Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы



жүктеу 1,66 Mb.
Pdf просмотр
бет43/45
Дата16.01.2020
өлшемі1,66 Mb.
#26857
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

107 
 
- қаланың орталығын нөсер арнасы желісімен толық жабдықтау. 
Қаланы электрмен және жылумен қамтудың сенімділігін арттыру, халықты 
ауыз суымен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында энергетика 
және  коммуналдық  шаруашылық  объектілерін  жаңғырту  және  дамыту  обалары 
іске асырылады. 
Бұл  үшін  2016-2018  жылдары ЖЭО-1  қайта  жаңарту  және ЖЭО-2  кеңейту 
жұмыстары  аяқталады.  Жаңа  қазандық  және  құбыр  агрегаттарын  пайдалануға 
енгізу  есебінен  ЖЭО-1  қуаттылықтың  өсуі  сағатына  35  Гкал.,  ЖЭО-2  жылу 
қуаттылықтың сағ. 400 Гкал. және электр қуаттылығының сағ. 120 МВт. құрайды. 
Энергияны 
үнемдеуге, 
жылу 
көздерінде 
басқару 
үдерістерінің  
автоматтандырылу  деңгейін  арттыруға,  негізгі  жабдықты  пайдалану  мерзімін 
ұлғайтуға мүмкіндік беретін әртүрлі қосалқы жабдық орналастыру қарастырылды. 
Осы  кезеңде  қуаттылығы  сағ.  480  Гкал.  құрайтын  су  жылыту  қазандығын, 
темір  жол  станциясын,  сыртқы  инженерлік  желілерді,  отын  беру,  суды  даярлау 
объектілерін,  әкімшілік  ғимараттарды  қамтитын  ЖЭО-3  1  кезегінің  құрылысы 
аяқталады. 
Қаланың  шет  жақтарының  инфрақұрылымын  дамыту  электр  және  тарату 
қосалқы  станцияларының  желісін,  жылу  магистральдарының,  кабельдік  және 
жоғары  вольтты  электр  беру  желілерінің,  халықты  коммуналдық  қызметтерге 
орталықтандырылған  жүйемен  қамту  үлесін  ұлғайта  отырып,  иенженерлік 
желілер мен нөсер арнасын кеңейтуге мүмкіндік тудырады. 
«Жасыл  экономикаға»  ауысу  және  энергияның  балама  түрлерін  дамыту 
бойынша  тұжырымдамаға  сәйкес  2018  жылға  қарай  қалада  инвесторлардың 
қаражаты  есебінен  100  га  аумағында  қуаттылығы  50  МВт  күн  электрстанциясы 
салынады, ол сағ. 60 млн. кВт электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. 
2018  жылы  коммуналдық  шаруашылық  саласында  өнімділігі  200  мың  м
3
 
қолданыстағы сорғыш-тазалау станциясын қайта жаңарту және сөткесіне 150 мың 
м
3
  жаңасын  салу  жоспарланды.  Жаңғырту  бойынша  іс-шаралар  су  құбыры  және 
нөсер арнасы желілері қамтылады. Тазалау құрылыстарының инфрақүұрылымын 
дамыту  шеңберінде  өнімділікті  сөткесіне  136-дан  254  мың  м
3
  ұлғайта  отырып, 
«Талдыкөл»  ағынды  сулар  жинағышын  жою  жобасының  іске  асырылуы 
аяқталады. 
2019-2020  жылдары  бас  корпусты  салумен  және  екі  энергия  блоктарын 
орнатумен сағ. 380 Гкал. жылу энергиясы және 240 МВт электр қуатымен ЖЭО-2 
құрылысының 2 кезегін аяқтау қарастырылады. 
Осылайша, қаланың энергетикалық кешенін кеңейту келешекте 2020 жылға 
қарай жылу энергиясын 3 500 Гкал. және электр қуатын 792 МВт дейін өндіруге 
мүмкіндік  береді.  Бұл  тыныс-тіршілік  жүйесінің  халық  санының  өсуімен 
байланысты пайда болған, жылында шамамен 8-10 % құрайтын жүктемесін өтеуге 
мүмкіндік  тудырады.  Озат  техникалық  шешімдерді  қолдану  әуеге  зиянды 
лақтырылымды төмендетеді. 
2015 жылы қайта жаңартуды қажетсінетін электр желілерінің ұзықтығы 20,5 
км  құрайтынын  ескере  отырып  және  өсіп  жатқан  жүктеменің  және  тозуының 
есебімен 2018 жылға қарай ол 31 км дейін ұлаюы мүмкін. Жобаланған объектілер 


108 
 
бойынша  уақтылы  және  толық  қаржыландыру  шартымен  қажеттілік  жабылатын 
болады. 
Шығынды  8-10  %  төмендетуді  қамтамасыз  ету  үшін,  сондай-ақ  өндірістік 
және  қосалқы  үдерістерді  автоматтандыру  үшін  ақпараттық  технологиялар 
қолданылатын  болады.  Бұл  шаралар  жөндеуге  арналған  шығыстар  баптарын 
оңтайландырады және озат техникалық шешімдерді енгізуге мүмкіндік береді. 
Сумен қамту және су бұру бойынша жылына шамамен 20-25 км желілерді 
қамтумен инвестициялық жобаларды іске асыру 2018 жылға қарай құбырлардың 
тозуын  15  %  немесе  225  км  төмендетуге  ықпал  етеді.  Канализация  жүйесі 
шамамен  138  км  тозған  желілерді  қамтиды,  олардың  ішінде  жыл  сайын 
жөндеумен  орташа  есеппен  шамамен  40  км  қамту  көзделеді.  Осының  есебінен 
2018 жылға қарай тозу деңгейі 10 % немесе 124 км қысқарады. 
Өңірлер  бағдарламасы  шеңберінде  жыл  сайын  күрделі  жөндеумен  орташа 
есеппен 10-12 көппәтерлі тұрғын үйлерді қамту көзделеді. 2020 жылға дейін 120-
дан астам апаттық объект бұзылады. Осының есебімен норматвитік пайдаланумен 
қамтылған  кондоминиум  объектілеріің  үлесі  2014  жылғы  75,7%-дан  2020  жылға 
қарай 83 %-ға дейін ұлғайтылады. 
ҚР  2009  жылы  ратификациялаған  БҰҰ  Рамалық  конвенцияның  Киоттық 
хаттамасына және Қазақстанның өзіне қабылдаған міндеттемелерге сәйкес жылу, 
электр энергиясын тиімді пайдадану жылыжай газының төмендеуіне ықпал етеді. 
Жаңғыртылған көпқабатты тұрғын үйлердің жылуды тұтынуын азайту келешекте 
қаланың жылу-энергия орталығына жүктемені төмендетеді, бұл жаңадан салынып 
жатқан  ғимараттар  мен  құрылыстар  үшін  қуаттылықтарды  кеңейтуде  үнемдеуге 
мүмкіндік береді. 
Бұл  бағытты  іске  асыру  үшігн  кондоминиум  оьбъектілеріне  мониторинг 
өткізу,  техникалық  зерттеуді  және  энергия  аудитін  ұйымдастыру,  тұрғын  үй 
қорының иелерін және қызмет көрсетуші компаниялардың басшыларын Өңірлер 
бағдарламасына  қатысуға  тарту,  энергия  үнемдеудің  негізгі  қағидаттарын 
насихаттау, жөндеу жұмыстарын өткізу барысына бақылау және пәтер иелерінен 
қаражатты қайтару бойынша шаралар кешені қарастырылды. 
Азаматтардық  тіршілік  қызметі  үшін  қолайлы  жағдай  жасау  үшін  ерекше 
назар  ішкіорамдық  және  аула  аумақтарын  жинауға,  оларды  абаттандыруға  және 
көгалдандыруға ерекше назар аударылады. 
Орташа  мерзімде  жөндеуді  қажетсінетін  аула  аумақтарының  үлесін  6,8  % 
төмендету жоспарланады, қала аумағының 70 млн. ш.м. көгалдандырылады, оның 
ішінде  газондармен  40,9  млн.  ш.м.,  гүлзарлармен  және  саябақтармен  29,3  млн. 
ш.м. қамтылады. 
Әкімдік  энергия  үнемдеу  секторын  дамытуды  және  энергия  үнемдеуші 
технологияларды  енгізу  жұмысын  жалғастыруды  жоспарлайды.  Мысалы, 
жылудың  ысырабын  қысқарту  үшін  оқшауланған  құбырлардан  жылу 
магистральдарын салу тәжірибесі жалғастырылып жатыр. 
Өнеркәсіпте,  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылықта,  көлік  секторында 
және басқа да салаларда энергиялық тиімді саясатты іске асыру мақсатында 2015-
2020  жылдарға  арналған  қаланың  энергия  үнемдеу    жөніндегі  кешенді  жоспары 
әзірленіп жатыр. 


жүктеу 1,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау