Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы



жүктеу 1,66 Mb.
Pdf просмотр
бет10/45
Дата16.01.2020
өлшемі1,66 Mb.
#26857
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45

24 
 
долларына  дейін  қысқаруы  кезінде  оң  сальдо  16,5  есеге,    3866,7  млн.  АҚШ 
долларынан  232,2  млн.  АҚШ  долларына  дейін  қысқарды.  Бұл  импорттық 
жеткізілімдердің  20,6%-ға,  3958,3  млн.  АҚШ  долларынан  4772  млн.  АҚШ 
долларына дейін ұлғаюына және экспорттың 36%-ға, 7825 млн. АҚШ долларынан 
5004,2 млн. АҚШ долларына дейін төмендеуіне байланысты болды. 
2015 жылдың қорытындысы бойынша сыртқы сауданың көлемі 7782,3 млн. 
АҚШ  долларына  дейін  немесе  2014  жылдың  деңгейіне  қатысты  20,3%-ға  дейін 
және 2013 жылдың деңгейіне 17,5%-ға қысқарды. Экспорт жеткізу құрылымында 
4075  млн.  АҚШ  долларына  дейін  тиісінше  18,4%-ға  және  17,6%-ға  ,  импорт  – 
3707,5 млн. АҚШ долларына 22,3% және 17,4%-ға қысқарды.   
2013-2015  жылдар  бойы  ЕАЭЫ-на  мүше  елдер  үлесінің  2013  жылы  21,7%-
ға,  2014  жылы  24,8%-ға  және  2015  жылы  31,1%-ға  ұлғаюымен  сыртқы 
экономикалық  сауда  құрылымында  жеткізу  жағрапиясының  өзгеруінің  орнықты 
тренді байқалады. 
 
Ішкі сауда 
Елорданың  ЖӨӨ  құрылымында  сауда  ең  серпінді  дамып  жатқан 
салалардың  бірі  болып  табылады.  Сауданың  ЖҚҚ  2012  жылғы  585,9  млрд. 
теңгеден (ЖӨӨ үлес – 22,7%) 2013 жылы 773,8 млрд. теңгеге дейін (ЖӨӨ үлес – 
22,2%) және 2014 жылы 882,9 млрд. теңгеге дейін (ЖӨӨ үлес  – 22,4%) өсті. Бұл 
салада орташа жылдық өсім қарқыны 16,7% құрды. 
2015 жылдың қорытындысы бойынша сауда саласындағы ВДС 2014 жылға 
3,1%-ға, 2013 жылға 10,4%-ға өсумен 1005,9 млрд. теңгеге жетті. Орташа жылдық 
өсу қарқыны 2013-2015 жылдары 10,1% құрады. 
Бөлшек тауар айналымының мөлшері нақты көріністе 62,6%-ға, 2012 жылғы 
429,1  млрд.  теңгеден  2013  жылы  543,7  млрд.  теңгеге  дейін  және  2014  жылы                  
615,2 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Сонымен қатар, орташа жылдық өсім қарқыны 
2012-214 жылдары 17,6% құрады. 
 
 
7-диаграмма 
Бөлшек тауар айналымының мөлшері, млрд. теңге 
 
 
 
2012-2014 жылдары ресми тіркелген дистрибьюторлардың құрылымында ірі 
компаниялардың  үлесі  2012  жылғы  8%  -дан  2014  жылы  26,4%-ға  дейін  өсті. 


25 
 
Нарықта шағын кәсіпорындардың болуы шағын, тисініше 34,6%-дан 37%-ға дейін 
ұлғайды. 
2015 жылы жоғары инфляциялық қысым негізінде бөлшек тауар айналымы 
серпінінің  2013  жылғы  122,4%-дан  және  2014  жылғы  116%-дан  101,7%-ға  дейін 
төмендеуі байқалады. 
Елордада  сауда  кәсіпорындарының  желісі  2012-2014  жылдары  16,3%-ға, 
2012  жылғы  5 461  бірліктен  2013  жылы  4 774  бірлікке  дейін  және  2014  жылы 
4 575  бірлікке  дейін  қысқарды.  Бұл  үрдіс  сауда  жасайтын  жеке  кәсіпкерлер 
санының  18,8%-ға,  2012  жылғы  4 893  бірліктен  2013  жылы  4 219  бірлікке  дейін 
және  2014  жылы  3 974  бірлікке  дейін  төмендеуіне  байланысты  болды.  Ал  сауда 
кәсіпорындарының  саны  5,8%-ға,  2012  жылғы  568  бірліктен  2013  жылы  555 
бірлікке дейін және 2014 жылы 601 бірлікке дейін ұлғайды. 
Сауда  алаңы  6%-ға,  2012  жылғы  512 234  шаршы  метрден  2013  жылы 
518 363  шаршы  метрге  дейін  және  2014  жылы  542 483  шаршы  метрге  дейін 
ұлғайды,  оның  ішінде  жеке  кәсіпкерлер  бойынша  22,7%-ға,  191 762  шаршы 
метрден 201 157 шаршы метрге дейін және тиісінше 235 343 шаршы метрге дейін 
ұлғайды. 
Сауда  базарларының  саны  1  бірлікке,  2012-2013  жылдардағы  26-дан                   
2014  жылғы  қорытынды  бойынша  25-ке  дейін,  ал  олардың  ауданы  2012  жылғы 
412 388 шаршы метрден 2013 жылы 324 830 шаршы метрге дейін және 2014 жылы 
304 889 шаршы метрге дейін қысқарды. 
2015 жылы сауда кәсіпорындарының алаңы 2014 жылыдң деңгейіне 15,5%-
ға,  2013  жылы  -  21%-ға  өсумен  626,6  мың  шаршы  метрді  құрады.  Сауда 
нарығының  саны  сауда  алаңдарының  3,2%-ға  314,8  мың  шаршы  метрге  дейін 
өсуімен 2014 жылдың деңгейінде қалды.  
2013  жылмен  салыстырғанда  сауда  кәсіпорындарының  жалпы  санының 
3,3%-ға  4774  бірліктен  4617  бірлікке  дейін  қысқаруы  байқалады,  бұл  жеке 
кәсіпкерлер  санының  5,4%-ға  4219  бірліктен  3993  бірлікке  дейін  азаюымен 
негізделеді.  Ал  сауда  кәсіпорындарының  саны  12,4%-ға  555  бірліктен  624 
юірлікке дейін ұлғайды. 
7-кесте 
Сауда инфрақұрылымының дамуы 
 
Көрсеткіштің 
атауы 
2013 жыл 
2014 жыл 
2015 жыл 
 
Объектілердің/субъ
ектілердің 
мөлшері, бірлік 
Ауданы, 
ш.м. 
Объектілер-
дің/субъектілердің 
мөлшері, бірлік 
Ауданы, 
ш.м. 
Объектілер-
дің/субъектілерді
ң мөлшері, бірлік 
Ауданы, 
ш.м. 
Сауда 
кәсіпорындарының 
желісі, 
оның 
ішінде: 
4 774 
518 363 
4 575 
542 483 
4 617 
626 648 
Жеке кәсіпкерлер 
4 219 
201 157 
3 974 
235 343 
3 993 
260 596 
Сауда 
жасайтын 
кәсіпорындар 
555 
317 206 
601 
307 140 
624 
366 052 
Сауда 
базарларының саны 
26 
324 830 
25 
304 889 
25 
314 770 
 
Бюджетті жоспарлау мен атқарудың тиімділігін арттыру 


26 
 
Бюджеттің кіріс бөлігі және шығыстарының негізгі бағыттары 
  
Экономикалық  өсудің  серпінді  қарқыны  елорда  бюджеті  көлемінің  өсуіне 
әсер  етеді.  Сонымен,  мемлекеттік  бюджетке  кірістер  2013  жылдан  2015  жылға 
дейін 40 %-ға, 610,2 млрд. теңгеден 853,4 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. 
 
Астана  қаласы  бюджетінің  кіріс  бөлігі  2013  жылғы  141,7  млрд.  теңгеден 
2015 жылы 191,2 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. 
 
Бюджет  кірістерін  қалыптастырудың  негізгі  құрылымында  2015  жылдың 
нәтижесі  бойынша  жоғары  үлесті  салықтық  түсімдер  (89,3%  немесе  170,7  млрд. 
теңге)  құрайды,  салықтық  емес  түсімдер  3,7  %  немесе  7  млрд.  теңгені,  негізгі 
капиталды  сатудан  түскен  түсімдер  –  6,5%  немесе  12,4  млрд.  теңгені  құрайды. 
Салықтық  түсімдер  үлесінің  2013  жылғы  86%-дан  2014  жылғы  87,7%-ға  және 
2015 жылы 89,3%-ға дейін ұлғайғандығы байқалады. 
2012-2013  жылдармен  салыстырғанда  салықтық  түсімдер  үлесінің  2012 
жылғы  83,8%-дан 2013  жылғы  86%-ға және 2014  жылғы  87,7%-ға дейін  ұлғаюы 
байқалады. 
Елорданың өңірлік қимасында республиканың шамамен 14,2% қамтамасыз 
етіледі,  ал  1  тұрғынға  шаққанда  (916,8  мың  теңге)  Атырау  облысынан  кейін  2 
орында (1088,8 мың теңге).  
8-диаграмма 
 
Қалыптастыру көздері қимасында бюджеттің  
кіріс бөлігінің өсу серпінімлрд. теңге 
 
 
 
Бюджеттің кіріс бөлігінің өсуі басымды инфрақұрылымдық және әлеуметтік 
жобаларды  қаржыландыруды  ұлғайтуға,  сондай-ақ  халықтың  экономикалық 
белсенділігін  ынталандыруға  және  экономиканы  кредиттеуге  қосымша  қаражат 
бағыттауға мүмкіндік берді. 
Бюджеттің  кіріс  бөлігінің  құрылымы  даму  шығыстарымен  (52  %)  және 
ағымдағы шығындармен 48%) ұсынылады. 
Солай,  инфрақұрылымдық  кешенді  дамытуға  бағытталған  қаржыландыру 
көлемі  2015  жылдың  қорытындысы  бойынша  2014  жылғы  деңгеймен 
салыстырғанда  өсіммен,  193,6  млрд.  теңгені  құрды.  Салалар  құрылымында  ең 
жоғары  үлесті  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық  (20,7%  немесе  79,9млрд. 


жүктеу 1,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау