Аталған дипломдық жобада Қарасай ауданында Қаскелең қаласында


  СЫМСЫЗ  ЖЕЛІ  ТУРАЛЫ  ТҮСІНІК  ЖӘНЕ  WI  –  FI



жүктеу 0,72 Mb.
Pdf просмотр
бет2/22
Дата22.05.2018
өлшемі0,72 Mb.
#15869
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

11 

 

1  СЫМСЫЗ  ЖЕЛІ  ТУРАЛЫ  ТҮСІНІК  ЖӘНЕ  WI  –  FI 



СТАНДАРТТАРЫ 

 

 

 

1.1 Wi – Fi технологиясы 

 

Wi  –  Fi  технологиясы  –  Ethernet  стандартының  сымсыз  желі  аналогы, 



оның  негізінде  бүгінгі  таңда  көптеген  кеңселердегі  компьютерлік  желілер 

байланыстырылған.  Ол  1999  жылы  тіркеліп,  қызмет  ету  аясы  тікелей 

ноутбуктер  мен  компьютерлер,  мобильдік  құрылғыларға  байланысты 

менеджерлер,  сауда  агенттері,  кеңсе  қызметкерлері  және  тағы  басқалары 

үшін үлкен жаңалық болды. 

Wi  –  Fi –  ағылшынның  «Wireless  Fidelity»  сөзінен шыққан,  ол  сымсыз 

желі  (радио)  байланысының  стандартын  білдіреді,  бірнеше  хаттамаларды 

біріктірген IEEE 802.11 ресми атауына ие (Institute of Electrical and Electronic 

Engineers  –  электрондық  технологиялар  саласындағы  стандарттарды 

өңдеумен айналысатын халықаралық ұйымы берген стандарт). Қазіргі таңда 

кеңінен  таралған  және  баршаға  танымал  –  IEEE  802.11b  хаттамасы  болып 

табылады  (көбінесе  Wi  –  Fi  деген  қысқартылған  атаумен  осы  хаттама 

аталады). IEEE 802.11b хаттамасында ақпараттарды жіберу 2.4 – 2.4835 ГГц – 

ке  дейінгі  жиілік  диапазонының  аралығында,  11  Мбит/сек  максималды 

жылдамдығымен  қамтамасыз  етілген  сымсыз  желінің  қызметі  анықталады. 

Сигналдарды  жіберудің  ең  үлкен  қашықтығы  100  метр  аралығында,  бірақ 

ашық жерлерде оның мәні 300–ден 400 метрге дейін жетуі мүмкін. 

802.11b 


хаттамасымен  қатар  802.11a,  802.11g  сымсыз  желі 

стандарттары  бар.  802.11a  –  5  ГГц  жиілігін  қолданады  және  54  Мбит/с 

максималды  жылдамдығын  қамтамасыз  етеді.  802.11g  –  2,4  ГГц  жиілігінде 

жұмыс  істеп,  54  Мбит/с  жылдамдығын  қамтиды.  Таралу  қашықтығының 

қысқалығына,  алгоритмдерді  есептеудің  ауыртпалығына  жоғарғы  мөлшерде 

қуат жұмсалымына байланысты бұл технологиялар әлі кеңінен таралған жоқ. 

Стандарттарды жетілдіру мақсатында 320 Мбит/c жылдамдығын қамтамасыз 

ететін 802.11n хаттамасы өңделуде. 

Дәстүрлі  желіге  шығу  сыммен  жүзеге  асырылатын  технологиялар 

сияқты  Wi  –  Fi  деректер  базасы  немесе  бағдарламалық  қосымшалар 

сақталатын  серверлерге  және  интернетке  кіруді,  құжаттарды  басып 

шығаруды  және  тағы  басқаларын  іске  асыруды  қамтамасыз  етеді.  Сонымен 

қатар  ақпарат  алынып  жатқан  компьютерді  сымға  қосу  қажет  емес.  Wi  –  Fi 

құрылғысын  тек  қосылу  нүктесінен  (access  point)  300  метр  радиус  шегінде 

қою  жеткілікті,  ол  кәдімгі  кеңсе  АТС  –  не  ұқсас  қызмет  атқарады.  Бұл 

жағдайда  ақпарат  2.4  –  2.483  ГГц  диапазон  жиілігінде  радио  толқындар 

арқылы таралады. 

Айта  келгенде  Wi  –  Fi  технологиясы  3  маңызды  міндетті  орындауға 

мүмкіндік береді:  

- компьютермен байланыс орнатуды жеңілдету немесе оңтайландыру. 




12 

 

-  Кеңсеге  өз  ноутбуктерімен  келген  іскерлік  әріптестермен  жұмыс 



жасаудың қолайлы жағдайын қамтамасыз ету. 

-  кабельді  орнату  мүмкін  емес  немесе  шамадан  тыс  қымбат  болғанда 

кеңседе немесе бөлмеде жергілікті желіні орнату. 

Wi – Fi жүйесін қолдану кәсіпорынның беделі мен корпоративтік бет–

келбеті үшін де маңызды. Сымсыз желі технологиясы кәсіпорынның IT, яғни 

ақпараттық  технологиялар  жүйесінің  негізі  немесе  қолданыстағы  кабельдік 

жүйеге қосымша бола алады. Мысалы кәсіпорын қызметкерлерінің барлығы 

дерлік  Wi  –  Fi  жүйесімен  жұмыс  істеу  мүмкіншіліктері  болмаса,  кәдімгі 

стационарлы  компьютерлерде  және  Wi  –  Fi  құрылғысы  орнатылған 

компьютерлерде  жұмыс  істейтін  қызметкерлердің  бір  ақпарат  алаңында 

жұмыс жасап қана қоймай, ақпарат алмасуларына да болады. 

Wi  –  Fi  желісінің  ядросы  –  қосылу  нүктесі  (access  point),  ол  жер 

астындағы  желі  инфрақұрылымына  қосылып  (мысалы  кеңселік  Ethernet 

желісі)  радиотолқындардың  берілуін  қамтамасыз  етеді.  Әдетте  қосылу 

нүктесі 

қабылдағыштан, 

хабарлағыштан, 

сым 


желісіне 

қосылу 


интерфейсінен,  деректерді  өңдеудің  бағдарламасымен  қамтылудан  тұрады. 

Кіруден  кейін  қосылу  нүктесінің  50–100  метр  радиусы  маңында  сымсыз 

желіні пайдалануға болатын аумақ немесе шекара қалыптасады, оны хотспот 

немесе  Wi  –  Fi  аймағы  деп  атайды.  Қосылу  нүктесіне  кіру  үшін  Wi  –  Fi 

адаптері  орнатылған  ноутбукті  тағы  басқа  құрылғыларды  хотспот  немесе 

қызмет  ету  аймағына  қою  керек.  Құрылғыны  табу  мен  желіні  қалыпқа 

келтіру  көпшілік  операциондық  жүйелермен  автоматты  түрде  жүргізіледі. 

Егер пайдаланушы бір уақытта бірнеше Wi – Fi аймағына орналасса, қосылу 

нүктесі қуатты сигналдардың болуын қамтамасыз етеді. Егер де жаңа қосылу 

нүктесі табылса, құрылғы қай жерден күштірек сигнал берілсе, сол нүктеден 

қосылады. 

Әрбір  Wi  –  Fi  желісінің  өзіндік  артықшылығы  оның  барлық 

пайдаланушыларының қосылу нүктесінің интернет каналына тікелей немесе 

интернетке  қосылған  кез  келген  сервер  арқылы  қосылуы  нәтижесінде 

интернетке  кіру  мүмкіндігіне  ие  болуы.  Екі  жағдайда  да  пайдаланушы 

браузерді  қосып, интернет  сайтты  теруі  ғана  қажет. Сонымен қатар  Wi – Fi 

орнатылған  бірнеше  жүйе  бір  –  бірімен  жергілікті  желі  сияқты  тікелей 

байланысып, құжаттар алмаса алады, бірақ бұндай жағдайда көрініп тұратын 

станциялар шектеледі. 

Wi  –  Fi  құрылғысы  қоса  орнатылмаған  (мысалы  кәдімгі  үйдегі  немесе 

кеңседегі компьютерлер) бұл стандартты ұстану үшін арнайы картаны сатып 

алу  қажет.  Ол  карта  компьютерге  стандартты  интерфейстер  (PCI,  USB, 

PCMCIA және тағы басқа) арқылы қосылады. 

 

1.2 



IEEE 802.11 стандартының жұмыс істеу принципі 

 

Сымсыз  Wi  –  Fi  желісі  бір  немесе  бірнеше  қатынау  нүктесі  және  бір 



тұтынушыдан тұрады. Қатынау нүктесі сигналдық пакеттер көмегімен өзінің 


жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау