2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сатудың барлық арналарындағы бөлшек тауар айналымының көлемі 511 726,1 млн. теңгені құрап, салыстырмалы бағалармен өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 22,4%-ға ұлғайды. Шағын кәсіпорындар 131 078,2 млн. теңге сомасына тауарлар мен қызметтерді өткізді немесе бұл сауда кәсіпорындарының тауар айналымының жалпы көлемінің 34,6%-ы. Орта және ірі кәсіпорындардың қызметінен бөлшек сауда айналымы
247 590,9 млн. теңгені құрады, оның ішінде тауар айналымының жалпы көлеміндегі орта кәсіпорындардың үлесі - 48,2%, ірі кәсіпорындардың үлесі – 17,2%.
Жеке кәсіпкерлер қала базарларында 133 057,0 млн. теңге сомасына тауар өткізді, бұл 2012 жылғы қаңтар – желтоқсанға қарағанда 1,9%-ға жоғары.
Құрылыс қызметі
Құрылыс секторы стратегиялық басымдық болып қала береді, мұнда жоғары қарқын орнықты күйінде сақталып отыр. Қала жыл сайын бір миллион шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға береді, ал
2013 жылдың қорытындысы бойынша елордада 1 млн. 100 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Қаладағы тұрғын үй құрылысы екі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылуда. Бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысымен бекітілген жаңа «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы (бұдан әрі – «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы) мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының
2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Тұрғын үй құрылысының 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы).
«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының тұрғын үй-құрылыс жинақтары желісі бойынша 2013 жылы 3 тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта 4 180 пәтерге арналған, жалпы алаңы 168 мың шаршы метр көппәтерлі 11 тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылы олардың ішінен 2258 пәтерге арналған
8 тұрғын үй кешенін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының
2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы алаңы 261,5 мың шаршы метр 5 674 пәтердің құрылысы аяқталды.
2014 жылы бағдарлама орындалады, жалпы алаңы 152 мың шаршы метр 2 384 пәтер пайдалануға беріледі.
Осы кезеңдегі басты мақсат іске қосылатын құрылыс объектілерінің сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Осы тұрғыдан талаптарға құрылыс материалдарын сапалы қолдануға да, адамдардың кейіннен өмір сүруі үшін қолайлы жағдайлар жасауға да қатысты өзгерістер енгізілді.
Жалпы, қазір қаладағы құрылыс перспективалы бес бағыт бойынша жүргізілуде, мұның өзі Астана қаласын дамытудың бас жоспарына сәйкес келеді.
Біріншісі – «Мыңжылдық» аллеясы, игерілетін аумақтың жалпы ауданы 360 гектарды құрайды, мұнда 63 құрылыс салушы белгіленді. Қазіргі уақытта 21 учаскеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде, ал жобалау сатысында
33 учаске бар.
Екіншісі – Орынбор көшесінің бойында. Қазіргі уақытта құрылыс ауданы 567 гектарды құрайды, мұнда 135 құрылыс салушы белгіленген.
61 учаскеде белсенді құрылыс жүргізілуде. Жобалау сатысында тағы да
59 учаске бар.
Үшіншісі – Тұран даңғылы бойында. Аумақтың жалпы ауданы
566 гектарды құрайды, оны 77 құрылыс салушы игеретін болады. Қазір құрылыс сатысында 26 учаске бар және 51 учаске жобалануда.
Төртіншісі – «Жасыл орам», Елбасы бастама жасаған және
ЭКСПО – 2017 шеңберінде іске асырылатын жаңа жоба.
Бесіншісі – Сығанақ көшесінің батыс бағытындағы перспективалы құрылыс, мұнда құрылыс салушылар әлі белгіленуде.
Жаңа аудандарды белсене салумен қатар тұрғын үй қорын жаңарту жөнінде маңызды жұмыс жүргізіліп жатыр. «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасында Астана қаласында авариялық тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруды көздейтін бөлім бар, бұл жоба елімізде тұңғыш рет қаражатты республикалық бюджетке толық қайтару шартымен нарықтық негізде іске асырылып жатыр. 2013 жылы 4 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді, ал 2014 жылы тағы да 4 тұрғын үй кешенін тапсыру жоспарланып отыр, оған авариялық 31 үйдің тұрғындары көшіріледі.
Сонымен қатар, әлеуметтік объектілердің құрылысына да ерекше назар аударылуда.
Мектепке дейінгі балалар мекемелері. 2013 жылы 1 800 орынға арналған 8 бала - бақшаның құрылысы аяқталды. Биылғы жылы мектепке дейінгі 15 мекеме пайдалануға беріледі.
Жалпы білім беру мекемелерінің тапшылығы бойынша.
2013 жылы 4 орта мектеп пайдалануға берілді, ал биылғы жылы
9 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Қала айтарлықтай тапшылығын сезініп отырған техникалық мамандықтар базасын нығайту тағы бір аса маңызды міндет болып табылады. Сөз кәсіптік-техникалық колледждер салу туралы болып отыр. Айталық, биылғы жылы құрылыс бейіні бойынша 800 орындық бір колледж пайдалануға беріледі, энергетика саласының мамандарын оқытатын
800 орындық тағы бір колледж салу межеленіп отыр.
Денсаулық сақтау саласында 2012 – 2013 жылдар аралығында екі аурухана мен екі емхана пайдалануға берілді. 2014 жылдың екінші жартысында Алматы көшесінің бойындағы 500 адам келетін амбулаториялық-емханалық кешен, сондай-ақ Ильинка кенті мен Досмұхамедов көшесінің бойынан тағы 2 емхана пайдалануға берілген соң елордалық емхана желісі нормативті режимде жұмыс істейтін болады.
Тұтастай алғанда, 2016 жылға дейін елордада қала үшін қажетті мамандандырылған тағы да 3 денсаулық сақтау мекемесі пайда болмақ, оларда қазір белсенді құрылыс жүргізіліп жатыр.
ӘКК Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасының қаржылық операторы болып табылады.
2012 – 2015 жылдары кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеу жұмыстарын қаржыландыру тетіктерін іске асыру азаматтардың жинақтау жүйесін пайдалану және табысы аз отбасыларына тұрғын үй көмегін беру жолымен жүзеге асырылатын болады.
Осылайша, тұрғындардың қолайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуді іске асыру, сондай-ақ коммуналдық инфрақұрылымның жағдайын жақсарту мақсатында жалпы сомасы 481 630,5 мың теңге бюджет қаражаты бөлінді, 480 825,5 мың теңгесі немесе 99% игерілді. Компанияның еншілес кәсіпорны «Astana service» басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2011 – 2013 жылдары аралығында 1 466 пәтерді, оның ішінде 2013 жылы жалпы сомасы 14 816,2 мың теңгеге 80 пәтерді жөндеді.
Инфрақұрылымдық қамтамасыз ету
Қаланы одан әрі дамыту мәселелерінде инфрақұрылымдық қамтамасыз ету мәселелері басым болып табылады. Мұндағы бастысы – қаланың орнықты өсуі үшін энергия ресурстарының стратегиялық қорын құру.
Өз кезегінде қаланың қазіргі энергетикалық саясатында жылу және энергия ресурстарын тұтынушыларға дейін жеткізуді қамтамасыз ету мәселелерін шешуге назар аударыла бастады, бұл магистральдық желілерді салу мен қайта жаңартуды жандандыруды талап етеді. Магистральдық жылу желілерін қайта жаңарту жүргізіліп жатыр, олардың жалпы
ұзындығы – 18 километр, бұл желілердің өткізу қабілетін 859-дан 1 788 Гкал дейін ұлғайтуға, желілердің тозуын 15 % азайтуға, жер үстіндегі желілерді жер астына ауыстыру есебінен қаланың сәулетін жақсартуға және тиісінше орталықтандырылған жылумен жабдықтауға жаңа тұтынушыларды қосуға мүмкіндік береді. Бір мезгілде қалада қолданыстағы магистральды жылу желілерін қайта құру жүргізіледі.
2015 жылы ұзындығы 21,5 километр 5-ші енгізілетін жылу магистральдарын салу басталады, олар қаланың солтүстік-батыс, оңтүстік-батыс аудандарын, сондай-ақ EXPO-2017 құрылыс алаңын жылумен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Барлығы 2017 жылға қарай 80 километр магистральдық желі салынады.
Қалада электр энергиясын тұрақты беру схемасымен жұмыс істейтін ВЛ-220 киловатты айналма іске қосылды, қысқы кезеңде ол қалаға 120 МВт жуық электр энергиясын қосымша тасымалдауға мүмкіндік береді, жалпы жүктеме шамамен 580 МВт.
2014 жылы «Айналманың» 2-ші кезегі аяқталады, оның шеңберінде 220/110кВ «Шығыс» қосалқы станциясы және ТЭО-2-ге қосылып,
20 километрден астам электр беру желілері салынды.
Қаланың бюджеттік сала объектілері энергия ресурстарын есепке алу құралдарымен 100 % жабдықталған. Сонымен қатар, жылу беру маусымы басталғанға дейін көппәтерлі барлық тұрғын үйлер жылу энергиясын есепке алу құралдарымен жабдықталатын болады.
Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы
30 қарашадағы № 1404 қаулысымен бекітілген Энергия үнемдеудің кешенді жоспарын іске асыру 2015 жылға қарай былайша жиынтық үнемдеуге мүмкіндік береді:
1) электр энергиясын жылына 78 млн. киловатт сағат;
2) жылу энергиясын жылына 170 мың гекакаллория;
3) 48 мың тонна шартты отын;
4) парникті газдардың атмосфераға эмиссияларының алдын алу жиынтығы жылына 145 мың тонна СО2.
Көліктік инфрақұрылымды дамыту
Қазіргі уақытта қалалық 50 маршрутта күн сайын 747 бірлік көлік құралы жұмыс істейді, оның ішінде сыйымдылығы жоғары автобустар – 566, сыйымдылығы орташа автобустар – 181. Қалалық маршрут желісінің ұзындығы 2 320,1 километрді құрайды. Астана қаласында мамандандырылған 15 такси-мотор компаниясы өз қызметін жүзеге асырады.
Биылғы жылдың басынан бері 14,7 километрге жуық жол, қосылған кенттерде 13 километр жаңа автожол салынды, 10,6 километр жол қайта жаңартылды, 24 километр жол бетіне орташа жөндеу жүргізілді. Ш.Бейсекова көшесінің бойынан Есіл өзені арқылы Шағын көлік айналымының құрамына кіретін батыс айналма жолынан қозғалыс ашылды.
2013 жылы көлікпен 124 048,5 мың тонна жүк тасымалданды, бұл ретте жалпы жүк айналымы 6 795,6 млн. тоннаны құрады. 2012 жылмен салыстырғанда тасымалданған жүк 10,2%-ға ұлғайды.
Есепті кезеңде автомобиль көлігімен 1 960,0 млн. жолаушы тасымалданды, оның ішінде қаланың көліктік кәсіпорындарын 349,0 млн. адамды (17,8%), дара кәсіпкерлер 1 611,0 млн. адамды тасымалдады (82,2%).
Астана қаласының әуежайы 2012 жылға қарағанда 15 %-ға артық жолаушыларға қызмет көрсетті, мұның өзі 2,609 млн. жолаушыны құрады.
Қаланың байланыс кәсіпорындары жалпы сомасы 146 286,2 млн. теңгеге қызметтер көрсетті, салыстырмалы бағамен бұл 2012 жылға қарағанда 12,3%-ға жоғары.
Байланыс қызметтерінен түсетін кіріс құрылымында ұялы байланыс 74,1%-ды, интернет 13,6%-ды, қалааралық және халықаралық байланыс түрлері 1,7%-ды, жергілікті телефония 2,1%-ды, байланыстың өзге де түрлері 8,5%-ды алады.
Дамыған көлік жүйесі мен ыңғайлы логистикасы болмайынша, елорданың одан әрі өсуі мүмкін емес. Сондықтан бүгінде стратегиялық жаңа деңгейге көтеріле бастаған жол-көлік саласы қала қызметіндегі аса маңызды бағыттардың бірі болып табылады.
Биылғы жылдан бастап қоғамдық көлікті дамытуға баса назар аударыла бастайды, өйткені күн сайынғы жолаушылар ағыны қазірдің өзінде 750 мың адамды құрайды. Сондықтан, көліктік проблемаларды одан әрі шиеленістірмеу үшін қалада бірқатар жүйелі жобалар іске асырылуды.
Бірінші кезектегі міндет – жылжымалы құрамды түбегейлі өзгерту және толықтыру. Автобустардың жалпы саны – шамамен 900, тапшылық – 350 бірлік.
Қала кеңейіп келеді, тиісінше маршруттық желіге қойылатын талаптар да өзгереді. Сондықтан заманауи технологиялар қолданылатын, көлік легін талдауға және реттеуге мүмкіндік беретін қоғамдық көліктің жаңа маршруттық желісі қалада қоса енгізілуде. Қазіргі уақытта Астана қаласының жаңа маршруттық желісін әзірлеу жөніндегі жұмыстың бірінші кезеңі аяқталды. Ол бойынша бағыттар саны тиісінше 50-ден 76-ға дейін ұлғайтылмақ, мұның өзі жолаушылар желісін қала тұрғындары үшін ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, көліктік жобалар тақырыбын жалғастыра келе қазіргі уақытта инфрақұрылымдық үш ірі жоба бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өту қажет:
1) жаңа теміржол вокзалының құрылысы бойынша;
2) қалааралық көлік қатынастарын қамтамасыз ететін екі автовокзал құрылысы бойынша.
Жұмыс ұзындығы 35 километр Шағын көлік айналмасын салу шеңберінде жүргізілуде, оның 20 километрі салынып бітті. Ол 18 көлік айырығын, жол құбырлары мен көпірлерді қамтиды. Жоба іске асырыла бастағаннан бері барлығы сегіз көліктік құрылыс пайдалануға берілді.
Көпірлер мен жол айырықтарына қатысты. 2013 жылы Есіл өзені арқылы өтетін Сарыарқа даңғылының бойындағы көпір мен М-2 көпіріне (бұдан әрі – М-2) жөндеу жүргізілді. Биылғы жылы тағы да екі көпірді жөндеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ жаңа көлік жолдарын салу, жол төсеу, оң жақтағы түсетін жерлерді абаттандыру жалғасуда. 2014 жылы
120 километр жол салу және жөндеу жоспарланып отыр.
Шағын және орта кәсіпкерлік
2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 34 786 шағын кәсіпкерлік кәсіпорны тіркелді (бұдан әрі – ШОК) (2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 15 %-ға өсті). Олардың ішінде заңды тұлғалар – 34 632 (11,3 % өсті), дара кәсіпкерлер (ДК) – 67 894 (15,1 % өсті). Шағын кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарының саны 6,5 %-ға өсіп, 16 753 бірлікті құрады.
2014 жылғы 1 қаңтарға шағын кәсіпкерліктің белсенді кәсіпорындарының саны 6 008 бірлікті құрап, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2 %-ға ұлғайды.
2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарында жұмыспен қамтылғандар саны 49,8 мың адамды құрады (өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3,2 %-ға ұлғайды).
2013 жылғы қаңтар – желтоқсан айларында ШОК өндірген өнімнің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі 9,2 %-ға ұлғайып,
315 030 млн. теңгені құрады.
ШОК қолдау аясында инвесторларды қолдау орталығын (бұдан әрі – ИҚО) құру жоспарланып, оның базасында кәсіпкерліктің негізін оқытатын экспресс-курстар ұйымдастырылады. Негізінен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетін болады. Бұдан басқа, ИҚО өңірдің әлеуметтік деңгейін жақсарту мен инвестицияларды тартуға ықпал етеді.
Қаладағы инвестициялық жағдайды бағалау
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 545 705,2 млн теңгені
(2012 жылдың деңгейіне қарағанда 85,0 %) құрады. Негізгі капиталға республикалық көлемде жасалған инвестициялардағы Астана қаласы үлесінің көлемі 9 % (2012 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 11,3 %) құрады.
Қаражатты негізгі капиталға салудың негізгі көзі кәсіпорындардың, ұйымдардың меншікті қаражаты болып табылды – 252 501,7 млн. теңге (46,3 %), бюджет қаражаты – 207 052,6 млн. теңгені (37,9 %), қарыз қаражаты 84 789,3 млн. теңгені (15,5 %), шетелдік қаражат 1 355,6 млн. (0,2 %) теңгені құрады.
2-кесте. Қаржыландыру көзі бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың құрылымы
Көздер
|
2013 жылғы қаңтар-желтоқсан
|
2012 жылға
|
млн. теңге
|
қорытындыға %-бен
|
Негізгі капиталға инвестициялар,
барлығы, оның ішінде мыналардың есебінен:
|
545 705,2
|
100,0
|
85,0
|
республикалық бюджет
|
191 323,1
|
35,1
|
94,7
|
жергілікті бюджет
|
15 735,5
|
2,9
|
64,2
|
кәсіпкерлердің, мекемелердің және тұрғындардың жеке қаражаты
|
252 501,7
|
46,3
|
72,3
|
шетелдік инвестициялар
|
1 355,6
|
0,2
|
36,6
|
қарыз қаражаты
|
84 789,3
|
15,5
|
135,4
|
Ғимараттар мен құрылыстарды салу мен күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстар салымдардың негізгі құрамдас бөлігі болды, олардың үлесіне 60,2 % немесе 328 716,1 млн.теңге тиесілі. 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 98,1 %-ды құрады.
Машиналар мен жабдықтарды, құралдар мен мүкәммалды сатып алуға инвестициялардың жалпы көлемінің 36,2 %-ы тиесілі болды, бұл 2012 жылға қарағанда 24,5 %-ға аз.
Есепті кезеңде қала кәсіпорындары, ұйымдар мен тұрғындар жалпы ауданы 1 101 023 шаршы метр тұрғын үй салып, пайдалануға берді (оның ішінде пайдалы ауданы – 834 872 шаршы метр), бұл 2012 жылғы деңгейден 14,8 %-ға төмен. Тұрғын үйдің негізгі көлемін жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындар пайдалануға берді.
Тұрғын үй құрылысына барлығы 91 347,4 млн. теңге жұмсалды, бұл
2012 жылғы деңгейден 36,3 %-ға жоғары.
Пайдалы инвестициялар тарту міндеттерін құрылған «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) шешеді. Ол бүкіл әлемде өңірге инвестициялар ағынын ынталандыру құралы ретінде пайдаланылатын «еркін экономикалық аймақ» рөлінде әрекет етеді.
Ауданы 7,5 мың гектар АЭА аумағы 2 аймақты қамтиды: ауданы 1 031,2 гектар өнеркәсіптік аймақ және ауданы 6 531,1 гектар әкімшілік-іскерлік аймақ.
АЭА құрылған кезден бері жобаларды іске асыру кезінде оның аумағына 2,0 трлн. теңгеден астам инвестициялар тартылды, олардың 50 %-ы игерілді (1,2 трлн. теңге).
АЭА аумағы өнеркәсіптік аймақ пен әкімшілік-іскерлік аймақты қамтиды.
Әкімшілік-іскерлік орталықтың аумағында әкімшілік, әлеуметтік-мәдени және тұрғын үй объектілерін салу көзделеді. Бүгінгі күні 42 жоба іске асырылуда, бұлар – тұрғын үй, әкімшілік, әлеуметтік-мәдени объектілер.
АЭА өнеркәсіптік аймағының аумағына қазірдің өзінде 194 млрд. теңге сомасына 50 жоба тартылды, оның ішінде 13 өндіріс 51,3 млрд. теңге инвестиция көлемімен іске қосылды, олардың қатарында шетелдік инвесторлардың қатысумен тікұшақ құрастыру және оларға қызмет көрсету жөніндегі «Еврокоптер» (Франция), локомотив құрастыру жөніндегі «GE» (АҚШ), жолаушылар вагондарын «Talgo» (Испания), электровоздар «Alston» (Франция) құрастыру жөніндегі, фото-электр модульдерін шығаратын зауыттар (Франция) бар.
Жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер былайша қалыптасты.
2010 жылдан бастап 2013 жылдың 7 айы ішінде аталған кәсіпорындар қызметінің бүкіл кезеңінде 183,8 млрд. теңге сомасына өнімдер шығарылып, қызметрер көрсетілді, оның ішінде 2013 жылдың басынан бері – 50,9 млрд. теңге.
Қызметтің бүкіл кезеңінде бюджетке төленген салықтар мен салықтық түсімдердің көлемі 15,1 млрд. теңгені, оның ішінде 2013 жылдың басынан бері 5 млрд. теңге сомасын құрады.
Жұмыс орындарының саны 1 693-ті құрады.
2013 жылдың соңына дейін инвестициялар көлемі 15,9 млрд. теңге сомасын құрайтын 8 өндірісті іске қосу жоспарланған, бұлар – Түркияның «ASELSAN» компаниясымен бірлескен электронды-оптикалық аспаптар, шыныдан жасалған бұйымдар мен шыны пакеттерінің, құрылыс материалдарының, жиһаздың, трансформаторлық қосалқы станциялар өндірісі мен аффинаж зауыты.
Қалған 29 жобаны 2016 дейін іске асыру көзделген, олар қазіргі уақытта құрылыс және жобалау сатысында.
Жобалардың көпшілігі ішкі нарықты молықтырғаннан кейін экспорттауға бағдарланғанын атап өту керек. 2012 жылдан бері бүгінгі күнге дейін 2,7 млрд. теңге сомасына 4 бірлік көлемінде «GE» локомотивтері экспортқа шығарылады, жоспарда Тәжікстан, Өзбекстан, Украина мен Қырғыз елдеріне 12,0 млрд. теңге сомасына локомотивтер экспорттау бар.
Жобаларға өтінім берушілерді мемлекеттік қолдау шеңберінде өнеркәсіптік аймақтың аумағынан қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер учаскелері беріледі, ол бюджет қаражатының есебінен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ АЭА жеңілдікті режимі көзделген. Инвесторлар құрылыс мақсаты үшін АЭА аумағында жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сату жөніндегі айналымдарға салынатын қосылған құн салығынан босатылған. Толықтай объектілер құрылысында пайдаланылатын тауарлар мен жабдықтарды сату кезінде нөлдік салық мөлшерлемесі пайдаланылады. Инвесторлар объектілер құрылысы жүргізілетін жер учаскесін жалға алғаны үшін төлемақы төлеуден 10 жылға дейін босатылған.
Бұдан басқа, арнайы экономикалық аймақтың аумағы еркін кедендік аймақ режимі қолданылатын аумақ ретінде қаралады.
№ 1 индустриялық парктің жобалармен толығуына байланысты бүгінгі күні өнеркәсіптік аймақтың шекарасы кеңейтілді – ауданы 433 гектар
№ 2 индустриялық парк құрылды. Қазіргі уақытта инфрақұрылым салу бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр.
№ 1 индустриялық парктің мәлімдеген жобаларының бәрін іске қосу және № 2 индустриялық парктің аумағына индустриялық-инновациялық жобаларды тарта отырып, оның инфрақұрылымын салу таяудағы перспективаға арналған жоспар болып табылады.
Қаладағы инвестициялық белсенділікті бағалау
2013 жылдың қорытындысы бойынша қазіргі уақытта Қазақстанда
1 622 инновация мен республикадағы инновациялық қызметпен айналысатын 982 кәсіпорын бар, олардың ішінде Астана екінші орынды (Алматы қаласынан кейін) иеленеді, мұнда 107 кәсіпорын мен ұйым инвестициялық қызметін жүзеге асырады.
Бұған қарамастан, инновациялар саласындағы Астана қаласының белсенділігі орташа 7,5 % күйінде, ал пассивтілік деңгейі жоғары (92,5 %) күйінде қалып отыр.
2013 жылы Астанада 1 796 респонденттің 134-інде инновациялар тіркелген, оның 122-сі технологиялық инновациялар болып табылады.
2013 жылы Астанада инновациялық өнімдердің жалпы көлемі
4 787 млн. теңгені құрады, 23 687,9 млн. теңге болатын орташа республикалық деңгейді ескерсек, бұл төмен болып саналады. Осылайша, инновациялық өнім көлемі жағынан Астана Алматы қаласынан, ШҚО, Павлодар, Қарағанды облыстарынан артта.
Дегенмен, 2013 жылы инновацияларға жұмсалған шығыстар бойынша басқа өңірлермен салыстырғанда Астана алда, өткен жылы инновацияларға 105 млрд. теңге жұмсалған. Бұл ретте, осы шығыстардың құрылымында инновациялық гранттар бар болғаны 2 %-ды, кәсіпорындардың меншікті қаражаты – 27 %-ды, республикалық бюджет шығыстары – 24 %-ды құрады.
Инновациялық қызметпен айналысатын 107 кәсіпорынның ішінен қалада жаңа технологияларды, жабдықтарды, материалдарды енгізумен
21 бірлігі, ғылыми-зерттеу қызметімен 11 бірлігі, жобалау-конструкторлық жұмыспен 2 бірлігі, ноу-хау технологияларды сатып алумен 3 бірлігі, инновациялардың басқа түрлерімен 70 бірлігі айналысады.
Қаланың инновациялық қызметін талдау мемлекеттік қолдау шараларын кәсіпорындар белсенді пайдаланбайтынын көрсетіп отыр. Мысалы, технопарктер мен бизнес инкубаторлар базасында бар болғаны
2 бірлік инновациялық кәсіпорын құрылған, негізінен, венчурлік қорлардың жобалары белсенді, өйткені 2013 жылы олардың саны 43 бірлік болған. Даму институттарының жобалары 24 бірлікті құрады.
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) жобалары бойынша Астана республика бойынша алда, олардың саны 131 бірлікті құрады, бұған халықаралық сарапшылармен, сондай-ақ Астана қаласының ЖОО-ларымен бірлескен жұмыс нәтижелері жақсы ықпал етті. Мысалы, инновациялық зерттеулер мен әзірлемелердің
25 жобасы ғылыми ұйымдармен бірге, 4 жоба ЖОО-ларымен бірге іске асырылды. Бұдан басқа, 2013 жылы Астананың инновациялық қызметіне халықаралық 80 сарапшы тартылды. Дегенмен, жалпы саны 9 жобаның ішінен аяқталған 8 жобаның 100 % авторлары Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, қаланың және тұтастай елдің инновациялылығының деңгейі бірінші кезекте ғалым және техник кадрлардың технологиялық құрылыс ауысқан жағдайларда бейімделуі мен ұтқырлығының деңгейіне тәуелді. Астанада ғана емес, бүкіл Қазақстанда
5-ші және 6-шы технологиялық құрылысқа сәйкес келетін кадрлық әлеует әлі қалыптаса қойған жоқ, бұлар:
1) зерттеуші ғалымдар;
2) ҒЗТКЖ саласындағы конструкторлар мен әзірлеушілер;
3) жоғары технологиялы өндірістерде жұмыс істейтін инженерлер, техниктер, білікті жұмысшылар;
4) ҒЗТКЖ және жоғары технологиялы өндірістер саласындағы ұйымдастыру мен басқаруды жүзеге асыратын менеджерлер, мемлекеттік қызметшілер.
Жоғарыда аталған проблемаларды шешу мақсатында Компания осы қызметке индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерін тарта отырып, инновацияларды дамыту үшін қажетті инфрақұрылымдық жағдайлар жасау (ғылыми-зерттеу зертханалары мен сынақ полигондары, қаржыландыру қорларының және инноваторларды материалдық-техникалық қолдаудың болуы жән т.б.) арқылы қаланың инновациялық белсенділігін ынталандыруды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, ӘКК ғылыми-технологиялық саланы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің ұзақ мерзімді перспективаға арналған тиімді құралдарының бірі ретінде нысаналы технологиялық бағдарламаларды дамытуға белсенді түрде ықпал ететін болады будет. ӘКК инновацияларды тиімді енгізу және жоғары технологиялы өндірістерді дамыту жөнінде жұмыс жүргізетін болады.
Энергия және ресурс үнемдеу, жергілікті қамтуды дамыту, экологиялылық және қауіпсіздік инновациялық дамытудағы ӘКК-нің түйінді басымдықтары болып табылады.
Бұдан басқа, ғылыми-зерттеу және білім беру блоктарының арасындағы тығыз өзара байланысты қамтамасыз ету мақсатында ӘКК ғылыми-білім беру кластерін құруға ықпал ететін болады, «Назарбаев Университеті» оның маңызды буынына айналмақ.
ҮИИДМБ шеңберінде жаңа технологияларды дамыту және қалада индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру бөлігінде Астана қаласындағы инновациялық қызметті дамыту жөніндегі жұмыс жалғасады.
Мынадай бағыттар бойынша инновацияларды мемлекеттік қолдау құралдары іске асырылуда.
Сыртқы орта факторларының ықпалы
ӘКК-нің сыртқы ортасы деп нақты бір компанияның қызметіне қарамастан, бірақ оның жұмыс істеуіне ықпал ететін және сондықтан да басқару шешімдерін қабылдауды талап ететін қоршаған ортада туындайтын барлық шарттар мен факторлар түсіндіріледі.
ӘКК жұмыс істеуіндегі маңыздысы кәсіпкерлік ортаны қалыптастыратын сыртқы орта факторларын белгілеу, кәсіпкерлік орта бөлігіндегі ұғымдар аппаратын белгілеу, қазіргі заман шарттарында кәсіпкерлік қызметті тұрақты дамытуға себепші болатын осы факторларды жүйелеу болып табылады.
Қоршаған ортаның сипатымен негізделетін сыртқы факторлар бөлінеді. ӘКК қызметінің нақты шарттарын белгілейтін сыртқы факторлардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: құқықтық, саяси, шаруашылық, демографиялық, технологиялық және экологиялық факторлар.
Саяси және құқықтық факторлар
Құқықтық нормаларды және қарым-қатынас шектерін орнататын заңдар мен басқа да нормативтік актілерді зерттеуді ұйғаратын құқықтық реттеуді талдау ӘКК-ге өзі үшін басқа да құқық субъектілерімен өзара қарым-қатынаста рұқсат етілетін іс-әрекет шектерін және өз мүддесін қорғаудың қолайлы әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.
ӘКК үшін саяси тұрақтылық факторының маңызы зор, өйткені шетелдік инвсетицияларды тарту жөнінде тұрақты жұмыс атқарылады. Шетелдік инвестор үшін немесе өнімді экспорттау үшін саяси өзгерістер шетелдіктер үшін меншік құқықтарын шектеуге немесе импортқа арнайы баждарды белгілеуге алып келуі мүмкін. Төлемдер теңгерімі немесе сыртқы борышқа қызмет көрсетуге байланысты проблемалар пайда ретінде шығарылатын ақшаны алуды қиындатуы мүмкін. Екінші жағынан шетелден капитал келу қажеттілігі болған жағдайда саясат инвесторлар үшін қолайлы жаққа қарай өзгеруі мүмкін.
Шаруашылық факторлар
Негізгі экономикалық ресурстардың шектеулі көлемі оларды тиімді және ұтымды пайдалану қажеттілігін белгілейді нәтижені ұлғайтып, шығынды барынша азайту қажет. Шаруашылық қызмет осы мақсатты іске асыру үшін бағытталған. Бұл игілік өндіруге бағытталған, осыған қажетті экономикалық ресурстарды пайдаланудың баламалы нұсқаларын бағалаудың, салыстырудың және іріктеудің тұрақты процесіне негізделген қызмет түрі.
ӘКК туындауы мүмкін тәуекелдерді барынша азайту үшін өнімді өндіру мен өткізудің әлеуетті көлемін, материалдық шығындардың құны мен қосымша шығындарды, өнім бағасын, шикізат пен материалдардың қолжетімділігін, жалпы нарық конъюнктурасындағы өзгерістерді аса мұқият салмақтап, бағалаған жөн.
Демографиялық факторлар
Демографиялық факторлар сыртқы ортаның маңызды факторларының қатарына жатады, өйткені тұрғындар, олардың санының өгеру серпіні көбінесе бір жағынан кәсіпорынды еңбек ресурстарымен қамтамасыз етудің нақты мүмкіндігін белгілейді, ал екінші жағынан нарықтық тұтынудың деңгейі мен ауқымын қалыптастырады. Осы факторлардың ӘКК жұмысының нәтижелілігіне ықпалын есепке алу және олардың ықпалының өзгеруіне уақтылы ден қою үшін ӘКК басшылығы мыналарды: өңірдің кәсіпорыны орналасқан қала тұрғындарының серпінін, тұрғындардың жасының құрылымы мен этникалық құрамын, өлім мен туу деңгейін, миграциялық процестерді, білім беру деңгейін және өңірлік ерекшеліктерді қадағалауы тиіс.
Технологиялық факторлар
Технологиялық фактор компанияға ықпал ететін ғылыми-техникалық даму деңгейін көрсетеді. Технологиялық жаңалықтар көрсетілетін қызметті немесе өнімді өндіруге және сатуға болатын тиімділікке, өнімнің моральдық жағынан тозуының жылдамдығына, ақпаратты жинау, сақтау және бөлу мүмкіндігіне, сондай-ақ компанияда тұтынушыны қандай жаңа өнімдер мен көрсетілетін қызметтер күтіп тұрғанына ықпал етеді. Технологиялардың өзгеру жылдамдығы үнемі ұлғая береді. Көптеген компаниялардың қызметттеріне компьютерлік, лазерлік, микротолқынды технологиялар, сондай-ақ спутниктік байланыс, атом энергетикасы, гендік инженерия және көптеген басқа да заттар түбегейлі ықпал етеді.
ӘКК Астана қаласының азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі мамандандырылған ұйым болып табылады әрі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағдарламасының шеңберінде жеміс-көкөніс және бакалея өнімдерін сатып алумен әрі сақтаумен айналысады. Сондықтан, тамақ өнімдері шикізатының салмағы мен сапасының жоғалуын барынша азайту үшін оларды сақтау кезіндегі технологияларды пайдалану қажет.
Азық-түлік шикізаты мен дайын өнімді сақтау тамақ өндірістеріндегі кез келген технологиялық процестің бастапқы және соңғы сатысы болып табылады. Оның қажеттігі шикізат пен өнім өндірісі маусымдық, ал тұтыну – жыл бойғы сипатта болатынымен негізделген. Бұл операцияның басты міндеті белгілі бір уақыт ішінде, кейде тіпті ұзақ уақыт бойы шикізаттың саны мен сапасын сақтау болып табылады. Сақтау шарттары мен мерзімдері көкөніс пен жемістерді сақтаудың технологиялық циклін, қоймаға орналастыруды және қоймалардың санитарлық-гигиеналық жағдайын белгілейді.
Экологиялық факторлар
Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде өндіріс күштерін орналастыру кезінде экологиялық фактордың маңызы ерекше, өйткені ол табиғи ресурстарды ұқыпты пайдаланумен және тұрғындар үшін қажетті өмір сүру жағдайын қамтамасыз етумен тікелей байланысты.
Табиғатты пайдалануды басқару жүйесі жаһандық, өңірлік және орман сияқты барлық деңгейлерін икемді үйлестіру есебінен экологиялық проблемаларды шешуді қамтамасыз етуі тиіс. Ұлттық мүддеге бағынышты табиғат пайдалануды басқарудың өңірлік жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасайтын нысаналы мақсаты болады, оның қатарына табиғатты пайдалануды оңтайландыру, табиғи ресурстарды алудың лимиттерін белгілеу, табиғи экожүйелерге экологиялық ауыртпалықтың шектеулі өлшемдерін белгілеу, тұрғындар денсаулығының көрсеткіштерін жақсарту, экологиялық басымдықтарды ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасын түзету жатады.
Ішкі ортаны талдау
Компанияның ішкі ортасы – компания ішіндегі жағдайға орай факторлар. Басқару тетігі алға қойылған мақсаттарға неғұрлым тиімді қол жеткізу үшін басқарудың барлық деңгейлері мен басқарудың функционалдық салаларының оңтайлы өзара іс-әрекет етуіне қол жеткізуге бағытталған. Басшылықтың назарын талап ететін компанияның өзіндегі негізгі өзгерістер мақсаттар, құрылым, міндеттер, технологиялар және адамдар болып табылады.
Ішкі ортаға терең және мұқият талдау басқару шешімдерін қабылдауға қажетті алғышарт болып табылады. Экономикалық ақпарат – бұл фирма ішіндегі болып жатқан процестерді нақты көрсету. Мұндай ақпаратсыз және талдаусыз ӘКК тиімді қызмет етуі мен өндірістік қызметін дамыту мүмкін емес.
ӘКК алдына қойылған міндеттерді іске асыру инфрақұрылымды жасау, өңірдегі іскерлік белсенділікті арттыру және инвестициялар тарту үшін жағдай жасау, сондай-ақ өңірдегі әлеуметтік проблемаларды және міндеттерді шешуге жәрдемдесу арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға мүмкіндік береді.
Ұйымдық қалыптасуы.
Компания «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын (бұдан әрі – «Сарыарқа» ӘКК) қайта ұйымдастыру жолымен құрылған. Акционерлердің Жалпы жиналысының 2010 жылғы 26 мамырдағы шешімін орындау үшін «Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Сарыарқа» ӘКК-нің барлық дауыс беруші акцияларын иеленуші тұлға бола отырып, «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ны ірі кәсіпкерлік субъектілері ретіндегі үш акционерлік қоғамға бөлу жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін ӘКК-ге ұлттық компания мәртебесі берілді.
ӘКК заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен Жарғының негізінде жүзеге асырады. ӘКК-нің заңды мекенжайының өзгеруіне байланысты 2013 жылғы 18 қарашада заңды тұлғаны қайта тіркеу жүргізілді.
Жұмыс істеген жылдары, негізінен ӘКК-нің қалыптасуының ұйымдастырушылық кезеңі аяқталды:
ұйымдық құрылым мен еңбекақы төлеу жүйесі қалыптасты;
ӘКК қызметін регламенттейтін нормативтік құжаттар топтамасы әзірленді;
жарғылық қызметті жүргізу үшін бастапқы ресурстар қалыптастырылды (қаржы активтері, жер, мүлік);
мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті атқарушы органдарымен, даму институттарымен, сондай-ақ кәсіпкерлердің қауымдастықтарымен және бірлестіктерімен өзара іс-әрекет орнатылды.
Қаржылық көрсеткіштер
ӘКК активтерінің теңгерімдік құны 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 7 755 403 мың теңгені құрады, оның ішінде:
қысқа мерзімді активтер – 1 694 762 мың теңге;
ұзақ мерзімді активтер – 6 060 641 мың теңге;
2013 жылғы пайда 10 086 мың теңгені құрады;
қызметкерлердің штат саны – 29 адам.
ӘКК-нің негізгі қаржылық нәтижелерін талдау қазіргі уақытта ӘКК-нің қалыптасу және мемлекеттен берілген активтерді айналымға тарту кезеңінде тұрғанын көрсетіп отыр. Активтердің құрылымы, негізінен, қомақты инвестицияларды талап ететін және ұзақ мерзімді перспективада кіріс түсіретін активтер болып табылатындықтан, бұл активтерден түсетін пайда инвестициялаудың 5-7 жылдық кезеңі өткеннен кейін ғана шоғырлана бастайды деп межеленіп отыр.
Корпоративтік басқару жүйесі
Құрылымы:
жоғары орган – жалғыз акционер;
басқару органы – ӘКК Директорлар кеңесі;
директорлар кеңесінің төрағасы – Астана қаласының әкімі;
атқарушы орган – төраға басқаратын басқарма.
Жалғыз акционердің құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, ӘКК-нің қызметін жалпы басқаруды ӘКК-нің Директорлар кеңесі жүзеге асырады. Басқарма алқалы орган болып табылады және жалғыз акционер мен Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатқызылған функцияларды қоспағанда, өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін ӘКК-нің ағымдағы қызметін басқаруды жүзеге асырады. Директорлар кеңесі Басқарма мүшелерінің сандық құрамын, өкілеттіктерінің мерзімін, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуды айқындайды. ӘКК басқарудың қазіргі моделі, ең алдымен, оның ұйымдық-құқықтық нысанымен және ӘКК-нің негізгі қызметінің ерекшелігімен негізделген.
ӘКК басқару құрылымы иерархиялы жүйе түрінде түзілген, оның негізінде төмен тұрған, басқару субъектілерінің жоғары тұрғандарына бағынуына негізделген «тігінен» бақару моделі жатыр. Жергілікті атқарушы органдар мен ӘКК-нің өзара іс-қимыл жасауы корпоративтік басқару қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тиімді корпоративтік басқаруды жүзеге асыру мақсатында ӘКК корпоративтік басқару кодексін, сондай-ақ тұтас ӘКК қызметін де, еншілес және тәуелді ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау мәселелерін де регламенттейтін басқа да нормативтік құжаттарды әзірлеп, бекітті.
Тиімді басқару моделін, тиімділікті және ашықтықты жоғарылатуды қамтамасыз ету үшін ӘКК үздік әлемдік практикада бар заманауи корпоративтік басқару стандарттарын енгізетін болады, сондай-ақ корпоративтік басқаруды жетілдіру жөнінде жоспар әзірлейді.
Тиімді менеджмент жүйесі енгізіледі, оның нарықтық жағдайларда жұмыс істеуіне байланысты барлық тәуекелдерді анықтауға бағытталған ішкі бақылау және мониторинг тетіктері реттеледі.
Корпоративтік басқару тиімділігін бағалау жыл сайын жүргізілетін корпоративтік басқару рейтингінің қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
Кадр саясаты.
ӘКК-нің кадр саясаты біліктілік деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес келетін қызметкерлердің кәсіпқой құрамын қалыптастыруға бағдарланған. Персоналды ынталандырудың аса маңызды элементтері мыналар: ұлттық компаниядағы жұмыс; мансаптық өсу перспективалары; өңірлік ауқымда еңбекақының жоғары деңгейі; бастамаларды іске асыру мүмкіндіктері; инвестициялық жобалармен жұмыс.
ӘКК-нің құрылымдық бөлімшелері туралы ереже, қызметкерлер арасындағы өкілеттіктердің аражігін нақты ажыратуға арналған лауазымдық нұсқаулықтар әзірленді.
ӘКК-нің жақсы имиджін қалыптастыру инвесторлар тартудың аса маңызды элементтерінің бірі болып табылады, оны қалыптастыруға ӘКК қызметкерлері де қатысады. Осыған байланысты өзіңнің кәсіптік біліміңді көрсетудің және қызықтырған мәселелер бойынша түсініктеме берудің, сондай-ақ құжаттарды, өтінімдерді уақтылы әрі жедел қараудың маңызы зор.
Персоналдың барынша беріліп жұмыс істеуге тарту, сондай-ақ кәсіпкерлердің кәсіпқойлығын өсіру мақсатында қызметкерлерді оқыту, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ менеджерлердің еңбегін бағалауды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.
ӘКК жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында әріптестермен, еншілес және тәуелді ұйымдармен ұдайы «кері байланыс» ортану жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі, атап айтқанда электронды құжат айналымы жүргізіледі, бұл қағазбен ресімдеуді азайтуға; ішкі құжаттардың да, сыртқы құжаттардың да қозғалысын жылдамдатуға, сондай-ақ құжаттардың орындалуын тиісінше бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. ӘКК-нің құрылымдық бөлімшелерін, еншілес және тәуелді ұйымдарды және басқа да мүдделі тұлғаларды біріктіретін бірыңғай ақпараттық кеңістік құру жоспарланып отыр.
Отандық және шетелдік инвесторларды ақпараттандыруды қамтамасыз ету үшін Компанияның web-сайты құрылды, ол үнемі жаңартылып, Компания қызметі туралы ақпаратпен толықтырылып тұрады, қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша форумдар ұйымдастырылатын болады.
Активтерді басқару (проблемалық активтерді оңалту)
2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ӘКК ұйымдық құрылымына 3 еншілес және 5 тәуелді ұйым кіреді.
ӘКК берілген активтермен үлкен жұмыс көлемін атқарды және оларды оңтайландыру бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді. Алайда бүгінгі күні айтарлықтай қаражат жұмсауды талап ететін бірқатар түйткілді мәселелер бар.
3-кесте. 2013 жылғы ӘКК еншілес және тәуелді ұйымдарының тізбесі
р/с
№
|
Атауы
|
ӘКК қатысу үлесі
|
1.
|
«Сапаржай Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
|
100 %
|
2.
|
«Целинсельмаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
|
100 %
|
3.
|
«Астана Агро» сервистік-дайындау орталығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
|
ӘКК үлесі «Целинсельмаш Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы 95 % және «Сарыарқа Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы 5 %
|
4.
|
«Сарыарқа-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
|
100 %
|
5.
|
«RBS Techologies» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
|
49 %
|
6.
|
«Astana service» басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
|
49 %
|
7.
|
«Ас Арго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
|
20 %
|
8.
|
«Агростар KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
|
49 %
|
ӘКК қаржылық сауықтыру және шығынсыздық деңгейіне шығу мақсатында қаржылық сауықтыру жөнінде жұмыс жүргізіп отыр. Жобаларды табысты іске асырған жағдайда ӘКК 2014 жылы шығынсыздық деңгейіне шығуды жоспарлап отыр.
Инвестициялық қызмет
Инвестициялық қызмет ӘКК қаржылық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады, ол әлеуметтік және экологиялық мәселелермен байланысты міндеттерді шешудің бастамашысы бола отырып, мемлекеттік инвестициялық саясат пен жеке бизнестің арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
ӘКК инвестициялық саясатының негізгі мақсаттары инвестициялық қызметке қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыру, инвестициялық белсенділіктің төмендеуіне жол бермеу және күрделі салымдардың белсенділігін арттыру болып табылады.
ӘКК-нің даму институттары беретін құралдардың ауқымды спектрін пайдалануы бірлесіп іске асырылатын жобаларда тәуекелдерді басқаруды тиімді бөлу және бақылау мүмкіндігімен ӘКК-нің инвестициялық қызметін жүзеге асыру кезінде икемді тәсілге ықпал етеді. Негізінен, жеке бизнеспен ынтымақтастық жөніндегі жобалар жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында кәсіпорындар құру жолымен ғана жүргізіледі, мұндағы ӘКК-нің үлесі жарғылық капиталға жер учаскелері мен мүлік салымы ретінде бағаланады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы қаулысымен мақұлданған Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасына (бұдан әрі – Тұжырымдама) сәйкес ӘКК инвестор мен инвестицияларға қолайлы жағдайлар жасау арқылы өңірге инвестициялар тартуға қатысып, тіршілікке бейім бастамаларды қолдауға тиіс.
Қалыптасу жылдарында ӘКК қала экономикасына жалпы құны
1 702 млн. теңге инвестиция тартты, олар экономиканың басым салаларына жіберілді.
ӘКК өңірдегі өсу нүктелерінде индустриялық даму, агроөнеркәсіптік кешен, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы және басқа да салалардағы жобаларды іске асырады.
Компанияның инвестициялық саясаты мынадай мінедттерді шешуге бағытталған:
1) экономиканың нақты секторындағы жобаларды іске асыруға жеке капиталды белсенді түрде тарту;
2) әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды бірлесіп қаржыландыру;
3) өндірілген өнімді тұтынушылық нарыққа тиімді ілгерілету жүйесін құру (коммуналдық базарлар, сауда үйлері), сыртқы нарықтарға экспорт;
4) инновациялық бағытталған бизнес бастамаларды қолдау;
5) ӘКК-нің инвестициялық артықшылықтары мен жетістіктерін ілгерілету.
