Астана қаласы Білім басқармасы



жүктеу 1,07 Mb.
бет1/9
Дата10.12.2017
өлшемі1,07 Mb.
#3750
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Астана қаласы Білім басқармасы

Білім беруді жаңғырту орталығы

Психологиялық қызмет кабинеті


АСТАНА ҚАЛАСЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ПЕДАГОГ- ПСИХОЛОГТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК

ҰСЫНБАЛАР ЖИНАҒЫ

Құрастырушылар:

Садвакасова А.А.

Ахметова А.Б.

Исабекова А.К.

Смецкой М. А.

.

Астана-2017 ж.
Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінің педагог- психологтарына

арналған әдістемелік ұсынбалар жинағы

Рецензент: Оразбаева К.О., PhD докторы.

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ, «Әлеуметтік және жас ерекшелік педагогикасы» кафедрасының аға оқытушысы.

Құрастырушылар: Ахметова А.Б., Исабекова А.К., Білім беруді жаңғырту орталығы,

Психологиялық қызмет кабинетінің психолог- әдіскерлері.

Бұл жинақта мектептегі психологиялық қызмет жұмысын әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен сәйкес материалдар берілген.


Әдістемелік ұсынба Астана қаласының жалпы білім беру мекемелерінің педагог- психологтарына арналып дайындалған.

Мазмұны

1.

Кіріспе


4

2.

Білім берудегі психологиялық қызмет Тұжырымдамасы

Білім берудегі психологиялық қызметтің мақсаты мен міндеттері




5

3.

Білім беру жүйесіндегі психологқа қойылатын талаптар

6

4.

Психологқа қойылатын кәсіби талаптар





5.

Психологтың этикалық кодексі


7

6.

Педагог-психологтың кешенді (пакет) іс- құжаттары

9

7.

Білім мекемелеріндегі психологтың құжаттарды жүргізуі бойынша ұсыныстар. Педагог-психологтың құжаттар номенклатурасы


11


8.

Қосымша 1. Білім беру мекемелеріндегі психологтың лауазымдық міндеттері

14

9.

Қосымша 2. Психологиялық қызмет құжаттары

17

10.

Қосымша 3. Аутодеструктивтік мінез-құлық бойынша тәуекел топты анықтау құжаттары

32

11.


Психолог қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету шарттары

41

12.


Ұсынылатын әдебиеттер

43


Кіріспе
Педагог-психологтың көпжоспарлы қызметін ұйымдастыру және оның мазмұнын іс-құжаттардың жүйелі топтамасында сақтап, нәтижелерін саралап отыруды қажет етеді. Астана қаласының білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет мониторингі психологтардың жұмысында қажетті құжаттар тізімдемесі және оларды жүргізу түрлері бойынша қиындықтардың бар екенін көрсетті.

Қазақстан Республикасында психологиялық қызмет іс-әрекетін реттейтін негізгі нормативтік іс-құжаттардың жүйеленбегені мұндай келеңсіздіктердің басты себебі болып отыр деп айтуға болады. Сондай-ақ мектептердегі психологиялық қызметтің қалай ұйымдастырылуы, мектеп психологтарының негізгі құжаттарының қалай болуы, қалай жүзеге асырылуы жөнінде әдістемелік құралдардың аздығы, психологиялық нұсқаулықтардың жоқтығы деген сияқты мәселелер мектеп психологтары үшін қиындыктар тудырады.

Іс-құжаттарды жүргізу-педагог-психологтың қызметін ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі, оқу-тәрбие үдерісіне қатысушылармен жеке және топтық жұмыстарды есепке алу, даму динамикасын қадағалау және атқарылған жұмыстардың нәтижесін саралап, қорытындылау, талдау жұмыстарын тіркеу т.с.с.

Педагог-психологтың іс-құжаттарды жүргізе білу міндеттеріне не кіреді, қандай жұмыс түрлерін орындай білу керек? Іс-құжаттармен ағымдық жұмыстарда оларды топтастыру, бөлімдерге жіктеу және оларды сақтаудың дұрыс жолға қойылған жүйесі маңызды рөл атқарады.

Білім беру мекемелерінде іс-құжаттарды бөлімдерге бөліп жіктеу үшін іс-қағаздар номенклатурасы болады.

Педагог-психолог іс-құжаттарын мекеме берген номенклатура бойынша құрып, оны қолдана білуі тиіс.


Құжаттар:

  • Жан-жақты және мұқият таңдалған құжаттама аргументті және дәлелді болуы мүмкін, проблемаларды шешу үшін белгілі бір уақыт аралығында не атқарылғаны, өзгерістер, іс-қимыл жоспарлары, міндеттерді сүйемелдеу және белгілі бір нәтижелер тіркеледі, яғни есептік құжат рөліне енеді.

