113
«Жетістік тарихы» кітабы
организмінің жасушасы ретінде қабылдайтыны, ал онда барлық жа-
сушалар жүздеген, мыңдаған жіптермен – байланысып маталғаны
болып табылады. Қазақ және орыс халықтарында «біреуі бәрі үшін
және бәрі біреуі үшін» принципіне құрылған қауымдық, ру-тайпалық
байланыстар дәстүрлі түрде мықты болған. Қазір бізге индивидуа-
лизмді (әркім өзі үшін) және эгоизмді (жеке бастың мүдделері – тір-
ліктің негізгі қозғалтқышы) таңуда.
«Ата-анасы күнәға батты, сондықтан бала азап шегеді» сұлбасы
бүгін әрдайым жұмыс істей бермейді, біздің бәріміз бүкіл қоғамның
күнәлары үшін азаптанамыз. Дегенмен, объективті түрде, адам-
ның өз баласы ауырып қалғанда, оның жүрегі сыздайды, адам мей-
ірімдірек болады, онда құндылықтарды қайта бағалау орын алады.
Жаратқан балаларға олардың ата-анасын құтқару үшін азап жол-
дайды. Жаратқан қатыгез емес және мұнда әділетсіздік жоқ, өйт-
кені біздің жер бетіндегі ғұмырымыз мәңгі өмірмен салыстырғанда,
небәрі қысқа «іссапар» ғана емес пе.
Егер жоғарыда айтылғанды назарға алсақ, ауру балалардың
Құдайдың адамдар үшін жасайтынында қандай рөл атқаратынын
бірден көруге болады. Кемтарлар – біздің терең ішкі эгоизмімізді,
басқаның проблемаларынан алыс болуды діттеген тілегімізді әшке-
релейтін лакмус қағаз. Ешкім де өзіне қосымша толғаныс алғысы кел-
мейді, кемтардың қасында болудан соқыр сезімімен қорқады, өйт-
кені ондай жағдайда қаласаң да, қаламасаң да, жанашыр болуға тура
келеді ғой. Ал бүгінгі қоғам ләззатты, жан рақатын таңдады, демек,
мүгедек балалар бұл қоғамға бөгет болады. Бірақ олар арқылы Жа-
ратқан адамдарды бірін бірі бағалауға және сүюге итермелейді. Әр-
кім де басқа адам үшін жауапкершілікті сезінуі керек. Өзімізде эго-
измді жойсақ, патологиялар да азаяды.
Ерекше балалар мен олардың отбасына теріс қарау біздің дәстүр-
лерімізде тамыры терең жайылмаған. Бірақ, өкінішке қарай, көп
адамдардың санасына сіңіп қалған жалған көзқарастар әлі де жетерлік-
тей күшті. Өмір алдын ала қалыптасқан пікірлері мен стереотиптерден
арылуға мәжбүрлеген біздің авторларымыз да осы туралы айтты.
Бұл кітап ерекше балалардың ата-аналарына өздерін анағұрлым
сенімді сезінуге, ал басқа барлық оқырмандарға өзіндегі оларға деген
секемді және шеттеуді жеңуге көмектеседі деген үміттеміз. Өйткені еш-
кім де баласы ауру болып туады деп күтпейді, ешкім де балалардың
жетілуіндегі түрлі текті шектеулерге себеп болатын кездейсоқ қасірет-
тен және өмірдің шым-шытырығынан сақтандырылмаған … Біз сіздер-
мен
әңгімемізді осыдан бастадық, осымен аяқтағымыз келеді.
114
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
ЖОЛ СІЛТейТІН КІТАпТАР
Августова Р.Т. Сөйле! Бұл сенің қолыңнан келеді. Баланың сөйлеу қабілетін,
әсіресе «үміт жоқ жағдайларда», қалай дамыту және оқуды үйрету керек. – М.:
АСТ, 2002
вуйчич Н. Шекараларсыз өмір. Керемет бақытты өмірге апаратын жол. –
М.: Эксмо, 2014
Доман Г. Баланы оқуға қалай үйрету керек немесе тыныш биязы револю-
ция. – М., 2000
забрамная С.Д., Боровик О.в. Баланың дамуы сіздің қолыңызда. – М.: Но-
вая школа, 2000
Кимельман Т. Аутизмді қалай жеңуге болады. Тамақтандыру және биокор-
рекция жүйесі. –
Ставрополь, 2011
Королева и.в. Керең балалар мен ересек адамдарға кохлеарлық имплан-
тация жасау. Құлақты электродтық протездеу. - Санкт-Петербург: КАРО, 2009 ж.,
752 б. («Арнайы педагогика» сериясы)
Королева и.в. Тыңдауды және сөйлеуді ойын арқылы үйренемін. Есту
қабілеті бұзылған балаларда есту қабілеті мен ауызша сөйлеуді дамытуға ар-
налған ойындар жинағы. - Санкт-Петербург: КАРО, 2011.- 52 с. + 32 түсті салым-
ша.
Королева и.в., Янн п. Есту қабілетінің бұзылушылықтары бар балалар.
Ата-аналар мен педагогтарға арналған кітап. - Санкт-Петербург: КАРО, 2011.-
223 с.
Королева и.в. Менің сыныбымда кохлеарлық импланты бар бала оқиды.
Пособие для учителя. - Санкт-Петербург: КАРО, 2014 г., 103 с. («Арнайы пе-
дагогика» сериясы).
Леонгард Э.и., Самсонова е.Г. Есту қабілеті бұзылған балалардың сөйлеуін
отбасында дамыту. - М.: Просвещение, 1991
Леонгард Э.и., Самсонова е.Г., иванова е.А. Мен үнсіз болғым келмейді!:
Есту қабілетінің бұзылушылықтары бар балаларды Леонгард әдісі бойынша
оқып-үйретудің жұмыс тәжірибесі. – М., 2008
Мак-Кендлесс Ж. Милары ашығатын балалар. Электрондық ресурс. Қа-
тынау режимі http://www.samomudr.ru/d/Zhaklin%20Mak-Kendless%20%20_
Deti,%20u%20kotoryx%20golodaet%20mozg.pdf
Мелешкевич О., Эрц Ю. Ерекше балалар. Жүріс-тұрысты қолданбалы тал-
дауға (АВА) кіріспе. Аутикалық спектрі бұзылған және басқа даму ерекшелік-
тері бар балалардың түйінді жүріс-тұрысын коррекциялау принциптері мен
оқып-үйрету стратегиялары. – М.: Бахрах-М, 2014
Селигман М., Дарлинг Р.Б. Әдеттегі отбасылар, әдеттегі балалар. Дамуы бұ-
зылған балаларға көмек көрсетудің жүйелі тәсілдемесі. – М.: Теревинф, 2013
Реуцкая О.А. «Ерекше баланың» басқа әлемі. Көмек, күтім, дамыту. – Ро-
стов-на-Дону, 2011
Финн Ненси Р. Церебралдық сал ауруымен ауыратын бала. Көмек. Күтім.
Дамыту. – М.: Теревинф, 2009