«атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы



жүктеу 3,79 Mb.
бет2/6
Дата25.01.2020
өлшемі3,79 Mb.
#27251
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

Астана, 2015 ж.

ЕСЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ





Кіріспе ……………………………………………………………………

3

1.

Қызметті өңірлерде көрсету туралы жалпы ақпарат ……………….

8

2.

Салалық және өңірлік бөліністерде қатысушылардың жалпы санын талдау ……………..……......................................................................

9

2.1.

«Бизнес-кеңесші» бағдарламасы ………………………………………...

9

2.2.

«Жобалық оқыту» бағдарламасы ………………………………………

19

2.3.

«Бизнес-өсу» бағдарламасы»……………………………………………..

58

3.

Ұйымдық-құқықтық нысан бөлінісінде қатысушылардың жалпы санын талдау ………………………………………………………......

63

3.1.

«Бизнес-кеңесші» бағдарламасы ………………………………………..

63

3.2.

«Жобалық оқыту» бағдарламасы ………………………………………

64

3.3.

«Бизнес-өсу» бағдарламасы ……………………………………………..

65

4.

Басқа бағыттардағы тыңдаушыларды талдау …………………….…….

66

5.

Гендерлік бөліністе қатысушылардың жалпы санын талдау ………….

67

5.1.

«Бизнес-кеңесші» бағдарламасы ……………………………………….

67

5.2.

«Жобалық оқыту» бағдарламасы ………………………………………

68

5.3.

«Бизнес-өсу» бағдарламасы»……………………………………………..

69

6.

Жас ерекшелігі бөлінісінде қатысушылардың жалпы санын талдау …

70

6.1.

«Бизнес-кеңесші» бағдарламасы ………………………………………...

70

6.2.

«Жобалық оқыту» бағдарламасы ………………………………………

72

6.3.

«Бизнес-өсу» бағдарламасы ……………………………………………..

73

7.

Жалпы санды талдау: оқудың жүргізілуін бағалау, зерттеудің негізінде жобаның тиімділігін талдау …………..

74

7.1.

«Бизнес-кеңесші» бағдарламасы ………………………………………...

74

7.2.

«Жобалық оқыту» бағдарламасы ……………………………………….

75

7.3.

«Бизнес-өсу» бағдарламасы»……………………………………………..

75




Қорытынды………………………………………………………………..

76



Кіріспе
«Бизнес-мектеп» құрауышы «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасының «Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шаралары» деген төртінші бағыты шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №168 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының арасындағы «Бизнес-мектеп» құрауышы шеңберіндегі оқыту жобаларын іске асыру бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы 2015 жылғы 01 маусымдағы № 95 шартқа (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ шарты) және жеке тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілеріне (кәсіпкерлік қызметпен айналысуға үміткер) қаржылай емес қолдау көрсету тәртібі туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес іске асырылады.

Қаулыға сәйкес Қаржылай емес қолдаудың операторы «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҚР ҰКП) болып табылады. ҚР ҰКП жергілікті жерлерде облыс орталықтарындағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – КҚКО) арқылы, сондай-ақ моноқалалардағы, шағын қалалардағы және аудан орталықтарындағы Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары (КҚО) арқылы бизнес оқыту жүргізеді.

Бизнес оқыту экономиканың барлық секторларында жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілеріне (бұдан әрі – ШОБ субъектілері) тегін ұсынылады.

«Бизнес – мектеп» құрауышы моноқалалардағы, шағын қалалардағы және аудан орталықтарындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа оқыту жобаларын ұсынуға бағытталған.

«Бизнес – мектеп» құрауышының қызметтері моноқалаларда, шағын қалаларда және аудан орталықтарында КҚО, Астана, Алматы, Семей, Түркістан қалаларында және облыс орталықтарында КҚКО ұсынылады.

«Бизнес-Мектеп» құрауышы аясында жоғарыда көрсетілген жобаның шеңберінде оқудан өткен және Excel форматында сертификаттар алған тыңдаушылар базасы әзірленді. Тыңдаушылар базасы мынадай деректерді қамтиды:



  1. Оқыту курсын өткізу орны мен күні;

  2. Тыңдаушының тегі мен аты;

  3. Тыңдаушының ЖСН;

  4. Тыңдаушының мәртебесі: кәсіпкер, жеке тұлға;

  5. Тыңдаушының жынысы: әйел, ер;

  6. Тыңдаушының байланыс деректері: телефон, электрондық пошта мекенжайы (e-mail), пошталық мекенжайы;

  7. Берілген сертификаттың нөмірі.

Тыңдаушылар базасы көрсетілген Қызмет туралы негізгі есептің қосымшасында қағаз және электрондық жеткізгіштерде қоса берілді.

«Бизнес-Мектеп» құрауышы экономиканың басым салаларында (барлығы 20 сала) маркетингтік зерттеулер жүргізді және «Атамекен» ҚР ҰКП сайтында орналастырылды, сондай-ақ оқыту барысында оқытылатын респонденттер бойынша DVD–дискіде ұсынылды.

«Бизнес-Мектеп» бағдарламасы бойынша тыңдаушыдан сауалнама мен пікіртерім алудың негізінде оқытудың тиімділігіне талдау жүргізілді. Аталған талдау тыңдаушыларды бағалау бөлінісінде ұсынылды.

«Бизнес – мектеп» құрауышының шеңберіндегі оқыту жобалары мыналарды ұсынуды көздейді:



1-кезең. Кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздеріне қысқа мерзімді оқыту («Бизнес - кеңесші»).

Аталған курс шеңберінде жеке бизнес ашу, маркетинг, адами ресурстарды басқару, заң негіздері, қаржы бойынша қысқа мерзімді оқыту көзделеді. Курстың мақсаты Қазақстанның барлық өңірлерінде шағын және орта бизнесті сапалы дамытуға ынталандыру болып табылады.

«Бизнес - Кеңесші» жобасы бойынша оқытуды кәсіби бизнес-жаттықтырушылар жүргізеді. Оқыту курсының ұзақтығы – кемінде 16 сағат. Сабақтар практикалық жағдайларды және жаттығуларды талқылаумен интерактивті режимде жүргізіледі.

Курс бағдарламасына ҚР ҰЭМ шартына сәйкес мынадай тақырыптар енгізілген:



  1. Кәсіпкерлікке кіріспе;

  2. Кәсіпкерлік психологиясы;

  3. Бизнес – жоспарлау;

  4. Маркетингтік қызмет;

  5. Персоналды басқару;

  6. Кәсіпкерлерге арналған қаржы;

  7. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;

  8. Кәсіпкерліктегі заңдық аспектілер;

  9. Франчайзинг.

Оқыту курстарын өткізу туралы ақпарат, өткізу кестелері БАҚ (телеарналар, радио және баспа басылымдарында) ақпарат орналастыру және жарнамалық плакаттар орналастыру арқылы жарияланады. Кәсіпкерлер мен халықты бизнес жүргізу негіздеріне оқытуға қатысты барлық ақпарат пен материалдар барлық облыстарда ӨКП беттерінде және «Атамекен» ҚР ҰКП сайтында, сондай-ақ жергілікті БАҚ орналастырылған.

Жоспар бойынша қамтылатын адамдар саны – 12 000 (он екі мың) адам болуы тиіс. Аталған бағдарламаның шеңберінде жоспар 100%-ға орындалды.



2-кезең. Кәсіпкерлік қызметті дамытудың функционалдық бағыттарына қысқа мерзімді оқыту («Бизнес-өсу»).

Бұл жоба аясында «Бизнес - кеңесші» жобасы бойынша курстардан өткені туралы сертификаты бар ШОБ субъектілерін кәсіпкерлік қызметті жүргізу мен дамытудың функционалдық бағыттары бойынша қысқа мерзімді оқытуды қамтитын оқыту көзделген.

Оқыту бағдарламасына кәсіпкерлерге жүргізілген сауалнама мен пікіртерімге сәйкес мынадай тақырыптар енгізілді:


  1. Маркетинг (Маркетингтің мәні. Маркетингтік зерттеулер мен маркетингтік талдау. Тұтынушыларды талдау. Сатып алу туралы шешім қабылдау процесі. Нарықты сегменттеу және өнімді жайғастыру. Тауар және тауар саясаты. Өнімді ілгерілету. Кәсіпорынның маркетингтік стратегиясы).

  2. Сатуды тиімді басқару (Сатуға кіріспе. Сату психологиясы. Клиенттер типтері. Сату кезеңдері. Байланыс орнату. Қажеттіліктерін анықтау. Тауардың таныстырылымы. Наразылықтармен жұмыс. Мәмілені аяқтау. Сатуға дайындық. Суық қоңырау шалулар).

  3. Қаржыны басқару (Талдау және жоспарлау. Кәсіпорынның негізгі қоры мен негізгі құралы. Кәсіпорынның айналым қаражатын басқару. Қаржылық есептілік талдауы. Экономикалық өсу әлеуеті).

  4. Іскери келіссөздер (Коммерциялық ұсыныстар. Сату мәтіндері. Бірегей сауда ұсынысы. Әлеуетті клиенттермен кездесулердегі жұмыс. Келіссөздер. Келіссөздер технологиялары. Белсенді тыңдау техникасы. Жеке тұлға типіне қарай клиентпен өзара іс-қимыл).

Оқыту курсының мақсаты – өндіріс процесінің барысында ресурстардың барлық түрлерін (уақыт, қаржы, адамдар, шикізат және материалдар) тиімді басқаруға мүмкіндік беретін білім беру және дағдыларды қалыптастыру, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының артуына қол жеткізу, өзіндік құнды төмендету. Бұл кәсіпкерге бағалық, сол сияқты бағалық емес (сервис) есебінен тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарығында бәсекелік басымдықтарға қол жеткізуге, адами фактордың әсерін барынша азайтуға, ақаулар үлесін төмендетуге, жұмыс процестерінің жоғары бақылануын және басқарылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жобаның нәтижесі үй салу, ақпараттық жүйе құру, инвестициялық жобаны іске асыру немесе ауқымды іс-шара өткізу болсын, әрдайым бірегей, бірден-бір өнім және/немесе көрсетілетін қызмет. Бір жағынан, жобаның жетекшісі – белгісіздігі жоғары ортада жұмыс істейді, осы белгісіздікті құрылымдайды, алдағы күтілетін нәтиженің образын қалыптастырады және осы образға қол жеткізуге арналған қадамдарды жоспарлайды. Екінші жағынан, жетекші әрдайым ақша-мерзім-сапа (функционал) сияқты үшбұрыш шегінде болады. Оқыту курсының мақсаты – жобаның ықтимал тәуекелдеріне деген саналы көзқараспен, барлық тараптардың (инвестор, тапсырыс беруші, жоба командасы/өнім беруші) мүдделерін ескере отырып, берілген шектеулердің шеңберінде жобаның нәтижелеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін үздік практиканы беру және дағдыларды қалыптастыру. Бұл білімдер мен дағдылар – кәсіпкерге жобаның барлық сатыларын (бастамашылық ету, жоспарлау, іске асыру, аяқтау) кәсібилікпен жүргізуге және жобалық мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қатысушылар: Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер

Әріптестер:


  • «Казагроинновация» АҚ;

  • «Казагромаркетинг» АҚ;

  • ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын өткізетін компаниялар (Eurasia Group және т.б.);

  • салалық одақтар мен қауымдастықтар;

  • агробизнес орталықтары;

  • жекелеген салалар мамандары (мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, сервис және т.б.);

  • облыс кәсіпкерлері өңірлік кеңесінің кәсіпкерлері.

Жоспар бойынша кемінде 2000 (екі мың) ШОБ субъектісі қамтылуы тиіс, жоспар 100%-ға орындалды.

3-кезең. Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқыту (нақты жоба бойынша)

Бірінші кезеңде оқытылған тыңдаушылардың ішінен бағыттар мен жобалар бойынша топтар іріктеліп, жинақталады.

Ісін жаңа бастаған кәсіпкердің таңдауына осы ауданда немесе моноқалада (шағын қалада) іске асыруға болатын бірнеше шағын жоба ұсынылады. Жобалар «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» бизнес-анықтамалығынан қалыптастырылады.

Әрбір ауданға және қалаға 5-10 шағын жобадан айқындалған, олар басым бағыттарға немесе сұранысы бар бағыттарға сәйкес келеді. Жобалар 1-ден 4-ке дейінгі апталық кезеңдерден тұратын оқыту мерзімдеріне бөлінген.

Барлық өңірлерде жобалар Жергілікті атқарушы органдармен келісілген және бекітілген.

Бағдарламаның мақсаты - кәсіби білім беру (аудандарда, моноқалаларда, облыс орталықтарында бизнестің нақты түрін ашу және дамыту бойынша қадамдық нұсқаулар) және табысты кәсіпкерлердің, салалық мамандардың қатысуымен практикалық дағдыларды (жұмыс істеп тұрған жобаның немесе бизнестің практикалық мысалында) қалыптастыру.

Оқыту бағдарламасының нәтижесі:

1. Әрбір аудан бөлінісінде 5-10 шағын жобаны (бизнес түрлерін) айқындау.

2. Бизнес жоспар әзірлеу арқылы аудандарда, моноқалаларда, облыс орталықтарында өз жобасын іске асыру.

3. Жобасын іске асыруға дайын әлеуетті кәсіпкерлердің резервін қалыптастыру.

4. Тәлімгерлік қағидатын дамыту арқылы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге көмектесуге дайын кәсіпкерлердің тізімін қалыптастыру.

5. Шебер-кластарға, тренингтерге қатысуға дайын әріптес ұйымдардың (жабдық, технология бойынша) тізімін қалыптастыру.

6. Аудандарда, моноқалаларда және шағын қалаларда ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің қаржылық сауаттылығын арттыру.

Қатысушылар: әлеуетті кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер.

Әріптестер:


  • «Казагроинновация» АҚ;

  • «Казагромаркетинг» АҚ;

  • ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын өткізетін компаниялар (Eurasia Group және т.б.);

  • салалық одақтар мен қауымдастықтар;

  • агробизнес орталықтары;

  • жекелеген салалар мамандары (мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, сервис және т.б.);

  • облыс кәсіпкерлері өңірлік кеңесінің кәсіпкерлері.

Оқыту бағдарламасы екі бөліктен тұрады:

  1. Бизнес негіздері мен кәсіпкерлік бойынша кеңейтілген білімдер беру:

  • бизнесті ашу мен дамытудың қадамдық нұсқаулығы (өз ауданының, қаласының нарығы зерделенеді);

  • жұмыс істеп тұрған шағын жобалар қарастырылады, басқа облыстардағы, елдердегі ұқсас жобалар зерделенеді;

  • ЖК/ЖШС/ШҚ ашудың заңдық мәселелері;

  • өндірістік жоспар;

  • технологиялық жоспар;

  • операциялық жоспар;

  • қаржылық жоспар;

  • тәуекелдер және бизнесті сақтандыру.

Бірінші бөліктің нәтижесі:

Бизнестің бейіні – негізгі қызмет, табыстылық өлшемшарттары, бәсекелік басымдықтар және оларды алға ілгерілету.

Әрбір бөлім өз бизнесі мысалындағы бірқатар практикалық тапсырмалармен және жаттығулармен сүйемелденеді. Ол практикалық дағдыларды бірден бекітуге мүмкіндік береді.

2. Бизнес жобаны енгізу және сүйемелдеу: Таңдап алынған жобаны іске асыру үшін қажетті іс-қимылдардың егжей-тегжейлі жоспары және оның өтелу мерзімдері.

Екінші бөліктің нәтижесі: Бизнес жүргізу бойынша практикалық ұсынымдар және қаржы институттары арқылы инвестициялай отырып, 5-10 жобаны іске қосу.

Нақты жобаны айқындау кезінде өңірлерде 5-15 адамнан тұратын оқу тобы қалыптастырылады. Нақты оқыту кестесі жасалады, жұмыс істеп тұрған жобаларға бару ЖАО-мен келісіледі.

Одан әрі жобалық оқыту кезеңінде практикалық тәжірибе алу, көтерілген мәселелерді түсіну мақсатында іске асырылған дайын жобаларға шығу жүзеге асырылады.

Оқыту процесінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздері бойынша оқу материалдары, құжаттардың стандартты пакеттері, оның ішінде бизнес-жоспарлар, қаржыландыру алу құжаттарының үлгілері, маркетингтік зерттеулер нәтижелері, инновациялар енгізу саласындағы халықаралық тәжірибе, сондай-ақ шағын кәсіпкерлік құру идеяларының анықтамалығы беріледі.

«Бизнес-мектеп» құрауышының жобалары бойынша оқытуға өтініштерді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халық КҚКО, КҚО және оператордың КҚМО береді.

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері қажет болған жағдайда «Бизнес-мектеп» құрауышы шеңберінде оқыту жобаларын жүргізуге жарайтын қажетті үй-жайларды ұсынады.

Жоспар бойынша – кемінде 1000 адам қамтылуы тиіс.

Нәтиже – кемінде іске асырылған 200 жоба.

Жыл ішінде «Жобалық оқыту» бағдарламасы бойынша 1000 қатысушы оқытылды.

1. Қызметті өңірлерде көрсету туралы жалпы ақпарат

2015 жылы бизнес-оқыту Қаулының, ҚР ҰЭМ шартының және ҚР ҰКП ішкі құжаты – Ереженің негізінде іске асырылады, онда бизнес-жаттықтырушыларды, тәлімгерлерді іріктеу қағидаты және өңірлер бөлінісінде алға қойылған міндеттерді іске асыруға арналған іс-қимылдардың қадамдық алгоритмі жазылған.

ҚР ҰЭМ шартына және Ережеге сәйкес ӨКП жергілікті жерлерде барлық стандарттарға сәйкес келетін бизнес-кластар ашқан, онда тәлімгерлер, менторларды, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерді және қаржы консультанттарын тарту арқылы көрсетілетін бизнес оқыту бойынша қызметтердің көлемі айқындалған.

2015 жылғы 7 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚР ҰЭМ бизнес-мектеп бойынша 33 облыстық және 5 аудандық жаттықтырушы келісілген, олармен «Бизнес-мектеп» құрауышы шеңберінде өтеусіз қызметтер көрсетуге шарттар жасалған. Өңірлерде жобаларды іске асыру мақсатында шебер-кластар өткізу үшін тәлімгерлер (менторлар) шақырылды. ҚР ҰЭМ шартына сәйкес «Жобалық оқыту» (Тәлімгерлік) шеңберінде тәлімгерлікті растау мақсатында кәсіпорынның (кемінде 3 жыл) тіркеу мерзімдері көрсетілген ЖК, ЖШС және ШҚ мемлекеттік тіркеу куәліктері ұсынылды.

Сонымен бірге, Шартқа сәйкес «Тәлімгерлік» және «Бизнес-өсу» жобалары шеңберінде оқыту кестелері ЖАО келісіліп, БАҚ-та орналастырылды.

Төменде өңірлерде оқыту бойынша сілтемелер келтірілген.



Астана қ. http://astana.palata.kz/uploads/content/files/%D0%BF%D1%80%D0%BE%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%BD%D0%BE%D0%B5%20%D0%BE%D0%B1%D1%83%D1%87%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5%202%20001(1).jpg

Алматы қ.

http://almaty.palata.kz/ru/pages/329

Атырау облысы

http://atyrau.palata.kz/ru/pages/254

Ақмола облысы

http://akmola.palata.kz/ru/pages/61

Ақтөбе облысы

http://aktobe.palata.kz/ru/news/19587

http://aktobe.palata.kz/ru/news/20005

Маңғыстау облысы

http://aktau.palata.kz/ru/pages/407

Қарағанды облысы

http://karagandy.palata.kz/ru/pages/274

Қостанай облысы

http://kostanay.palata.kz/ru/pages/97

Қызылорда облысы

http://kyzylorda.palata.kz/ru/pages/277

Алматы облысы

http://taldykorgan.palata.kz/ru/pages/73

Жамбыл облысы

http://taraz.palata.kz/ru/pages/86

Батыс Қазақстан облысы

http://oral.palata.kz/ru/pages/92

Солтүстік Қазақстан облысы

http://petropavl.palata.kz/ru/pages/116

Шығыс Қазақстан облысы

http://oskemen.palata.kz/uploads/content/files/Scanned_007.pdf

http://oskemen.palata.kz/uploads/content/files/%D0%B3%D1%80%D0%B0%D1%84%D0%B8%D0%BA.pdf

