Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет13/69
Дата21.12.2017
өлшемі2,8 Kb.
#5274
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   69

41
«Жетістік тарихы» кітабы
Мектеп директоры Лидия Михайловна Маслова бізге: «Сіздер ұлыңыз-
ды жандарыңыздан жіберіп, ерлік жасадыңыздар»-деді,
Қазір Ақжан енді Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 
тарих және құқық факультетін бітірді.
Біз  интернаттың  барлық  тәрбиешілеріне,  мектеп  мұғалімдеріне 
олардың кәсіпқойлығы, жылылығы мен ықыластылығы үшін разымыз.
папасы:
Ұлдарым туғанда мен сондай қуандым. Олар өте әлсіз болды, бірақ 
Алла тағала оларға аман қалуды жазыпты. Ондай балаларға сүйіспен-
шілікпен қарап, олардың жолында бәрін болмаса да, көп нәрсені, тіпті 
өзіңе зиян болса да, құрбан ету керек. Өкінішке қарай, әкелердің бәрі 
бірдей  мұны  түсіне  бермейді,  отбасынан  кететіндері  де  болады.  Кез 
келген отбасында, оның үстіне, егер балалардың мүмкіндіктері шекте-
улі болса, балалардың жанына жара салмау үшін тұрақты жағдай бо-
луға тиіс.
Сен ол үшін тек ата-ана емес, дос болуың керек, туған адамыңды 
қалай  тастап  кетуге  болады!  Мен  оның  досымын  да,  ағасымын  да, 
әкесімін де. Алғашқы кезде біз түрлі мамандарды, тіпті халық емшілерін 
де іздеумен болдық, тәуіптерді ауылға алып келетінбіз. Біздің үйдің ал-
дында  кезек  түзілетін,  ауылдастар  да  қаралғысы  келетін.  Бірақ  одан 
кейін біз іздеуді доғардық, өйткені бала үміттенеді, ал ешкім де ештеңе 
істей алмайды. Ақталмаған үміт қатты жаралайды.
Ұлдарымызды біз бірдей тәрбиеледік, Ақжан үшін ешқандай шекте-
улер болған жоқ. Мен оған массаж жасап, бой жаздыратынмын, өзім-
мен бірге іссапарларға жиі алып жүретінмін. Жолда «еркекше сөйле-
суге» уақыт болды. Ақжан әлемді танып білді, қай жерде қандай ауыл 
барын,  оған  дейін  қанша  шақырым  екенін,  ол  жолға  қанша  бензин 
керектігін білетін. Ондай балаларға бәрін де толық әрі асықпай түсін-
діру керек, басқа балаға «Өзің кейін білесің!», - деуге болады. Сонымен 
қатар мен Ержан оған көңіл бөлуді қойды деп ойламауына тырыстым, 
оның інісінің өміріндегі үлкен көмекшінің рөлін атап айтып отырдым. 
 Ақжан әңгімеге жақсы, мен онымен болашақ жайында жиі әңгіме-
лесемін.  Ол  өзінің  жұмыстан  алған  әсері  туралы,  келешекте  не  істеу 
керек болатыны туралы әңгімелейді. Оны бәрінде де демеп отыруға 
тырысамын,  өйткені  оның  өмірге  деген  және  мүмкіндіктері  шектеулі 
адамдарға көмектессем деген зор тілегін көремін.
Мен инженер болып жұмыс істедім, бір кездері ауыл әкімі болдым, 
бірақ Ақжанның қасында әрдайым болу үшін, негізгі жұмысымнан кету-