Компания инвестициялық жобаға жобаның ең бастапқы сатысында (start-up) немесе даму сатыларында кіреді.
Бизнес-жобаларға қатысу тұрғысынан оларды қарау кезінде ӘКК әлеуметтік бағытталған, яғни құрамында экологиялық құрамдасы бар, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін, халық денсаулығын жақсартатын жобаларға, сондай-ақ рентабельділігі мен өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің мәні неғұрлым жоғары, инновациялар мен технологиялар трансфертін енгізетін жобаларға басымдық береді.
Жобадан шығу ӘКК-нің даму тұржырымдамасына сәйкес мынадай негізгі өлшемдер бойынша жүзеге асырылады:
1) ӘКК-нің жобалық компаниядағы акцияларын/үлесін сатудан алынған кіріс ӘКК-нің жобалық компанияға инвестицияларын және осы инвестициялар бойынша сыйақы мөлшерлемесін жабады;
2) жобалау компаниясында инвестициялық жобаны ӘКК-нің қатысуынсыз іске асыру перспективалары бар.
Бұдан басқа, ӘКК инвестициялардың құнсыздану қаупі болған кезде инвестициялық жобадан шыға алады.
Компанияның активтегі өзінің акциялар пакетін/қатысу үлесін сату туралы шешімі нарықтық бағалау негізінде іске асырылады, сондай-ақ активті сатып алған кезде қарсы нарықтық бағалау жүргізіледі.
Қазіргі уақытта ӘКК-нің қарауында мынадай инвестициялық жобалар бар:
1) көпфункционалды сауда-логистикалық кешен, жобаның жалпы құны 56 420 000 мың теңгені құрайды, оның 90 % құны инвесторды тарту есебінен жабылады, 10 %-ын инженерлік және инфрақұрылымды тарта отырып, жер учаскесі түріндегі ӘКК үлесі құрайды. Өзін-өзі өтеу мерзімі 6-7 жыл. Нәтижесінде нарыққа қатысушылардың барлығына арналған қазіргі заманға сай келетін, әлемдік талаптарға жауап беретін кешенді салу, көлеңкелі сауда ағындарын жария ету жолымен мемлекеттік бюджетті толықтыру, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау, 3 000 астам жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
2) жеке инвесторды тарта отырып, 500 тоннаға арналған жеміс сақтау қоймасын салу, жобаның құны 243 410 теңге. ӘКК жобаға инженерлік желілерді және коммуникацияларды тарту шартымен жер учаскесі болып кірді. Жобаның өзін-өзі өтеу мерзімі 4,5-5 жылды құрайды. Мақсаты тұтынушыға дейін оңтайлы бағамен сапалы жеміс жеткізу болып табылады, сондай-ақ тиімді көтерме сауда түйінін құруға мүмкіндік береді және елорданың азық-түлік қауіпсіздігі аймағын кеңейту шеңберінде тағы да бір сатысы болады.
3) 5 000 тоннаға арналған көкөніс сақтау қоймасын салу меншікті және бюджет қаражаты есебінен жүргізілуде және 734 356 мың теңгені құрайды. Жобаның өзін-өзі өтеу мерзімі 7-9 жыл. Мақсаты азық-түлік өнімдеріне сұранысты қанағаттандыру, азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру, әлеуметтік жағынан қорғалмаған тұрғындарды қолдау, отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады, Астана қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарын іске асыруға жәрдемдеседі, салық төлемдерінің есебінен бюджет қаражатының қосымша ағыны;
4) энергоаудит (кәсіпорындарды энергетикалық тексеру), жобаның жалпы сомасы 6 000 мың теңге, мұндағы 3 600 мың теңге жеке инвестордың қаражаты, ал 2 400 мың теңге ӘКК қаражаты. Өзін-өзі өтеу мерзімі
1,5-2 жыл. Жобаға отынға, әртүрлі энергияға, суға және кейбір энергия тасымалдауыштарға жұмсалатын шығындармен байланысты кәсіпорындар қызметінің барлық аспектілерін бағалауды жүргізу жатады.
5) Италия технологиясы бойынша жеңіл және жүк автомашиналарына арналған отандық автомобиль сүзгілерін өндіру, жоба 11 860 мың теңге тұрады, мұндағы ӘКК үлесі 5 811,326 теңгені құрайды. Жоба перспективалық әлеуеттің болуын, отандық өндірушіні қолдауды, өнімнің нақты бағасын қалыптастыруды көздейді.
Инвестициялық қызмет перспективалары.
Инвестициялық қызметтің рөлін жоғарылату мақсатында ӘКК мынаны жоспарлап отыр:
1) лизингтік қызметті жүзеге асыру;
2) шағын және орта бизнесті жаңғырту (өндірісті жаңғыртуды қаржыландыру, технологиялер мен инновациялар трансферті);
3) бірлесіп қаржыландыру және даму институттарының нысаналы қаражатын экономиканың басым салаларына тарту үшін мемлекеттік және жекешелік әріптестік қағидаты бойынша инвестициялық жобаларды әзірлеу;
4) кепілдік беру жөніндегі салалық бағыттарды кеңейту және бизнесті дамытуды қолдаудың басқа да түрлері;
5) шағын және орта бизнес өндіретін өнімді ынталандыру және экспортқа бағдарлау;
6) инновациялық бағдарланған жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;
7) ӘКК рөлін насихаттау мақсатында әлеуметтік жобаларды қолдау;
8) біліктілігі жоғары техник-мамандарды оқытуға және даярлауға жәрдемдесу;
9) ӘКК акцияларын «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның (KASE) ресми тізіміне қосу;
10) шетелдік инвестициялар көлемін, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпке инвестицияларды жыл сайын 2-3%-ға ұлғайту;
11) 2023 жылға қарай шетелдік, оның ішінде «Global-2000» тізіміндегі әріптестер санын 23-ке дейін ұлғайту;
12) барлық даму институттарымен, атап айтқанда «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ-мен, «Kaznex Invest» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-мен, «Astana Innovations» АҚ-мен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен, «Техникалық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-мен және басқаларымен Астана қаласының қолайлы ахуалын дамыту бойынша кешенді өзара іс-қимыл жасау жөнінде меморандумдар мен келісімдер жасасу.
Әртүрлі қаржыландыру көздерінен инвестициялар тарту бойынша қолайлы орта жасау үшін қаржы институттарын құрамдастыру жоспарланып отыр:
1) ірі жобаларды екінші деңгейдегі банктермен, «Қазақстан даму банкі» АҚ-мен, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-мен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен және «Еуразиялық қайта құру және даму банкі», «Ислам даму банкі» шетелдік даму институттарымен, сондай-ақ бизнесті қолдаудың басқа да қаржы институттарымен бірлесіп қаржыландыру;
2) нақты инвестициялық жобалар бойынша қарыз қаражатын ӘКК-нің және шетелдік қаржы құрылымдарының кепілдігімен тарту;
3) қаржы лизингі құралын дамыту және қолжетімді басқа қаржы құралдарымен құрылымдау;
4) борыштық бағалы қағаздар шығару.
ӘКК өсу әлеуеті мен кірістілігі жоғары жаңа секторларға инвестициялар тартуға ерекше назар аударатын болады. Жеке сектордағы денсаулық сақтау және білім беру жобаларын қоса алғанда, туризм, фармацевтика, логистика мен көлік, баламалы энергетика, химия және мұнай химиясы, қаланың сатып алуындағы қазақстандық қамтудың өсуін қамтамасыз ету үшін өндірістерді дамыту жобалары, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жеке меншік сектормен әріптестік қағидаттарындағы тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлік басым секторлар болып табылады. Жаңа секторларға инвестицияларды жүзеге асырған кезде ӘКК шағын және орта кәсіпкерліктің коммерциялық мүддесін сақтау қағидатын басшылыққа алады.
2. SWOT-САРАПТАМА
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
1) ұлттық компанияның мәртебесі;
2) Компанияның акционері Астана қаласының әкімдігі болып табылады;
3) ӘКК-нің бизнес-жобаларды іске асыруға арналған қаржылық емес активтері болуы (жер ресурстары, жер қойнауын пайдалану құқығы, басқа мүліктер);
4) салалық саралау және көпбейінділік;
5) тиімді геосаяси орналасуы;
6) жоғары білікті еңбек ресурстарының болуы;
7) Қазақстан Республикасының даму институттарымен өзара байланысу;
8) аймақтың инвестициялық тартымдылығы;
9) нәтижеге бағдарланған іс-әрекет.
|
1) басқа қаржы даму институттарымен қарым-қатынастың дамымағандығы;
2) қаржы-шаруашылық іс-әрекеттің әлсіз көрсеткіштері (жыл қорытындысы бойынша шығын
135 мың теңгені құрады);
3) қоржында ұзақ мерзімді, сонымен қатар әлеуметтік-бағдарлы жобалардың болуы, сол себепті қазіргі кезеңдегі инвестициялық іс-әрекеттен әлеуметтік тиімділік табу мүмкін емес;
4) шикізаттық бағытқа тәуелділік;
5) іскерлік тарапынан сенімсіздік;
6) ӘКК іс-әрекетінің алғашқы кезеңінде жіберілген қателіктер зардабынан болған күрделі қаржылық жағдай қалыптасуы;
7) кіші компаниялардағы жоғары дәрежелі кәсіби мамандардың тапшылығы;
8) компания активтерін тиімсіз қолдану;
9) ӘКК-нің қазіргі іс-әрекеті мен жобалары туралы бизнестің хабарсыз болуы;
10) жобаны қарастыру барысында қызметкерлердің өзара байланысқан қызығушылықтарының болмауы;
11) инвесторларды тартуда қызметкерлердің мотивациясының болмауы;
12) өтінімдерді қарауда регламенттің болмауы және сақталмауы.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіптер
|
1) жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдаулар болуы;
2) мемлекеттік активтерді алудағы басымдылық пен құжаттарды қысқа мерзімде қарастыру;
3) инвестициялық жобаларды іске асыруға бюджеттік инвестициялар алу;
4) шетелдік инвестицияларды тарту;
5) шағын және орта бизнеске ынтымақ-қолдау жасау;
6) мемлекеттік бағдарламаларға қатысу.
|
1) ӘКК іс-әрекетінің қорытынды қаржы нәтижесіне ықпал ететін дивиденттердің қайтарылмауымен байланысты шығынның, қаржы шығынының, сәйкес емес тәуекелдің ұлғаюы және ӘКК-нің 2014 жылға шығынсыз өтуін баяулатады;
2) соңғы қарызгердің міндеттемелерді орындамауы және алынған активтердің мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда құнсыздануы;
3) стратегиялық мақсаттарға қол жеткізілмеуі;
4) импорттық өнімнің бәсеке қабілеттілігі өсуі;
5) инфляция, қаржылық дағдарыс.
|
Миссиясы және пайымы
ӘКК миссиясы Астана қаласының әкімдігімен және оның құрылымдық бөлімшелерімен өзара тығыз іс-әрекет ете отырып, мемлекеттік-жеке әріптестік қағидаттары бойынша кәсіпкерлік қызмет негізінде қаланың дамуына жәрдемдесуге бағытталған.
ӘКК пайымы – активтерді тиімді басқаратын, өсу нүктелеріндегі экономикалық белсенділікті, оның ішінде инвестицияларды тарту арқылы, ынталандыратын және бәсекеге қабілетті тұрақты өндірістерді қалыптастырушы катализатор ретіндегі дамудың өңірлік институты болмысында таниды.
Мақсаты – мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру негізінде ӘКК-нің белсенді инвестициялық саясатын жүргізу арқылы Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының өсуі.
ӘКК-нің негізгі міндеттері:
1) кәсіпкерлік қызметті дамыту және отандық тауар өндірушілердің инвестициялық тартымдылығын арттыру;
2) Астана қаласының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды қолдау және ынталандыру;
4) қолөнершілікті дамытуды қолдау және ынталандыру;
5) инновациялық технологияларды, энергия үнемдеуді, импортты алмастыруға және экспортқа бағдарланған өндірілген өнімнің халықаралық сапа стандарттарын енгізу негізінде жоғары технологиялық өндірістер құру;
6) әлеуметтік маңызы бар жобалар мен қызмет көрсету саласындағы шағын және орта бизнестің жобаларын іске асыру арқылы тұрғындардың өмір сүруінің сапа деңгейін арттыру;
7) өндірістердің, оның ішінде пайдасыз ұйымдарды қайта құру негізінде құрылғандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
8) қолданыстағы және компанияға берілетін активтердің негізінде тиімді және қажетті өндірістер құру.
Басымдықтар:
1) Астана қаласының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды қолдау және ынталандыру.
ӘКК даму стратегиясын іске асыру кезеңдері
1-кезең – 2014 – 2015 жылдары
Бұл кезеңде ӘКК-нің әлсіз жақтарын күшейту және күшті жақтары мен мүмкіндіктерді барынша пайдалану жолымен болуы мүмкін тәуекелдерді жою жұмыстары жүргізіледі, мұның өзі ӘКК-ге стратегияның келесі кезеңіне өтуге мүмкіндік береді. Бұл кезеңде мынадай нәтижелерге қолжеткізуді ұйғарады:
1) шығынды қызметі бар еншілес кәсіпорындарды сауықтыру;
2) дебиторлық берешекті өтеу;
3) инвестициялық ахуалды жақсарту;
4) имиджді көтеру жөніндегі белсенді насихаттау жұмысы.
2-кезең – 2016 – 2023 жылдары
Бұл кезеңде алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қолжеткізу жөніндегі толық ауқымды жұмыс жүргізілетін болады, оларды іске асыру мынадай нәтижелерге қолжеткізуге көмектеседі:
1) бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру;
2) жоғары қосылған құны бар, экспортқа бағдарланған отандық өнімдерді өткізу, кәсіпкерлік субъектілері өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
3) корпоративтік басқарудың алдыңғы қатарлы стандарттарын енгізу қызметінің тиімділігін арттыру үшін берілген компаниялардың нәтижелілігін басқару жүйесін жақсартуды қамтамасыз ету – активтерді қайта құрылымдау және ӘКК құрамына кіретін еншілес және тәуелді кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің жаңа сапалы деңгейіне қолжеткізу;
4) ӘКК-нің еншілес кәсіпорындарының қор нарықтарына шығуы, сондай-ақ ӘКК-ні бастапқы орналастыруға (ІРО) дайындауды қамтамасыз ету;
5) ӘКК инвестициялық қоржыны көлемінің өсуін қамтамасыз ету.
3. Қызметтің стратегиялық бағыты (бұдан әрі – ҚСБ), мақсаттар, қызметтің түйінді көрсеткіштері және олар бойынша күтілетін нәтижелер.
ӘКК алдына қойылған міндеттердің шеңберінде қызметтің мынадай басым бағыттары белгіленген:
1) өңірдің өсу нүктелеріне инвестициялар тарту және онда жаңа өндірістер құру;
2) коммерциялық қызметтің тиімділігін арттыру;
3) активтердің құнын ұлғайту және корпоративтік басқару деңгейін арттыру.
1-ҚСБ. Өңірдің өсу нүктелеріне инвестициялар тарту және онда жаңа өндірістер құру.
Мақсаты:
1) өңір экономикасының басым секторларына отандық және тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жұмысын жандандыру;
2) өңірге жаңа (инновациялық) технологияларды тарту және енгізу.
1-мақсат. Өңір экономикасының басым секторларына отандық және тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жұмысын жандандыру.
Міндеттер:
1) өңір экономикасының басым секторларында (өсу нүктелерінде) бәсекеге қабілетті өндірістердің жаңаларын құру және қолданыстағыларын жаңғырту;
2) перспективалық жобаларды, оның ішінде мемлекеттік-жеке әріптестік қағидаттары бойынша іске асыру үшін өңірге отандық және шетелдік инвесторларды тарту;
3) әлеуетті нысаналы инвесторларды іздестіру және айқындау;
4) үлестік қаржыландыру, активтер түрінде қатысу арқылы инвесторларға жобаларды іске асыруда, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде қаржы алуда жәрдем көрсету;
5) Консультацияларды, оның ішінде инвестициялық жобаны әзірлеу мен іске асыру сатыларында жүзеге асыру;
Іс-шаралар:
1) өңірге басқа өңірлерден де, шет елдерден де жергілікті кәсіпкерлермен ынтымақтастыққа мүдделі компанияларды тарту;
2) салалық бөліністе де, өңірлік бөліністе де инвестициялар салу саласында мониторинг жүргізу;
3) құжаттама дайындауда және ұйымды тіркеуде қолдау көрсете отырып, шетелдік компаниялармен бірлескен компаниялар құру;
4) инвестициялық жобаны сүйемелдеу, жобалар туралы ақпарат алуда көмектесу, әлеуетті инвесторлармен кездесулер ұйымдастыру;
5) ақпараттық, таныстырылымдық іс-шараларға қатысу (жариялау, көрмелер, ресми кездесулер, форумдар; ақпаратты басылымдарда, теледидар және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет ресурстарында жариялау);
6) инвесторлармен бірлескен кәсіпорындар құру, жергілікті қаржы институттарымен ынтымақтастықта көмек пен жәрдем көрсету, сондай-ақ инвесторларды қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламамен жұмыс, бағдарлама шеңберінде преференциялар алу;
7) қолайлы орта жасауға, инвестициялық әлеуетті дамытуға және кәсіпкерлік объектілерінің жобаларды инвестициялау бойынша белсенділігіне ықпал ету;
8) өңірде ИҚО құру;
9) проблемалы активтерді оңалту үшін инвесторлар іздеу.
Қызметтің түйінді көрсеткіштері:
1) өңдеуші өнеркәсіпке салынатын сыртқы инвестициялар көлемінің өсуі;
2) шетелдік капиталдың қатысуымен инвестициялық жобалардың саны, бірлік;
3) өңірге тартылған шетелдік инвесторлардың саны;
4) өңірге тартылған шетелдік инвесторлардың саны, оның ішінде
2023 жылға дейін «Global – 2000» тізімінен.
Күтілетін нәтижелер:
1) Өңдеуші өнеркәсіпке салынатын сыртқы инвестициялар көлемінің кемінде 15%-ға өсуі;
2) іске қосылатын жобалардың, оның ішінде шетелдік капиталдың қатысуымен жыл сайынғы саны кемінде 5;
3) шамамен 5 шығынды кәсіпорынды оңалту;
4) өңірге тартылған инвесторлар саны, оның ішінде 2023 жылға дейін «Global – 2000» тізімінен кемінде 3 бірлік;
5) рентабельді емес кәсіпорындардың қызметін оңалту үшін инвесторлар тарту;
6) ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық салаларындағы жобаларды іске асыру;
7) Инвестициялық әлеуетті және кәсіпкерлік объектілерін дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыру.
2-мақсат. Өңірге жаңа (инновациялық) технологияларды тарту және енгізу.
Міндеттер:
1) өндірістік және басқарушылық озық технологиялар мен стандарттарды енгізу;
2) қоржынды компаниялар арасындағы коммуникация мен дағды алмасуды дамыту;
Іс-шаралар:
1) сыртқы және ішкі технологиялар нарығының маркетингі және қаладағы неғұрлым дамыған елдерден технологиялардың одан әрі трансферті мақсатында осы саладағы әлемдік даму үрдістерін талдау;
2) ӘКК жанынан «Целинсельмаш Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі базасында өңір үшін әлеуетті қолданылатын жаңа технологиялар мен жобалар базасын құру;
3) республикалық және халықаралық бизнес-форумдарға, жаңа (инновациялық) технологиялар саласындағы көрмелерге ұдайы қатысу;
4) заманауи жоғары технологиялы, ғылымды көп қажет ететін өндірістер мен инновациялық қызметті ұйымдастыру мәселелерінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін сүйемелдеу;
5) өңірдің индустриялық-инновациялық инфрақұрылымының, атап айтқанда «Astana Innovations» акционерлік қоғамының, «Kaznext Invest» экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамының жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарына инновациялық жобаларды іздеуге, өнімнің жаңа нормеклатурасын әзірлеуге жәрдем көрсету.
Қызметтің түйінді көрсеткіштері:
1) қала үшін инновациялық технологияларды тарта отырып, инвестициялық жобалардың үлесі;
2) бизнес-бастамалардың коммерцияландырылған идеяларының саны, бірлік;
3) жобалардағы қазақстандық қамтудың үлесі, %.
Күтілетін нәтижелер:
1) жаңа технологиялар саласында әлемдік тәжірибені енгізу;
2) ӘКК жанынан өңір үшін әлеуетті қолдануға болатын жаңа технологиялар мен жобалар базасын құру;
3) жаңа инновациялық жобаларды іздеу және қаржыландыру бойынша өңірлердің технопарктерімен жұмысты жандандыру, сондай-ақ өңірдің индустриялық-инновациялық инфрақұрылымының жұмыс істеп тұрған элементтеріне жәрдем көрсету;
4) өңірде инновациялық технологиялар трансфертімен 50-ден астам инвестициялық жобаны іске асыру;
5) бизнес-бастамалардың 30-ға жуық идеясын коммерцияландыру.
2-ҚСБ. Коммерциялық қызметтің тиімділігін арттыру
Мақсаттар:
тиімділігі жоғары инвестициялық жобаларға инвестицияларды ұлғайту;
ӘКК-нің кірістілігін арттыру.
1-мақсат. Тиімділігі жоғары инвестициялық жобаларға инвестицияларды ұлғайту
Міндеттер:
1) тиімділік дәрежесі жоғары жаңадан құрылған және жаңғыртылған бәсекеге қабілетті өндірістердің санын ұлғайту;
2) инвестициялық қоржынды ұлғайту.
Іс-шаралар:
1) өңірдегі өндіріс көлемінің өсуіне әсер ететін пайдалы инвестициялық жобаларды ұлғайту;
2) ӘКК іске асыратын инвестициялық жобалар санын ұлғайту;
3) инвестициялық жобаларды іске асыру үшін бюджеттен тыс инвестицияларды тартуды қамтамасыз ету;
4) мемлекет қолдау көрсететін өңірлік инвестициялық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;
5) инвестициялық қоржынды қалыптастыруды қамтамасыз ететін ресурстық базаны ұлғайту.
Қызметтің түйінді көрсеткіштері:
1) ӘКК-нің инвестициялық қоржынының бір жылдағы көлемі, млн. теңге;
2) алдыңғы жылға қарағанда инвестициялар арақатынасының көрсеткіші, %;
3) инвестициялардың рентабельділігі, %.
Күтілетін нәтижелер:
1) жаңа өндірістер құру;
2) жұмыс істейтін өндірістердің көлемін ұлғайту;
3) ӘКК инвестицияларының рентабельділігін ұлғайту;
4) жыл сайын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруға арналған ақшалай аударымдар мөлшерінің ұлғаюы;
5) жұмыс орындарын құру;
6) ішкі нарықты отандық тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету;
7) көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу ЖӨӨ-нің өсуіне мультипликативтік әсер етеді.
2-мақсат. ӘКК-нің кірістілігін ұлғайту
Міндеттер:
1) кірістілікті ұлғайту;
2) ӘКК қызметінің рентабельділігін ұлғайту.
Іс-шаралар:
1) инвестициялық қоржынның кірістілігін арттыру;
2) кірістіліктің және ӘКК-нің уақытша бос ақша қаражатын орналастыру сенімділігінің оңтайлы арақатынасын қамтамасыз ету;
3) кіріс алу көздерін кеңейту;
4) ӘКК-нің әкімшілік шығыстарының құрылымын оңтайландыру;
5) арзан қарыз алу көздерін іздеу.
Қызметтің түйінді көрсеткіштері:
1) ӘКК-нің таза табысы, млн. теңге;
2) 1 қызметкерге шаққандағы ӘКК-нің таза табысы, млн. теңге;
3) ӘКК активтерінің рентабельділігі (ROA), %.
Күтілетін нәтижелер:
1) ӘКК табысының ұлғаюы;
2) ӘКК-нің таза пайдасы мөлшерінің ұлғаюы;
3) 2015 жылы ӘКК активтерінің рентабельділігі (ROA) 1,5%-ға,
2023 жылы 2%-ға өседі;
4) шаруашылық қызмет нәтижелерін өсіру есебінен ӘКК алған пайданы қайта инвестициялау жолымен инвестициялық қоржынды өсіруді қамтамасыз ететін болады.
3-ҚСБ. Активтер құнын ұлғайту және корпоративтік басқару деңгейін арттыру
Мақсаттар:
1) ӘКК кірістілігін ұлғайту;
2) корпоративтік басқаруды және ӘКК қызметінің ашықтығын жетілдіру.
1-мақсат. ӘКК кірістілігін ұлғайту.
Міндеттер:
1) активтердің құнын ұлғайту;
2) ӘКК мен еншілес ұйымдардың рентабельділігі мен таза пайдасын ұлғайту;
3) кіріс алу көздерін кеңейту;
4) ӘКК-ні шығынсыздық деңгейіне шығару.
Іс-шаралар:
1) өзін - өзі өтеу кезеңі 3 жылдан аспайтын жобаларды іске асыру;
2) тиімсіз және шығынды жобаларды оңтайландыру және жаңғырту;
3) рейтинг бере отырып, еншілес және тәуелді кәсіпорындар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін енгізу;
4) қолданыстағы жобалар, мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар бойынша дебиторлық берешекті қайтару жөніндегі жұмыс;
5) мемлекеттік бағдарламалар бойынша ӘКК шығындарын азайту;
6) өзінің үлесін сату жолымен ӘКК-нің еншілес кәсіпорындардан шығуы;
7) инвестициялық қоржынның сапасын жақсарту.
Қызметтің түйінді көрсеткіштері:
1) ӘКК активтері рентабельділігі коэффициентінің көрсеткіші (ROA, %);
2) инвестициялардың рентабельділігі коэффициентінің көрсеткіші (ROІ, %);
3) бәсекелес ортаға берілген кәсіпорындар саны.
Күтілетін нәтижелер:
1) инвестициялық қоржында өзін-өзі өтеу кезеңі аз жобалардың басым болуы;
2) дебиторлық берешекті азайту;
3) дивидендтік саясаттың және жобалар бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылауды жоғарылату;
4) бірқатар еншілес кәсіпорындардағы ӘКК үлесін сату.
2-мақсат. Корпоративтік басқаруды және Компания қызметінің ашықтығын жетілдіру
Міндеттер:
1) стратегиялық жоспарлау, мониторинг, есептілік, ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру;
2) ӘКК туралы, оның ішінде оның қаржылық жағдайы, экономикалық көрсеткіштері, меншік және басқару құрылымы туралы ақпараттың уақтылы жария етілуін қамтамасыз ету;
3) басқаруды және персоналды дамытудың тиімділігін арттыру;
4) ақпарат беру және жедел өзектілендіру бөлігінде ӘКК-нің интернет-ресурсының жұмысын жаңғырту;
5) тәуелсіз агенттіктен корпоративтік басқару рейтингін алу;
6) сапа менеджменті жүйесін сертификаттау.
Қызметтің түйінді көрсеткіштері:
1) біліктілігін арттыру курстарынан өткен қызметкерлер үлесі (ӘКК, еншілес және тәуелді ұйымдар), %;
2) ISO 9001 сертификатын алу (ӘКК, еншілес және тәуелді ұйымдар).
Күтілетін нәтижелер:
1) корпоративтік басқару рейтингі;
2) сапа менеджменті жүйесі стандарттарының талаптарына сәйкестігін растау есебінен негізгі және қосалқы бизнес-процестер сапасын жыл сайын арттыру;
3) стратегиялық жоспарлау, мониторинг, есептілік, ішкі бақылау және аудит, тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру;
4) ӘКК туралы, оның ішінде оның қаржылық жағдайы, экономикалық көрсеткіштері, меншік және басқару құрылымы туралы ақпараттың уақтылы жария етілуін қамтамасыз ету;
5) «HR Management» жүйесін енгізу;
6) ақпарат беру және жедел өзектілендіру бөлігінде ӘКК интернет-ресурсын жаңғырту жөніндегі жұмыстарды тұрақты негізде жүргізу;
7) ӘКК-де ISO 9001 сертификатын алу.
_______________________
Достарыңызбен бөлісу: |