  • педагог-психологтың маман ретінде іске адал қарым-қатынасы және құзыреттілігі дәлелге айналады;

  • педагог-психологтың кәсіби біліктілігін арттыру жеке кәсіби тәжірибесі мен іс-әрекетінің қалыптасу дәрежесін білдіреді;

  • коммуникативтік және интеллектуалдық-пәндік, қолданбалы және практикалық түрдегі қызметінің қарым-қатынас пен қорытындысының бірігуі ретінде көрініс табады

Педагог-психологтың барлық іс-құжаттары келесідей қағидалар негізінде жасалады:

1. Педагог-психологтың іс-құжаттары ҚР БжҒМ негізгі нормативтік құжаттарына негізделуі тиіс;

2. Педагог-психологтың барлық жұмыс түрлері қамтылады және қызметіндегі негізгі бағыттарына сәйкес құрылады;

3. Қызмет тәжірибесінде барлық жұмыс көлемін және жеке жұмыс бірліктерін есепке алуға бағытталған есеп берудің «стандартты» құжаттарын жүргізу;

4. Психолог қызметінің белгілі бір кезеңіндегі атқарған жұмысын көрсету үшін білім беру мекемесінде есеп беруге арналған ыңғайлы мерзімде жүйелі есеп беру;

5. Психолог психологиялық сүйемелдеу жұмысын үйлестіруші ретінде бала және отбасына мейлінше жақындатылған бағытта жүргізеді.

6. Психолог түрлі жастағы «шартты-нормативті» балалар үшін, сондай-ақ дамуында түрлі ауытқулары бар балалармен де жұмыс істеуге ыңғайлы психологиялық технологиялар мен әдістемелер саласынан белгілі бір білімді игерген болуы керек.

7. Диагностикалық материалдар топтамасы жүргізуге, оны өңдеуге ыңғайлы және аз уақыт кететіндей болуы керек.


Білім беру саласындағы психологиялық қызметтің тұжырымдамасы

Білім беру саласындағы психологиялық қызметтің мақсаты мен міндеттері
Білім беру саласындағы психологиялық қызметтің мақсаты барлық білім беру үдерісіне қатысушылардың психикалық және психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту, баланың тұлғалық дамуын сүйемелдеуді психикасы сау дәрежеге жетілдіру құралы ретінде қарастыру болып табылады.

Психикалық денсаулық бәрінен бұрын, жеке дара психикалық үдерістер мен механизмдерге қатысты. Психологиялық денсаулық тұтас бір тұлғаға қатысты және жоғары адами болмыс көріністерімен тығыз байланыста болады да, психикалық дамудың өзіндік психологиялық аспектісін бөліп көрсетеді. Психологиялық денсаулық тұлғаны өзіндік жетілдіре түседі.

Педагог-психолог білім алушының жас шамасына сәйкес айналасындағы адамдармен өзара әрекет контексінде және қоршаған ортаның мәдени, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық нақтылығы жағдайында өзіндік түсіну, өзін қабылдау және өзіндік даму қасиеттерімен қаруландыруы керек. Сонымен, педагог-психолог қызметінің басты мақсаты – балалардың психологиялық денсаулығын дамыту мен сақтауға жағдай туғызу.

Ол дегеніңіз - оқыту үдерісінің барлық кезеңдерінде баланың толыққанды психикалық дамуын негізге алатын психикалық денсаулықты көздейді.

Осыған байланысты, психологиялық қызметтің негізгі міндеттерінің аясы әлдеқалай кеңи түседі.Толыққанды психикалық дамытуды қамтамасыз ететін жағдай туғызу баланың ішкі әлеміне, оның сезімі мен толқуларына, бейімі мен қызығуларына, қабілеті мен біліміне, оның өзіне, құрбы-құрдастарына, ересектерге, қоршаған ортаға, отбасылық және қоғамдық жағдайларға, жалпы өмірге қарым-қатынасына көңіл бөлумен толықтырылады.

Дамытуға бағыттылық білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің мынадай негізгі міндеттерін белгілейді:



  • Балалармен жұмыста әр жастың даму резервтерін жүзеге асыру;

  • Балалардың жеке дара ерекшеліктерін, олардың қызығулары, қабілеттері, сезімі, қарым-қатынасын, қызығушылықтарын, өмірлік жоспарларын дамыту;

  • Баланың қалыпты дамуы үшін ересектер және құрбыларымен оңтайлы қарым-қатынас жасау негізі ретінде жайлы психологиялық ахуал қалыптастыру;

  • Балаларға, олардың ата-аналарына, тәрбиешілер мен мұғалімдерге уақытында психологиялық көмек және қолдау көрсету.

  • Білім беру саласындағы психологиялық қызмет негізгі үш бағыттан тұратын тұтастай жүйе ретінде қарастырылады:

Ғылыми бағыт – заманауи мектеп жағдайында психологиялық білімді кәсіби қолдану құралдарын, әдіс-тәсілдерін дайындау мақсатында бала тұлғасының психикалық даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.

Қолданбалы бағыт – оқу бағдарламаларының, дидактикалық және әдістемелік материалдардың психологиялық негіздемесін, мұғалімдерге психологиялық қолдау көрсету стратегиясын құруды кірістіре отырып, білім беру мен тәрбие үдерісінің психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етілуін іске асырады.

