дән. – Алматы: Жалын, 1977.
Аупбаев Ж. Жүректің сөзі - өмірдің өзі. // Білім және еңбек. 1978. №11.
Жұртбаев Т. Жүрекке тұнған сыр. // Еңбек туы. 1978. 6 қыркүйек.
Нұршайықов Ә. Деректі кітап дидары. // Қазақ әдебиеті. 1978. 31 наурыз.
Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедия. І том. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы. 1989.
Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы: Рауан, 1998.
Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Қазақстан, 1999.
Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья мен неке. – Алматы: Ғылым, 1973.
Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы: Қазақстан, 1969.
Бабалықов Ж., Тұрдыбаев А. Қырандар. – Алматы: Қайнар,
Ысқақов М. Халық календары. – Алматы: Қазақстан, 1980.
Әбішев Х. Аспан сыры. – Алматы: Қазақстан, 1966.
Қасиманов С. Қазақтың ұлттық тағамдары. – Алматы: Қайнар, 1977.
Арғынбаев Х.. Қазақтың мал шаруашылығы жайындағы этнографиялық очерк. – Алматы: Ғылым, 1969.
Сейдімбек. А. Аққыз. – Алматы: - Жазушы, 1991.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. Екінші кітап. – Алматы: Жазушы, 1974.
Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері. – Алматы: Мектеп, 1970.
Жұртбаев Т. Замандасым, сырласым: [Очерктер]. – Алматы: - Қайнар. – 1977. – 110-б.
І бөлімнің бақылау тапсырмалары
№1 тапсырма. Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы туралы түсінік. Дәстүр мен мектеп жалғастығының шешендік өнердегі орны.
№2 тапсырма. Байсерке Түгелұлының шығармаларындағы турашылдық, әділдік, халықшылдықтың мәні. Абыз сөздерінің түр, мазмұн, тақырып жағынан әрқырлылығы.
№3 тапсырма. Тоқсан Жабайұлының мұрасын жинаушылар. Тоқсан би шығармаларындағы ел әдебиеті өкілдеріне тән сарын. Адамгершілік, құлық мәселелерінің көтерілуі.
№4 тапсырма. Бапан бидің шешендік сөздеріндегі тапқырлық. Би ақылының мейлінше тереңдігін танытатын сөздеріндегі дала тәртібінің бұлжымас қағидасы.
№5 тапсырма. Саққұлақ шешеннің әдеби мұрасы. Әдеп, құлық мәселесін қозғаған сөздеріндегі шындық. Саққұлақтың өз тұсында өмір сүрген атақты адамдармен кездесуі.
№6 тапсырма. Домақтың шешендігі. Шешен толғауларының тілінің көркемдігі. Қазақ халқының тарихын суреттеуі. Дін туралы, дінді басқарып отырған адамдарды сынауы.
№7 тапсырма. Шешендік өнердің өзіндік ерекшеліктері. Талант. Шабыт. Шығарғыштық. Ақындық өнердің ауыз әдебиетімен байланысы. Тарихи шындық, адам, қоғам, табиғат.
№8 тапсырма. Бектұр Батырқожаұлының шығармашылығы. «Ал, тыңда, ағайын!», «Аңсаған екен дауысын», «Мінезі кей жігіттің шал секілді» т.б. шығармаларының көркемдігі. «Тілеуберді батыр» дастаны.
№9 тапсырма. Олжабай шығармаларындағы заман мен уақыттың көрінісі. Ақын шығармаларының сақталуы. Ақын туған жерінің өлеңдеріндегі көрінісі. «Абылай қалай хан болған?» тарихи дастаны.
№10 тақырып. «Ермек» қиссасының «Еңлік-Кебек» жырымен байланысы. Қиссаның сақталу тарихы. Қиссадағы өмір шындығының суреттелуі.
ІІ бөлімнің бақылау тапсырмалары
№1 тапсырма. Қазіргі кезде көркем әдебиеттегі поэтика мәселесін зерттеу, қарастыру әдебиеттану ғылымының аса маңызды құрамдас бөліктері. Қазақ романдарының көркемдік құрылымын жан-жақты қарастырудың мәні.
№2 тапсырма. С.Адамбеков тұңғыш сатиралық романында қазақ ауылындағы келеңсіз жағдайларды қатаң сынап, оның зиянды зардаптарын ашына суреттеген жазушы. Романның басты кейіпкерлері. Сюжет пен композиция.
№3 тапсырма. Қ.Толыбаевтың “Әсет” романы. Романдағы Әсет Найманбаев туғаннан қайтыс болғанға дейінгі өмірінің суреттелуі.
№4 тапсырма. Өтебай Қанахиннің “Дәмелі” романы. Дәмелі, Медіғали, Кузнецова Вера Васильевна, Жүніс, Дәмір, Бағдагүл, Дүйсенбек, Рабиға Шынтасова, Асылбектер бейнесі. Романдағы Дәмелі Сәрсенбина тағдыры. Ұлы Отан соғысы кезінде қазақ елінде болған оқиғалар, сол кездегі әйелдер басындағы жайттардың шынайы бейнеленуі.
№5 тапсырма. Е.Домбаевтың «Жаман Жәутік» романы. Жазушының сол замандағы қазақ халқының өмірін суреттеуде елдің наным-сенім, көңіл-күй пернелеріне аса мән беруі. Автордың Жантуар отауындағы Паңгерей, Смағұл, Бағила, Зағида, Нұралы әулетіндегі Күміс, Дүйсебай, Балзиялар, кедей қойшы Жәутік, жесір, он балалы Қатираларға дейін жіті назар сала, арнайы тоқталып, әрбір әрекет үстіндегі істерінің түп-тамырын табуға, осы образдардың толыққанды сипатын ашуға күш салудағы шеберлігі.
№6 тапсырма. Сапарғали Бегалиннің «Замана белестері» романы. Жазушының қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, сақтау, бағалау жөнінде жемісті қызметтері. Автордың әдеби-ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып, И.Байзақов, Д.Әлімбаев, Ш.Қошқарбаев, Қ.Терібаев, Т.Көлтіков сияқты халық ақындарының шығармаларын сұрыптап бастырып, олардың өмірбаяндарын алғаш жазуы.
№7 тапсырма. Бексұлтан Нұржекеевтің “Күтумен кешкен ғұмыр” романы. Бұл шығармадағы қазақ халқының өткен өмір шындығы, ХХ ғасыр басындағы қазақтың рухани тынысы. Романдағы өнер адамдарының өзара қарым-қатынасы, жастарды өнерге баулудағы ақын-әншілердің рөлі.
№8 тапсырма. Ұзақбай Доспанбетовтің “Қызыл жолбарыс” романы. Бұл роман қазақ халқының тарихындағы елеулі оқиғалар мен құбылыстарды арқау етуі. Шығармада белгілі бір кезең, дәуір тағдырын таныта отырып жазушы тарихи-әлеуметтік құбылыстарды, тарихи кезеңнің әлеуметтік даралығы, шығармашылық фантазиямен пішіліп, сәтті жасауы. Шығармадағы қазақтың билері, шешендері, ақындары, батырлары. Қазақтың белгілі биі Ескелді, Қабан жырау, Сатай батыр, Қодар би, Жолбарыс хан, Дербісәлі, Балпық, Кәсенсары, Малай батыр, Есенбай хан, Дубек, Байбек, Хангелді т.б.
№9 тапсырма. Сара Мыңжасарованың «Төзім шеңбері» романы. Ондағы ауыл адамдарының бір-біріне деген шынайы қарым-қатынасы, туыстық сезімі. «Төзім шеңбері» романының қаһарманының алдағы тағдыры, кейінгі қалін топшылауды автор оқырманның үлесіне қалдыруы.
№10 тақырып. Оразбек Сәрсенбайдың “Шеңбер” романындағы көтерілген қазақ қауымы ортасындағы әлеуметтік-психологиялық проблемалары. Бұл шығармада адамгершілік проблемасының жан-жақты көтерілуі. Тоқтарбай, Шерәлі, Аппақ, ЖәҺилов, Мүбәрәк т.б. адамгершілік әлемінің, рухани қуатынының, психологиялық болмысының пәрменді суреттелуі.
Ш бөлімнің бақылау тапсырмалары
№1 тапсырма. Публицистиканың төл сипаты, мағынасы. Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» кітабында публицистиканы «көсем сөз», очерк жанрын «әуезе» деп атауы. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары.
№2 тапсырма. “Қазақ” газетінің 1913-1918 жылдар аралығында шыққан 265 нөмірі. Ахмет Байтұрсынов. “Қазақ” газетінде М.Дулатов пен А.Байтұрсыновтың қазақ әдебиеті, мәдениеті, тарихы, экономикасы, әдет-ғұрпы, заңдары туралы еңбектері.
№3 тапсырма. “Қазақ” газетіндегі Ә.Бөкейхановтың екі жүзге жуық мақаласы. Очерктері қазақ елінің жері, отырықшы болуы, патша үкіметінің қазақ еліне жүргізіп отырған саясаты, сот, әкімшілік туралы бай мағлұматтар беруінің маңызы.
№4 тапсырма. Жазушылардың майдан, тыл батырларын көркем публицистиканың арқауы етуі. “Социалистік Қазақстан”, “Лениншіл жас” басылымдарында ақын-жазушылардың очерктері. Әскери очерк жанрының қалыптасуы. Ә.Сәрсенбаев, Ж.Молдағалиев, Қ.Әбдіқадыров, С.Сейітов, С.Омаров, Д.Әбілов, А.Лекеров, Ж.Жұмақанов, Ә.Нұршайықов, А.Тоқмағамбетов, Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, Б.Бұлқышев, Қ.Аманжолов т.б. ұрыс шебінде жүріп, көрген-білгендерін реалистік тұрғыда, патриоттық сезімге толы туындылар беруі. Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, А.Тоқмағамбетов, Ә.Әбішев, Ғ.Сланов, Ә.Тәжібаев, Ғ.Орманов, М.Иманжановтар әскери публицистикаға ойысып, қан майдандағы жауынгерлердің батырлығы қарапайым халыққа өнеге етіліп, ел-жұртты сын сағатта бірігуге шақыруы.
№5 тапсырма. Қазіргі балалар баспасөзі. Балалар баспасөзі қазақ публицистикасының бір бөлшегі.
№6 тапсырма. М.Әуезовтің публицистикасы. Жолсапар, проблемалық, портретті, оқиғалы очерктерінің мәні мен маңызы. М.Әуезовтің «Индия очерктері». «Индия очерктеріндегі» жаңалық, сонылық.
№7 тапсырма. Нәзір Төреқұловтың публицистикалық мұрасы. Нәзір Төреқұлов неше алуан саяси, ғылыми мақалалармен қатар очерктер, памфлеттер, әдеби сын мен фельетондар, әртүрлі маңызды хабарлар жазуы.
№8 тапсырма. Б.Кенжебаев қазақ журналистикасындағы орны. 1923 жылдан бастап «Жас қайрат», «Жас қазақ» журналдары мен «Ақ жол» газеті, «Дархан» (Өзбекстанда шыққан) өзбек тіліндегі газеттерде хабар-ошар жариялаудан бастауы. 1929 жылы Павлодар облыстық «Кеңес туы» газетіне, 1932 «Оңтүстік Қазақстан» газетінің алғашқы редакторы, ұйымдастырушы ретіндегі журналистика тарихындағы өзіндік орны.
№9 тапсырма. Оралхан Бөкейдің публицистикалық мұрасы. Көркем очерктерінде «Адам атын үлкен әріппен жазып», сол Адамның ойы мен сезімін шын образға айналдырудағы шеберлігі.
№10 тапсырма. Шерхан Мұртазаның шығармашылық пен қайраткерлік жолы. Қазақ журналистикасындағы ел өмірі, ұлт тағдыры, тұрмыс-тіршілігі туралы көркем публицистикасы. “Алғашқы қадамы” 1958 жылы “Құрылысшы Дәку”, “Не жетпейді?” атты очерктер жинағы.
Тест тапсырмалары
І нұсқа
Қазақтың үш биін ата
А) Майқы, Төле, Бапан
Ә) Саққұлақ, Бұқар, Бектұр
Б) Төле, Қазбек, Әйтеке
В) Тоқсан, Байсерке, Қара
Г) Бөлтірік, Жиренше, Тұраналы
2. 1917 жылға дейінгі әдебиетті екі кезеңге: билер дәуірі, орыс патшасына
бағынған дәуір»,- деп бөлген кім?
А) С.Сейфуллин
Ә) М.Әуезов
Б) С.Мұқанов
В) А.Байтұрсынов
Г) Ә.Бөкейханов
3.Шешендік сөздерді алғашқы, зерттегендердің бірі
А) Әмина Мәметова
Ә) Мұхтар Әуезов
Б) Мұхаметжан Қаратаев
В) Бейсембай Кенжебаев
Г) Әуелбек Қоңыратбаев
4. Шешендік сөздерді төрт түрге: заңдық, нақылдық, философиялық,
сатиралық деп жіктеген кім?
А) Ә.Қоңыратбаев
Ә) Н.Келімбетов
Б) М.Ғабдуллин
В) С,Қасқабасов
Г) С.Негимов
5. Алғаш билер туралы жазған қазақ зерттеушісі
А) А.Құнанбаев
Ә) Ш.Уәлиханов
Б) Ы.Алтынсарин
В) Ә.Бөкейханов
Г) М.Жұмабаев
6. «Бала би» атанған кім?
А) Жаяу Мұса
Ә) Шорман би
Б) Майқы би
В) Ақтайлақ би
Г) Ізбасты би
7. Билер айтысы туралы жазған шетел зерттеушісі
А) Затаеевич
Ә) Янушкеевич
Б) Демосфен
В) Михайлис
Г) Достаевский
8. «Шешендік өнер көп жағдайда әншілік, күйшілік, ақындық өнер деп
танылмай, кейбір таңдаулы адамдардың «жақсылар» мен «жайсаңдардың» жеке бастарының қасиеті ретінде бағаланған»,- деген кім?
А) С.Негимов
Ә) М.Әлімбаев
Б) Ә.Мәметова
В) Б.Адамбаев
Г) Ә.Қоңыратбаев
9. «Баланы балдан тәтті демеңіз», «Жамандардан би қойсаң», «Өлшеп
асқан асқа да», «Ата-анаң бар болса», «Дұшпаннан ақыл сұрама» тағы басқа толғаулардың авторы
А) Жайымбай би
Ә) Байсерке
Б) Ақтайлақ би
В) Майқы би
Г) Бапан би
10. Торайғыр мен Шоң келді,
Аз ғана емес мол келді.
Соймайын деген ойым жоқ,
Сояйын десем қойым жоқ,- авторы кім?
А) Жаяу Мұса
Ә) Жайынбай би
Б) Бейсерке абыз
В) Тұраналы би
Г) Сақау Сәдуақас би
11. Алты баланы,
Бір әке асырайды,
Алты бала,
Бір әкені асырай алмайды.
Ал, әлеумет, бұған не дерсіз?!,- жолдардың автор
А) Қара би
Ә) Тоқсан би
Б) Бапан би
В) Байсерке
Г) Әйтеке би
12. Шешендік сөздерді «ділмәр сөз» деп атаған ғалым
А) М.Әуезов
Ә) А.Байтұрсынов
Б) З.Қабдолов
В) Ш.Уәлиханов
Г) Ы.Алтынсарин
13. Құнанбай, қыпшақ Ізбасты, Нұрым төре, Қалқаман билермен
кездескен би
А) Тоқсан Жабайұлы
Ә) Әйтеке би
Б) Қазбек би
В) Ізбасты шешен
Г) Қара би
14. Тоқсан би өмірде үш рет, үш адамнан жеңілетінін өлер алдында айтып,
мойындап кеткен екен. Үшеуі де кім?
А) Әйел
Ә) Ер
Б) Бала
В) Келіншектер
Г) Билер
15. Бөгенбай батырдың тұңғыш немересі
А) Саққұлақ
Ә) Бапан
Б) Тұраналы
В) Байсерке абыз
Г) Тоқсан би
16. Бапанның «Ел дегенің немене?» толғауынының тақырыбы
А) Өмір заңдылықтарын әсерлі жеткізу
Ә) Елі үшін құрбан болған адамдар туралы
Б) Биліктің, шешендіктің мағынасын түсіндіреді
В) Баянауылдың дуанбасы Шоң биге арналған
Г) Арқа жерінде өткен тарихи оқиғала суреттелген.
17. Саққұлақ шешеннің шын аты
А) Сәбелең
Ә) Ебелең
Б) Жебелең
В) Сақан
Г) Жебелең
18. «Болыс-бидің бөркінен, ақынның таза кебісі»,-деген Бектұр ақын нені меңзеп тұр?
А) Патша мансабынан жоғары қояды
Ә) Турашыл адалдықты ел билеушілер мансабынан жоғары қояды
Б) Ел билеушілер абыройынан жоғары қояды
В) Қарапайым халықтан жоғары қояды
Г) Кедейлердің абыройынан жоғары қояды
19. Саққұлақтың немересі
А) Бапан
Ә) Ералы
Б) Нұралы
В) Олжабай
Г) Тұраналы
20. «Адам баласына тән, бір-бірінен туындайтын үш қасиет бар: ол –
қылжаңдық, мылжыңдық, алжушылық. Жасында қылжаң болған адам өскенде мылжың болады, қартайған соң мылжың адам алжиды»,- деген кім?
А) Домақ шешен
Ә) Бапан би
Б) Саққұлақ шешен
В) Жаяу Мұса
Г) Олжабай ақын
21. Қанатты сөздердің күшті естілетін себебі оның ұзақ ойды қысқа және
дәл бейнелеуінде»,- деген ғалым
А) Б.Адамбаев
Ә) Ә.Қоңыратбаев
Б) С.Садырбаев
В) Б.Кенжебаев
Г) Ә.Мәметова
22. Домақ шешен қай ғасырдың перзенті?
А) XIX-XX ғ.ғ
Ә) ХХғ.
Б) ХҮғ.
В) ХҮШ ғ.
Г) ХІХғ.
23. «Кейде ақындардың ақыл, нақыл, ғибрат жырлары тұтастай ой
қиялыңды қозғайтын теңеулерден түзіледі», - деген тұжырымды айтқан ғалым:
А) Б.Әбілқасымов
Ә) С.Садырбаев
Б) С.Негимов
В) Ш.Ыбраев
Г) А.Қыраубаева
24. Домақ шешеннің «73-ке келгенде», «Ескіше жазған сөздерім»,
«Толқын сөздің жиындысы», «Заман үлгісі ағым тұрмыста» жыр-толғауларының мазмұн-мұраты не?
А) Өзі туралы
Ә) Заманы туралы
Б) Халық туралы
В) Өмір жайлы
Г) Орта жүз туралы.
25. «Ал, тыңда, ағайын!», «Аңсаған екен дауысын», «Осы күнгі кей жігіт»,
«Мінезі кей жігіттің шал секілді» толғауларының авторы кім?
А) Б.Батырқожаұлы
Ә) О.Нұралыұлы
Б) Домақ шешен
В) Бапан би
Г) Саққұлақ шешен
ІІ нұсқа
Қазақ әдебиетіндегі поэтика мен стиль мәселеріне толыққанды анықтама берген ғалым
А) Р.Бердібай
Ә) С.Қирабаев
Б) Р.Нұрғали
В) З.Қабдолов
Г) Т.Кәкішев
2.Алғашы сатиралық романның авторы
А) С.Адамбеков
Ә) Ш.Шашкин
Б) К.Тоқаев
В) Т.Жұртбай
Г) З.Тұрсынхан
3. С.Адамбековтің «Атылған қыз туралы аңыз» романының басты кейіпкері
А) Сыбан молда
Ә) Шынтас
Б) Майлыбас
В) Жаманқара
Г) Айбалта
4. Әсет Найманбаев туғаннан қайтыс болғанға дейінгі кезеңі түгел қамтып роман жазған жазушыны ата
А)Қ.Толыбаев
Ә)С.Адамбеков
Б)Қ.Ысқақ
В)О.Бөкей
Г)С.Мыңжасарова
5.Өтебай Қанахиннің “Дәмелі” романында қай кезең суреттеледі?
А) Кеңестік заман
Ә) Ұлы Отан соғысы
Б) ХІХ ғасыр
В) ХХ ғасыр
Г) ХХІ ғасыр
6. Вера Васильевна, Бағдагүл, Рабиға, Шүйке қыз, Томпақ қай романның кейіпкерлері?
А) Әсет
Ә) Дәмелі
Б) Қызыл жолбарыс
В) Атылған қыз туралы аңыз
Г) Шеңбер
7. «Жаман Жәутік» романының оқиғасы
А) Жастар сүйіспеншілігі
Ә) Ұлы Отан соғысы
Б) Ұлы Қазан төңкерісі туралы
В) ХХ ғасыр басындағы шалғайдағы қазақ аулы
Г) Оқушылар өмірі туралы
8. «Паңгерей ел аралайды, қыдырады, болса көзір ойнайды, болмаса Зеленый, Өрлік, Андрей, Кірілшік, Аққала сияқты селоларға кетіп, айлап жоғалады. Бірде алады, бірде береді. Бірде қорасымен айдап келеді, бірде қорасымен айдап береді. Жалғыз өзгеріс: екі самайы ерте ағарып, ашушаң болып бара жатты. Қаралығы болмаса, қайратына сымбаты сай, қайыс қара Паңгерей ауылына айында, аптасында бір соғып жүре береді. Бұл бүйтіп жүргенде, құрдастары ғана емес, өзінен кішілер де үйлі-боранды болып жатты»,-деген үзінді қай романнан алынған?
А) «Жаман Жәутік»
Ә) «Абай жолы»
Б) «Аққан жұлдыз»
В) «Ботагөз»
Г) «Дәмелі»
9. Әдеби-ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып, И.Байзақов, Д.Әлімбаев, Ш.Қошқарбаев, Қ.Терібаев, Т.Көлтіков сияқты халық ақындарының шығармаларын сұрыптап бастырған автор
А) С.Бегалин
Ә) Ө.Қанахин
Б) Қ.Ысқақ
В) С.Шаймерденов
Г) С.Мұратбеков
10. С.Бегалиннің «Замана белестері» қандай шығарма?
А) Өмірбаяндық шығарма
Ә) Тарихи шығарма
Б) Фантастикалық шығарма
В) Сатиралық шығарма
Г) Шыншыл шығарма
11. Атақты Қажымұқан Мұңайтпасов туралы тарауы бар шығарма
А) «Замана белестері»
Ә) «Жаман Жәутік»
Б) «Дәмелі»
В) «Мұнара»
Г) «Әсет»
12. «Әміренің туған елі Дегелең болысына қараған Тарақты руы, оның ішінде «Атан», оның ішінде «Ала көз Шәку» деген атаның баласы екен. Әміренің әкесі Қашаубай Әміре туған кезде кедейлікпен сонау Қарқаралы маңында бір жекжатына барып, сонан Семей түсіпті. Әміре бұл сияқты өмірбаянын осы бір кездескен уақытта сұрап таныстым”,- деген үзінді қай шығармадан алынып отыр?
А) «Замана белестері»
Ә) «Қилы заман»
Б) «Көшпенділер»
В) «Аққан жұлдыз»
Г) «Айша»
13. Бексұлтан Нұржекеевтің “Күтумен кешкен ғұмыр” романының тақырыбы
А) ХХ ғасыр басындағы қазақтың рухани тынысы
Ә) Қазақ халқының өткен өмірі
Б) Өнер адамдарының тағдыры
В) Қазіргі заман жастарының тағдыры
Г) Жас өспірімдер өмірі
14. Ұзақбай Доспанбетовтің “Қызыл жолбарыс” романының оқиғасы қай жерде суреттелген?
А) Іле мен Қаратал өзендерінің Көкше теңізге (бүгінгі Балқаш көлінің бұрынғы атауы) Сары Есік Атырау құмының Оңтүстік шығыс жағымен жалғасып жатқан өлкеде
Ә) Қаратауда
Б) Қояндыда
В) Ерейменде
Г) Жайық бойында
15. Қазақтың белгілі биі Ескелді, Қабан жырау, Сатай батыр, Қодар би, Жолбарыс хан, Дербісәлі, Балпық, Кенесары, Малай батыр, Есенбай хан, Дубек, Байбек, Хангелді т.б.суреттелген шығарма
А) «Жаман Жәутік»
Ә) “Қызыл жолбарыс”
Б) «Шеңбер»
В) «Күтумен кешкен ғұмыр»
Г) «Төзім шеңбері»
16. Ұзақбай Доспанбетовтің “Қызыл жолбарыс” романындағы жылқы малының аты
А) Көкбайтал
Ә) Қарабайтал
Б) Сәйгүлік
В) Сары
Г) Ноқай
17. Жолбарыс хан Ұзақбай Доспанбетовтің қай шығармасының кейіпкері?
А) «Кәрі қыз күйі»
Ә) “Қызыл жолбарыс”
Б) «Сырғалы қыз»
В) «Қардағы гүл»
Г) «Гауһар тас»
18. Сейітхан Әбілқасымның “Оспан батыр” шығармасы қай жанрға жатады?
А) Роман
Ә) Әңгіме
Б) Повесть
В) Эссе
Г) Мақала
19. “Оспанның ерекше бір қасиеті - өте қарапайым, кішіпейіл, өзін жоғары ұстамайды, қаршадайынан қара табан кедей болып өскендігі ме бұлданып, бәлсіну, шендену пиғылы онда болған емес. Соғыс кезінде де қол астындағы сарбаздарға қатал ескертіп әмір бергенімен, өзі солардың алдыңғы қатарында жүреді. Көбінде асқан ерлік көрсетіп, атой салып жападан жалғыз жау шебін бұзатын кездері жиі кезігеді”,- деген үзінді қай романнан алынған?
А) “Оспан батыр”
Ә) «Ақ Жайық»
Б) «Қызыл жолбарыс»
В) «Абай жолы»
Г) «Аққан жұлдыз»
20. «Қыр қыздары», «Әйел бақыты», «Төзім шеңбері» романдарының авторы
А) А.Кемелбаева
Ә) С.Мыңжасарова
Б) Ш.Бейсенова
В) Ш.Құмарова
Г) Р.Мұқанова
21. Сара Мыңжасарованың «Осылай ма едің, махаббат», «Ұждан», «Ой үстінде», «Кездесу», «Қанаттану», «Дүние кезек» деген алты бөлімнен тұратын романын ата
А) «Қыр қыздары»
Ә) «Әйел бақыты»
Б) «Төзім шеңбері»
В) «Ұждан»
Г) «Осылай ма едің, махаббат?!»
22. Оразбек Сәрсенбайдың “Шеңбер” романында үстіміздегі ғасырдың қай жылдары суреттелген?
А) 70 жылдар
Ә) 90 жылдар
Б) Тәуелсіздік жылдар
В) 80 жылдар
Г) 50-60 жылдар
23. Оразбек Сәрсенбайдың “Шеңбер” романының басты кейіпкерлері
А) Тоқтарбай мен Мүбәрәк.
Ә) Шерәлі Дүйсенбаев пен партизан Аппақов
Б) ЖәҺилов пен Мүбәрәк
В) Тоқтарбай мен Аппақ
Г) партизан Аппақов пен ЖәҺилов
24. «Сарша тамыз» (1968), «Ұшы қиырсыз жол» (1969), «Қараша қаздар қайтқанда» (1985), «Охрана бастығы» (1976) атты көркем фильмдердің сценарийін жазған автор
А) Оразбек Сәрсенбай
Ә) Қалихан Ысқақ
Б) Оралхан Бөкей
В) Сейітхан Әбілқасым
Г) Ұзақбай Доспанбетов
25. Қалихан Ысқақтың қаламынан туған “Ақсу – жер жаннаты” қай шығармасының жаңа нұсқасы?
А) “Қара орман”
Ә) «Тұйық»
Б) «Қоңыр күз еді»
В) «Бұқтырма сарыны
Г) «Охрана бастығы»
Ш нұсқа
1. Публицистиканы «көсем сөз» деп анықтама берген ғалым
А) З.Қабдолов
Ә) З.Ахметов
Б) Р.Нұрғали
В) А.Байтұрсынов
Г) Қ.Жұмалиев
2. «Болған уақиғадан бастан-аяқ болған түрінде, ретінше мезгілін, мекенін көрсете мазмұндап, мағлұмат беру әуезе болады. Әуезе ақпар мағынада, оның мысалы, шағын түрде айтқанда мынау болады»,- деген анықтама қай оқулықта берілген?
А) «Әдебиет теориясы»
Ә) «Журналистиканың жанрлары»
Б) «Сатира жанрлары»
В) «Әдебиет танытқыш»
Г) «Қазақ публицистикасының қалыптасуы, дамуы»
3. 1913-1918 жылдар аралығында 265 нөмірі жарық көрген газетті ата
А) «Тіршілік»
Ә) «Қазақ»
Б) «Ана тілі»
В) «Қазақ әдебиеті»
Г) «Социалды Қазақстан»
4. «Қазақ» газетінің редакторы -
А) Ә.Бөкейханов
Ә) М.Дулатов
Б) К.Кемеңгеров
В) А.Байтұрсынов
Г) М.Жұмабаев
5. Абай Құнанбаевты “қазақ әдебиетін қалыптастырушы” деп Ломоносовпен салыстырған ғұлама -
А) М.Жұмабаев
Ә) А.Байтұрсынов
Б) М.Дулатов
В) Н.Төреқұлов
Г) М.Шоқай
6. “Шoқан Шыңғысұлы Уәлихан” деген өмірбаяндық очеркті жазған
А) М.Дулатов
Ә) М.Шоқай
Б) М.Дәулетбаев
В) Н.Төреқұлов
Г) Б.Кенжебаев
7. «Очерктің негізгі арқауы – автордың өмірден түйгендері мен байқағандары»,- деген тұжырымның авторы
А) Т.Ыдырысов
Ә) Т.Амандосов
Б) Б.Кенжебаев
В) Т.Қожакеев
Г) М.Барманқұлов
8. “Біздің бейшара қазақ жер, жер дегенде мұжық алған жерді қолға ала жылайды. Мұжық қазақ жеріне келмей тұрып, жерді тып-тыныш әділдікпен пайдаланып жүргендей! ... Қазақ жұрт болатын болса өз ішіндегі екі қазақ жер дауын құрту керек қой!”,-деген жолдардың авторы
А) Ә.Бөкейханов
Ә) Н.Төреқұлов
Б) М.Шоқай
В) М.Әуезов
Г) С.Мұқанов
9. “Ақиқат пен аңыз” романының авторы
А) Ә.Кекілбай
Ә) Ә. Нұршайықов
Б) Ә.Әбішев
В) Д.Әбілов
Г) Ә.Сәрсенбаев
10. “Өмір мен өлім туралы”, “Мен өмір сүргім келеді”, “Жауыздық пен махаббат”, “Тыңда, Кавказ!” шығармаларының авторы
А) Б.Бұлқышев
Ә) М.Ғабдуллин
Б) Б.Момышұлы
В) С.Сейітов
Г) Ғ.Мүсірепов
11. Баубек Бұлқышев туралы “Қош бол, Шығыс ұлы” атты публицистикалық очерк жазған автор
А) Әбу Сәрсенбаев
Ә) Әбділда Тәжібаев
Б) Қапан Қамбаров
В) Мұқан Иманжанов
Г) Бейсембай Кенжебаев
12. Ұлы Отан соғысының батыры Мәлік Ғабдуллиннің очерктер жинағы
А) “Майдан очерктері”, “Алтын жұлдыз”
Ә) “Мен өмір сүргім келеді”
Б) “Жауыздық пен махаббат”
В) “Тыңда, Кавказ!”
Г) “Өмір мен өлім туралы”
13. Сырбай Мәуленовтің Зейнолла Әбеновке арнаған очеркі
А) “Марияның мекені”
Ә) “Қанға боялған блокнот”
Б) “Қанға қан”
В) “Батыр даңқы”
Г) “Қыр қыраны”
14. Кеңес Одағының батыры М.Мәметова туралы “Батыр қыз” очеркінің авторы
А) Сәбит Мұқанов
Ә) Ғабит Мүсірепов
Б) Ғабиден Мұстафин
В) Қапан Қамбаров
Г) Баубек Бұлқышев
15. Қапан Сатыбалдиннің "Кетпенді адам" очеркінің кейіпкері
А) Мақташы
Ә) Кетпенші
Б) Күрішші
В) Металлург
Г) Дихан
16. "Жезқазған" очеркінің авторы
А) Ғ.Мүсірепов
Ә) Ғ.Мұстафин
Б) М.Әуезов
В) С.Мұқанов
Г) Қ.Сатыбалдин
17. С. Шәймерденовтің "Қуаныш" очеркінің басты кейіпкері -
А) Сәкен Тәнекеев
Ә) Николай Чукуров
Б) Бейсекбаев
В) Сыздықов
Г) Сүлейменов
18. Сәбит Мұқановтың "Саяхат" кітабында қай елге саяхат жайында жазылады?
А) Қазақстан
Ә) Үндістан
Б) Америка
В) Азия елдері
Г) Балтық жағалауы елдері
19. «Публицистика - өмірдің сырлы суреті. Публицистика арқауы – шындық. Публицистика адамдар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастардың көрінісі деген сөз, яғни өмірдің әлеуметтік, саяси-экономикалық, өндірістік, ғылыми және рухани, тағы басқа құбылыстарын, өмір фактілерін байыптап түсіндіріп береді»,- деп ой түйген кім?
А) Т.Амандосов
Ә) Т.Қожакеев
Б) Т.Нұртазин
В) Т.Ыдырысов
Г) Б.Кенжебаев
20. «Менің пәлендей ғылым адамы болуыма, менің пәлендей өнер адамы болуыма ең алғаш қозғау салып, ой талабымды оятқанның бірі «Пионер» журналы болып еді»,-деген жолдардың авторы
А) Қ.Сәтбаев
Ә) М.Әуезов
Б) С.Мұқанов
В) Ғ.Мүсірепов
Г) Х.Сүйіншәлиев
21. М.Әуезовтің «Индия очерктері» қай жылы жазылған?
А) 1955 ж.
Ә) 1966 ж.
Б) 1970 ж.
В) 1965 ж.
Г) 1961 ж.
22. «Америка әсерлері» очеркінің авторы
А) Ә.Кекілбай
Ә) М.Әуезов
Б) Ә.Әбішев
В) Ө.Қанахин
Г) Ә.Сәрсенбаев
23. «... Кешелер қара жатқан бергі беттегі балапан Алатаулар бүгін ала-құла боп қарауытқан шал бас тау бопты. Күн ұзын бөктер ойымен арғы төмен ойқыл далаларда қалың сұр тұман қалықтап жүр...
... Алатаудың ең бөктерінде биікте тұрған бізге осы қалың бұлт-тұманның үстінен аспанға асылғандай боп, Құландының қарлы басы, Қаратаудың жотасы, Киіктінің де төбесі көрінеді. Әншейіндегі аласа адырларды төмендеп орнаған қалың бұлттар арқаларына міндіріп, аспандатып әкеткен сияқты»,-деген үзінді М.Әуезовтің қай очеркінен ?
А) «Көктемнен бері»
Ә) «Ақын елінде»
Б) «Жуалы колхозшысы»
В) «Түркістан солай туған»
Г) «Оңтүстік өңірі»
24. “Торғай сьезі” атты публицистикалық очерктің авторы
А) Н.Төреқұлов
Ә) Ә.Бөкейханов
Б) А.Байтұрсынов
В) М.Шоқай
Г) М.Дулатов
25. «Оңтүстік Қазақстан» газетінің алғашқы редакторы
А) Б.Кенжебаев
Ә) Н.Төреқұлов
Б) Н.Оңдасынов
В) М.Шоқай
Г) М.Әуезов
Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы: Қазақстан, 1969.
Бабалықов Ж., Тұрдыбаев А. Қырандар. – Алматы: Қайнар,
Ысқақов М. Халық календары. – Алматы: Қазақстан, 1980.
Әбішев Х. Аспан сыры. – Алматы: Қазақстан, 1966.
Қасиманов С. Қазақтың ұлттық тағамдары. – Алматы: Қайнар, 1977.
Арғынбаев Х.. Қазақтың мал шаруашылығы жайындағы этнографиялық очерк. – Алматы: Ғылым, 1969.
Сейдімбек. А. Аққыз. – Алматы: - Жазушы, 1991.
Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. Екінші кітап. – Алматы: Жазушы, 1974.
Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері. – Алматы: Мектеп, 1970.
Жұртбаев Т. Замандасым, сырласым: [Очерктер]. – Алматы: - Қайнар. – 1977. – 110-б.
Мазмұны
І бөлім. Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы ......................3
Байсерке Түгелұлы шығармаларының көркемдігі ..........................................12
Тоқсан Жабайұлының мұрасы ....................................................................28
Бапан бидің сөз кестесі ......................................................................................34
Саққұлақ өз заманының ділмары ......................................................................39
Домақтың шешендігі .........................................................................................53
Ақындық өнердің ерекшеліктері .......................................................................63
Бектұрдың ақындық қарымы ............................................................................64
«Тілеуберді батыр» дастаны .............................................................................72
Олжабай шығармаларындағы заман мен уақыт ..............................................83
«Ермек» қиссасындағы өмір шындығы ...........................................................99
Бірінші бөлім әдебиеттері ........................................................................ .......112
ІІ бөлім. Роман және уақыт .........................................................................114
Алғашқы сатиралық роман .............................................................................115
Әсет өмірінің шындығын суреттеген шығарма ............................................120
Роман арқауы - отан соғысы ...........................................................................124
«Жаман Жәутіктегі» замана лебі ...................................................................126 «Замана белестеріндегі» көркем шындық ......................................................132
Өнер тақырыбына арналған роман .................................................................138
Драматизмге толы шығарма ............................................................................141
Оспан батырдың өткен белестері ....................................................................146
«Төзім шеңберіндегі» әйелдер бейнесі ...........................................................148
Тағдырлар сабақтастығы .................................................................................152
Толысқан талант иесі .......................................................................................157
Дәуір биігінен көрінген сардар ........................................................................166
Ұстаз ғалымның абыройы ................................................................................172
Түрк жұртының тарихы хақындағы құнды еңбек ........................................179
Деректі фильмнен үлкен киноға дейін ..........................................................187
Екінші бөлім әдебиеттері .................................................................................188
Ш бөлім. Журналистиканың бәйтеректері ...............................................191
Алаш зиялылары және «Қазақ» газеті …………………………………..…192
Соғыс тақырыбындағы очерктердегі ізденіс .................................................199
«Пионер» журналының балалар баспасөзіндегі орны ..................................211
Көсемсөз зергері ...............................................................................................223
Нәзір Төреқұлов – публицист ..........................................................................235
Б.Кенжебаев публицистикасының тағлымы ..................................................239
Оралхан Бөкей көсемсөзіндегі өміршеңдік ...................................................243
Көсемсөздің көкжиегі .....................................................................................253
Ә.Кекілбай публицистикасындағы лирика-философиялық сарын .............259
Деректі туынды жазудың шебері ....................................................................264
А.Сейдімбек очерктерінің танымдық аясы ………………………………....270
«Замандасым, сырласымды» қайта оқығанда ................................................276 Үшінші бөлім әдебиеттері ...............................................................................284
Бақылау тапсырмалары ......................................................................................287
Тест тапсырмалары .............................................................................................289
Мазмұны ...........................................................................................................303
Ғылыми басылым
М.Б.Шындалиева
Уақыт және суреткерлік шеберлік:
жанрлар поэтикасы
(Оқу құралы)
(қазақ тілінде)
Редакторы Қ.Таңбин
Техникалық редакторы С.Бейсенова
ИБ№7
Теруге 10.06.2008 ж. жіберілді. Басуға 25.06.2008ж. қол қойылды. Пішімі 84х108 1/32. Қағазы офсеттік. Қаріп түрі KZ Times NR. Басылымы офсеттік. Шартты баспа табағы16.33. Есептік баспа табағы 16.86. Таралымы 500 дана. Тапсырыс № 201
_______________________________________________________________
«Нұра-Астана» баспасы,
010000, Астана қаласы, Ы.Дүкенұлы көшесі,13-48.
«Астана полиграфия» жабық акционерлік қоғамы,
010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 87.
Достарыңызбен бөлісу: |