108
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
ТҰЖЫРЫМДАР МеН БАйҚАУЛАР
1.
Баланың денсаулығының дұрыс емес екені туралы ата-анасына
оның диагнозының қандай деңгейде екеніне қарай әр түрлі уақытта бел-
гілі болады. Даун синдромы бірден көрінеді, балалардың церебралдық
сал ауруы 6 айында анық болады, есту қабілетіне байланысты дерттері
одан кеш анықталады. Психиатрлар өздерінің емделушілерін 4 жасқа
жеткенде қарайды.
2.
Сондықтан дер кезінде дабыл қағу үшін ата-аналардың зейінді әрі
қырағы болуының маңызы зор. Өйткені тек емдеу ғана емес, сонымен қатар
арнайы психологиялық – педагогикалық қолдау неғұрлым ертерек басталса,
бала дамуындағы проблемалар да солғұрлым пәрменді шешіледі.
3.
Диагноз бен болжам туралы білген сәтте ата-аналардың бәрі де
төбесінен жай түскендей болады. Оларды «Не үшін?» деген сұрақ жан
азабына салады. Осындай сәтте олар көбінесе туған-туысқандарымен
және достарымен байланыстарын үзеді, кейбіреулері өзіне өзі қол салу
туралы кәдімгідей ойланады. Алайда бұл кезеңді бастан өткерудің аза-
бы мен ұзақтығы әркімде әр түрлі болады. Біреулердің өз шамасы же-
теді, біреулерге туған-туыстары мен достары көмектеседі. Ата-аналарға
кәсіпқой психологиялық қолдау көрсету мүлде шала дамыған күйде (ал
алтын уақыт зая кетіп жатады). Қазір осы бос тұрған саланы ШДМ диа-
гнозы бар балалар ата-аналарының қоғамдық ұйымдары және Мәдина
Каримова мен Евгения Краснощекова сияқты ата-аналардың өздері тол-
тыруға тырысуда.
4.
Бұл жағдайды бастан аман өткеріп, есін жиюға Аллаға деген
сенімнің көмектескенін ата-аналардың барлығы дерлік атап айтады.
«Егер тағдыр сені тізе бүктірсе, тізерлеп тұрып, бес минут Құдайға сыйын,
содан кейін тұр да, алға қарай қадам бас». Олар беймәлім автордың осы
кеңесін, бәлкім, ешқашан оқымаса да, оған ішкі түйсігімен ілескен.
5.
Әлеуметтік қолдаудың қолданыстағы жүйесі ШДМ бар балала-
ры бар ата-аналардың барлық қиындықтарын шешпейді. Отбасыларға
бекітілген әлеуметтік қызметкерлер аптасына екі рет екі сағатқа келеді.
Бұл өте аз және мәселені шешпейді.
6.
Әлеуметтік қызметтер балалар мен ата-аналардың мұқтажда-
рын емес, өздерінің мүмкіндіктерін негізге алады, сондықтан балаға
керек нәрсені емес, тек өздерінде бар нәрсені ғана ұсына алады. Ата-а-
налар Татьяна Ваничкина сияқты, жиһазды және Нұрлан Каримович Ма-
женов сияқты, қозғалыс құралын балаларының өмірін жеңілдететін зат
ретінде өздері ойлап шығарады.
7.
Керекті маманды табудың аса қиын екенін ата-аналардың бар-
лығы айтуда. Оларды іздеуге көп уақыт кетеді. Ал егер осындай маман
109
«Жетістік тарихы» кітабы
табылса және ата-аналар оған
сенім артса, ем жасау пәрмендірек жүреді
де, осы үшін ата-аналар тұрған жерін ауыстыруға дайын. Ерлі-зайыпты
Динара Ешпанова мен Ғали Махтанов дәл осыны іске асырған.
8.
Жетіспейтін мамандардың орнын ата-аналар көбінесе Мадина
Каримова, Евгения Краснощекова, Татьяна Ваничкина сияқты, өздері де-
фектолог немесе психолог мамандығы бойынша екінші жоғары білім алу
жолымен толтырады.
9.
Ата-аналардың барлығының дерлік өз жұмыс кестесін қайта
қарауына тура келді. Толық жанұяларда әдетте ата-аналардың біреуі
өзін түгелдей балаларға бағыштайды, ал екіншісі отбасын материалдық
жағынан қамтамасыз етумен айналысады.
10. Біз ата-аналардың табысы туралы білуге тырысқан жоқпыз,
бірақ көзбе-көз танысу жобаға қатысушылардың табысы орташа адамдар
екенін көрсетеді. Олардың білімі, кәсібі, күнкөріс үшін қаражат беретін
жұмысы бар. Алайда, балаларды емдеу мен күтуге жұмсалатын үлкен
шығындарға байланысты материалдық қиыншылықтар да бар, бірақ
олар қиындықтарды жеңіп, күнкөрісін сақтайды. Көпшілігі туған-туыста-
рына, демеушілеріне, қоғамдық ұйымдарға қаржылық көмегі үшін алғыс
айтады. Мұның да жетістікке жетуге ықпалдасатыны айқын.
11. Біздің кейіпкерлердің арасында ең төменгі күнкөріс деңгейінен
төмен өмір сүретін ата-аналар болмай шықты. Ондай адамдардың тығы-
рықтан қалай шығатынын біз білмейміз. Біздің ойымызша, бұл бөлек
зерттеудің тақырыбы болуға тиіс сияқты.
12. Біздің кейіпкерлеріміздің көпшілігі қалаларда, екеуі облыс орта-
лықтарына жақын жерде тұрады. Шалғай ауылдардағы жағдай қалай?
Мұны анықтау үшін де дербес жоба керек.
13. Бүгінгі таңда ата-аналарда ақпарат тапшылығы жоқ. Ғаламтор ба-
ланың диагнозы туралы бүкіл мәліметті білуге, кез келген ауруды емдеу
мен түзетудің сан алуан әдістемелерін табуға мүмкіндік береді. Жалған
жолға түсіп кетпеу үшін, оған уақыт пен ресурстарды зая кетірмеу үшін
бұл ақпаратты електен өткізуді үйренудің маңызы зор.
14. Балаға қолайлы балабақша мен оқу орнын, дәлірек айтсақ – тәр-
биешілер мен мұғалімдерді табудың өте үлкен маңызы бар. Бұл отбасы-
лардың тарихындағы «тұлғалардың рөлі» екені сөзсіз. Өздерінің ерекше
балаларының жүрегіне жол тапқан ұстаздардың атын ата-аналар қалтқы-
сыз сүйіспеншілікпен әрі құрметпен атайды.
15. Ата-аналарда жалпы білім беретін, инклюзивті, арнайы мек-
тептердің, үйде немесе сыныпта оқытудың бірін таңдау мүмкіндігі бар.
Мұндай жағдайда ұсыныстамаларды ПМПК береді, бірақ соңғы сөз ата-а-
налардың құзырында қалады. Олар шешімді баланың ахуалына және
өздерінің стратегиялық мақсаттарына қарай қабылдайды. Балаларына