Практикалық бағыт – білім беру ұйымында психологтың тікелей жұмысын қамтамасыз ететін нақты міндеттер кешенін шешу мақсатында, атап айтар болсақ:

- оқушыға қатысы;

- мұғалімге қатысы ;

- білім беру және тәрбиелеу кеңістігі ұйымы ретінде мектепке қатысы бойынша жүзеге асырылады.

Бұл міндеттер педагог-психологқа жаңа білім беру ортасын жобалауға қатысу үшін, оқушылармен жұмыс жасайтын түрлі мамандар үшін қарым-қатынас аймағын құру, мұғалімдерге, ата-аналарға, әкімшілікке тұлғааралық қарым-қатынас, баланың дамуы, жаңа жобалар құру, мектептегі оқу-тәрбие үдерісін методологиялық қамтамасыз ету және басты мәселелерді бөліп алуда кеңес беру мүмкіндіктерін қарастырады.
Білім беру саласындағы психолог қызметінің ғылыми-әдістемелік негізі

Айта кету керек, психологиялық қызметтің қолданбалы және практикалық аспектісінің дамуы ғылыми тұрғыдан дамуына тәуелді.

Бұл тұжырымдаманың негізі болып тұлға - сана мен мінез-құлықтың қоғамдық негізінде меңгерген адам өмірі үдерісінде қалыптасатын тұтастай психологиялық құрылым дейтін психологияда қарастырылатын қағида болып табылады.

Бала тұлғасының психикалық дамуы және қалыптасуы тек ересектермен қарым-қатынаста ғана болуы мүмкін және онтогенездің осы кезеңіндегі басым болып табылатын іс-әрекет саласында көрініс береді.

Бұл тұжырымдама белгілі бір жағдайларда барлық дені сау балалар даму қабілетіне ие деп бағамдайды.

Мектептегі білім беру білім мен іс-әрекеттің түрлі саласында әр баланың қабілетін дамыта білгенде ғана мәнге ие болады.

Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет іс-әрекетіндегі жаңа технологиялар практикалық педагогтар мен психологтардың ағымдағы іс-тәжірибесін талдау барысында алынған түрлі саладағы психологиялық білімінің соңғы жетістіктерін зерттеу негізінде құрылған.
Білім беру жүйесіндегі психологқа қойылатын талаптар
Педагог-психологтың кәсіби құзыреттілігі күрделі психологиялық білім, оның негізі кәсіби қызмет жүйесін қамтитын іс-әрекеттік-рөлдік (білімдер, іскерліктер мен дағдылар) және тұлғалық (кәсіби маңызды сапа) сипаттама ретінде қарастырылады.

Кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін психолог білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік-психологиялық жағдай туралы жеткілікті білімдердерді меңгеруі, өзінің кәсіби жетілуін және тұтастай психологиялық қызметтің даму келешегін анықтай білуі міндетті.

Білім беру мекемелеріннен тыс және әр түрлі құрылымдар ішінде өзара іс-қимылдың оңтайлы стратегияларын таңдау және оны жүзеге асыра білу маңызды.

Білім беру жүйесіндегі психолог, педагогтар мен оқушылар үшін психологиялық білім тасмалдаушы ғана емес. Мінсіз адам бейнесіне сәйкестік тұрғысынан, психологиялық әдістемелер мен технологиялар көмегімен өмірдегі оң нәтижелерге қол жеткізгені бағаланады. Психолог - бұл, ең алдымен білікті маман, сондықтан оған белгілі бір талаптар қойылады. Өйткені, психолог адамдармен олардың психологиялық жағдайымен және ішкі әлемімен жұмыс істейді.



Психологқа қойылатын кәсіби талаптар

Бірінші кезекте психологтың жоғары психологиялық білімі болуы міндетті.


Психолог міндетті:

  • Психолог қызметінің мақсаты мен әдістерін түсінуге;




  • Психологиялық зерттеулер мен сабақтар өткізудің түрлі әдістерін меңгеруге;

  • Клиентпен жұмыс барысында психологияның түрлі салаларынан

білімін қолдана алуға;

  • Психикалық жағдай (қалып) және психикалық үрдістердің механизмдерін ажырата білуге;

  • Адам өмірі үшін психикалық қызметтің маңыздылығын түсінуге;

  • Тұлғаның қалыптасуына ынталандырудың маңыздылығын білуге;

  • Эмоционалдық құбылыстар, зейін, ерікті басқару механизмдері жайлы білуге;

  • Жеке тұлғаның даралығы, оның дамуы және құрылымы жайлы білімінің болуы, адамдардың өзара араласуы, олардың қарым-қатынасы және топаралық қатынастар жайлы заңдылықтарды білуге;

  • Әр жас кезеңіндегі адамдардың дамуы туралы білімдер мен түсініктерді білуі;

  • Психологиялық кеңес беру және психодиагностика негіздерін білуге және тәжірибеде қолдана алуға.


Психолог тұлғасына қойылатын талаптар

  • Адамдардың жеке мінез көріністеріне тәуелді болмай, барлық адамдарға деген бірдей көзқарас;

  • Жанындағы адамдардың эмоционалдық жағдайын сезіне білуі;

  • Жанын жарақаттап алмай, клиентке ақпаратты жеткізудегі қабілеттілік, кәсіби такт.