http://oskemen.palata.kz/uploads/content/files/Scanned_008.pdf

Павлодар область

http://pavlodar.palata.kz/ru/pages/113

Оңтүстік Қазақстан облысы

http://shymkent.palata.kz/ru/pages/446


  1. Салалық және өңірлік бөліністерде жалпы қатысушылар санын талдау

2.1. «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы

Ағымдағы жылғы сәуірден желтоқсанға дейін 16 000 астам өтінім берілді, оның ішінде ӨКП бизнес-жаттықтырушылары 12 000 өтініш берушіні оқытты (1-диаграмма).


1-диаграмма. Өңірлер бөлінісінде оқығандардың жалпы саны


1-диаграммаға сәйкес, аталған бағдарлама бойынша көп оқытылғаны ШҚО – 1023 немесе 8,52%, Қарағанды облысы – 955 немесе 7,95% және ОҚО сияқты өңірлерде – 900 немесе 7,5%. Атырау облысы – 500 немесе 4,16%, Жамбыл облысы – 600 немесе 5 %. және СҚО – 601 немесе 5,08%, сияқты өңірлерде өтініш берушілер аз оқытылған.

1-кесте. Өңірлер бөлінісінде оқығандардың жалпы саны



Шағын қалалар мен аудан орталықтары бөлінісінде - 5 122 адам немесе 42,68% оқытылды. Аудан орталықтарында ең көп оқытылғаны Ақмола облысында – 588 немесе 4,9% адам және Оңтүстік Қазақстан облысында – 561 немесе 4,67% адам. Аталған бағдарлама бойынша ең аз оқылғаны – Павлодар облысы – 129 немесе 1,07% және Маңғыстау облысы – 191 немесе 1,59% тыңдаушы.



Төменде келтірілген диаграммаларда барлық шағын қалалар мен аудан орталықтарында оқытылғандар саны берілген.
2-диаграмма. Ақмола облысының аудан орталықтарында оқытылғандар саны

3-диаграмма. Ақтөбе облысының аудан орталықтарында оқытылғандар саны

4-диаграмма. Алматы облысының аудан орталықтарында оқытылғандар саны


5-диаграмма. Атырау облысының аудан орталықтарында оқытылғандар саны


6-диаграмма. ШҚО аудан орталықтарында оқытылғандар саны


7-диаграмма. Жамбыл облысының аудан орталықтарында оқытылғандар саны



8-диаграмма. БҚО аудан орталықтарында оқытылғандар саны

9-диаграмма. Қарағанды облысының аудан орталықтарында оқытылғандар саны

10-диаграмма. Қостанай облысының аудан орталықтарында оқытылғандар саны



11-диаграмма. Қызылорда облысының аудан орталықтарында оқытылғандар саны



12-диаграмма. Павлодар облысының аудан орталықтарында оқытылғандар саны


13-диаграмма. Манғыстау облысының аудан орталықтарында оқытылғандар саны

14-диаграмма. СҚО аудан орталықтарында оқытылғандар саны



15-диаграмма. ОҚО аудан орталықтарында оқытылғандар саны


Моноқалалар бөлінісінде оқытылғандардың жалпы саны – 1800 немесе 15%, аудандар мен шағын қалалар бөлінісінде 5122 немесе 42,68%. Төменде моноқалалар мен аудан орталықтары бөлінісіндегі кесте (2-кесте) көрсетілген.


2-кесте. Моноқалалар мен аудан орталықтарында оқытылғандар саны


жүктеу 3,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау