Ақсу қаласындағы №1 қазақ орта мектебі


ІІІ. Сабақтың әдіс-тәсілдері



жүктеу 0,52 Mb.
бет4/4
Дата01.01.2020
өлшемі0,52 Mb.
#25627
1   2   3   4

ІІІ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, тәжірибелік, әңгімелеу, сахналау.

ІҮ. Көрнекі-құралдар: Суреттер, сызба,

ҮІ. Сабақтың барысы:

. Ұйымдастыру кезеңі:

Сіздерге артар міндет көп,


Көтер биік, ата салтын құрметтеп
Ақтай білсең ата – баба үмітін
Әрбір сөзі, тәлімі мол бір мектеп.
1 топ «Қазақ жігіттері»

Қазақша ай аттарын атаңыз?

Төрт түлік малды атаңыз?

Табақ атауларын атаңыз?

«Байғазы» салт – дәстүрінің мазмұнын көрсетіңіздер?

«Сүйінші» салт – дәстүрінің мазмұнын көрсетіңіздер?

«Шашу» қай кездерде жасалынады?

Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына айтылатын тілек.


2 топ «Аяулы жандар»

Қазақ халқының салт – дәстүр, той – томалақтарын атаңыздар?

Қазақтың ұлттық тағамдарын атаңыздар?

«Көрімдік», «Бесікке салу» салт – дәстүрінің мазмұнын көрсетіңіздер?

«Жасау», «Енші» мағынасын түсіндір, айырмашылығын атаңыздар ?

«Мерейтой» қай кездерде жасалынады?

Ою – өрнектің түрлері мен атауларын атаңыз?

Ұлттық мерекелерге арналған тілектер


Домбыра мұнша шешен болдың неге?
Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сыр қозғап, ғасырлардан жөнелесің,
Саусағым тиіп кетсе ішегіне.

Жұмбақтар:

Жансыздарда бір жансыз бар жалғыз аяқ,
Беліне қыстырғаны шиден таяқ.
Келбетіне қарасаң, ештеңе емес,
Беліне буыныпты аямай – ақ. ( ұршық)

Кішкентай ған бойы бар,


Айналдырып киген тоны бар. ( қой)

Судан шығып келеді, суға салса, өледі. ( тұз)

Тілден ұшып, құлаққа қонады.( сөз)

Иесі оның сәби, әрі төсек, әрі үй.(бесік)

Күндіз бар да, түнде жоқ.
Онсыз өмір мүлде жоқ. (күн)

Аяғы бар, өздігінен жүрмейді,

Жүру үшін біреу келіп сүйрейді. ( арба)
Мақал – мәтелдер:

Ел көркі – мал.


Өзен көркі – тал.

Ел ұлсыз болмас, жер гүлсіз болмас.


Ел жаусыз болмас, жер таусыз болмас.

Екі тентек елге сыймас.

Ел алғысын алсаң, елеулі боларсың.

Көре тұра айтпасаң, көргенсіз дер.


Біле тұра айтпасаң, жетесіз дер.

Аманат, аманатқа қылма қиянат.

Мал сақтама, ар сақта.

Таспен ұрма, аспен ұр.

Кәріге құрмет, жасқа жол.

Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер.

Алдыңа келсе, атаңның құнын кешір.

6.Қорытындылау, бағалау.


7. Үйге тапсырма беру: Бесік жырын жаттап келу.

23- сабақ


Тақырыбы: “Өнер – таусылмас азық”

Мақсаты: Қазақ халқының мол қолөнер үлгілеремен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету.

Тәрбиелік мәні: Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой – өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ою түрлері, зергерлік бұйымдар, “ Тайқазан ”, “ Алтын адам ” суреттері. Өнер туралы өнегелі сөздер мен мақал – мәтелдер:

Балам өнерлі болсын десең, өнегеңді көрсет.

Қолөнер – мол өнер.

Өнер талаптан туады.

Өнерліден үйрен, өнерсізден жирен. – деген сөздер жазылып ілінеді. Магнитофон, “ Мақал құрастыр ойыны ”.

I. Бөлім

Кіріспе


Мұғалім сөзі:

Бүгінгі тәрбие сағатымыз “ Өнер – таусылмас азық ” деп аталады. “Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық” – деген халық даналығы. Әр халықтың өзіндік ұлттық өнері болады.

Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік – моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің тұрақтылығына, алдына қойған мақсатының айқындала түсуіне игілікті әсер етеді. Сол себепті де халық өз ұрпағының өнердің сан – саласынан толық мағлұматы болуын аңсап, бұған қатты көңіл бөлген. Осыған орай мақал – мәтелдер “Жігітке жетпіс өнер де аз”, “Өнер таусылмас азық, жұтылмас байлық” – деп өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, ертенгі күнгі жейтін тамағы ішетін сусыны, рухани байлығы деп бағалаған.
Қазақтың ән өнері, қолөнері, зергерлік өнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән мағынасымен шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымынан өткен асыл қазынасы. Осы асыл қазынаны жоғалпай, әрі қарай дамыту біздің болашақ жастарымыздың міндеті.
Ортаға екі жүргізуші шығады.

Екеуі бірігіп: Ән мен күйді төгілтіп,

Інжу маржан шашайық!

Қонақтарды таң қалдырып,

Өнерді күмбез жасайық!

1 – жүргізуші: Ассалаумағалейкум, уа халайық!


2 – жүргізуші: Армысыздар, ата – аналар, ұстаздар, қонақтар!
1 – жүргізуші: Ұлттың негізгі тірегі – ана тілі. Ана тілінен айрылған халық ұлт емес. Тіл – киелі дүние. Тілімізден айрылғанымыз ұлттық қасиетімізденайрылғанымыз. Әжелеріміз бесікті тербете отырып өмірлі бол, ақ ботам Бақытты бол, ақ қозым – деп жырлаған.
Магнитофоннан “Бесік жырын” тыңдау.

2 – жүргізуші: Осы ана тіліміздің ең асқар биігі, мөлдір маржаны, қасиетті қаусары – өлең. Өлең – тілдің соғып тұрған жүрегі, жүріп тұрған қаны.

1 – жүргізуші: “Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы” – деп Абай атамыз айтқандай, сөз кезегін әнге берейік.
Хор: “Ана тілі”

II. Бөлім “Қолөнер – мол өнер”

1 – жүргізуші: Қолөнер қолмен жасалатын жұмыс. Халық тұрмысында өру, ою, зергерлік, тігу, тоқу, жону, құрастыру бәрі де халықтың қолөнеріне жатады. Ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа көбірек таралған қолөнерінің бір түрі ою – өрнек. Енді ою – еліне саяхатты тамашалаңыздар.
Ою түрлерін көрсете отырып, ою түрлері туралы оқушылыр орындайтын жұмыстар.
Құс мұрын оюы – ұшқан құстай ерікті, бақытты болыңдар деген тілекті білдіреді.
Омыртқа оюы – бірліктің, ынтымақтың, беріктіліктің белгісі.
Қошқармүйіз – әл – ауқатымыз жақсы, молшылықтамыз деген белгі. Мүйіз оюдың бірнеше түрі болады. Арқар мүйіз, сыңар мүйіз, сынық мүйіз, қос мүйіз.
Құстаңдай оюы – шешендердің, ақындардың үні құстың сайрағанындай құлаққа жағымды, жан жұбатарлық деген тілекпен өнер адамдарының шапандарына кестелеп тігіледі.
Оқушы: Көрші әжей өнерлі!
Барып тұрам күнде мен
Құрмет тұтып шеберді!
Ою – өрнек үйренем.
“Мақал құрастыру” ойыны
Тілі – бізі (Шешеннің тілі – шеберді – бізі.)
Қолы – тоны (Қай біреудің қолөнер қолымен тіккен тоны өнер.)
Жақсы – жаман (Жақсыдан үйрен – жаманнан жирен.)

III. Бөлім “ Алтын балдақ – қол сәні, әшекей, кесте – тон сәні”

Бұл бөлімде зергерлік өнер туралы әңгімелейміз.

Мұғалім: Балалар, өскенде кім боласыңдар оны өздерің таңдайсыңдар, ал мен бүгін тағы бір қазақтың қолөнерімен сендерді қызықтырғым келеді. Ол – зергерлік. Зергерлік ерте заманнан келе жатқан өнер. Зергерлер сән – салтанат бұйымдарын, жүлдеге, сыйға беретін неше түрлі әшекей жасайды.

1 – оқушы: Зергерлік өнердің туындылары жауға айбар, жақынға мақтаныш, аруға – ажар, жігітке – жігер беретін болғандықтан, батырлардың ерлігіне, ақындардың тапқырлығына, жүйріктердің бәйгесіне сыйға беретін болған.
2 – оқушы: Зергерлер қолынан неше түрлі әшекей бұйымдар шыққан. Ең көрнектісі де, сымбаттысы да – Сәукеле.

3 – оқушы: Зергерлер білезіктің бірнеше түрін соғып жасаған. Білезік көбінесе жұмыр, төрт қырлы, ширатпалы болып келеді. Білезіктің ашылылатын және жабылатын түрлері болады.

4 – оқушы: Кімге болса жарасатын көркемдік беретін зат, ол – сырға. Сырға әсем де жеңіл жасалады.

5 – оқушы: Ертеде қыз балалар шашына шашбау таққан. Ызған не болмаса кестеден бау жасаған. Оған ұсақ жеңіл күмістер, моншақтар таққан.


6 – оқушы: Зергерлер әйелдер үшін – оймақ, алқа, түйреуіш, қапсырма ерлер үшін – насыбай шақша жасаған. Оны әдемілеп әшекейлеген.
7 – оқушы: Ұлдар атқа мінген кезде зергерлер әдейі ер – тұрман жасаған. Ертұрманды нағашы жұрты жиендеріне сыйға тартқан. Оны ашамай ер деп те атайды.
8 – оқушы: Білесің бе бұл істі
Зергерлікке кім дайын?
Балқытып – ап күмісті
Сапырады су дайын.
9 – оқушы: Демеңдер бұл қалай
Күмісті де илеген
Осы өнерді мұрадай
Зергерлерден үйренем.
Қорытынды
Мұғалім: Міне балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызда қазақ халқының өнер түрлерімен таныстық.
Халық өнері тек қана эстетикалық мұрағат емес, ол сонымен қатар халықтың белгелі бір тариха кезеңіндегі таным – түсінігінен, өмір – салтынан, сұлулық туралы ой – талғамынан хабар береді. Есік қаласында табылған “Алтын киімді адам” әлемде теңдесі жоқ қолөнер болып саналады.
600 жыл бұрын әйгілі құймашы Абдуал – Әзілдің қолынан шыққан алып Тайқазан Түркістанға Қожа Ахмет Яссауй мовзалейіне қайтып оралуы – мәдениет пен әдебиет саласындағы үлкен оқиға.
1 – жүргізуші: “Туғанда дүние есіген ашады өлең” – деп ұлы Абай айтқандай ән – жырсыз өтетін мереке, қуанышты күндер жоқ.
2 – жүргізуші: Енді сөз кезегін әнге берейік.
Ата – аналар “Дедім – ай – ау” халық әнін орындайды.
1 – жүргізуші: “Өнер – таусылмас азық, жұтамас – байлық” – дейді халық даналығы. Өнер түрлері елде мол. Халықпен бірге жасап келеді және жасай береді

24- сабақ


Туған тілім -тұғырым

Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір –қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.


Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакаттар, кітаптар

1. Қазақ тілі деген М.Жұмабаевтың өлеңін аудиожазбадан тыңдаймыз


2. Мұғалімнің сөзі :Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Елімізде қыркүйек айының үшінші жексенбісі – Қазақстан Республикасы халықтарының тілі күні. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс.

Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі, діні. Тәуелсіз еліміз – көпұлтты мемлекет екендігі баршамызға аян. Елбасының көреген саясатының арқасында еліміздегі барша ұлт өкілдерінің ана тілдеріне ешқандай нұсқан келтірілмей, мемлекет қолдауымен өркендеп дамуда. Сонымен қатар, тілдерді құқықтық тұрғыдан қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңымен және өзге де заң актілерімен қамтамасыз етілген.
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол еліміздің Конституциясымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие.

Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бері қазақ тілі өмір сүріп келеді. Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі қазақ және болашақтағы қазақ. Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік. Тіл – халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы. Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу – қаны қазақ баласының бірден-бір міндеті болып табылады.


Қазақ тілі өте бай тіл білгенге.

Оның сырын түсіну де тереңде!

Сан ғасырды бастан кешкен қазақ тіл

Дәл қазірде жойылуы мүмкінбе?


Жойылмайды, жойылмайды туған тіл.

Тілдің сырын тереңірек бойлай біл,

Жоғалту да, дамыту да тіліңді

Өз қолыңда, соны елім,ойлай біл!


Кейбіреулер туған тілін білмейді.

Білмесе де білгісі олар келмейді,

Туған тілін түсінбеген азамат

Өз ұлтының қасиетін сезбейді.

Қате болар туған тілін білмесе.

Тілін сатып өзге тілге бой берсе,

Тілін сатып деп айтпасам не дейін?

Туған тілін білгісі де келмесе!


Үйрен тілді баста бәрін жаңадан.

Отан тілі әркімге ыстық бір арман,

Ана тілім Қазақ тілін құрметтеу

Бізге аманат қалған мирас бабадан.


Бар тілегім қазақ тілі гүлдеуі

Өзге тілмен араласып жүрмеуі.

Бұл тілімнің кемшілігі кәзіргі.

Кей қазағым тілін мүлдем білмеуі!


Өнер алды – қызыл тіл
Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.
Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.
Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз.
Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.
Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не?
Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.
«Тіл –құдірет».
«Тіл - тәуелсіздік тұғыры».
Өз тілін сезбеген бала — ана сүтін татпаған жетіммен тең.
Әр халықтың өзінің ана тілі бар.

Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.

Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.

Тіл – еліміздің іргетасы

Ұлттың қуаты тілінде

Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша.

Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем».

«Тіл – асыл ойдың бұлағы».

6.Қорытындылау, бағалау.

7. Үйге тапсырма беру: Мазмұндау


25- сабақ

Тақырыбы:Жақсы сөз – жарым ырыс.

Мақсаттары:Оқушылардың «сөз», «бақыт» құндылығы туралы түсініктерін арттыру.

Міндеттері: - жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

- жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту;

- ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Әдісі: әңгімелесу, әңгімелесу арқылы жағдаятты шешу.

Көрнекілігі: жағдаяттар

Өту барысы:

1. «Әңгімелесу» туралы жалпы түсінік.

«Әңгімелесу» - шығарма тақырыбын, мазмұнын жете түсінуге мүмкіндік тудыратын сұрақ- жауап түріндегі сабақ формасы. Әр бала сол шығарма төңірегінде ой- пікірін айта алатындай, сол тақырыпқа өз көз- қарасын білдіре алатындай, өзін толғандыратын сұрақтың шешімін табуға ұмтылдыратындай дәрежеге көтерілуі керек. Бұл тәсілмен сабақ жүргізгенде мұғалім әр баланың сөйлеу, шығарманы қабылдау қабілеттеріне қарай жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жетекші сұрақтарды дәл тауып қоя білуі қажет. Сол арқылы әр бала шығарма мазмұнын айтып берумен қатар ондағы іс-әрекеттер мен оқиғаларға, жағдаяттарға, кейіпкерлердің мінез- құлқы мен қарым- қатынастарына баға беруге үйренеді.

«Жағдаяттық талдау» - оқушылардың күнделікті қарым қатынаста, әр түрлі өмірлік жағдаяттарда оңтайлы шешімін табуды қажет ететін оқиғалардан тұрады.

Оқушылармен әр түрлі тақырыптарда әңімелесу және әңгімелесу арқылы жағдаяттарды шешуге болады.

Әңгімелесу.

Оқушылардың жақсы сөздер әсері туралы пікірін білу үшін әңгімелесу жүргізіледі.

• Қандай кезде жақсы сөздерді қолданасыңдар?

• Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

• Жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

• Жақын адамдарыңа қандай жақсы сөз айтқыларың келеді?

Балалардың жауаптарын мұғалім түйіндейді:

«Жақсы сөз – жарым ырыс» дейді халқымыз. Жақсы сөз естісең, жанын жадырап сала береді. Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады, тек қана жақсылыққа жеткізеді, бақытқа кенелтеді, қуанышқа бөлейді. Жылы сөз адамдарды татуластырады, достастырады. Жақсы сөздерді бір біріне жиі айту нәтижесінде өзара сыйластық артады.

Әңгімелесу арқылы жағдаяттарды шешу.

Сабақта оқушылардың алған білімдерін іс жүзіне асыра алуға мүмкіндік беретін жағдаяттар ұсынылады. Оқушылар жағдаяттарды қарастырып, әңгімелесу арқылы шешеді.

«Төзім және табандылық» тақырыбында екі жағдаятты әңгімелесу арқылы шешейік.

1-жағдаят:

Алтыншы сынып оқушысы Ерлан күнделік жазуды бастады.Ол өзінің табандылығы мен ерік күшін қалыптастыру үшін өзіне төмендегідей талаптар қойды:

«Сабаққа дайындалатын уақыт болғанда, мен барлық шаруаны, тіпті өте қызық нәрселерді жинап қоямын.Барлық сабақты оқып болмайынша, еш нәрсеге аландамаймын.Мен бастаған ісімді аяғына дейін жеткіземін». Осы талаптарды Ерлан үнемі есепке алып отырады.

• Дархан неліктен өзіне осындай талаптар қойды деп ойлайсыңдар?

• Өздеріңе қандай талап қоясындар?

Балалардың жауаптарын мұғалім түйіндейді:

Адам өз ісіне төзімділік танытып, табандылық көрсете білсе ғана ісі нәтижелі болады. Табандылық, төзімділік - адам бойындағы асыл қасиеттер. Табанды, төзімді болу өз қолында.

26- сабақ

Ұлағатты сөздер

Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір –қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.


Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакаттар, кітаптар
Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!
Н.Ә.Назарбаев
Әрбір шаңырақ ұрпақты болсын, ырысты болсын, ырысы жұртқа жұғысты болсын!
Н.Ә.Назарбаев
Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды.
Н.Ә.Назарбаев
Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік.
Абай
Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек өзіңіздің ата-аналық қуанышыңыз үшін ғана тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келеді.
А.С.Макаренко
Жақсы семьяда жазалау деген атымен болмайды. Ал бұл - семья тәрбиесінің ең дұрыс жолы.
А.С.Макаренко
Ана үшін аянба - ант ұрады,
Бала үшін аянба - бетің күйеді.
Ел үшін аянба - ерлігіңе сын,
Жұрт үшін аянба - жігіттігіңе сын.
Б. Момышұлы
27- сабақ

Тыйым сөздер

Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір –қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакаттар, кітаптар
Бос бесікті тербетпе.

Бесікті ашық қалдырма, аяқ асты тастама.

Бесікті сатпа.

Бесікті көрінгенге берме.

Нанды шашпа, рәсуа етпе, жерге тастама, аяқпен баспа.

Ас ішкен ыдысыңды төңкеріп қойма.

Үйде отырған қонақтарды санама.

Үйге қарай жүгірме.

Үйді айнала жүгірме.

Босағаны керме (сүйенбе).

Шашыңды отқа салма.

Мойныңа белбеу салма.

Жағыңды таянба.

Қолыңды төбеңе қойма.

Жуған қолыңды сілкіме.

Бейітке қарап қолыңды шошайтпа.

Тізеңді құшақтама.

Кірдің суын баспа.

Күн батар уақытта ұйықтама.

Бейуақта ұйықтама.

Бейуақта жылама.

Бейуақта кісіге көңіл айтпа.

Бейуақта ауру адамның көңілін сұрама.

6.Қорытындылау, бағалау.

7. Үйге тапсырма беру: Жеті қазына кітап оқу

28- сабақ

Тақырыбы:Қыз балаға қырық үйден тыйу.

Мақсаты: пікірталас тудыра отырып өз ойларын дәлелдеп, фактілерге сүйене отырып айтуға, басқа пәндерден алған білімін «Адам және қоғам» пәнімен байланыстыра отырып өз бетінше ойлай білуге дағдыландыру, оқушыларды қайырымдылыққа, әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, кішіге қамқор, үлкенге құрметпен ізетті болуға тәрбиелеу; сыныптас құрбыларының қадірін білуге, өзара сыйластық орнатуға, ата-баба салтын қастерлеуге тәрбиелеу; оқушыларды адамгершілікке, жүйелі ойлауға, топ болып жұмыс істеуге дағдыландыру.


Көрнекілігі: нақыл сөздер, сұрақтар, сөзжұмбақ, слайд арқылы дайындалған материялдар.
Барысы.