  • Жағымсыз жағдаяттан немесе тығырықтан шығу үшін тақырыпты тез

өзгерту қабілеттілігі, қандай да бір мәселе бойынша әр түрлі көзқарастарды қарастыруы;

  • Эмоционалдық шыдамдылық және ұстамдылық, клиенттің психикалық жағдайына (қандай болмасын) дұрыс қарай білу, мазасыздануды басу, қалыпты жағдайды қалыптастыра алуы;

  • Жалпы мәдениеттілікті, мінез -құлық ережелерін, әдепті сақтау;

  • Қайырымды, мейірімді, достық атмосферасын құра білуі, клиенттің өзін еркін ұстауына жағдай жасай алуы.


Психологтың этикалық кодексі


  1. Білім беру жүйесіндегі психологтың кәсіби қызметі балалардың алдында ерекше жауапкершілікке ие.

  2. Баланың жеке мүддесі білім беру мекемелері, басқа адамдар, ересектер және балалардың мүдделеріне қайшы келетін болса, бірінші кезекте баланың құқығын қорғау басымдыққа ие. Психолог өзінің қызметтік лауазымын барынша күш салып орындауға міндетті.

  3. Психологтың жұмысы кәсіби тәуелсіздік және дербестік қағидаты

негізінде құрылады. Оның кәсіби психологиялық сипаттағы шешімі түпкілікті болып табылады және оқу-тәрбие мекемелері әкімшілігі немесе жоғары басқару ұйымдары тарапынан жойылуы мүмкін емес.

  1. Психологтың шешімін алып тастауға жоғары білікті психологтардан құралған және тиісті билік өкілдігі бар арнайы комиссияның ғана құқығы бар.

  2. Балалармен жұмыста психолог адалдық пен шынайылық принциптерін басшылыққа алады.

  3. Балаларға көмек көрсете алуы үшін психолог өзі де сенім мен тиісті құқықтарды қажетсінеді. Ол өз кезегінде өзіне берілген құқықтарды дұрыс қолдануы үшін персоналды жауап береді.

  4. Білім беру жүйесіндегі психологтың жұмысы әр баланың еркін интеллектуалдық және тұлғалық даму жолында шектеулерді алып тастауды болжайтын тек ізгілік мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған.

  5. Психолог өз жұмысын бала тұлғасының қадір-қасиеті мен жеке басының қол сұғылмаушылығын сөзсіз құрметтеу негізінде құрады және оның Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясы мен бала құқықтары туралы Конвенция айқындайтын адами құқықтарын белсенді түрде қорғайды

  6. Психолог қоғам алдында, барлық адамдар алдында бала мүддесін қорғайтын тұлғаның бірі болып табылады.

  7. Психолог психодиагностикалық және психокоррекциялық әдістерді таңдауда, қорытынды жасау мен ұсыныс беруде мұқият және абай болуы керек.

  8. Психолог қандай-да бір баланың дамуын, оның адами бостандығын, физикалық және психологиялық еркіндігін шектейтін істерге қатыспауы тиіс. Балаға залал келтіретін істерге тікелей қатысу және жеке бас тарапынан қолдау көрсету психологтың кәсіби этикасын бұзғандығының мейлінше ауыр түрі болып саналады. Басқа адамдардың баланың құқығын бұзу фактілерін немесе балаға қатысты дөрекі қылықтарды байқап қалған жағдайда психолог өзінен жоғары лауазымды адамдарға, сондай-ақ кәсіби бірлестік ұйымына хабарлауына міндетті.

  9. Психолог баланың құқығының бұзылуына әкеліп соқтыратын кез-келген саяси, идеологиялық, әлеуметтік, экономикалық және басқа да ықпалдарға қарсы әрекет жасауы тиіс.

  10. Психолог тек білімі мен біліктілігіне байланысты қызметтерді ғана жүргізуге міндетті.

  11. Сынақтан өтпеген немесе барлық стандартқа толықтай жауап бере алмайтын психодиагностикалық және психокоррекциялық әдістерді мәжбүрлі қолдануға тура келген жағдайда психолог бұл туралы мүдделі тұлғаларға ескертуі керек және қорытынды жасау мен ұсыныс беруде өте мұқият болғаны абзал.

  12. Психологтың құзыретті емес тұлғаларға қолдану үшін психодиагностикалық және психокоррекциялық әдістемелерді беруіне құқығы жоқ.

  13. Психолог психодиагностикалық және психологиялық әдістерін кәсіби дайын емес адамдардың қолдануына жол бермеуі керек және білмегендіктен сондай адамдардың қызметін пайдаланатын адамдарға ескертуі керек.

  14. Жеткіншек жастағы және жоғары мектеп жасындағы жасөспірім балалар үшінші бір тұлғалардың (мұғалім, ата-ана немесе оларды алмастыратын тұлға) қатысуынсыз-ақ психологтан жеке кеңес алуына құқығы бар.

  15. Психолог баланың өзінің қалауы бойынша ересек немесе басқа тұлғалардың қатысуымен зерттеу немесе кеңес беру жұмыстарының жүргізілуіне кедергі келтірмеуі тиіс, заңмен белгіленген медициналық-психологиялық немесе сот-психологиялық сараптамаға байланысты ерекше жағдайларды қоспағанда.

  16. Жеткіншектік және жасөспірімдік шақтағы балаларды жеке психологиялық зерттеу туралы мәліметтерді психолог үшінші бір адамға тек баланың өзі келісім берген жағдайда ғана бере алады. Оның өзінде бала ол туралы кімге, не туралы айтылғаны немесе берілгені туралы білуге құқығы бар.

  17. Мұғалімдерге, ата-аналарға, оларды алмастыра алатын өкілетті адамдарға, білім беру ұйымының әкімшілігіне, яғни осы тұлғалар балалардың жеке басына залал келтіру үшін қолданып кетуіне жол бермейтіндей мәліметтерді ғана беруі керек.

  18. Психолог қызметі мен орны балаға залал келтіруі мүмкін екіұшты болып көрінетін істерге немесе іс-әрекет түрлеріне араластыруына жол бермеуі керек.

  19. Психолог орындай алмайтын жағдайы болса, алдына келген адамдарға уәде бермеуі керек.

  20. Егер баланы зерттеу немесе психологиялық араласу басқа адамдардың талабы бойынша жүзеге асырылатын болса, онда психолог бұл туралы баланың ата-анасына немесе олардың орнындағы өкілетті тұлғаларға хабарлауға міндетті.

  21. Психолог зерттеуіндегі балалар туралы ақпаратты құпияда сақтауға жеке басымен жауап береді.


Педагог-психологтың кешенді іс-құжаттары

Білім беру мекемелері жағдайында әр түрлі іс-құжаттарды дайындау психологтың кәсіби қызметінде маңызды құрылым болып табылады.

Білім беру мекемелеріндегі педагог-психологтің құжаттар жиынтығы: нормативтік, арнайы және ұйымдастырушылық-әдістемелік болып бөлінеді. Құжаттар психолог жұмысының әр бағытын - ағартушылық-кеңес беру, алдын алу, түзете-дамыту, диагностикалық және диспетчерлік қызметті сүйемелдейді.

Нормативтік құжаттар - білім беру жүйесіндегі психологтың кәсіби қызметіндегі нормативтер мен стандарттарды белгілейтін негізгі құжаттар жиынтығы болып табылады.



1.Психологиялық қызметтің нормативтік құжаттары:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

  2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 27 шілде 2007 жыл №319-III

( 24.11.2015 жылы өзгерістер мен толықтырулармен).

  1. «Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы». Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1-наурыздағы №205 Қаулысы.

  2. ҚР «Тіл туралы» Заңы.

  3. «Бала құқықтары туралы» Конвенция ( Нью-Йорк 20 қараша 1989 ж).

  4. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» Заңы (2002 жылғы 8 тамыз №345) (01.01.2016ж. өзгерістер мен толықтырулар ендірілген).

  5. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы.

  6. Қазақстан Республикасының білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері туралы ҚР БжҒМ нұсқаулық хаты (2015 ж)

  7. «Астана қаласының білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы әкімінің Қаулысымен бекітілген Қағида (24.04.2015 №107.595)

10.Психологтың этикалық кодексі.

11. Педагог-психологтың лауазымдық міндеттері.

12.Мектептің жылдық жұмыс жоспары.

13. Мектептің Жарғысы.

14.Психолог кабинетінің төлқұжаты.
2. Ұйымдастырушылық - әдістемелік құжаттар:


  1. Педагог-психологтың жылдық жұмыс жоспары (мекеме басшысының бекітуімен, психологиялық қызмет кабинетімен келісілген).

  2. Педагог-психологтың айлық жұмыс жоспары.

  3. Апталық жұмыс жоспары

  4. Психологтың жұмыс циклограммасы.

  5. Жеке және топтық түзету-дамыту сабақтарының жоспары және

бағдарламасы (мекеме басшысының бекітуімен).

  1. Кәмелетке толмағандардың аутодеструктивтік мінез-құлқының алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары (мекеме басшының бекітуімен).

  2. Статистикалық есептер ( жылдық).

  3. Жасалған жұмыстар бойынша аналитикалық есептер (диагностика нәтижесі бойынша қорытындыны есепке алу және педагогикалық үрдіске барлық қатысушылар үшін ұсынбалар (жарты жылдық және жылдық).

  4. Жұмыс түрлері бойынша есепке алу журналдары: психодиагностика, кеңес беру, түзете-дамыту, ағартушылық, сараптамалық және әдістемелік жұмыстар бойынша.

  5. Сабаққа қатысу журналы.

  6. Психодиагностикалық инструментарийлер: (әдістемелер тізімі мен материалдар).


3. Арнайы құжаттар

1.Оқушы дамуының жеке психологиялық -педагогикалық картасы.

2.Оқушының психологиялық- педагогикалық мінездемесі.

3.Қорытындылар және хаттамалар (жүргізілген психодиагностикалық зерттеулер, түзету сабақтары, баламен және оның ата-анасымен жүргізілген әңгімелесулер, бақылаулар және психологиялық-педагогикалық консилиумдар нәтижесі).

4.Оқушының даму картасы және психологиялық қорытындылардың

көшірмесі.

Жоғарыда көрсетілген құжаттамалардың үш түрі жабық болып табылады, атап айтқанда: қорытындылар, хаттамалар, бала дамуының психологиялық-педагогикалық картасы.

Көшірме-құжаттаманың сыртқы түрі болып саналады және жеке тұлғалар (ата-аналар, тәрбиешілер, мұғалімдер), сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің (балабақшалар, мектептер, емханалар, орталықтар, мамандандырылған мекемелер) ресми сұратуы бойынша ресімделеді.

Көшірменің негізгі мәтіні тұжырымдар, баланың айырықша ерекшеліктері мен даму мәселелері, жалпы және арнайы ұсыныстар көрсетілген психологиялық қорытындының бейімделген нұсқасының бөлігі болып саналады.

Айта кету керек, ресми сұрау салған жағдайда осы құжатта екі қол қойылуы тиіс: диагностикалық тексеру өткізген тұлғаның (психолог) және білім беру мекемелерінің әкімшілік тұлғалары (балабақша меңгерушісінің, мектеп директоры, білім беру мекемелері және т. б).

Көшірмеде нақтыланған сұрау салу кезінде психологиялық тексерудің мақсаты мен құралдары, ал нәтижесінде - сұрау салу фактісі бойынша растау немесе теріске шығару анықталған болуы тиіс.

Даму картасының көшірмесін рәсімдеуге қойылатын талаптар құжаттардың сақталу айырмашылығында, олар тек ресми сұрау салу және балалар (жас) психологиясынан құзыретті тұлғаларға және осы құжаттарға заңды түрде жауаптыларға (мектеп психологтары,мамандандырылған мекемелер, аудандық, аймақтық және психологиялық кабинеттер, арнайы білікті мамандар) ұсынылады.

Психологиялық сипаттама баланың психикалық дамуы және психологиялық портретін құру немесе бүтіндей жас топтарымен танысу кезінде немесе басқа да аспектілерді көрсетеді. Ол еркін түрде жазылады және әкімшіліктен бұрыштама қоюды талап етпейді. Сипаттама баланың жеке даму ерекшеліктері туралы, яғни оның танымдық және тұлғалық- эмоционалдық саласы, психофизиологиялық қыр-сырлары, коммуникативтік тілектері, балада бар жалпы және арнайы қабілеттері және т.б көрсетіледі.

Психологиялық қорытынды психолог жұмысындағы негізгі іс-құжаттамасы болып табылады. Қазіргі уақытта ғылыми-теориялық ұстанымдар мен кәсіби технологиялардың жоғары вариативтілігі психологтардың психологиялық қорытындыларды түрі және мазмұны бойынша саралауынан байқалады.

Бұл біріншіден, психикалық даму, психикалық үрдістер динамикасының құралдары және тетіктері жайлы психологтардың әртүрлі көзқараста болуымен, екіншіден, психологтардың құзыретіндегі психодиагностикалық технологиялардың әртүрлілігімен байланысты. Дәл осы жағдай психологтың негізгі құжаттамасының мазмұнын жасауға ықпал етеді.



Психологиялық қорытындының бірнеше нұсқасы кездеседі.

1-нұсқа. Психикалық дамудың парциальды параметрлерін құрылымдау бойынша. Осындай психологиялық қорытындыларда көбінесе моториканы үйлестірудің жекелеген көрсеткіштері, білім алуы, мотивациялық-қажеттілік және зияткерлік жетілу бар.

Психологиялық қорытындының бұл түрі ішінара психологиялық зерттеулерде және "мектепке дайындықта" пайдаланылуы мүмкін.



2-нұсқа. Кешенді параметрлер бойынша баланың психофизикалық дамуын, сонымен қатар оның білімі мен тәрбиесін қамтитын көрсеткіштер бойынша құрылымдау. Бұл құрылымдау түрінің кемшілігі бірыңғай талдамалық кеңістіктің (психологиялық) болмауы. Кейбір жағдайларда жас балалардың дамуын бағалау кезінде пайдаланылады. Психологиялық қорытындының екі нұсқасы да белгілі бір жас кезеңінде баланың психикалық дамуының толық көрінісін көрсетеді.

4. Педагог- психолог портфолиосы

  1. Өзінің кәсіби біліктілігін жетілдірудің жұмыс жоспары (мекеме басшысының бекітуімен).

  2. Әдістемелік бірлестіктерде, педагогикалық кеңестерде, ата-аналар жиналысында және республикалық, қалалық акцияларда және т.б дайындаған материалдары, баяндамалары.

  3. Дайындаған әдістемелік ұсынбалары (авторлық бағдарламалары).

  4. Дипломдары, Грамоталары , Сертификаттары және т.б ( көшірмесі).

  5. Біліктілікті арттыру курстары бойынша (сертификат көшірмесі).

  6. Баспаларда жарияланған мақалалары, әзірлемелері т.с.с. (сканер көшірмесі).




  1. Педагог-психолог қызметіндегі кіріс және шығыс құжаттары:

  1. Астана қаласы білім Басқармасы, ҚР БжҒМ келіп түскен ақпараттық хаттар, бұйрықтар, ережелер және т.б.

  2. Кабинеттің(тердің) болуы және жабдықталуы туралы ББ бұйрығы.

  3. Мектепке дейінгі мекемелерде психологиялық қызмет құрамын бекіту туралы бұйрық ( мекеме басшысының бекітуімен)

  4. Психологиялық қызмет жұмысын тексеру туралы анықтамалар.


Білім беру мекемелерінде психологтың құжаттарды жүргізуі бойынша ұсыныстар (номенклатура бойынша)

Педагог-психологтың номенклатура іс-құжаттары білім беру мекемесінің жетекшісімен бекітіледі және білім беру мекемелерінің Жарғысы және қызмет түрлерінің ерекшеліктерімен байланысты айырмашылықтардың болуы мүмкін.


ХХ-01 Психологиялық қызметтегі нормативтік-құқықтық

құжаттар:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

  2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.27 шілде 2007 жыл №319-III

( 24.11.2015 жылы өзгерістер мен толықтырулармен).

  1. «Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы». Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1-наурыздағы №205 Қаулысы.

  2. ҚР «Тіл туралы» Заңы.

  3. «Бала құқықтары туралы» Конвенция ( Нью-Йорк 20 қараша 1989 ж).

  4. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» Заңы (2002 жылғы 8 тамыз №345) (01.01.2016ж. өзгерістер мен толықтырулар ендірілген).

  5. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері туралы ҚР БжҒМ нұсқаулық хаты (2015 ж)

  6. «Астана қаласының білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы әкімінің Қаулысымен бекітілген Қағида (24.04.2015 №107.595).

  7. Психологтың этикалық кодексі.

  8. Педагог-психологтың лауазымдық міндеттері.

  9. Білім беру мекемесінің жылдық жұмыс жоспары.

  10. Білім беру мекемесінің Жарғысы.

13.Психолог кабинетінің төлқұжаты.

ХХ-02 Психологиялық қызметтің жұмыс жоспарлары:

  1. Психологтың жылдық жұмыс жоспары.

  2. Психологтың айлық жұмыс жоспары.

  3. Психологтың апталық жоспары.

  4. Ата-аналар және педагогтармен жұмыс жоспары

  5. Жеке және топтық түзету-дамыту және алдын алу сабақтарының әзірлемелері мен бағдарламалары.

  6. Психологтың жұмыс циклограммасы.


ХХ-03 Психологиялық қызметтегі психодиагностикалық бағыт:

1.Диагностикалық инструментарийлер (диагностикалық әдістемелер тізімі және материалдары).

2.Диагностикалық іс - шараларды тіркеу журналы. (ХХ-03-02)

3.Диагностикалық зерттеу хаттамалары мен материалдары.


ХХ-04 Психологиялық қызметтегі кеңес беру бағыты:

1.Жеке және топтық кеңес беруді есепке алу журналы (педагогтар мен ата-аналар, оқушылар үшін). (ХХ-04-01)

2.Сабаққа қатысу журналы. (ХХ-04-02)
ХХ-05 Психологиялық қызметтегі ағартушылық бағыт:


  1. Ата-аналар және педагогтармен жүргізілетін жұмыс жоспары.

  2. Әдістемелік ұсынбалар мен жаднамалар.

  3. Ағартушылық жұмыстарды есепке алу журналы.

  4. Өткізілген іс- шаралардың әзірлемелері.

  5. Әдістемелік материалдар (педагогикалық кеңестерде, бірлестік отырыстарында, ата-аналар жиналысында және республикалық, қалалық акцияларда және т.б дайындаған материалдары, баяндамалары).


ХХ-06 Психологиялық қызметтегі түзету-дамыту бағыты:

1.Жеке және топтық түзету-дамыту сабақтарының, алдын алу сабақтарының

әзірлемелері және бағдарламасы (мекеме басшысының бекітуімен):


  • Дарынды балалармен (жеке папка);

  • «Тәуекел топ» балаларымен (жеке папка);

  • Үлгерімі төмен оқушылармен (жеке папка);

  • Мектепішілік және қалалық есепте тұрған балалармен (жеке папка);

2.Жеке және топтық түзету- дамыту жұмыстарын есепке алу журналы.
ХХ-07 Психологиялық қызметтегі ұйымдастырушылық-әдістемелік

және сараптамалық жұмыстар бағыты:

  1. Психологиялық-педагогикалық консилиум, медициналық психологиялық педагогикалық комиссия (ПМПК) материалдары, сараптамалық отырыс хаттамалары.

  2. Сараптамалық және әдістемелік жұмыстарды есепке алу журналдары.

  3. Педагог-психолог портфолиосы.



ХХ-08 Психологиялық қызметтегі есепке алу/ есеп беру құжаттары:

1.Жасалған жұмыстар бойынша аналитикалық есептер (диагностика нәтижесі бойынша қорытындыны есепке алу және педагогикалық үрдіске барлық қатысушылар үшін ұсынбалар (жарты жылдық және жылдық).

2. Статистикалық есеп ( жылдық).

3. «Психологқа сұрақ» айдары бойынша есеп беру ( ай сайын).


ХХ-09 Бейіндік оқыту және кәсіби бағдар беруді психологиялық сүйемелдеу:

1.Бейіндік оқыту және кәсіби бағдар беруді психологиялық сүйемелдеу

бойынша іс-шаралар жоспары (оқушылар, ата-аналар және

педагогтарды қамти отырып)

2.Бейіндік оқыту және кәсіби бағдар беру бойынша материалдар

топтамасы.



ХХ-10 Психологиялық қызметтегі кіріс және шығыс құжаттары:

1.Ақпараттық хаттар, Бұйрықтар, Ережелер және т.б.



ХХ-11 Кәмелетке толмағандардың аутодеструктивтік мінез- құлқының алдын

алу бойынша құжаттар:

  1. Кәмелетке толмағандардың аутодеструктивтік мінез-құлқының алдын алу бойынша іс -шаралар жоспары (мекеме басшысының бекітуімен)

  2. Оқталушымен жеке жұмыс жоспары 6 айға (суицидке оқталу әрекеті болған жағдайда).

  3. Кәмелетке толмағандардың аутодеструктивтік мінез-құлқының алдын алу жұмыстары бойынша аналитикалық есеп (тоқсандық, жарты жылдық, жылдық).

  4. ШПК кабинеті, ППДДО-на (КЭПП, МЦППЗ) жолдамасының көшірмесі.

Кәмелетке толмағандардың аутодеструктивтік мінез-құлқының алдын алу бойынша тәуекел топ үшін құжаттар тізімі:

  • Суицидке оқталу әрекеті болған немесе аяқталған суицид жағдайында тапсыруға қажетті құжаттар ( үлгі-1)

  • Кәмелетке толмағандардың үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі (үлгі-2)

  • Аутодеструктивтік мінез-құлық жағдайы туралы мәлімдеме ( үлгі-3)

  • Суицидке оқталу әрекеті болған немесе аяқталған суицид жағдайы бойынша ақпарат( үлгі-4).

  • Астана қаласы Білім басқармасы басшысының атына «Оқушының суицидке оқталуы жайлы» ақпарат (үлгі- 5).

  • Аутодеструктивтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша әр тоқсан сайын атқарылған жұмыстардың есебі (үлгі-6)

  • Оқушымен 6 айға арналған жеке жұмыс жоспары (суицидке оқталудан кейін) (үлгі -7)

  • Суицидке оқталу әрекеті болған / аяқталған суицид салдарын зерттеу бойынша жедел әрекет тобының отырыс хаттамасы ( үлгі -8)

  • Оқушының суицидке оқталу әрекетінің болғанын / аяқталған суицид себептерін анықтау бойынша мобильдік топтың отырыс хаттамасы

  • ( үлгі -9)

  • Инспектордың анықтамасы/ мәлімдемесі ( үлгі -10)

  • Кәмелетке толмағандардың аутодеструктивтік мінез-құлқы бойынша «Тәуекел топтағы» оқушыларды анықтау өлшемдері ( үлгі -11)

  • Суицидтік әрекет және суицидке оқталу бойынша мониторинг (үлгі 12)



Құжаттар бекітілген формада жүргізіледі.

1.Перспективалық (жылдық) жоспарлау Форма № 1

2. Айлық жұмыс жоспары Форма № 2

3. Апталық жұмыс жоспары Форма № 2А



4. Жұмыс циклограмма Форма № 3

Жұмыс түрлерін тіркеу журналдары (Формалар № 4 А-Ж)

5. Диагностиканы тіркеу журналы Форма № 4 А

6. Кеңес беру журналы Форма № 4 Б

7. Дамыту - түзету жұмыстарын есепке алу журналы (жеке) Форма №

8. Топтық дамыту -түзету жұмыстарын есепке алу журналы Форма № 4Г

9. Ағартушылық жұмыс Форма № 4Д

10. Сараптамалық жұмыс журналы Форма № 4Е

11.Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс журналы Форма № 4 Ж

12. Білім беру мекемелеріндегі педагог-психологтың талдамалық есеп және статистикалық анықтаманы дайындау бойынша ұсынбалар (Форма № 5А-Б)

13.Статистикалық анықтама Форма № 5А

14. Жұмыс бойынша талдамалық есеп Форма № 5Б

15.Жүргізілген психодиагностикалық зерттеулер қорытындысы бойынша Форма № 6 А-Г

16.Оқушы дамуының жеке психологиялық-педагогикалық картасы Форма №7



17. Педагог-психологтың топтық жұмыс бағдарламасы Форма № 8

18.Жеке түзету және дамыту жұмыстарының бағдарламасы Форма № 9

19.Авторлық бағдарламаға қойылатын талаптар Форма № 10

20.Хаттамалар Форма № 11 А-В



жүктеу 1,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау