64
3.2 Сурет – Қайтарылым кезеңінің сызбасы
Қорытынды: Қорыта келе, Wi – Fi технологиясын «Алатау» сауда үйіне
орнату жүйелері өте тиімді екеніне көз жеткізуге болады. Қарастырып
отырған жұмыста жалпы технологияны орнатудағы барлық аспектіліер
қарастырылды,олар: желіні ұйымдастыру кезеңдері;
қаржы жоспары, яғни
құрылғыға кеткен шығындар мен жұмысшылардың төлемақысы, және де т.б.
маңызды факторлар. Негізінде құрылғыны орнату және жүзеге асыру
экономикалық тұрғыдан компанияға өте тиімді. Жалпы орнатуға кететін
шығын мөлшері 3567601 теңгені құрады, алайда бұл технологияның
сұранысы көп болғандықтан оның қайтарылым уақыты соншалықты аз.
Есептеулер бойынша жобалап алғандағы қайтарылым уақыты 6 айды құрады.
65
4 ӨМІР ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ
4.1 Қауіпті және зиянды факторларды талдау
Қарастырылып отырған дипломдық жобада ғимаратта интернет
жүйесін орнату және жүзеге асыру қарастырылады. Жүйенің жұмыс жасау
принципі сымсыз Wi – Fi технологиясы арқылы іске асады. Бұл жүйені
жүзеге асыру үшін аппараттық – бағдарламалық комплекс, қызмет көрсету
және эксплуатациялауға арналған құрылғылар қажет.
Адамның еңбек ету жағдайы белгілі бір өндірістік орта жағдайында
өтеді, гигиеналық талаптарды орындамаған жағдайда адамның денсаулығына
және жұмысқа қабілеттілігіне қолайсыз жағдай туғызады. Өндірістік орта-
кәсіптік жұмыспен байланысты, адамды сыртқы қоршаған орта бөлігі секілді,
қауіпті фактор деп аталатын, табиғи-климаттық факторлар және әртүрлі
факторлардан құралады.
Еңбектің коллектив ортасында кездесетін еңбек ету мінезі, оның
ұйымдастырылуы, бір – бірімен қарым қатынасы, жұмыс орнының
ұйымдастырылуы адамның денсаулығына және жұмысқа қабілеттілігіне
қолайсыз әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты еңбек ету гигиенасы
“өндірістік қауіптілік” туралы түсінігін анықтайды.
Еңбек ету жағдайы – өндірістік орта факторларында адамның еңбек
процесі орындалатын іс – әрекеті қолайсыз өндірістік факторы болып
табылады. Қолайсыз өндірістік факторлар физикалық, химиялық,
биологиялық болып бөлінеді. Қауіпті өндірістік факторлар – жедел аурулар
мен немесе кенеттен денсаулық жағдайының тез нашарлауына немесе өлімге
әкелетін орта факторы немесе еңбек пісроцесі болып табылады. Іс-әрекеттік
ұзақтығына және көлемдік мінездемесіне байланысты, жеке қолайсыз
өндірістік факторлар қауіпті болуы мүмкін. Еңбек ету процесінің
факторлары:
Еңбек ауырлығы іс – әрекетті қамтамасыз ететін, ағзаның
функционалдық жүйесіне (тыныс алу,жүрек – қантамыр,) және тірек – қимыл
аппаратына ауырлық түсуімен көрінетін еңбек ету процесінің сипаты.
Еңбек ауырлығы физикалық, динамикалық, күшпен, ауырлықты
көтеретін
массамен,жалпы
стереотиптік
жұмыс
әрекетінің
санымен,статикалык күштің көлемімен, жұмыс формасының пайызымен,
еңкею корпусының деңгейіне, кеңістікке кірумен байқалады. Еңбек
жүктемесі – бұл ООЖ, сезім мүшелеріне, жұмысшының эмоционалдық
сферасына ауырлықтың күштің әсер етуімен анықталатын еңбек процесінің
сипаттамасы. Еңбек жүктемесін анықтайтын факторларға жатады:
интеллектуалды, сенсорлы, эмоциональды, күштер, күштің монотонды
66
деңгейі, жұмыс режимі. Кәсіптік қауіп – қатер өндірістік орта
факторларымен еңбек процесінің қолайсыз әсерінің нәтижесіне денсаулық
жағдайының нашарлау мүмкіндігінің жоғары болуы. Кәсіптік қауіп – қатерді
бағалау – жұмысшылардың жұмысқа қабілеттіліктің жұмсалуы және
денсаулық жағдайының көрсеткішіне соңғы экзпозициялық тіркеу бойынша
жүргізіледі. Уақытпен қорғау – жұмысшыларда еңбек процесі мен өндірістік
ортаның қолайсыз факторларына, қауіпті іс – әрекетті төмендету арқылы:
ішкі ауысымдық үзілісті енгізу, еңбек күнін қысқарту, демалыс уақытын
ұзарту, берілген жағдайда жұмыс өтілін шектеу. Еңбек жағдайында қауіпті
және қатерлі факторлардан басқа өндірістік жағдай және еңбек сипатымен
анықталады. БҰҰ мәліметі бойынша жер шарының 45% тұрғыны, яғни 3
млрд адам әлемінің жұмыс күшін құрайды.
Сол күш қоғамның материалдық және экономикалық негізін құрайды.
Жұмысшылардың денсаулығын сақтау – бұл тұрақты әлеуметтік-
экономикалық дамудың кепілі. Алайда НТП жұмысшыларға өндірістік
факторлардың зияны бар екенен жоқтамайды. Қазіргі таңда қауіпті
факторлар 100 мың химиялық заттар кәсіптік патологияны шақыруға
қабілетті, 50 жуық физикалық сипаттағы факторлар, 200 жуық биологиялық
шығу тегі, сонымен қатар физикалық және психикалық жүктемелер. ДДҰ
мәліметтері бойынша ғаламшар тұрғынының 40 – 50 % жұмыс қауіпіне
ұшырайды, зиянды факторлармен байланысты және күнделікті өндірісте
келеңсіз жағдайлар 120 млн жуық кездеседі, олардың 200 мыңнан кәбісі
өліммен аяқталады. Сонымен бірге тіркеуге олардан 65 – тен 157 млн-ға
дейін жаңа кәсіптік аурулар, олардың өсуі жоғарлауда. АҚШ та зерттеулер
бойынша еңбек ағымы жағдайында 1% өледі, 6% мүгедек болып қалады, 68%
жарақат алады. Бұл елде күн сайын 300 мың жаңа кәсіптік аурулар тіркеледі.
Күнделікті 500 ерлер және әйелдер келеңсіз жағдайлар кесірінен үйлеріне
қайтпай қалады, 42% жұмысшылардың ЕЭС еңбектің жоғары ритміне
шағымданады, ал жұмыссыздықтың қаупі және еңбекке қабілеттілігін
жоғалтудан қорқу үлкен жастағы жұмысшыларда стресстің дамуына алып
келеді. Евросоюз елдерінде 200 – ден 7500 жағдай 1000000 қызметкерлерде,
солардың 10% қауіпті топқа, еңбекке қаблеттіліктің жоғалуы ағымында 60
жұмысшы күніне және оданда көп, 1 – 7% түгелдей мүгедек. Алдын – алу
шараларын ұйымдастыру кезінде барлық зияндылықты зерттеу қажет.
Өндірісте және ауылшаруашылыкта қазіргі заманғы энергия түрлері,
химиялық – синтетикалық материалдар, еңбектің интенсификация
жүктеменің өсуі кәсіптік ауруларды туғызуға мүмкіндік беред
Өндірістік ортаның факторлары оператордың жұмыс істеуіне және
функионалдық жағдайына айтарлықтай әсер етеді. Өндірістік ортаның
факторлары қауіпті және зиянды болып бөлінеді.
Қауіпті және зиянды өндірістік ортаның факторлары табиғаттың
жағдайына байланысты келесі түрде бөлінеді:
- психофизиологиялық факторлар;