«Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы



жүктеу 0,88 Mb.
бет1/3
Дата20.02.2018
өлшемі0,88 Mb.
#10200
  1   2   3




№ исх: 890 от: 05.08.2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2014 жылғы « »

қаулысымен


бекітілген

«Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы
«Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ӘКК) 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы (бұдан әрі – Стратегия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1236 қаулысымен бекітілген акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысымен мақұлданған ӘКК дамыту тұжырымдамасына (бұдан әрі – Тұжырымдама) сәйкес әзірленді.

Стратегия кейінгі бағдарламалық құжаттарды, болжамды қаржылық модельдерді, орта мерзімді даму жоспарларын, сондай-ақ ӘКК бюджетін әзірлеу үшін негіз болып табылады.

Осы Стратегия ӘКК ұзақ мерзімді кезеңге арналған миссиясын, пайымын, қызметінің негізгі стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды және мынадай негізгі бағыттарды:

1) «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы
14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауын
;

2) «Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөніндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығын;



3) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы
18 маусымдағы №827 Жарлығын;

4) «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы


1 ақпандағы № 922 Жарлығын;

5) «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің


2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығын;

6) «Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің


2006 жылғы 17 наурыздағы № 67 Жарлығын;

7) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығын;

8) «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы №579 Жарлығын;

9) «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасын мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысын;

10) «Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1308 қаулысын;

11) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі


№ 301 қаулысын;

12) «Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысын ескере отырып әзірленген.

ӘКК қызметі Астана қаласының аумағында жүзеге асырылады. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды құру кезінде қызметі өңір халқының әлеуметтік, экономикалық және мәдени мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған экономикалық жағынан тұрақты өңірлік бизнес-құрылымдар құру идеясы белгіленді. Сонымен қатар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды құру өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының мынадай бірқатар ұйымдастырушылық және қаржылық проблемаларға да байланысты болды:

1) мемлекеттік даму институттарының инвестицияларына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кеңінен қол жеткізе алмауы;

2) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өз қызметін жүзеге асыратын өңірде әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша бастамаларының болмауы;

3) жергілікті мемлекеттік басқару органдары мен өңірлік бизнес бастамаларының арасында үйлестіру қажеттілігі.

ӘКК жұмыс істеу бизнес-схемасы басым салалардағы жобаларды іске асырудан және мемлекет пен жеке инвесторлардың қаржы қаражатына инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен алынатын пайданы кейіннен өңірдің әлеуметтік, экономикалық және мәдени жобаларына қайта инвестициялаудан тұрады. Стратегияны әзірлеу ӘКК-нің қаланы дамытудағы рөлі, оның негізгі басымдықтары, оларды іске асырудың көздері мен тетіктерін нақты көрсете отырып, әлеуметтік-экономикалық дамудың ұзақ мерзімді нысаналы бағдарларына ие болу қажеттілігіне байланысты болды.

Стратегия ӘКК әлеуетін іске асыру үшін қызметтің басым бағыттары мен салаларын белгілеуге, ӘКК даму саясаты мен жұмыс істеу моделін қалыптастыруға, ӘКК одан әрі өңірлік даму институты ретінде қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған шаралар кешенін әзірлеуге бағытталған.


1. Ағымдағы ахуалды талдау

Сыртқы ортаны талдау



«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құруды Стратегияның басты мақсаты ретінде айқындап берді. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін Мемлекет басшысы үш бірдей жаңғырту жүргізу: мемлекеттің іргесін қалау мен нарықтық экономикада серпіліс жасау, әлеуметтік мемлекеттің негіздерін қалау, қоғамдық сананы қайта өзгерту міндетін белгілеп берді. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты экономикалық прагматизм қағидаттарына негізделеді.
Экономикалық даму

Жалпы өңірлік өнім

Ұзақ уақыт бойы Астана қаласы елдегі өңірлер арасында жалпы өңірлік өнім (бұдан әрі – ЖӨӨ) көлемі бойынша алдыңғы орында келеді.

2013 жылы Астана қаласы бойынша ЖӨӨ 2 трлн. 700 млрд теңгені құрады. Республикалық көлемде елорданың ЖӨӨ үлесі 9,5 % құрады.

Салалық құрылымда ЖӨӨ өнеркәсіптегі мөлшері 8,1 %, құрылыс – 8,9 %, көлік пен сақтау – 9,1 %, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 12,0%, көтерме және бөлшек сауда - 67%, автокөліктер мен мотоциклдерді жөндеу – 25,6 %, өзге де көрсетілетін қызметтер – 25,6 % құрады.

Елорда тұрғындарының жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 4 075,5 мың теңгені құрады да республика өңірлерінің арасында Атырау облысы (6 473,4 мың теңге) мен Алматы қаласынан (4 339,2 мың теңге) кейін үшінші орында тұр.


1-кесте. Экономикалық қызмет түрлері бойынша 2013 жылғы Астана қаласының ЖӨӨ

Қызмет бағыттары

млн. теңге

Жиынға қарағанда ЖӨӨ %

Барлығы

3 245 384

100

Өнеркәсіп

262 876

8,1

Өңдеуші өнеркәсіп

217 441

6,7

Электрмен жабдықтау, су, бу беру және ауа баптау

38 945

1,2

Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау

6 491

0,2

Құрылыс

279 103

8,6

Бөлшек және көтерме сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу

830 818

25,6

Көлік және қоймаға жинау

295 330

9,1

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

389 446

12

Өзге де көрсетілетін қызметтер

924 934

28,5

ӘКК шағын және орта бизнес, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, сауда саласындағы және инвестициялық саладағы қызметті жүзеге асырады, осыған байланысты сыртқы ортаны талдау дәл осы салаларда жүргізілген.




жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау