Ата-аналарға арналған кеңес
Мектепке дейінгі ұйымда балалардың бойында адамгершілік тәрбиесінің негізін қалаудың маңызы
Жанұя өмір сүру кеңістігі ретінде баланың физиологиялық қажеттілігін, қауіпсіздік және қорғаныс қажеттілігін, құрмет және өзінің маңыздылығы қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.Жанұя жеке тұлғаның дамуындағы алғашқы қоршаған орта құрайды. Ол балада әлеуметтік байланыстар туралы түсініктерді қалыптастырады. Баланы негізгі жалпы мінез-құлықтың адамзаттық, әдептілік және мәдениеттілік стандарттарын түсінуге жұмылдырады.
Мектеп жасына дейінгі бала өз өмірінде ең маңызды кезеңді басынан кешіреді. Себебі осы уақытта ол алғаш рет мектепке дейінгі ұйымға барады және жан-жақты мектепте оқуға дайындалады. Осы жаста бала өмірдің ақ-қарасын, жақсы мен жаманын саналы ажырата бастайды. Сол себептенде, осы жастан бастап-ақ баланың бойында алғашқы рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жұмысын жүргізу аса маңызды. Бұл жұмыс баланың кіші отаны, ең алғашқы даму ортасы отбасында басталуы керек. Бұл жұмыс ең алдымен ата-ананың балаға деген қарапайым қарым-қатынасынан бастау алады.
Ата-ана өз баласына болашақ ересек адам ретінде, жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіндік ойын сыйлап, қажетсінуімен санасуы керек. Ата-ана әр уақытта баланың айтқан ойы олар үшін қаншалықты маңызды екенін балаға сезіндірулері керек. Бұл бала бойында батылдықты және өзіне деген сенімді тудырады. Баланың адамгершілік қасиеттері күнделікті ата-анасымен, бауырларымен, атасымен, әжесімен жасаған өзара қарым-қатынастарынан-ақ көрініп жатады. Ата-аналар өз отбасында балаға бар мейірімдерін төгіп, сүйіспеншіліктерін көрсетіп, жылы сөздерін жиі қайталап жатса, осындай жағдайда тәрбиеленіп жатқан баланың рухани тұлғасы биік адам болып шығары анық.
Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке мақсатты түрде тәрбиелейтін болсақ, олар өздерін барлық ортада адамгершілік нормаларға сәйкес ұстай алатын, өзін көрсете алатын, өзін қоршаған құрбылары және өзге де ересек адамдармен жақсы да достық қарым-қатынас құра алатын тұлға ретінде көрсете алады. Бұл олардың мектепте берілетін білімді жақсы игеруіне, жаңа ортаға тез бейімделуіне үлкен көмек көрсетеді.
Тест «Біз қандай ата-анамыз?»
1. Балалар тәрбиесі туралы газет-журнал беттерінде жарияланған мақалаларды немесе радио, теледидар хабарларын жүйелі оқып, тыңдап отырасыз ба? Осы тақырыптағы кітаптарды оқисыз ба?
2. Балаңыз бір оғаш нәрсе істеп қойды делік. Сіз мұндай жағдайдың өз тәрбиеңіздің нәтижесі екенін ойланып көрдіңіз бе?
3. Балалар тәрбиесінде жаныңыздағы қосағыңыздың пікірімен үнемі санасып отырасыз ба?
4. Егер балаңыз сізге жәрдем берсе, осы кезде оның өз жұмысы бұдан кедергіге ұшырап немесе мүлде тоқтап қалуы мүмкін екендігіне қарамастан қабылдар ма едіңіз?
5. Бұйыру немесе тиым салу сияқты шараларды сіз тек қажет кезінде ғана қолданасыз ба?
6. Жүйелілік, реттілік – педагогикалық маңызды принциптердің бірі деп санайсыз ба?
7. Балаға оның айналасындағылардың үлкен әсер ететіндігін сезінесіз бе?
8. Спорт пен физкультураның баланың жан-жақты, үйлесімді дамуында маңызы зор екенін ескеріп отырасыз ба ?
9. Сіз балаңыздан бір нәрсені орындау жөнінде талап тұрғысынан емес, өтініп сұрап көрдіңіз бе?
10.“Менің уақытым жоқ” немесе “Тоқтай тұр, әуелі жұмысымды бітіріп алайын” – деген тәрізді сылтаулармен балаңыздан “құтылуға тырысу” сізге ыңғайсыздық туғызбай ма?
Иә - 2 ұпай
Кей кезде –1 ұпай
Жоқ – 0
6 ұпайдан төмен ұпай жинасаңыз – бала тәрбиесі туралы түсінігіңіз көмескі екендігін дәлелдейді, “Ештен кеш сияқты” деген ғой. Сіз бұл тестке көп иек арта бермей, жеткіншіктер тәрбиесі төңірегінде өз біліміңізді жетілдіруге асыққаныңыз абзал.
7-ден 14 ұпайға дейін жинасаңыз – сіз бала тәрбиесінде, әрине, үлкен қателік жасап жүрген жоқсыз, әйтсе де, өзіңіздің осы бағыттағы іс-әрекетіңіз жөнінде тереңірек ойланып көріңіз. Ал тіпті былай істеуге де болады: алдағы жексенбінің бірін балаңызбен көңілді демалуға арнаңыз. Әрине, бұл уақытты ұмыта тұруға тура келеді. Бұл күнгі демалыс үшін балаңыздың қатты қуанатындығына күмән жоқ.
15 ұпайдан жоғары жинасаңыз – сіз өзіңіздің ата-аналық міндетіңізді орынды атқарып келесіз. Соған қарамастан кейбір мәселелерді бұдан да жақсарта түссеңіз құба-құп.
Тапсырма «Бет пердесіз»
Барлық қатысушыларға төмендегідей мазмұндағы карточкалар таратылады. Олар карточкада жазылған сөйлемдерді жалғастырады.
Маған ұмыту қиын болса да мен...
Кей кездері мен ...
Мен .... қатты ұялам
Кей кездері менің қасымдағы адамдар...
Маған ... , мен қатты қуанам
Мен...сенемін
Мен ... ешкімге айтпаймын
Мен ... қатты қиналам
Адамдардың... маған ұнамайды
Мен өз қызметімде ... ұнатамын
Менің достарым көбіне ...
Мен қонаққа барарда ...
Мен өзгелердің ... ұнатпаймын
Бөтен ортада мен ...
Таныс емес адаммен мен...
Жағымсыз жағдай туындай қалса ...
Адамдардың қызмет бабымен өскенін көргенде ...
Менің жұмысымның ұнамайтын бір жері бар, ол ...
Мен айналамдағы адамдардың ... қалаймын
Менің ең асыл арманым...
Менің мінезімнің ... маған ұнамайды
Мен қонақ шақырғанда ...
Іскерлік ойын тақырыбы: «Отбасы айнасы»
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.
Ата-аналарға бала тәрбиесінде инновациялық технологияларды таныстыру
Түрі: іскерлік ойын
Жүру барысы:
І. «Анықтама бөлімі»
ІІ.Педагогикалық ситуатцияларды шешу
ІІІ.Педагогикалық тренинг
ІҮ.Мерекелік композиция құру
Ү. «Алаң» пікірталас
ҮІ. Іскерлік ойынды қортындылау.
І.«Анықтама бөлімі»
Мақсаты: Ата-аналдардың сұрағына педагогтардың кәсіби және биязы жауап беруін жетілдіру.
Құралдар: Анықтама бөлімі деп жазылған ширма және телефон, сұрақтар жазылған карточка.
Ойын барысы: Тәрбиешілер кезекпен «Кеңесші» ролін ойнайды. «Тәрбиешілер»
(қалған ата-аналар) сұрақтар жазылған карточкаларды еркін талдау арқылы «Кеңесшіден» сұрақтарға түсінік алады. Мысалы:
Баланы тақпақты мәнерлеп айтуға қалай үйретуге болады?
Менің балам мысық пен күшіктен қорқады. Не істеуім керек?
4 жастағы баланы өзбеттілікке қалай тәрбиелеуге болады?
Қызым дәрігерге көрінуге қорқады. Не істеуім керек?
Менің немерем ескертуді тыңдамайды. Сіз қандай кеңес бересіз?
Балам үнемі ойнайды, сабақты қарағысы келмейді. Ал, ол 4жасқа толды, мектепке даярлау керек. Қалай бағындыруға болады?
Кеңесшінің жауабына 1-2 минут уақыт беріледі. Егер «ата-ана» жауапқа келіспесе өз ойын айтуына болады.
ІІ.Педагогиқалық жағдаяттарды шешу
1. Марат тарелкені сындырып алды. Балалар тәрбиешіге арызданды. Тәрбиешінің әсері.
2. Бала тәрбиешінің кітапты желімдейміз деген тапсырмасын орындауда желім төгіп алды. Топ балалары қуана секіріп айқайлап «біз сені айтамыз» деп жүгере жөнелді. Сасып қалған балаға ешкім көмектеспеді. Сіздің шешіміңіз.
3. Бала ашу үстінде қасындағы жолдасын салып қалды. Ашуланған жолдасы жауап ретінде оны да салып қалды. Екеуі де жылап жүгере тәрбиешіге арызданды. Сіздің әрекетіңіз.
ІІІ.Педагогикалық тренинг.
Ата-ана әр уақытта өзін ұстау эмоционалдық қалпын сақтай білуге тиіс, осының барлығы оның сөзі мен мимикасы арқылы байқалады.
Мәнерлеп сөз айтуы:
1. «Мында кел» деген фразаны: қатты, құпия түрінде, ашулана, қуана айту
2. «Бәрекелді» деген сөзді жәй, қатты, жылы, таңдана, кекесін, шаттана, сүйісіне айту.
Мимикалық реакция:
Ертеңгілік жаттығу басталып кетті, бір бала кіріп келе жатыр. Сіз оған қарай:
Бұйыра «Тез жаттығуға тұр»
Таңдана «күткен жоқпын»
Ызалана «Менің ойымды тағы да бөлдің»
Сұрақ қоя «Бір нәрсе болды ма?»
Жаратпай «Сен жұмыс жасауға кесел келтірдің»
Қуана «Ақыры келдің бе?»
Ойын «Жақсы және жаман»
Мақсаты: Логикалық ойлауды дамыту, айтқан сөзін қуаттайтын аргумент таба білу, тәрбиешінің кәсіби мамандығын сипаттау. «Жақсы… Жаман…» деген схема бойынша құрылады.
Ойын барысы: тәрбиешілер кезекпен өз жұмыстары, яғни маңыздылығы, құндылыын айта келе, жамандығы, қиындылығы жөнінде айтады.
Мысалы:
1. тәрбиеші болған жақсы- бұл қызық және динамикалық жұмыс. «Тәрбиеші болған жаман» – бұл қиын және кең көлемді талап ететін жұмыс, үнемі әдістемелік кітаптарды оқып отыру керек.
2. тәрбиеші болған жақсы – бұл игілікті еңбек, отты көзді балаларға білім, дәріс беру, адалдыққа тәрбиелеу – бұл бақыт. Тәрбиеші болған жаман- барлығы үнемі бақылайды- сен баланы қалай оқытып жатырсың, бала нені үйренді, немен шұғылданып отыр, үнемі соның бәріне жоспар жасап отыру керек.
3. тәрбиеші болған жақсы- ата-аналар сыйлайды, пікірімізді тыңдайды, өз пікірлерін қосады. Тәрбиеші болған жаман-үнемі қорқыныш үстінде жүресің, біреуіне бірдеме болып қалмасын, бір нәрсеге ұрынып қалмасын деп үбектеумен жүресің т.б.
ІҮ.Мерекелік композиция құру.
Тапсырма: Берілген материалдардан мерекелік композиция құрып оған тақырып қою
Ү. «Алаң» пікірталас
1.«Айсамал» балабақшасы қандай бағдарламамен жұмыс жасайтынын білесіз бе? Сол бағдарламамен жұмыс жасау тиімді, әлде.....?
2.Сіздің балаңыздың дамып- жетілуіне балабақшада жүргізілетін қандай жұмыс бағыты пайдалы және қызықты деп есептейсіз? Немесе....?
3.Балаңызға қандай іс-әрекет түрі көбірек ұнайды немесе ұнамайды?
4.Балаңыз үйге барғанда балабақша жөнінде әңгіме айта ма? Осы дұрыс па?
ҮІ. Іскерлік ойынды қорытындылау
Достарыңызбен бөлісу: |