Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы


Негізгі капиталға құйылатын инвестициялардың технологиялық құрылымы



жүктеу 1,66 Mb.
Pdf просмотр
бет8/45
Дата16.01.2020
өлшемі1,66 Mb.
#26857
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45

19 
 
Негізгі капиталға құйылатын инвестициялардың технологиялық құрылымы, 
млрд. теңге 
 
 
Инвестиция  тарту  үшін  өз  қызметін  Инвесторларға  қызмет  көрсету 
орталығы  жүзеге  асырады,  ол  «бір  терезе»  қағидаты  бойынша  инвесторларды 
қолдау  қызметтерін  көрсетеді,  сондай-ақ,  қаржыландыруды  қажетсінетін 
инвестициялық жобалар базасы құрылып, тұрақты негізде көкейкесті етіледі. Бұл 
басқа өткізіліп жатқан іс-шаралар, роуд-шоулар шеңберінде шетелде және өңірде 
инвестор  арасында  таралған.  «AstanaInvestForum»  инвестициялық  форум  өткізу 
шегінде 2015 жылы 1,7 млрд. АҚШ долларына 33 меморандумға қол қойды. 
 
Шағын және орта бизнес 
Елорданы  дамытудың  басымды  бағыты  шағын  және  орта  бизнесті  дамыту 
болып табылады. 
Тіркелген  шағын  және  орта  кәсіпкерлік  субъектілерінің  саны  (бұдан  әрі  – 
ШОК)  2014  жылы  124  315  бірлікті  құрады,  бұл  2013  жылғы  деңгейден                          
(107  981  бірлік)  15,1%-ға  жоғары  және  2012  жылғы  деңгейден  (93  979  бірлік) 
32,3%-ға жоғары. 
ШОК  құрылымында  ұйымдастыру-құқықтық  нысан  бойынша  тіркелген 
субъектілердің ең жоғары үлесін жеке кәсіпкерлер құрайды (2012-2014 жылдары 
орташа есеппен – 66,2%).  
ШОК  белсенді  субъектілерінің  саны  2012  жылы  51  871  бірлікті  құрды,               
2013 жылы – 58 810 бірлік (2012 жылғы деңгейден 13,4% жоғары), 2014 жылы  – 
64 504  бірлік  (2012  жылғы  деңгейден  24,3%  және  2013  жылғы  деңгейден                     
9,6% жоғары). 
2014 жылы тіркелгендердің жалпы санынан ШОК белсенді субъектілерінің 
үлесі  2012  жылдың  деңгейіне  3,3%-дан  51,9%-ға  дейін  қысқарды.    Бұл  ШОК 
белсенді  субъектілері  санының  өсімі  ШОК  тіркелген  субъектілерінің  жалпы 
санының өсімінен шамамен 2 есеге төмендігімен негізделеді.  
2016  жылыдң  1  қаңтарына  тіркелген  субъектілер  саны  2014  жылдың 
деңгейінде  қалды  және  124  мың  бірлікті  құрайды.  Ұйымдастыру  –  құқықтық 
құрылым  қимасында  2013-2014  жылдардың  ұқсас  деңгейіне  заңды  тұлғалардың 
үлесі – 36,5%, жеке кәсіпкерлер – 63,5%.  


20 
 
Қолданыстағы  субъектілер  саны  99,2  мың  бірлікті  немесе  тіркелгендердің 
жалпы  санының  80%  құрады,  оның  ішінде  заңды  тұлғалар  үлесі  –  27,2%,  жеке 
кәсіпкерлер  –  72,8%.  2013-2014  жылдардағы  көрсеткіштермен  салыстырғанда 
қолданыстағы жеке кәсіпкерлер үлесі 14%-ға дейін төмендеуі байқалады. 
ШОК субъектілері құрылымында ұйымдастыру-құқықтық нысан қимасында  
белсенді  субъектілердің  ең  жоғары  үлесін  жеке  кәсіпкерлерге  (орташа  есеппен 
2012-2014 жылдары – 87%) тиесілі.   
2012  жылы  жұмыспен  қамтылғандардың  саны  161 893  адамды  құрады.               
2013  жылы  шағын  және  орта  кәсіпкерлікте  198 065  адам  жұмыс  істеді,  бұл                
2012 жылғы деңгейден 22,3%-ға жоғары. 2014 жылы жұмыспен қамтылғандардың 
саны 253 277 адамды құрды. Бұл көрсеткіш 2012 жылғы деңгейден 56,4%-ға және 
2013 жылғы деңгейден 27,8%-ға жоғары. 
ШОК  субъектілері  құрылымында  ұйымдастыру-құқықтық  нысан  бойынша 
жұмыспен  қамтылғандардың  ең  жоғары  үлесін  заңды  тұлғалар  құрайды  (орташа 
есеппен 2012-2014 жылдары – 60,4%).  
ШОК  субъектілерінің  2013  жылы  өнім  шығаруы  1 452,8  млрд.  теңгені 
құрады,  бұл  2012  жылғы  деңгейден  25,5%  жоғары  (2012  жылы  -  1 102,3  млрд. 
теңге).  2014  жылдың  қорытындылары  бойынша  ШОК  субъектілері  шығаратын 
өнім  мөлшері  2013  жылғы  деңгейден  40%-ға,  2012  жылғы  көлемнен  75%-ға 
ұлғайып, 3 653,8 млрд. теңгені құрады. 
Ұйымдастыру-құқықтық  нысан  қимасында  ШОК  субъектілері  өндірген 
өнімнің  ең  жоғары  үлесін  заңды  тұлғалар  құрайды  (орташа  есеппен                                 
2012-2014  жылдары  –  94,5%).  Жеке  кәсіпкерлер  (бұдан  әрі  –  ЖК)                              
ШОК  субъектілері  шығаратын  өнімнің  жалпы  көлемінен  орташа  есеппен                    
5,5% шығарады. 
Шұғыл  статистикалық  деректер  бойынша  2014  жылдың  қорытындысы 
бойынша  жалпы  өңірлік  өнімде  ШОК  үлесі  58,8%  құрады.  Бұл  көрсеткіштің 
көлемі  бойынша  Астана  қаласы  Қазақстан  өңірлері  арасында  бірінші  орынға ие. 
Сонымен қатар, 2012 жылмен (28,6%) және 2013 жылмен (29,1%) салыстырғанда 
ЖӨӨ-дегі  ШОК  үлесі  2014  жылы  29,7%-ға  ұлғайды.  Өсімнің  осындай  деңгейі 
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жүз адамнан артық емес орташа жылдық саны 
бар  субъектілерді  жатқызу  бойынша  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына 
өзгерістер  енгізуге  байланысты  статистика  органдарының  көрсеткіштерді  есепке 
алу әдістемесінің өзгеруімен байланысты. 
 
3-кесте 
Өңірде ШОК дамуының негізгі көрсеткіштері 
 
Көрсеткіштің атауы 
Өлшем 
бірлігі 
2013 жыл 
2014 жыл 
2015 жыл 
ШОК тіркелген субъектілерінің саны 
бірл. 
108 
124,3 
124 
ШОБ жұмыспен қамтылғандардың саны 
мың адам 
198,1 
253,3 
287,7 
ШОБ субъектілерінің өнім шығаруы 
млрд. теңге 
1 452,8 
3 653,8 
3 215,8 
 


21 
 
Жалпы, ШОБ сегменті салықтардың (66 %-дан астам) және жұмыс орында-
рының  негізгі  көзі  болып  қалуда.  Осыған  байланысты,  шағын  бизнес  қызметін 
дамыту негізгі бағыттардың бірі болып қалып отыр. 
2010  жылдан  бастап  шағын  және  орта  кәсіпкерлікті  дамыту  және  қолдау 
мақсатында  «Бизнестің  жол  картасы  –  2020»  бағдарламасы  (бұдан  әрі  –  БЖК-
2020) іске асырылуда. 
2015  жылы  салалық  қолдау  және  кәсіпкерлердің  валюталық  тәуекелдерін 
төмендету  шегінде  несиелер  бойынша  марапаттау  мөлшерлерін  субсидиялау 
шегінде  жалпы  сомасы  12,1  млрд.  теңгеге  64  жоба  мақұлданды,  несиелерді 
жекелеп  кепілдендіру  бойныша  –  1,2  млрд.  теңгеге  37  жоба,  гранттық 
қаржыландыру  –  15  млн.  теңгеге  5  жоба,  инфрақұрылымдық  қамтамасыз  ету  – 
81,8 млн. теңгеге 3 жоба. 
БЖК-2020  іске  асыру  үшін  Астана  қаласына  республикалық  бюджеттен 
5905,6 млрд. теңге бөлінді. 
2012-2014  жылдары  БЖК-2020  шеңберінде  324  жоба  субсидияланды,                    
45 несие бойынша ішінара кепілдік берілді, 16 грант ұсынылды. 9 600 адам үшін 
10 мыңнан артық қызмет көрсетілді. 
 
4-кесте 
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде құралдар бөлігінде қолдау 
алған жобалар саны 
 
Қолдау құралдары 
2013 жыл 
2014 жыл 
2015 жыл 
Субсидиялау,  оның  ішінде  3  бағыт 
бойынша 
103 
110 
64 
Кепілдік беру 
12 
27 
37 
Гранттар 



Өндірістік инфрақұрылымды дамыту 



 
 
БЖК-2020 бойынша шараларды іске асыру нәтижесінде 2012-2014 жылдары 
8  мыңнан  артық  жұмыс  орындары  сақталды  және  4  мыңнан  артық  жаңа  жұмыс 
орындары құрылды. 
2011 жылдан бастап БЖК-2020 шеңберінде «Кәсіпкерлерді қаржылық емес 
тұрғыдан қолдау» деген 4-бағыты іске асырылуда. 
 
5-кесте 
«
Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде компоненттер бөлігінде 
оқытылған қатысушылардың саны 
 
Қолдау құралдары 
2012 жыл 
2013 жыл 
2014 жыл 
Бизнес кеңесші 1 
664 
1094 
1017 
Бизнес кеңесші 2 

140 
41 
Топ-менеджмент оқыту 
48 
44 

Іскерлік байланыстар 
79 
180 
151 
Аға сеньорлар 



Жас кәсіпкер мектебі 
120 
90 

 
Шағын  және  орта  кәсіпкерлікті  қаржылық  емес  тұрғыдан  қолдау 
шеңберінде «Бизнес кеңесші» құрамы бойынша 2012-2014 жылдары 2578 кәсіпкер 


жүктеу 1,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау