71
Энергияны сақтау бойынша шараларды іске асыру қазіргі уақытта өндірісті,
тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықты және көлік секторын жандандырудың
негізгі құралдарының бірі болып табылады. Энергия тиімділігін көтеру және
энергияны сақтау бойынша іс-шараларды оңтайлы түрде іске асыру
энергетикалық және экологиялық қауіпсіздікті, сондай-ақ, Астана қаласының
бәсекеге қабілеттілілігін көтеруді қамтамасыз етеді.
Өңір экономикасының өсуімен энергетика ресустарын тұтыну жалпы
өңірлік өнім, сол тәрізді экономикалық өсу қарқыныда өнім өндірудің ұлғаюымен,
көздерді тұтынумен қамтамасыз етіледі.
Сонымен бірге, энергияны сақтау Астана қаласы әкімдігінің алдына қойған
негізгі міндеттердің бірі болып табылады.
Энергияны тұтыну құрылымы көрсеткендей, 23,4% өндіріс секторына, оның
ішінде электр станцияларының өндірістік қажеттіліктеріне 15,7%, халықтың
шаруашылық қажеттіліктеріне 24,1% көлік секторына 5,5%, құрылысқа 12,7%,
мемлекеттік басқару органдарына 13,7%, экономиканың өзге де салаларына 28,3%
тиесілі.
Осылайша, энергия тұтыну құрылымының талдауы энергия ресурстарын
негізгі тұтынушылар өндіріс секторы және халық болып табылады.
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық. Инженерлік жүйенің тозу деңгейі
коммуналдық секторда мынадай түрде:
жылумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзақтығы 577,6 км құрайды, оның
ішінде 283,7 км немесе 49,1 % ауыстыруды қажетсінеді, 2014 жылы 26,8 км
ауыстырылды;
электрмен жабдықтау желілерінің жалпы ұзақтығы 6315 км құрайды, оның
ішінде 18% жөндеуді қажет етеді.
Көшелік жарықтандыруда электр сақтау маңызды рольге ие. 2014 жылдың
қорытындысы бойынша көшелік жарықтандыруды қамтамасыз етуге шамамен
39180 мың кВ.ч. (1,2%) тұтынылылады, қазіргі таңда 48 мың көшелік және
саябақтық жарықтандыру нүктелері бар, оның ішінде энергия сақтаушы 9,6%
немесе 4,6 мың жарық нүктесі.
Бюджет секторында энергияны сақтау оның әлеуметтік маңыздылығына
байланысты зор мәнге ие. Қазіргі таңда бюджеттік ұйымдарда шамамен 300 мың
жарық нүктесі, оның ішінде энергия сақтаушы 80% немесе 240 мың жарық
нүктесі бар.
Астана қаласының әкімдігі энергияны сақтау және энергия тиімділікті
көтеру бойныша жұмыстар атқарып жатқандығын ескере отыра, 2013 жылы 2013-
2015 жылдарға арналған Астана қаласының энергия сақтауының кешенді
жоспары қабылданды және іске асырылуда.
Энергияны сақтау және энергия тиімділігін көтеру бойынша жұмыстарды
жүргізу мақсатында әкімдік Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29
тамыздағы № 904 қаулысымен бекітілген «Энергияны сақтау - 2020»
бағдарламасын іске асыруда.
SWOT талдау
72
Күшті жақтары (S)
Осал жақтары (W)
1. Телекоммуникациялық
қызметтердің
дамыған жүйесі.
2. Елорда көлік магистралінің қиылысы
болып табылады.
3. Қоғамдық
көлік
мамандарының
біліктілігі орталығының болуы.
4. Жылумен жабдықтау жүйесінде жаңа
талаптарға
сай,
оқшауландырылған
тұрбаларды басымды түрде пайдалануды
қамтамасыз ететін жылулық жоғалтуларды
жыл сайын төмендету.
5. Қала оны кедергісіз дамыту үшін кең
көлемді жер ресурстарына ие.
6. Құрылыс
секторы
экономиканың
перспективалы саласы болып табылады.
1. Отандық Интернет – көздердің дамыған
сегментінің жеткіліксіздігі.
2. Тіркелген
байланыс
нарығында
бәсекелестіктің болмауы.
3. Күнделікті
өмірде
ақпараттық
коммуникациялық
технологияны
аз
пайдалану.
4. Қалаішілік жолаушылар тасымалының
баламалы түрлерінің болмауы.
5. Тұрақ орындары санының жеткіліксіздігі.
6. Автомобильдердің үздіксіз тұрақтауы
мамандандырылған
көліктің
жүруіне
кедергісін тигізеді.
7. Тұрғын үй қорының, инженерлік –
коммуникациялық инфрақұрылымның тозуы.
8. Бәсекеге
қабілетті
құрылыс
материалдарын жеке меншік түрде өндірудің
жеткіліксіз дамуы.
9. Энергия күшінің тапшылығы
Мүмкіндіктер (O)
Қауіптер (T)
1. Күнделікті
өмірде азаматтар мен
ұйымдардың ақпараттық – коммуникациялық
технологияларды кең пайдалануға көшуі.
2.
Сапаны
басқарудың
халықаралық
стандарттарын автожол саласына ендіру.
3.
Өртке
қарсы
іс-қимыл
инфрақұрылымын дамыту.
4.
Сумен
жабдықтау
жүйесінің
техникалық жағдайын жақсарту.
1.
Халықтың сатып алу қабілетінің
төмендеуі.
2.
Көлік құралдарын ұлғайту есебінен
жол жабынының тозуы.
3.
Халықтың
денсаулығының
төмендеуіне
әкеліп
соғатын
суды
дайындаудың
ескерген
технологияларын
қолдану.
4.
10/0,4 кВ әуе электр беру құралдары-
ның тозуы 73% құрайды, бұл тұтынушыларға
электр энергиясын жеке өшіруге әкелуі
мүмкін
Негізгі проблемалар:
ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласында:
телекоммуникация және пошта байланысы инфрақұрылымын дамыту
деңгейінің жаңашыл әлемдік деңгейге сәйкес келмеуі;
қазақстандық Интернет – ресурстардың дамыған сегментінің жеткіліксіздігі;
күнделікті өмірде ақпараттық коммуникациялық технологиялардың аз
қолданылуы.
құрылыста
мердігер ұйымдардың құрылыс жұмыстарын сапасыз орындауы;
өзге өңірлермен салыстырғанда тұрғын үй бағасының жоғары деңгейі;
жоғары пайыздық мөлшерлемелерге және қарызды өтеудің қатаң
шарттарына байланысты халықты ипотекалық несиелендірудің кең қабаты үшін
төмен қолжетімділік;
тауар номенклатурасының жалпы қатары бойынша импортты тәуелділіктің
жоғары деңгейі;
Достарыңызбен бөлісу: |