101
елорда проблемаларын зерттеу және оларды шешу бойынша барынша оңтайлы
жолдар іздестіру кіреді.
Қаланың перспективалы дамуы экологиялық таза технологиялармен және
даниялық сәулетші және ландшафтық дизайн жөніндегі маман Ян Гейлдің
идеясының негізінде үйлесімді жайластырумен өзара байланыста қаралады.
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану географиялық
ерекшелікетердің және халықтың қажеттіліктерінің есебімен теңгерімді аумақтық
дамуды қамтамасыз етеді.
50 қоғамдық кеңістіктерді – көшелерді, алаңдарды, саябақтарды – қалалық
өмірдің жаңа орталықтарына кезең-кезеңімен айналдыру; жаяу жүретін және
велосипед инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде ашық халықаралық конкурстар
өткізу және қаланы дамыту жобаларын әзірлеуге және іске асыруға жетекші
сәулетшілерді тарту жоспарланады. Барлық 129 секторда 32 әлеуметтік
игіліктердің қолжетімділігіне кезең-кезеңімен қол жеткізу, жаңа қалалық
орталықтарды дамыту және инфрақұрылымның сапасын арттыру есебінен
депрессивтік аудандарды сауықтыру.
Бұдан басқа, қала тұрғындарының өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасау,
сондай-ақ Астананы ғалами қала ретінде дамыту мақсатында Шебер жоспар
әзірленетін болады, ол өмір сүру және қызмет көрсету бойынша жоғары сапа
стандарттары бар, білікті адами капитал үшін тартымды, Еуразия макроөңірінің
іскерлік және инновациялық хабы болып табылатын қаланы құруды көздейді.
Халықпен тиімді кері байланыс ретінде қаланы абаттандырудағы
кемшіліктер туралы халыққа хабарлайтын «Біздің қала» атты сайт және қосымша
іске қосылады.
Жуық арада 2020 жылға дейінгі кезеңде Астана агломерациясының өзегі
ретінде елорданы дамыту бойынша бірінші кезекті шаралар кешені іске
асырылады.
Астана агломерациясын дамытудың әзірленіп жатқан ұзақ мерзімді
жоспары шеңберінде қаланың шет жақтарын және оның маңындағы
агломерациялық аумақтарды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету бойынша іс-
шаралар кешені қарастырылады.
Астана қаласында нақты объектілерді жобалау және салудан басқа
елорданың архитектуралық бейінін құрайтын басымды аудандарда құрылыс салу
тұжырымдамалары әзірленіп, іске асырылуда.
Жоспарлы кезеңде Мыңжылдық аллеясынан шығыс бағытқа қарай
қоғамдық-тұрғын үй кешендері, мәдениет, білім, денсаулық сақтау объектілері,
саябақтар, гүлзарлар, сондай-ақ Этноауыл, жаңа темір жол вокзалы тәрізді бірегей
объектілер салынады.
«Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық кешенінен батыс бағытта қоғамдық-
тұрғын үй кешендері, әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым объектілері салынады.
Инженерлік және көлік инфрақұрылымы тисіті түрде дамиды.
Қабанбай батыр даңғылы бойынша әуежай жағынан Астана қаласына кіру
көшелерінің бірі – Мәңгілік елі көшесінде құрылыс салу тұжырымдамасы
бекітіліп, іске асырылуда, бұнда биік ғимараттар салынатын болады.
102
Үздік қалалардың әлемдік тәжірибесін талдай келе, аталған көшеде
құрылыс салуды халық шеруі және әртүрлі іс-шараларды мерекелеу үшін кең
даңғыл түрінде, даңғылдың ең басты тораптарының бірі – Қазақстан
Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Салтанатты қақпа»
алаңын бөлумен, шешу ұсынылады. Даңғылда Мәңгілік Ел көшесінің бойында
ырғақты ерекшеленетін биік ансамбльдермен 7 қабатты тұрғын үйлер және
қоғамдық сипаттағы ғимараттар салу көзделеді. Мәңгілік Ел көшесінің
бойындағы ғимараттардың төменгі қабаттары халыққа қызмет көрсету (оның
ішінде шағын және орта бизнес) объектілері ретінде қарастырылады. Мәңгілік Ел
көшесіне
шығатын
барлық
орамдар
бойынша
жасыл
курданерлер
(субұрқақтарымен, гүлзарлармен, сәндік-монументтік өнер объектілерімен
безендірілген қоғамдық мақсаттағы мини-алаңдар) орналастырылады, олар
орамаішілік кеңістіктерді, балабақшаларды, мектептерді Мәңгілік Елмен
байланыстырады.
3-мақсат. Тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру
р/
б
№
Индикатордың атауы
Көзі
факт
жоспар
Жауап
тылар
2014
жыл
2015
жыл
2016
жыл
2017
жыл
2018
жыл
2019
жыл
2020
жыл
1.
Құрылыс жұмыстарының нақты
көлем индексі, %
Стат.
деректер
136,4 114,5
108,0
103,0 101,0 101,2 102,5
ҚБ
2.
Пайдалануға енгізілген тұрғын
үй ғимараттарының жалпы
ауданы, ш.м.
Стат.
деректер
1206,4 1758,8 2000,0 2100,0 1308,6 1325,9 1344,0
ҚБ
3.
Халықтың баспанамен
қамтамасыз етілуі, бір адамға
шаққандағы м
2
Стат.
деректер
23,0
29
28,5
29,0
30,0
31,0
32,0 ҚБ, ТҮБ,
СҚҚБ
4.
Тұрғын үй құрылыс жинақтар
жүйесі арқылы
пайдалануғаенгізілген тұрғын
үйдің көлемі, ш.м.
Ведомст.
деректер
56,4
30,5
24,7
35,2
53,3
52,6
12,5
ҚБ
5.
«2020 жылға дейін өңірлерді
дамыту» бағдарламасы
бағдарламасы шеңберінде
кезекшілер мен жас отбасылар
үшін баспана салу, мың ш.м.
Ведомст.
деректер
29,0
40,9
16,5
22,9
26,5
13,5
10,0
ҚБ
6.
«Бәйтерек Девелопмент» АҚ
қаражат қарызға алу есебінен
енгізілген тұрғын үйдің ауданы
Ве-домст.
деректер
31,9
21,2
35,9
25,4
ҚБ
7.
2015 жылғы деңгейге әлеуметтік
баспана алуға мұқтаж
адамдардың санын төмендету, %
Ве-домст.
деректер
10,0
25,0
40,0
50,0
ТҮБ
Қойылған мақсаттарға жету жолдары
Тұрғын үй құрылысын дамыту мәселелерін кешенді шешу мақсатында
төмендегіні қамтамасыз ету қарастырылды:
Бас жоспарларға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына және ережелереге
сәйкес әзірленген жер учаскелерін бөлу;
Елді мекендерде құрылыс салу;
Достарыңызбен бөлісу: |