Мұғалім: Қазіргі заман қыз тәрбиесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деп бекер айтылмаса керек. Халқымызда ерте кезден –ақ адамгершілікті, әдепті жоғары бағалай білген.Отбасы- қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы- әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі- өнеге көрген қыз бала қайда болса да, келін болғанда да көрген-ділігін көрсетеді. Ал жақсы тәрбие алған ұлдар жау келгенде де жайдақ атқа міне шабатын өжет, батыл, адал, жеріне, туған халқына ыстық ықыласты, үлкенге де, кішіге де қамқор бола білген ғой.. Ұлттық ізгі дәстүрімізді ескіліктің калдығы деп мұрын шүйіре қарамай, осы заманға лайықтысын таңдап алып, инабатты қыз, ұлағатты ұл тәрбиелеу –ата-ананың да, ұстаздар қауымының да міндеті. Енді осы мәселе төңірегінде ой өрбітсек, оқушыларымыз не дер екен?..

Барлық байлық еңбекпен келеді. Еңбексіз бос жүру адамды моральдық жағынан құлдыраушылыққа, жұрт еңбегінің есебінен күн көруге әкеліп соғады, табиғи талантын мұқатады. Еңбек етпесең не қорлыққа қанасың, не ұрлыққа барасың. Еңбек қана адамның жанын жарастыққа, ризалық сезіміне бөлеп бақытты етеді.
Ата- бабаларымыз ұл балаларын жастайынан ел қорғауға, мал бағуға тәрбиелесе, ал қыздарын «болашақ отау иесі» деп қаршадайынан үй шаруысына икемдеген. Анасы «Сен ертең бір үйді меңгеріп кететін ана боласың. Қолыңнан іс келмесе тұрмысың ауыр болады, анаңның атына сөз келтіресің.Сондықтан жастайыңнан өнердің бәрін үйрене бер. «Үйренгенің өзіңе жақсы, істегенің бізге жақсы» деп қызына ине ұстатып іс тігуді үйреткен, құрақ құратып, шілтер тоқытқан, кір жуғызып, алаша мен кілем тоқытқан. Үйге қонақ келгенде қазанға қонақтарға лайықты тамақ салғыз-ған.Осылайша әр істің жөн-жобасын үйреткен.

V. Ырым-тыйым – ұлағат көзі.


Қазақтың ырым-тайымдары
1-оқушы: Ұнасын, ұнамасын,
Бұзба құстың ұясын.
2- оқушы: Ұқсама тентек балаға,
Пышақтың жүзін жалама.
3-оқушы: Шаршасаң сәл –пәл аялда,
Бірақта жерді таянба.
4-оқушы: Құр беталды ермекке
Бос бесікті тербетпе.
5-оқушы: Жақтыр, мейлің жақтырма,
Нанды жерге лақтырма.
6-оқушы: Жоқ әдетті шығарма,
Түнде көлден су алма.
7- оқушы: Адамдарды сынама,
Түнде айға қарама.
8- оқушы: Ақыл-есің бүтінде
Кісіге қарай түкірме.
9-оқушы: Ұлттық салттан бұлжыма,
Жұма күні кір жума.
10-оқушы: Дастарханға емінбе,
Көп алдында керілме.
11-оқушы: Тірі жанды иықтама,
Бейуақытта ұйықтама.

12-оқушы: Айтқан сөзді бағамда:

Күлме кемтар адамға.

13- оқушы: Сүйсінсін жұрт ісіңе,

Сақта ата ғұрпыңды.

Ешқашан үлкен кісіге,

Отырма беріп сыртыңды.

Қорытынды:


Мұғалім: Ұл ұятты, қыз қылықты болса, адамгершілікті, иманды, тәрбиелі болса- мемілекеттің байлығы. Бүгінгі тәрбие сағатынан соң кейбір оқушылар өз бойындағы кемшіліктен арыла білуі керек, бұл- әрбір адам болам, азамат болам деп құлшынған жанның қолынан келер нәрсе. Халқымыз көп нәрсені ана есімімен байланыстырады. Қыз келешекте жар, ана, апа. Осыған байланысты қазақ қызын әлпештеп, мәпелеп, инабатты етіп тіл тигізбей тәрбиелеген. Осыдан түйер ойымыз:
бүгінгі бозбала – ертеңгі қамқор әке, баланың панасы, әулеттің тірегі;
бүгінгі бойжеткен – ертеңгі аяулы ана, ақылшы әже, әулеттің ұйтқысы.
29- сабақ

Қазақтың жағымды бейнедегі сөздер

Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір –қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакаттар, кітаптар
Ақыл ойлап білген сөз

Бойыңа жұқпас, сырғанар.

Ынталы жүрек сезген сөз

Бар тамырды қуалар. (Абай)


Бүгінгі жаңа сабағымызды Абай атамыздың сөзімен бастағым кеп тұр.Бұл сөзді таңдау себебімнің сырын сабақ соңында сынға салармыз деп ойлаймын.Сабағымыз,өздерің біліп отырғандай,өткендегі сабағымыздың заңды жалғасы болмақ. Яғни сөз өнерін жоғары қойған, аталы сөзге тоқтай білген халықтың бүгінгі ұрпағы-сендер ғасырлар бойы тамсандырып келген шешендік сөздердің мән-мағынасын түсіне талдап, бабаларымыздың ұлағатын оқып, осыдан бойларыңа рухани азық жимақсыңдар.

Сөздің қолдануы мен мағынасынан тыс сөйлеуде интонация, дауыс ырғағы да зор роль атқарады. Айтылатын сөз немесе сөйлем интонация арқылы да әр түрге өзгереді. Мысалы интонация арқылы сөзді немесе сөйлемді мәнерлі, жұмсақ әрі көркем етіп жеткізуге болады. Әдепті адамның ісі де сөзі де жағымды әсер береді. Сөйлемде басқа тілдің сөздерін араластырып, тілді шұбарламай таза сөйлеу де адам өресінің деңгейін көрсетеді.

Жатқа сөйлеме,

Жаманға сөйлеме,

Асырып сөйлеме,

Батырып сөйлеме.

Жасқа сөйлеме

Масқа сөйлеме,

Ұрыға сөйлеме,

Қараға сөйлеме,

Жаман сөзден жақсы сөз дұрыс.

Жаманға айтқан сөзден

Жақсыға айтқан сөз дұрыс.

Ойсыз сөзден ойлы сөз дұрыс.

Ойсызға айтқан сөзден,

Ойлыға айтқан сөз дұрыс.

Айтылмай қалған сөзден

Айтылып қалған сөз дұрыс.

Сөйлемес жерді білсең

Сөйлемес жерде сөйлемей қалуды білсең.

Бәрінен де сол дұрыс.

Олай болмаған жерде

Қанша асыл деме

Сөзіңнің алды бұрыс,

Арты – ұрыс.

6.Қорытындылау, бағалау.7. Үйге тапсырма беру: Жеті қазына кітап оқу

30- сабақ

Тақырып: Шынайы шешен –жарқын тұлға

Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір –қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакаттар, кітаптар
Әр әңгіме, толғау талданған кезде ішіндегі түсініксіз сөздер тақтаға шығып отырады.
1. Пырақ – жүйрік ат, сәйгүлік,арғымақ.
2. Үш бұтақты шідер – аттың алдыңғы бір, артқы екі аяғын қосып салатын тұсау.
3. Фәни – тұрағы жоқ,баянсыз, алдамшы дүние.
4. Мият – көңілге медеу,тірек, сүйеніш.
5. Торқалы той – салтанатты үлкен той.
6. Сағы сыну - тауы шағылу, беті қайту, көңілі қалу.
7. Суат – өзеннің, бұлақтың мал суаратын жері.
8. Пақыр – халі нашар, сорлы, байғұс.

Сергіру сәті ретінде. Оқушылардың өздері қызыққан туындылары бойынша.


Қаз дауысты Қазыбектің әйгілі «Біз қазақ деген мал баққан елміз…»-деп басталатын сөзі.

Д. Жаңа тақырыпты бекіту

Бүгінгі білгенімізді ортаға салып, «Үш пайғамбар» атанған үш би туралы әңгімелер мен олардың нәрлі сөздерінен алған білімімізге сараптама жасайық.Ел мұңын мұңдаған,халқына қызмет еткен билер бойындағы қасиеттерден оларды тағы кімдер ретінде таныдық? * елші, мәмілегер * тәрбиеші * саясаткер, қоғам қайраткері
* заңгер * ақын * ойшыл, ғалым.
* психолог * шешен
Олай болса,«шынайы шешен-жарқын тұлға» демекші,билеріміздің қазақ елі төріндегі жарық жұлдыздардың бірегейлері екендігін де таныдық деп ойлаймын.Жиренше шешен айтқан «жақсылар» біздің рухы күшті аталған шешендеріміз екені даусыз.Ұрпағы – сендер ұмытпай, ұлағатты сөздерін жаттап,айтып жүрсеңдер,олардың аттарының көгімізде мәңгі шырқап тұрғаны емес пе?Мына өздеріңе жақсы таныс ескерткіш-мүсіндегі қияға көз тіккен бабалардың отырысы ел іргесінің мығым екенін аңғартатындай. Осындай төл тілімізде сөз кестесін төгілтіп, әділдікке жүгінген азаматтар арман еткен ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ баянды болғай.

ІV. Сабақты қорытындылау

31- сабақ

Тақырыбы:Сөз өнері.

Мақсаттары:Оқушылардың «сөз», «бақыт» құндылығы туралы түсініктерін арттыру.

Міндеттері: - жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

- жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту;

- ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Әдісі: әңгімелесу, әңгімелесу арқылы жағдаятты шешу.

Көрнекілігі: жағдаяттар

Өту барысы:

- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар. !

Таза мінсіз асыл тас,

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас,

Жел соққанда шығады.

Ой түбінде жатқан сөз,

Шер тарқатса шығады – деп Асан қайғы атамыз айтып өткендей шерімізді тарқатсақ. Осыған орай бүгін біз өздеріңмен «Сөз маржан» тақырыбында танымдылық сайыс сабағын өткіземіз.Бұл сабағымыздың мақсаты: сіздердің сөздік қорларыңызды молайту, қазақтың сөз өнеріне деген құрметтеріңді арттыру және білімдеріңді кітапханамыздағы кітаптармен толықтыра отырып, ұштастыру.


- Балалар сендер бос уақыттарыңды қалай өткізесіңдер?

- Қандай кітап оқығанды ұнатасыңдар?

- Кітап оқу сендердің сөздік қорларыңды молайтып, тіл байлықтарыңды дамытуға септігін тигізеді ме?

- Балалар, егер сендерді осы кітаптар қызықтырса, абонемент бөлімінен алып оқыңдар.

2 бөлім «Жұмбақ»

- Енді жұмбақтар шешіп көрейік. Экранға назар салыңдар.

Бір құс бар үлпілдеген жүні жұмсақ,

Тұяғы бейне болат, алмас пышақ.

Тұмсығы имек, көрмейді күндіз көзі,

Шарықтап көкті кезіп, түнде ұшады. (Үкі)

Екі бала қатар тұрса да,

Бірін – бірі көрмейді. (Көз)

Өздігінен жүрмейді жарыспайды,

Кісі мінсе жарыстан қалыспайды

Аяғы екеу болғанмен ізі жалғыз,

Сағатта талай жерді қарыштайды. (Екі аяқты темір тұлпар)

Әкесі тышқан,

Шешесі құстан. (Жарқанат)

3 бөлім «Киелі жеті»

Слайдта берілген сұрақтарға кім жауап береді, сол топқа көп ұпай қосылады.

Жеті жоқты ата. Жеті байлықты ата.

Жерде өлшеуіш жоқ. Әуелгі байлық-денсаулық.

Аспанда тіреуіш жоқ. Екінші байлық-еркіндік.

Таста тамыр жоқ Үшінші байлық-қайрат – күш.

Тасбақада талақ жоқ. Төртінші байлық- тіл байлық.

Аллада бауыр жоқ. Бесінші байлық-ақ жаулық.

Аққуда сүт жоқ. Алтыншы байлық- балаңыз.

Жылқыда өт жоқ. Жетінші байлық- жүз саулық.

2. Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты?
Ананың сүті тәтті,
Ананың алақаны жұмсақ,
Әкенің жүрегі қатты.

(Сұрақтар экраннан беріледі)


1. Жыланды інінен қайтіп шығарамыз?
2. Инемен құдық қазуға бола ма?
3. Қар жана ма?
4. Қой мен қасқыр ойлана ма?
5. Адамның қай мүшесі қорқақ,қай мүшесі батыр?
- Рахмет. Мақал – мәтелдерді де жақсы біледі екенсіңдер. Өз білімдеріңді жақсы көрсете білдіңдер. Білімдерің мен сөз қорларыңды, ой - өрістеріңді ары қарай дамыту үшін мына көрмеге қойылған кітаптарды да ұсынамыз.

7 бөлім «Жеті жұрттың тілін біл»

(Оқушылар тізілген асықты ата отырып, әр асыққа тиісті сұрақтарға жауап беріп, жауаптың 3 тілдегі нұсқасын айтулары керек)

1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі? (көктем, весна, спринг)


2. Мұрты бар иегінде сақалы жоқ.
Тоны бар, киеріне шапаны жоқ
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп шығар сапары жоқ. (мысық, кот, кәт)
3. Футболшының алдындағы ойын заты? (доп, мяч, бол)
5. Жеті қазынаның бірі, адамды қорғап жүретін досы? (ит, собака, док)
6. Ұшқан ... , жүгірген аң – бәрі тамақ (құс, птица, брик)

Ата салтым, асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманыын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас, қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.


  • Құрметті оқушылар. Осымен қаймана қазағымыздың қасиетті сөздерін танып – біліп, саналарыңа сіңіруге арналған бүгінгі танымдылық сайыс сабағымыз да аяқталды. Назарларыңызға рахмет! Келесі кездескенше қош – сау болыңыздар.

32- сабақ



І. Сабақтың тақырыбы: Қазақ билері

Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Сөз өнерін, тіл мәдениетін меңгерту, мәдениетті сөйлей білуге тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру, шешендікке шыңдау.



ІІІ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, тәжірибелік, әңгімелеу, сахналау.

ІҮ. Көрнекі-құралдар: Суреттер, сызба,

ҮІ. Сабақтың барысы:

. Ұйымдастыру кезеңі:

Қорқыт ҮІІІ ғасырда Сырдария бойын мекендеген Қыпшақ-Оғыз тайпаларынан шыққан атақты жырау, дарынды күйші және ойшыл философ болған. Қорқыт жайында 12 дастаннан құралған «Қорқыт ата кітабы» аталатын жинақ бар. Бұл кітаптар Ватикан (Рим) кітапханасында және Дрезден кітапханасында сақтаулы.

Қорқыт өз өмірінде Алтай, Ертіс, Ұлытау, Кішітау, Есіл, Нұра, Сарысу, Талас, Сайрам, Сыр, Қаратау, Жетісу өлкелерін билеген үш ханға ақылгөй уәзір болған. Елді жаудан қорғау , жер-суды белгілі тәртіппен пайдалану, дау-жанжалдарды ақылмен шешу, қылмысты адамдарды жазалау, әскери күштерді оң және сол деп екі қанатқа бөлу сияқты тәртіптерді белгілеп, әлеуметтік заң жүйесін жасаған.

Қорқыт өз ел-жұртының аянышты халін көріп, одан елді құтқаруды мәңгі-бақи өлмейтін бақытты өмірді аңсайды, елдің төрт бұрышын кезеді. Бірақ ол қайда барса да көр қазып жатқандарға жолығады.

Қорқыт дүниеде өзгермейтін еш нәрсе жоқ деген қорытындыға келіп: «Сынбас темір жоқ, өлмес өмір жоқ» деген екен.

«Жыраудың үлкен пірі – Қорқыт ата,

Бата алған балық бақсы асқан ата.

Таң қалып жұрттың бәрі тұрады екен

Қобызбен Қорқыт ата күй тартқанда», - деп тегін жырламаған.

Қорқыттың аты ерте замандардан бері бар. Анатомия түріктері оны Баязид сұлтанның баласы еді дейді. Түрік ғалымы Абдулқадыр иман Қорқытты қобызда, тамбурда шебер ойнаған қазақ бақсылары сол Қорқыт атаға табынған дейді.

Қорқыт аңыздары көптеген ғалымдардың назарынан да тыс қалмаған. Мысалы, Вельмиинов «Қайда барсаң Қорқыт көрі» деген аңызды зерттеген.

Жоғарыда келтірілген Ә.Диваев деректеріне сүйенсек Сыр бойында Қорқыт бірде бақсы, бірде әулие. Түркімен аңыздарында Қорқыт-Инал ябы, Ирке дойлы, қай руларының көсемі. Наом мен Жәмиде, Қорқыт түркі тайпаларына әйгілі бақсы, сәуегей адам.

6.Қорытындылау, бағалау.

7. Үйге тапсырма беру: Жеті қазына кітап оқу

33- сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Нақыл сөздер.

Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Сөз өнерін, тіл мәдениетін меңгерту, мәдениетті сөйлей білуге тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру, шешендікке шыңдау.



ІІІ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, тәжірибелік, әңгімелеу, сахналау.

ІҮ. Көрнекі-құралдар: Суреттер, сызба,

ҮІ. Сабақтың барысы:

. Ұйымдастыру кезеңі:

1 Елімізге бойына ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет.

2. Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарастыратын заман.

Жансыздарда бір жансыз бар жалғыз аяқ,


Беліне қыстырғаны шиден таяқ.
Келбетіне қарасаң, ештеңе емес,
Беліне буыныпты аямай – ақ. ( ұршық)

Кішкентай ған бойы бар,


Айналдырып киген тоны бар. ( қой)

Судан шығып келеді, суға салса, өледі. ( тұз)

Тілден ұшып, құлаққа қонады.( сөз)

Иесі оның сәби, әрі төсек, әрі үй.(бесік)

Күндіз бар да, түнде жоқ.
Онсыз өмір мүлде жоқ. (күн)

Аяғы бар, өздігінен жүрмейді,

Жүру үшін біреу келіп сүйрейді. ( арба)
Мақал – мәтелдер:

Ел көркі – мал.

Өзен көркі – тал.

Ел ұлсыз болмас, жер гүлсіз болмас.


Ел жаусыз болмас, жер таусыз болмас.

Екі тентек елге сыймас.

Ел алғысын алсаң, елеулі боларсың.

Көре тұра айтпасаң, көргенсіз дер.


6.Қорытындылау, бағалау. 7. Үйге тапсырма беру: Жеті қазына кітап оқу


34- сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Қорытынды сабақ.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың білім деңгейін анықтау

2. Пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру

3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Бақылау сабағы

Сабақтың әдісі: Сөз мерген ойыны

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды екі топқа бөліп әр топқа ат қою,топбасын сайлау.

Оқушыларды ойын барысымен және ережелерімен таныстыру

Ітур

Біріккен сөздердің сыңарын тап.


ІІтур

Сөз мәйегі

1.Ерулік деген не?

  1. Сауға деген не?

  2. Тәбәрік деген не?

  3. Қорамсақ деген не?

  4. Сері сөзі нені білдіреді?

  5. Торсық деген не?

  6. Самалық деген не?

  7. Жарапазан деген не?


ІІІтур

Әр топ таңдап алған әріптерімен сұрақтарға жауап беруі тиіс

Ітоп

1.Сен үшін құрметті не?

  1. Мектеп саған не берді?

  2. Ұялғанда не істейсің?

  3. Сен үшін байлық не?

  4. Кім сұлу?

  5. Қандай мақал білесің?

  6. Сөйлей –сөйлей кім боласың?

  7. Бақшада не өседі?

  8. Қиындықты қалай жеңесің?

  9. Қандай салт-дәстүрлерді білесің?

  10. Асыл мұраларды қалай құрметтейсің?

  11. Ең ұлы іс не?

  12. Құлақ неге екеу?

  13. Кімге сенбейсің?

  14. Кімнің қамын ойлайсың?

  15. Әке көрген не істейді?

  16. Үлкенді қалай сыйлайсың?

  17. Балқашта не көп?

  18. Ұл бала қандай бала?

  19. Ананың көңілі балада ,баланың көңілі қайда?

  20. Кітап саған не берді?

  21. Ұстаз кім?

  22. Тіл не үшін керек?

  23. Бақыт деген не?

  24. Сен кімсің?

ІІтоп

  1. Ең биік не?

  2. Сіз үшін достық деген не?

  3. Қандай салт-дәстүр білесің?

  4. Анаң саған не берді?

  5. Қандай аспапта ойнайсың?

  6. Нені өсиет санайсың?

  7. Қазақстан қандай?

  8. Қандай мақал білесің?

  9. Ең құрметті не?

  10. Неден қорқасың?

  11. Ең кіші не?

  12. Арманға жету жолы не?

  13. Көз неге екеу?

  14. Базарда не бар?

  15. Қиындықты қалай жеңесің?

  16. Ұлылардың ұлысы кім?

  17. Қандай ақын-жазушыны білесің?

  18. Қол не үшін керек?

  19. Қазақ тілі қандай тіл?

  20. Сен үшін байлық не?

  21. Ең жақын не?

  22. Төрт түліктің бірі

  23. Көре-көре кім боласың?

  24. Өмірлік мақсатың не?

  25. Не іздеп жүрсің?



ІІ Сабақты қорыту

Жеңімпаз топты анықтау

Қай топ тапсырмаларды тез және дұрыс орындаса сол топ жеңімпаз атанады


жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау