54
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
Мен жаратылысым жағынан «жауынгер» емеспін, тек менің балам-
ның және басқа балалардың жетілуге мүмкіндігі болғанын қалаймын.
Егер біз бұл жобаны қолға алмасақ, аптасына 2 рет 2 сағатқа келіп тұра-
тын әлеуметтік жұмыскердің көмегінен басқа, оларда ешқандай мүмкін-
діктер болмас еді.
Қазір біз мамандарды оқып-үйретуге бағытталған ұзақ уақыттық жо-
баның керек екенін түсіндік. Өйткені даму мүмкіндіктері шектеулі бала-
лар барған сайын көбейіп келеді, ал ондай шектеулермен жұмыс істей
білетін мамандар жетіспейді.
Кейінге оралып, бүгінгі тәжірибемнің биігінен
өткен жолға талдау жа-
сағанда, проблеманың шешіміне ата-аналардың ішкі дүниесінің жағдайы
болысатынын көремін. Табысқа жету үшін баланы оның сол қалпында
ҚАБЫЛДАУ және СҮЮ деген екі шарт керек, сонда балада бәрі де өзге-
реді.
Жақында Лешаға МРТ жасады, қорытындысы – миға зиян келмеген,
жас шамасының нормасына сәйкес келеді, мидың функцияларына зиян
келген. Яғни, орган зақымдалмаған, ол тек жұмыс істеуін доғарған. Құдай
әлдененің (немесе әлдекімнің) өзгеруіне мүмкіндік берген уақытта со-
лай болады. Мен ұлымның «ерекше» емес, кәдімгідей балалық шағы
болуына, коррекциялық мектептен әдеттегі мектепке ауысуға мүмкіндігі
бар екеніне сенімдімін.
Әрине, негізгі жүк менің иығыма түсті. Бірақ күйеуімнің көмегінсіз
мен, бәлкім, ештеңе бітіре алмас едім. Ол байсалды, жауапты, сенімді
адам. Балалармен байланысы жақсы, олармен ойнай да алады, та-
мақтандырады да, және сабаққа немесе басқа бір жерге апара ала-
ды. Оны күні бойына балалармен қалдырып кете аламын, себебі қо-
лынан келетініне сенемін. Кейбір әкелер үшін мұндай жүк шамадан
тыс болып шығады. Ол «ерекше» балаларды тәрбиелеудің және жай
ғана олармен бірге өмір сүрудің негізгі принциптерін түсінеді және
тіпті басқа ата-аналарға жиі моральдық көмек көрсетеді. Ұлымызды
қалпына келтіруге қатысты мәселелердің шешімін біз бірге қабылдай-
мыз және барлық қасірет пен ауыртпалықтарды да бірге өткереміз.
Балалардың азабы, ауруы көп нәрсеге үйретеді. Мен бұрын дүниеге
және адамдарға сын көзбен, тәкаппар қарайтынмын, енді менің көзқара-
сым 180 градусқа өзгерді. Мен кезекте, автобуста «ерекше» бала оларға
бөгет болған кезде бізге, балаларымызға кінәлап қарайтын адамдарды
аяймын. Біздің ондай адамдарды мейірімді, қайырымды болуға, ал күн
сайын өздерінің «ерекше» балалары үшін ерлік жасайтын «ерекше»
ата-аналарды, – басын биік ұстап өмір сүруге үйретуіміз қажет!
55
«Жетістік тарихы» кітабы
УАйЫМДАУғА УАҚЫТ БОЛМАДЫ
Борис Наенко түсірген фотосурет
Болат Қошпайұлы және Рауан Мұхтарқызы Зейнуллиндер
Көкшетау маңындағы Қызылжар ауылында тұрады. 2004 жылы
олардың қызы Карина дүниеге келді. Балаға кохлеарлық
имплантация жасалды, ол биыл Көкшетау қаласындағы есту
қабілеті бұзылған балаларға арналған № 4 мектеп-интернат-
тың 4-ші сыныбын бітірді. Өз отбасының тарихы жайында
Рауан Мұхтарқызы әңгімелейді.
Карина – біздің екінші баламыз, оның апасы бар. Карина басқа
балалардан бөлек екенін біз бір жастан кейін түсіндік: ол атын атап
шақырғанда қарамайтын болды. Мен алдымен оның себебі, аты өзі-
не ұнамайтыны шығар деп ойладым. Дабыл соққан менің ата-анам
болды. Алдымен өзіміздің аймақтық дәрігерімізге қаралдық, ол бізді
логопедке жіберді. Логопедте қызымыз карталарды жайды, пирамида-
ларды жинады, соның негізінде маман: проблемаларды байқамадым,
мүмкін сөйлеуі кешіккен шығар, жарты жылдан кейін келіңіздер- деп
көңілімізді тыныштандырды. Жарты жылдан соң қайтадан қабылдауға