Ақсу қаласындағы №1 қазақ орта мектебі



жүктеу 0,52 Mb.
бет3/4
Дата01.01.2020
өлшемі0,52 Mb.
#25627
1   2   3   4

І. Сабақтың тақырыбы: Аңыз, әңгімелердегі шешендік

Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Сөз өнерін, тіл мәдениетін меңгерту, мәдениетті сөйлей білуге тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру, шешендікке шыңдау.



ІІІ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, тәжірибелік, әңгімелеу, сахналау.

ІҮ. Көрнекі-құралдар: Суреттер, сызба,

ҮІ. Сабақтың барысы:

. Ұйымдастыру кезеңі:

Қазақтың шешендік сөздері сөз құдіретін түсінетін адамға шөлдегенде ішетін сусын, тоңғанда жылынатын отын, ыстықтағанда желпінетін самал жел, адасқанда жол көрсететін жолбасшы, жауға аттанғанда қолбасшы, рухани азық, өмірдегі бағыт беретін темірқазық жұлдыз. Даналардан шыққан сөз, білімдіге болсын кез.

Төле бидің: «Ел басы», «Төле бидің төрелігі», «Төле бидің шешендігі», «Қаз дауысты Қазыбек би» т.б. әңгімелері бар.

Мысалы: «Дүние не өлмейді?»

Әз Жәнібектің алпыс биі болған екен. Бір жолы хан билеріне: «Дүниеде не өлмейді?», - деп сұрақ қойғанда, алпыс би бір ауыздан былай депті:

Ағын су өлмейді

Асқар тау өлмейді

Аспанда ай мен күн өлмейді

Әлемде қара жер өлмейді.

Сонда Жиренше шешен бәріне қарап шығып:

Ағын судың өлгені-

Алты ай қыста қатқаны

Асқар таудың өлгені-

Басын бұлттың жапқаны

Ай мен күннің өлгені-

Еңкейіп барып батқаны.

Қара жердің өлгені –

Қар астында жатқаны.

Ажал деген атқан оқ

Бір алланың қақпаны

Дүниеде не өлмейді

Жақсының аты өлмейді

Ғалымның хаты өлмейді,- дейді.


6.Қорытындылау, бағалау.

7. Үйге тапсырма беру: Ертегі құрастырып, жазып келу



Мұғалім: Л.Т.Жапарова. Күні:____________ 17 сабақ
І. Сабақтың тақырыбы: Қазақ шешендері

Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Сөз өнерін, тіл мәдениетін меңгерту, мәдениетті сөйлей білуге тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру, шешендікке шыңдау.



ІІІ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, тәжірибелік, әңгімелеу, сахналау.

ІҮ. Көрнекі-құралдар: Суреттер, сызба,

ҮІ. Сабақтың барысы:

. Ұйымдастыру кезеңі:

ТӨЛЕ БИ


Төле Әлібекұлы (1663-1756) қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданының Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Төле би ұлы жүздің биі. Төле жастайынан ескіше оқып сауатын ашады. Арабша, парсыша тарихи кітаптарды көп оқыған. Төленің әкесі Әлібекте сөзге ділмәр шешен би болған кісі. Төле он бес жасынан ел билігіне араласып, өзінің ақыл, парасаттылығын, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі.

ҚАЗЫБЕК БИ


Қазыбек Келдібекұлы (1667-1764) Сырдария жағалауындағы ауылда туып, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізсе керек. Қазыбек бала жасынан шешендік өнерге бейім өседі. Ол ел арасындағы айтылып жүрген дана сөздерді, мақал-мәтел, ақын-жыраулардың тақпақ, терме, толғауларын, шешен, билердің ұтымды сөздерін есіне сақтап жүреді. Әсіресе, әке тәрбиесі оған мол әсер етеді. Жасынан ел билігіне араласады, Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығысында орналасқан Совет ауданына орта жүздің атақты биі, Қазыбек бидің аты берілді.

ӘЙТЕКЕ БИ


Әйтеке шын аты Айтық Бәйбекұлы (1683-1722) – Кіші жүзден шыққан қазақтың атақты шешен биі. Әйтеке ержете келе билікті мақал-нақылмен мәнерлеп айтатын, дауды әділ шешіп, “тілдің майын тамызып, сөздің балын ағызып” өте әдемі сөйлейтін әділетті, білгір шешен би болған. Әйтекенің артында қалған мол мұрасы, оның халқына арнаған өлеңдері, толғамдары.

6.Қорытындылау, бағалау.

7. Үйге тапсырма беру: Мазмұндау


Мұғалім: Л.Т.Жапарова. Күні:____________ 18 сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Қазақ билері

Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Сөз өнерін, тіл мәдениетін меңгерту, мәдениетті сөйлей білуге тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру, шешендікке шыңдау.



ІІІ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, тәжірибелік, әңгімелеу, сахналау.

ІҮ. Көрнекі-құралдар: Суреттер, сызба,

ҮІ. Сабақтың барысы:

. Ұйымдастыру кезеңі:

Атағы бар алашқа жайылған Ақтайлақ би жас кезінде Шымыр биге батасын алайын деп барыпты, жөнін айтыпты. Сонда Шымыр: «Жолдастың жүзін алма, бірін ал. Бір кісі жүз кісіге олжа салады. Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа. Өгізді өрге салма, қанатыңды талдырады, жаманға ісің түссе, сағыңды сындырады, жауға сырыңды айтпа, пәлеге қалдырады», - дей келіп:

- Арзан не, қымбат не? Алыс не, жақын не? Жаман не, жақсы не? Қатты не, тәтті не? Білсең айта қойшы, - депті.

Ақтайлақтың жауабы:

- Арзаныңыз - өтірік, қымбатыңыз – шындық. Алысыңыз – ұжмақ, жақыныңыз - өлім. Жаманыңыз – қиянат, жақсыңыз – адалдық. Қаттыңыз – жоқшылық, тәттіңіз – бала.

Шымыр би бұған риза болып, батасын береді.



Тапсырма: Билердің өмірбаяндарын жазу

6.Қорытындылау, бағалау.

7. Үйге тапсырма беру: Мазмұндау

19- сабақ

Мұғалім: Л.Т.Жапарова. Күні:____________ 19 сабақ

Сабақтың тақырыбы: " Қонақ күту туралы шешендік."

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақтың салт-дәстүріндегі қонақ рәсімін тереңірек таныстырып білімдерін кеңейту.

Оқушылардың сөздік қорын молайту, ой-өрісін, логикалық ойлауын шығармашылық қабілетін дамыту, сауатты жазуға, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, салт-дәстүрлерді қастерлеп құрметтеуге баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сайыс, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, мақал-мәтел, нақыл сөздер, сөзжұмбақ, түрлі-түсті суреттер.

Ұйымдастыру: Сәлемдесу Оқушыларды түгелдеу Сабаққа назарын аудару.

Жаңа сабақтың мақсатын айту.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болы, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Жол жүріп кеп жатқан жолаушы «бөлінбеген еншісін бар» деп, жалынбай ауылдың кез келген үйіне түсіп, қонақ берген. Оның үстіне қазақта «қырықтың бірі қыдыр», «қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. Сөйтіп, бөлінбейтін еншіге қиянат жасауға болмайды. Бір қызығы, алты аласы, бес бересі болмаса да қонақ үй иесі тойдырмаса, күтпесе, ашуланып жамандап кететін болған. Қазақ үшін мұны есту ұят, бетке шіркеу болған. Сондықтан халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады.

1. Қонақ қойдан жуас...

2. Қонағым өз үйіңді де ойлай отыр.

3. Қонаққа бара білсең, шақыра да біл.

4. Қонақ бір күн қонса - құт, екі күн қонса - жұт.

5. Қонағы жаман болса, үй иесі қыдырады.

6. Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.

7. Қонағын сүймеген баласын ұрады, не үйін сыпырады.

8. Қонақ келсе- құт келер

9. Қырықтың бірі – қыдыр

10. Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады

11. Қонаққа кел демек бар, кет демек жоқ

12. Жаман үйдің қонағы билейд

6.Қорытындылау, бағалау.

7. Үйге тапсырма беру: Сүттен жасалатын тағамдар туралы мақалдар жазып келу.
Мұғалім: Л.Т.Жапарова. Күні:____________ 20 сабақ

Сабақтың тақырыбы: " Елбасы Н.Назарбаевтың шешендігі."

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға елбасының шешендігін тереңірек таныстырып білімдерін кеңейту.

Оқушылардың сөздік қорын молайту, ой-өрісін, логикалық ойлауын шығармашылық қабілетін дамыту, сауатты жазуға, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, салт-дәстүрлерді қастерлеп құрметтеуге баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, мақал-мәтел, нақыл сөздер, сөзжұмбақ, түрлі-түсті суреттер.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Қазақстан Республикасы әнұранын айту

“... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірді-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты-толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...”

Нұрсұлтан Назарбаев

1-жүргізуші: Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік қоясың,

Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.

Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндерін,

Қазақстанның бақтаыменен бірге жапырақ жаясың.

Тұманбай Молдағалиев

2-жүргізуші: Құрметті тәрбиешілер мен балалар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» деп аталады.

Тұңғыш президентіміздің өмір жолы қиын да қайталанбас көп қырлы. Енді назарымызды президентіміздің туып өскен жері «Үш қоңыр» жайлауында түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильміне аударайық (үзінді ).

1-жүргізуші: Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6-шілде де Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқыды. Ата-анасын құрмет тұтты. Ұщқыш болуды армандады.

(Слайдтан туып өскен жерінің табиғат көрінісін көрсету)

2-жүргізуші: Ерте есейген Сұлтан мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді.

Жұбайы Сара Алпысқызы Халықаралық «Бөбек» қорын басқарады. Елбасымыздың үш қызы бар: Дариға, Динара, Әлия.

(Слайдтан отбасымен түскен фотоларын көрсету).

1-жүргізуші: Үлкен өмірге қадам басқан Нұрсұлтан Әбішұлы Қарағанды металлургия зауытында шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі қызметін атқарды. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітіреді.

2-жүргізуші: Елбасымыздың қызмет еткен кезеңдері:

(Слайдтан қызмет еткен кезеңдерін көрсету)

1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973-1977жж – Қармет комбинатының партком хатшысы.

1977-1979 жж – Қарағанды облыстық партия комитетінің 2-ші хатшысы.

1979—1984 жж – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы.

1984-1989 жж – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.

1989-1991 жж – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы.

1990 жылы ақпан-сәуір аралығында КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.

1-жүргізуші: 1991 жылы 1-желтоқсанда жалпыхалықтық саулау өтті. Нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев 98,7%, 1999 жылы 10-қаңтарда 79,78 % , 2005 жылы 4-желтоқсанда 91,5%, 2011 жылы сәуір айының 3-нде де басым дауыспен Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.

(слайдан дауыс беру кезеңі мен ант қабылдау сәті көрсетіледі).

2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20-жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығындағы президент қол жеткізген жетістіктерге тоқталсақ:

- Қазақстан Орталық Азиядағы ядролық қарусыз мемлекет;

- Уран өндірісін пайдалану ісін жеделдетті;

- Қазақстан халықаралық мәселелерді шешуге тікелей қатысатын, сөзі өтімді, беделді мемлекеттке айналды;

- ТМД көлемінде Халықтар Ассамблеясын құрған мемлекет;

- Бүкіл әлемдік дағдарыстан қысқа мерзімде шыққан мемлекет- Қазақстан;

1-жүргізуші: Біздің Елбасымыз – білімділігімен, парасатты саясатымен, тәжірибесімен бүкіл адамзатты болашаққа бейбіт жолмен жетуге шақырған үлкен тұлға.

Енді назарларыңызды әлем елдерінің бірқатар басшыларының президентіміз туралы айтқан жылы лебіздеріне аударайық.

(слайдтан әр мемлекет басшысымен түскен суреті көрсетіледі).

Кофи Аннан – БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы: «Қазақстанның ТМД-ның басқа елдерінен айырмасы сонда – бұл елде бейбіт өмір мен тұрақтылық орнап, экономикалық өрлеу байқалады.

Қазақстан түрлі ұлттар бейбіт қатар өмір сүріп жатқан, этникалық саналуандық тартыстың емес, қайта татулық нышанына айналған мемлекеттің үлгісі бола алады».

Ким Дэ Чжун – Корея Республикасының Президенті: «Оның демократиялық, саяси және экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске асырып жатуының айғағы оларды әлемдік қоғамдастықтың кеңінен тануы болып отыр.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып келеді».

Эмомали Рахмонов – Тәжікстан Президенті: «Ашық-жарқындығы, шыншылдығы, тартымдылығы, адамға деген сүйіспеншілігі – мұның бәрі де Нұрсұлтан Әбішұлының табиғатына тән қасиеттер.

Қазақ жұртының, елінің, көп ұлтты халқының алдындағы, тарихтың алдындағы жоғары жауапкершілік сезімі оның бойынан әмәнда ажыраған емес.

Ол ұлы ұйымдастырушы ретінде Қазақстанды Кеңестен кейінгі кеңістіктің дамыған мемлекеттерінің біріне айналдырды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саладағы табыстары тағлым аларлық.

Нағыз басшы осындай нәтижелерге жете алады, бұл жағынан алғанда Нұрсұлтан Әбішұлы – өз халқының даусыз басшысы».

Джордж Буш – Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті: «Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды таратпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. Құрама Штаттар, сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы жаһандық күресте көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы үшін, соның ішінде «Қазбаттың» Ирактағы үздік қызметі үшін ризашылығын білдірді».

2-жүргізуші: Елбасы – туған халқын, туған жерін, даласын жанындай сүйетін адам. Мұны сөзі мен де, ісімен де, шығармашылығымен де дәлелдеп келеді.

Әндерімен таныстыру.

Кітап көрмесіне тоқталу. (Елбасының және Елбасы туралы жазылған кітаптарды көрсету)

1-жүргізуші: Ендігі кезек Елбасымыздың қанатты сөздеріне тоқталайық.

• ... Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.

• «Өз тарихын сыйламаған халық өзін де сыйламайды».

• Елдің бетінде, желдің өтінде жүрген адамға сынақ көп.

• Менің атам да, анам да – қазақ. Қазақпын деп айтуға ешқашан намыстанған кезім жоқ. Намыстанбаймын да. Қайта маған тіл, діл, өмір, тіршілік сыйлаған Туған халқыма бар есті тірлігімде қарыздар болып өтуге бармын. Ұлттың ұлы болмай тұрып адамзаттың перзенті болу мүмкін бе? Мүмкін емес.

• Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұланғайыр жер берген, астын-үсін толтырып кен берген, мейірбан ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген.

• Сөз бостандығы шексіз емес.

Ол – табындыратын ғана емес,

Талқандайтын да қуатты күш.

Тәрбиеші: балалар енді Елбасымыздың дәрежесін атайық.

(Елбасы портреті айналасына қағазға жазылған дәрежелері қойылады )


Қазақстанның тұңғыш президенті

Қарулы күштердің Жоғарғы Басқолбасшысы

Қазақстан халықтары Ассамблеясының төрағасы

Қазақтардың Дүниежүзі Қауымдастығының төрағасы

«Ғасыр адамы»

Экономика ғылымының докторы, академик

Әнұранның авторы, жазушы

Бейбітшілік пен қауіпсіздіктің жаршысы

Алымды да, алғыр басшы

Көреген саясаткер

1. Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі қазақ халқының сан ғасырлар бойы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр.

2. Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек.

3. Өз мемлекетіміз үшін мақтаныш сезіміне бөленіп, біртұтас отбасы сезімін сезінуге, қазір бүкіл дүние жүзі білетін республика – Туын, Елтаңбасын, Гимнін ардақтап, құрметтеуге тиіспіз.

4. Ел болу үшін ұлттық рух, ұлттық қасиет және ұлтқа деген сенім болуы керек.

5. Елдік те, ерлік сияқты сын сағатта танылады. Ел бірлігі – ең асыл қасиет.

6. Тағдыр қазаққа қырын қарамаған: жер де берген, кен де берген, ел де берген, ер де берген.

7. Кез келген ел өзіің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады.

8. Жастарымыз салт-дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретіндей болуы керек.

9. Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!

10. Әскери қақтығыстардың жосықсыз екенін әлемнің ұғынғанына зор сенім артсақ та, парасатты мемлекет басқа үкіметтердің уәдесіне сеніп қана қоймай өз елінің қуатына да сүйсінетінін ұмытпағанымыз жөн.

11. Елімізге бойына ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет.

12. Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарастыратын заман.


6.Қорытындылау, бағалау.

7. Үйге тапсырма беру: Сүттен жасалатын тағамдар туралы мақалдар жазып келу.

21- сабақ

Тақырыбы:

Сөз патшасы-Абай.

Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер

Абай Құнанбаевтың мол мұрасын сыныптан тыс сайыс арқылы

насихаттау.

Міндеті: 1. Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен

көркем сөздің мәйегін бойына сіңдіру.

2. Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеуді ұрпақ

бойынан көру.

3. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына

мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау,

қастерлей білуге баулу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация слайдтары

І жүргізуші:

Дана Абайды

Қазақтың ақылына балаймын.

Туатұғын алдынан ғасырына балаймын!

Ақылының нұры бар, Абайы бар қазақтың,

Жан алаңы, мұңы бар- қазағы бар Абайдың.

ІІ жүргізуші:

Арлы Абайды

Қазақтың қайраты деп ұғамын,

Қайда барса айбыны, айбаты деп ұғамын!

Жер шарының шиырлап, қай жағынан шығайын,

Құбылаға бұрғандай, Абайға бет бұрамын!

І жүргізуші:

Сара Абайды

Қазақтың жүрегі деп білемін,

Жүректі шер меңдесе, таба алады кім емін?

Ақындардың ірісі, ғашықтардың пірі едің,

Жайған сәби саусағын, қайран менің жүрегім!

ІІ жүргізуші:

Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы - мәңгілік мұра. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап адымдап келеді.

І, ІІ жүргізуші:

Құрметті ұстаздар және оқушылар, сыныбымыздағы Абай оқуларына хош келдіңіздер!

І жүргізуші:

Сайыс шарттарымен таныс болыңыздар. Сайыс 3 бөлімнен тұрады.

1-бөлім: «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы » (Абай, Шәкәрім шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу)

2- бөлім: «Көңілім әнді ұғады» (Абай әндерін орындау )

3-бөлім: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (өз шығармашылықтары бойынша жас дарындар байқауы)
ІІ жүргізуші:

Сайысқа төрелік ететін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Қазылар алқасы:________________________________________________________

І жүргізуші:

Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,

Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға.

Қошеметтеп, көрермен, қол соғыңдар

Сайысқа қатысушы тұлғаларға,- дей отырып, сайыстың «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімінде бақ сынайтын сайыскерлерге кезек береміз.

( Зал қараңғыланып, сахнадағы Абай портретіне май шам жарығы түсіріледі.Мағжан Жұмабаевтың Абайға арналған өлеңі оқылады.)

ІІ жүргізуші:

Әсем әннен ғажап ләззатты үн шығар,

Ойы сергек жан оны ұғар,

Бар сезіміңді қозғар ән-күйге

Жастар, тілімді ал, бол құмар,- деп Абай атамыз да ән өнерін аса жоғары бағалағаны белгілі.

І жүргізуші:

Олай болса, сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға Абай әндерін орындайтын жас таланттарымызды шақырамыз.

ІІ жүргізуші:

Абай ағам болмаса не бедел бар өлеңде?

Шақырмаса жолға сап, мен өлеңге келем бе?

Қиналғанда қияға қанат қақпай аппақ құс

Басқа біреу қол ұшын келіп маған берер ме?-деп дүлдүл ақын Тұманбай Молдағалиев ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде де ұлы ақындардың жырларынан нәр алып, балғын жырларымен көзге түсіп жүрген жас ақындарымыз аз емес. Енді оларға да кезек берейік.

І жүргізуші:

Поэзия әлеміне самғадың,

Әділетті көксеуден еш талмадың.

Ақындардың көшбасшысы атанып,

Ел аузында мәңгі қалды жазғаның.

ІІ жүргізуші:

Өзің едің өлең-жырдың тарланы,

Шоқ жұлдыздай биік туған арманы.

Қуат алдым жырларыңнан, нәр алдым,

Қолдасын деп Абай ата аруағы.

І жүргізуші:

Орындалмай қалды қанша арманы,

Жас ақындар өнеріңді жалғады.

Ұрпақтарың есіне алып өзіңді,

Жауһар жырмен мүсініңді сомдады.

ІІ жүргізуші:

Құрметті жыр сүйер қауым, бүгінгі сайысқа арналған ән-шашуды қабыл алыңыздар.

Ән:______________________________________________________

І жүргізуші:

Бойларыңда от бар екен байқадық,

Жүректерде шоқ бар екен байқадық.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым,- деген ізгі тілекпен сайыс жеңімпаздарын марапаттау үшін қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріледі.

1. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абай, Шәкәрім шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу)

I

2. «Көңілім әнді ұғады» (Абай әндерін орындау )



3. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (өз шығармашылықтары бойынша жас дарындар байқауы)

ІІ жүргізуші:

Мен өлеңге сыйғыза алман Абайды,

Жыр құдайы жоғарыдан қарайды.

Көлеңкелі кеудесіне қазақтың

Шымырлаған шуақ болып тарайды.

Өлең-жырдың көктеткен боз тақырын,

Анық басып, жүрдің байқап ақырын.

Қазақ бүгін көтереді көгіне,

Халық үшін қан жылаған ақынын.

І жүргізуші:

Сыныптағы Абай оқуларының шымылдығын талай жанның жүрегіне үміт отын ұялатып, талай жастың сезіміне куә болған, шынайы махаббаттың әнұранына айналған әйгілі «Көзімнің қарасы» әнімен жабуға рұхсат етіңіздер!

22- сабақ

Сабақтың тақырыбы: " Ата салтың- алтын қазынаң."

Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Сөз өнерін, тіл мәдениетін меңгерту, мәдениетті сөйлей білуге тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру, шешендікке шыңдау.


жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау