Агломерация қалыптастыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізудің ұстанымдары
Астана агломерациясы аймағындағы мемлекеттік саясат өзінің мақсаты ретінде «агломерацияны мемлекет аралық және аймақ аралық байланыс жүйесіне кіріктірілген, өмірдің және қоршаған ортаның жоғары сапасымен көп атқарымды постиндустриалды аймақ ретінде тұрақты дамытуды» қойып отыр (Агломерацияны 2030 жылға дейін дамыту жоспары).
Осы мақсатқа қол жеткізу үдерісінде агломерацияны мемлекеттік басқарудың қолданыстағы үлгісі қажет, оның құрамына кіретіндер:
а) агломерацияны дамытудың нормативті-құқықтық қамсыздандыру;
б) мемлекеттік басқарудың түрлі деңгейлерінен агломерацияны дамыту бойынша өкілдіктерді анықтау;
в) агломерацияны басқарудың мекеме аралық органдарының түзілуі.
Агломерацияның дамуын нормативті-құқықтық қамсыздандыру келесідей жүргізіледі:
- агломерацияның кеңістіктік орналастыру параметрлерін орнату;
- агломерация шекараларын бекіту;
Тізімделген регламенттер негізінде архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңдарға сәйкес толықтырулар енгізу керек. Бұл агломерацияны реттеу үдерісіндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың негізгі іргетасы болады.
Өкілдіктерді ұтымды бөлу агломерация қалыптасуының бағыты мен шартын қарастыратын, элементі Аймақ аралық сызба болып табылатын Басқару моделінде анықталуы керек. Сызбаның шараларын жүзеге асыру агломерацияны басқарудың мекеме аралық органымен жүргізілуі қажет.
Аймақ аралық сызба агломерацияны қалыптастыру бойынша бірқатар мемлекеттік міндеттерді шешуге құрылған:
- агломерация дамуы тұжырымдамасын анықтау;
- аймақ аралық және халықаралық еңбекті бөлуде агломерацияны экономикалық жайғастыру;
- көлік-логистикалық кешенді дамыту;
- инженерлік инфрақұрылымды дамыту;
- әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;
- қоршаған ортаны қорғау және ТЖ ескерту;
- агломерация дамуын басқару.
Астана агломерациясы қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатта реттеудің нақты нысандары бар:
а) әкімшілік бірліктер аймағы:
Астана, Аршалы, Целиноград, Шортанды, Ақкөл аудандары, ауылдық округтері;
б) елді мекендер аймақтары: поселкелер, ауылдар;
в) атқарымдық аймақтар: көлік дәліздері, орналастыру арналары, орналастыру тірегі;
г) жылжымайтын мүлік нысаны: жер, ғимараттар, құрылыстар;
д) арнайы экономикалық аймақтар;
е) тарихи және мәдени жылжымайтын ескерткіштер.
Осы нысандарды реттеу үдерісінде жергілікті билік органдары бүкіл қоғам мүдделерін сақтау керек: мемлекеттік, қоғамдық, жеке.
Мемлекеттік мүдделер қоғамдық және жеке мүдделерді қамсыздандыруға бағытталған:
- тұрақты дамуды қабылдау;
- тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі;
- көлік, байланыс, энергетика;
- инженерлік коммуникациялар;
- қоршаған ортаны қорғау;
- тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау.
Бұған қоса мемлекет айрықша мемлекеттік реттелетін және қала құрылысын регламенттеу нысандарын анықтайды:
Экологиялық апаттар мен төтенше оқиғалар аймағы
Айрықша қорғалатын табиғи аймақтар
Суды қорғау аймақтары мен жолақтары
Демалыс орны аймақтары
Резервтік тағайындаудағы аймақтар
Қазақстан Республикасының астанасы.
Қала құрылысы қызметіне мемлекеттің әсер ету бағытын жалпылай келе, әсер етудің үш негізгі механизмін бөліп көрсетуге болады:
Негізгі реттемелер анықтайтын құқықтық реттегіштер.
Бақылау-түзету сипаты бар әкімшілік реттегіштер.
Агломерация ішіндегі шаруашылық қатынастарға әсер ететін экономикалық реттегіштер.
Белгілеулер мен қысқартулар
ДЖЖ– дербес жылыту жүйесі
СБИ – су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу бойынша бассейндік инспекция
ШЖҚ МКК – шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
МЕМСТ – мемлекеттік бүкілодақтық стандарт
ОЖҚ – орталықтандырылмаған жылумен қамту
ЛЗ– ластаушы заттар
АБМ – аралас блок-модуль
КНС – кәріз сорғыш станциясы
Текше м. – текше метр
ЭБЖ – электр беру желісі
АМС– аймақаралық мемлекеттік емес сараптама
ЖСК – жер асты сулары кен орындары
ҰММ – ұсақ мүйізді мал
АШМ – ауыл шаруашылығы министрлігі
СТФ – сүт-тауар фермасы
ҒЗО – ғылыми-зерттеу орталығы
ЕМ – елді мекен
ҚТД – қалыпты тірек деңгейі
ШРК – шекті рұқсат етілген концентрация
ПС – подстанция
ЖСҚ – жобалық-сметалық құжаттама
РМҚК – Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
РМК – Республикалық мемлекеттік кәсіпорын
АЭК – Аймақтық электр желісі компаниясы
с/о – селолық округ
ҚҚЖ – құрылыс-құрастыру жұмыстары
АЕМ – ауылдық елді мекен
СТГ – сығылған табиғи газ
СКГ – сығылған көмірсутекті газ
ТЭН – техникалық-экономикалық негіздеме
ЖЭО – жылу электр орталығы
ШАС – шаруашылық ауыз сумен қамту
СЭСО – санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы
ЭҚА – электронды құжат айналымы
ADSL - Asymmetric Digital Subscriber Line (асимметриялы сандық абоненттік желі)
CDMA - Code Division Multiple Access (кодты жіктелген көпшілік қол жетімділік)
Ko – элементтердің қауіптілік коэффициенті
Kс – топырақтағы зат концентрациясы коэффициенті
Zc –аймақтық қорға қатысты топырақ ластаушысының жиынтық көрсеткіші
Zo –барлық таңдалған заттар үшін топырақ ШРК қатысты топырақты ластау қаупінің жиынтық көрсеткіші
1 қосымша халқының болжалды саны және Астана агломерациясы аймағына енген елді мекендер тізімі *
Достарыңызбен бөлісу: |