11
Сатып алу құрылымында елорда үлесі республикалық көлемде
(3049,7 млрд. теңге) 11% құрайды. Елордалық кәсіпкерлер сатып алудың жалпы
көлемінен 10,7% немесе 36,1 млрд. теңгені қамтамасыз еткенін айтып өту керек,
бұл өндірістің орналасу өңіріне өнім жеткізудің республикалық көлемінің
шамамен 4% құрайды. Сонымен қатар, басқа өңірлердің резиденттерінен сатып
алудың көлемі шамамен 26% немесе 204,8 млрд. теңге сомасындағы ең жоғары
үлестердің бірі болып табылады, бұл Алматы қаласының деңгейіне сәйкес келеді
(26,1% или 205,7 млрд. теңге).
Шетелдік компаниялардың өнім жеткізу көлемі 95,1 млрд. теңгені немесе
28,3% құрады, бұл жалпы республикалық көлемнің 7,2% құрайды.
20013 жылмен салыстырғанда елорданың басқа өңірлердің резиденттерінен
сатып алу көлемі 43,5%-ға 2013 жылғы 142,7 млрд. теңгеден 2014 жылы
204,8 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Алайда, елорда қажеттілігін қамтамасыз
етудегі өңірлердің жалпы салмағы тиісінше 68,7%-ден 61%-ға дейін азайды.
Резидент еместердің жеткізетін өнім көлемі 46%-ға, 65,1 млрд. теңгеден
95,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, ал үлесті салмағы керісінше, 31,3%-дан 28,3%-
ға дейін қысқарды.
Өнеркәсіп
Өнеркәсіп өндірісінің құрылымында негізгі үлесті өңдеуші сектор
құрайды – 84,1% (2012 жылы 81,1%, 2013 жылы 83%), өндіріс және электр
энергиясын, газды және суды бөлу – 15,9% (талданып жатқан жылдар бойынша
тиісінше 18,9% және 17 %).
2015 жылы салалар құрылымы сол деңгейде маңызды емес
ауытқушылықтармен сақталды – өңдеуші өнеркәсіп үлесі 83,4%, электр
энергиясын, газ бен суды өндіру және тарату – 16,6% құрады.
Индустриялық парк аумағында, сондай-ақ 2010-2014 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық – инновациялық дамуының
мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі - ҮИИДМБ) Индустрияландыру картасы
шеңберінде жаңа кәсіпорындарды пайдалануға енгізу өңдеуші секторда
әртараптандыру деңгейінің ұлғаюына әсер етті. Бүгінгі күні машина жасау
саласының кәсіпорындары барлық өнімнің 33% өндіреді, металлургия саласы
12
0,6 %-дан 15,2%-ға дейін өсті, басқа бейметалл минералды өнім үлесі
27 % құрайды.
Тауарларды шығару номенклатурасының кеңеюі нәтижесінде 2014 жылы
кәсіпорындарда жұмыспен қамтылғандардың саны 20 мың адамға артты немесе
жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 7,5% құрады (17,1 мың адам –
2012 жылы және 19 мың адам - 2013 жылы).
Жалпы, республикалық көлемде Астана қаласы үлесінің 2012 жылғы 1,3%-
дан 2013 жылы 1,5% және 2014 жылы 1,9%-ға дейін ұлғаюы байқалады.
3-диаграмма
2012-2014 жылдары
өңдеуші өнеркәсіп салалары құрылымының өзгеруі
Талданып жатқан кезеңде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2013 жылғы
276,2 млрд. теңгеден 2014 жылғы 389,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. 2013 жылы
өсу индексі 2013 жылмен салыстырғанда 6,7% құрады, 2015 жылы 2%-ға дейін
төмендеу байқалады.
4-диаграмма
Өнеркәсіп өнімі өндірісінің өсу
серпіні, млрд. теңге,
%
2014 жылы 32 еседен астам даму серпіні металлургия өнеркәсібінде
байқалды, дайын металл бұйымдарын шығарудың өсімі 31%, басқа бейметалл
бұйымдарының өндірісі 21%, резинадан және пластмассадан жасалған
бұйымдардың өсімі 6,8%, тамақ өнімдері 6,6% құрады және т.б.
13
Керісінше, 2012-2013 жылдардың қорытындылары бойынша бірінші
қатарларда болған машина жасау саласының нақты көлемдері (15% мөлшеріндегі
орташа өсіммен) 2014 жылы 43,2%-ға төмендеді, жиһаз өндірісі 30,8% түсті, ал
жеңіл өнеркәсіп пен қағаз өнімі 14,1%-ға қысқарды.
Машина жасау кәсіпорындары өңдеу өнеркәсібі өнімінің төрттен бірін
(27,8%) өндіреді. 2014 жылдың қорытындылары бойынша тауар өнімінің көлемі
95,9 млрд. теңгені құрды, 2013 жылға нақты көлем индексі (НКИ) - 56,8%.
НКИ төмендеу себебі технологиялық үдерісінің өзгеруі, машина жасау саласында
жеке бөлшектерді жинауда оқшауландыру болып табылады.
Бұдан басқа, мемлекеттік тапсырысқа жоғары дәрежедегі тәуелділікке
байланысты құрастыру кәсіпорындары 2014 жылы 42 локомотив пен 71 вагон,
2013 жылы - 75 және 160, ал 2012 жылы –тиісінше 74 және 52 шығарды.
Құрылыс материалдарының өндірісі барлық өңдеу өнеркәсібінің
25% құрайды, 2012-2014 жылдар кезеңінде орташа жылдық өсім қарқыны
20,3% құрды. 2014 жылы сала кәсіпорындары 72,2 млрд. теңгеге өнім өндірді
(НКИ – 121,4%), 2013 жылы 53,8 млрд. теңге (НКИ – 124,9%), 2012 жылы –
38,0 млрд. теңге (114,5%).
Өндіріс көлемінің ұлғаюы мына позициялар бойынша байқалады: бетон
өндірісі 30%, құрылыс қоспасы 11,9%, құрылыс мақсаттары үшін бетоннан
жасалған бұйымдар 8,6%.
2014 жылы ресейлік рубльдің шетел валютасымен салыстырғанда
құлдырауына және аса тиімді конъюнктура бағасына байланысты құрылыс
материалдарының елеулі бөлігі шетелден әкелінді, тиісінше, жергілікті
өндірушілер шығарылатын өнімнің көлемдерін қысқартуға мәжбүр болды.
Нарықтық өзгерістерге шалдыққыш еңбек өнімділігі төмен және технологиялары
ескірген кәсіпорындар болып табылды.
Металлургия өндірісі өнеркәсіптің перспективалы секторларының бірі
болып табылады, оның үлесіне 23,8% тиесілі. Сала асыл металлдар өндіру
бойынша кәсіпорынның басты бейнесі «Таукент Алтын» ЖШС-мен ұсынылды, ол
2014 жылы 5,9 тонна, 2015 жылы 10,1 тонна алтын өндірді.
Кәсіпорын қуаттылығы жүктемесінің ұлғаюы елдегі алтын-валюталық
қорлардың толықтырылуына және құрамында алтын бар шикізатты елден тыс
шығаруға тыйым салуға мүмкіндік тудырды.
Тамақ өнеркәсібі өңдеуші сектордың 7,2% құрайды, ол жерде ұннан
жасалған және нан-бөлішке өнімдерін шығару жоғары көлемге ие, тиісінше
35,1% және 32,4%.
Елордада азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көкөніс
қоймаларын және жылыжай салу жобалары іске асырылуда.
2012 жылдан бастап пайдалануға қуаттылығы 2,5 мың тонналық
2 жылыжай, сақтау көлемі 29,0 мың тоннаны құрайтын 7 көкөніс қоймасы және
«А» сыныбындағы «Астық Логистик» ЖШС қойма кешені (32 730 паллеторын)
пайдалануға
енгізілді,
елорданың
Индустриялық
парк
аумағында
«Казглавпродукт» ЖШС тоғанақтау желісі бар көлік-логистикалық орталығының
құрылысы аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |