104
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
Менің өмір жолымда маған кәсіпқой невропатологтар өте аз кездесті, ал
психологтар жайында ол кезде ешкім ештеңе естімеген еді.
9-шы сыныпты бітіргеннен кейін мектептен кетсем деген тілегім
зор болды. Оқуға деген ынтамды онда жылдам жойды, орта буынды
мұғалімдердің бірінің бастамасымен тіпті басқыштан домалатуға дейін
қудалау басталды. Ал бесінші сыныпқа дейін мен жақсы оқыдым.
Теміртауда қыз балалар үшін оқу орындарының таңдауы аз. Мен тре-
мордың кесірінен не медициналық, не музыкалық училищеге түсе алма-
дым, сауда-кулинарлық училищеге баруға демікпе мүмкіндік бермеді.
Тек педагогикалық училищенің мектепке дейінгі бөлімшесі қалды. Бұл
жерде мүмкіндіктер мен тілек сәйкес келді. Кәсіпті мен өзім таңдадым,
бала кезімнен оқытқанды жақсы көретінмін, маған кішкентайлармен үй
тапсырмаларын жасауды жиі тапсыратын. Ата-анам мені қолдады.
Училищеге түсердің алдында медициналық комиссияға келген уақы-
тымда, менде БЦП диагнозы әлі жоқ еді. Невропатологтың «қолыңды
алға соз» деген стандартты талабын мен байсалды орындадым. Сол
кезде дәрігер әйел маған айқайлай бастады: «Сен өзіңе қарасайшы!
Балалармен қалай жұмыс істемексің? Саған тыныш қана бұрышта оты-
ру керек, ал сен адам болам дейсің …». Ол мені жібермеді және «Сенде
баршаның өміріндей өмір болмайды», - деді.
Осыдан кейін мен өз өзіме қол жұмсау туралы шындап ойлана баста-
дым. Достарым жоқтың қасы болды, мен ағамның достарының ара-
сында жүретінмін, оның достары маған қамқор болып, жақсы көретін.
Бір бойжеткен маған бірдеңе болғанын байқап қалып, әңгімеге тартып,
сырымды суыртпақтап біліп алды. Содан кейін «Қаласаң, сенің орныңа
медициналық комиссиядан мен өтейін», - деп ұсынды. Мен оның мүм-
кін болатынына сенбедім, бірақ ол айтқанын істей алды, барлық дәрігер-
лерден өтті. Мен училищеге түстім, бірақ, әрине, одан кейін «әшкере бо-
луға» тура келді, дене тәрбиесі мен ауыл шаруашылығы жұмыстарынан
босатылу керек еді.
2 жылдан соң маған романтика керек болды. Ағам Алматыдағы кон-
серваторияға түсті (қазір ол симфониялық оркестрде жұмыс істейді).
Мен оның соңынан бардым, бірақ біз әрқайсымыз өз тірлігімізбен өмір
сүрдік. Пәтерді өзім жалдадым, мектепте жинастырушы болып жұмыс
істедім және оқыдым. Біз бір бірімізге қонаққа келген кезде ғана ан-
да-санда көрісіп тұрдық. Ол кезде маған өз проблемаларымды тек өзім
және өз бетіммен шешуді үйрену маңызды болды. Сондықтан, ағамнан
көмек сұрап жүгінбеуге тырыстым. Алматыда оқуымды жалғастыру үшін,
маған Теміртаудан мені жұмысқа қабылдайтыны туралы анықтама керек
105
«Жетістік тарихы» кітабы
болды. Анықтаманы берді, бірақ жұмысқа үміттенбе деп ескертті. Мүге-
дектікті ресімдеу туралы ой маған сонда келді.
Педагогикалық училищені бітіргеннен кейін Алматыда қалдым. Мені
бір де бір мемлекеттік жоғарғы оқу орны қабылдамады, жекеше жоғарғы
оқу орнына – Мәскеу славян университетінің филиалының психология
факультетіне оқуға түстім. Онда жақсы оқытты, деңгейі жоғары болды.
Біздің оқытушымыз Марина Олеговна Рязанцева қазір Мәскеуде жұ-
мыс істейді. 3-ші ме, әлде 4-ші курста ма, демікпемен ауруханаға түстім.
Маған укол жасады, келесі күні аяғымның бұралғаны сондай, тіпті жүре
алмадым. Емханадан шыққаннан кейін мен өзімді өзім сүйреп шығара
– бастадым, массаж жасадым, жаттығулар ойлап таптым. «Кеңес» орта-
лығына ерікті болып келдім де, маған көмекке мұқтаж адамдармен жұ-
мыс істеген ұнайтынын және ол менің қолымнан келетінін түсіндім.
Мен БЦП проблемаларына терең зер салдым, түрлі әдістемелерді
зерделедім. Дипломды БЦП бар адамдармен жұмыс бойынша жаздым.
Алған ақпарат өзім үшін пайдалы болды. Мамам екеумізге уақыт өте келе
менің интеллектім төмендей бастайды деп ескерткен болатын. Мен оған
сендім, өзіме бірдеңе түсініксіз болған уақытта, мен міне ол, басталды
деп ойлайтынмын. Бірақ дипломдық жұмыспен жұмыс істеген кезімде,
мен оған қарама-қарсы ақпаратты таптым: интеллект деңгейі төменде-
мейді, қайта жоғарылауы мүмкін. Мен бұл сөйлемді оншақты рет оқыған
шығармын.
Өзіме беретін бағам көтерілді, үлгерімім жақсарды.
Жоғарғы оқу орнында БЦП бойынша мамандану жоқ еді, қорғауға
АМУ профессоры шақырылды. Менің жұмысымды жауып тастай жаз-
дады, себебі, оның пікірі бойынша, мұның ешкімге керегі жоқ. Алайда,
мен дипломдық жұмысымды қорғадым. Жоғарғы оқу орнын бітіргеннен
кейін Теміртауға оралдым, психоневрологиялық диспансерге уақытша
(декретке шыққан маманның орнына) жұмысқа орналастым. Үш жыл жұ-
мыс істеген кезім өте тиімді мектеп болды, мұны (БЦП жұмыс істеу секіл-
ді) жоғарғы оқу орнында бәлендей оқытпаған еді, өз бетіммен үйрену-
ге тура келді. Балалармен де, бізге ДЕСК, әскери комиссариат жіберген
ересек адамдармен де жұмыс істедім. Бірақ, психолог декреттен оралған
уақытта, жұмыссыз қалдым.
Менің психологтардың кәсіптік ортасына қосылу туралы шешімімді
олардың бәрі бірдей қош көре қоймады. Райымнан қайтуға үгіттеген,
кәсібімді ауыстыруға кеңес бергендер де болды. Өйткені ауру жұмыс
үшін де, кәсіби өсу үшін де елеулі кедергі болуы мүмкін десті. Өзім үшін:
практик бола алмайды екенмін, теоретик боламын, аспирантураға
оқуға түсемін деп ұйғардым. Санкт-Петербургке сұрау жолдап, шақыру