42
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
ді ұйғардым. Ұлым СҚМУ оқыған уақытта онымен бірге барып жүрдім, 
біз барлық қабаттарға көтерілетінбіз. Қазір де екеуміз біргеміз. Оған жұ-
мысында көмектесемін, сапарларға бірге барамын. Ақжан біраз негізгі 
мәселелер бойынша өз отбасымен ақылдасады, мен тіпті жұмыста да, 
ол түрлі адамдардың пікірлеріне құлақ салатынын көремін.
Ондай  балаларды  тәрбиелеуде  ең  бастысы  –  сүйіспеншілік  және 
шыдам.
Ақжан көп нәрсеге қол жеткізді. Ол «Алтын қалам», «Әртүрлі, бірақ 
бірдей» байқауларында облыстың атынан шықты, СҚО әкімдігінің жа-
нындағы мүгедектердің істері жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі бо-
лып табылады. Акжанды мүгедектер туралы заңды әзірлеу жөніндегі 
жұмыс тобына енгізу жоспарлануда.
Біз Жаратқанға өзімізде Ақжанның бары үшін разымыз және ұлы-
мызды мақтан тұтамыз.
Ақжан:
Мен Шамиль Тауфикович Шақшақбаевты жиі есіме аламын. Шешім-
дер қабылдағанда, ол мұндай жағдайда не істер еді деп ойлаймын. Біз 
– оның шәкірттері – Шамиль Тауфикович бізді қиындықтарды еңсеру-
ге үйреткені үшін оған разымыз. Ол біздің өміріміз, біздің болашағы-
мыз жайында бізбен ұзақ әңгімелесетін. Өмір бізге қатал болатынын, 
соққыларын  жаудыратынын  айтатын.  Біз  түсінбейтінбіз:  әке-шешеміз 
қасымызда, бізге не жамандық болуы мүмкін. «Егер тоғыз адам саған 
жоқ десе – оларды ұмыт, егер біреуі көмектессе – есіңе сақта», «Шекте-
улер тек біздің басымызда ғана болады», - деп үйрететін...
Енді мен оның дұрыстығын түсіндім. Шамиль Тауфиковичтің арқа-
сында біз өмірге бейімделдік (интернатта асүйде кезекшілік етіп, еден 
жуатынбыз, аяқ киіміміздің бауын байлап, ауланы жинап үйрендік).
Университетте мен мүмкіндіктері шектеулі адамдардың проблема-
ларын зерделедім, нормативтік құжаттармен таныспын. Достарыммен 
– интернаттың түлектерімен бірге біз өзіміздің қоғамдық ұйымымыз-
ды – «АРДОС-Жүрек» мүгедектер бірлестігін ашуды ұйғардық. АРДОС 
аббревиатурасы  «бейімделу»,  «оңалту»,  «қолжетімділік»,  «білім», 
«әлеуметтік  қорғау»  («адаптация»,  «реабилитация»,  «доступность», 
«образование», «социальная защита») дегенді білдіреді –  бұл біздің 
ұйымның жұмыс жасайтын бағыттары. «Жүрек» деген біз өз мақсатта-
рымызға тек ашық жүрекпен жете аламыз дегенді білдіреді.
Біздің  ұйым  тек  мүгедектерді  ғана  емес,  сонымен  қатар  олардың 
ата-аналарын да біріктіреді. Біз зерттеу жүргіздік – мүгедектердің қы-


43
«Жетістік тарихы» кітабы
зметтерінің сапасына қанағаттану деңгейін анықтадық, ата-аналармен 
де  әңгімелестік.  Бір  ерекшелігі,  ата-аналар  балалары  үшін  жиі  жауап 
берді, олар үшін ненің жақсы болатынын ұйғарды және әдетте «бізге 
ештеңе де керек емес, бізде бәрі жақсы», - десті. Олай болмауға тиіс. 
Егер ата-ана шешім қабылдайтын болса, олар баласымен ақылдасуға 
тиіс.  Біздің  үйде  шешімдер  қабылдағанда  бәрін  тыңдау  әдет  болып 
қалыптасқан. Көбінесе ата-аналар бірқатар жағдайларда ШДМ бар ба-
лаларда арнайы мектеп пен оны бітіргеннен кейін бала ҰБТ тапсырып, 
жоғарғы білім ала алатын инклюзивті мектептің арасында таңдау мүм-
кіндігі барын білмейді де.  
Кез келген адамның өмірінде ата-анасына көп нәрсе байланысты. 
Ал ауру баланың өмірінде – одан да бетер. Егер ата-аналар өз бала-
лары үшін шектеу қоятын болса, онда олардың мүмкіндіктері расында 
шектеулі болмақ. Мен жас аналар бәріне дайын болуы үшін, оларға ар-
налған курстар керек деп санаймын. Ата-аналарға ауру балаларынан 
бас тартуға болмайды. Кез келген балаға сүйіспеншілікпен қарау керек. 
Кейбір  ата-аналар  өздерінің  ерекше  балаларынан  қысылады,  бірақ 
менің  ата-анам  ондай  емес.  Айтпақшы,  біз  ондай  балалармен  қалай 
араласу керектігі туралы брошюра шығардық.
Мен  өзімді  мүгедек  деп  санамаймын,  мүгедек  креслосына  отыр-
маймын. Және менің диагнозым – жаза емес, сын. Құдай сын мен күш 
береді, ал сен оларды қалай пайдалануды өзің шешесің. Басты қиын-
дық  –  физикалық  бөгеттер,  психологиялық  бөгеттер  болса,  ата-ана-
мның арқасында менде жоқ және ешқашан болмаған. 
Мен өзімнің жақындарым мен достарыма сенімдімін. Және оларды 
жерге қарата алмаймын. Біздің ұйымға тек бір жыл болды, біздің ал-
дымызда қиыншылықтар әлі көп, бірақ мен істі ақырына дейін жеткізу 
керек деп санаймын, егер сен грантты жеңіп алмасаң, ол қол қусыруға 
желеу емес. Біз мүгедектерге арналған қызметтер кешенін заңгер, пси-
холог, логопед, ақпараттану, шет тілдерін, қазақ тілін оқытушы, сурдо-
аудармашы, массажист және басқа мамандықтары бар мүгедектердің 
өздері  көрсететін  Бейімделу  және  оңалту  орталығын  құрсақ  дейміз. 
Орталықта ата-аналардың жұмыс істеуге мүмкіндігі болуы үшін бала-
лар бөлмесі, пікірсайыс клубы жұмыс істейтін болады.
Мүгедектер  қоғамның  толыққанды  мүшелері  болып,  өздерінің 
проблемаларын өздері шеше алады, тек оларға демеу беру керек. Біз 
өтінушілер емеспіз, жарлы туыстар емеспіз, теңқұқықты серіктестерміз.


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау