Астана агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы


Әлеуметтік инфрақұрылымды кешенді дамыту шаралары



жүктеу 2,4 Mb.
бет16/22
Дата11.01.2020
өлшемі2,4 Mb.
#26267
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22

2.5 Әлеуметтік инфрақұрылымды кешенді дамыту шаралары

Агломерация аумағында әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының жетіспеушілігі бар (68 кесте).



68 кесте – Агломерация аумағында әлеуметтік инфрақұрылым нысандарымен қамтылу және жаңаларын салу

Көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірлігі

Норма

Қолданыстағы нысандар

2014 ж.

2020 ж.

2030 ж.

норма бойынша қажет


норма бойынша қажет


жаңа құрылыс

норма бойынша қажет


жаңа құрылыс

Балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер

орын

70% қамту аясында демографияға тәуелді

4055

8898

10463

6408

14623

4160

Жалпы білім беретін мекемелер

оқушы

балаларды 100% толық емес орта біліммен және 75% орта біліммен (X-XI сыныптар) қамтуды ескере отырып

36799

24305

29203

6000*

40028

7150*

Емханалар

ауысымда келетіндер

26

2749

5122

5722

2973

7423

1701

Стационарлар

төсек

13,5

640

2660

2971

2331

3854

883

Клубтар, мәдениет үйлері, халықпен мәдени-көпшілікті жұмыс жүргізуге, уақыт өткізуге және әуесқойлық қызметке арналған үй-жайлар

орын

60

9662

11820

13206

3544

17130

3924

*- ірі СЕМ арналған қажетті мектептер саны (бірақ жалпы алғанда аяғына дейін жинақталмаған мектептерді есепке алғанда, орын жеткілікті)

Өткен ғасырдың 90- шы жылдардағы теріс демографиялық үрдістер жалпы білім беретін мектептерде білім алатын балалар санының төменеуіне әсерін тигізбей қоймады. Сол уақытта балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту ұлғайды. Бұған жаңадан мектепке дейінгі мекемелерді салу, әрекеттегілерін қайта құрып, мақсатына сай пайдаланбай жатқан балалардың мектепке дейінгі мекемелерін білім беру жүйесіне қайтару септігін тигізді.

Астана агломерациясында көрсетіліп отырған әлеуметтік қызметтердің сапасына да тікелей әсерін тигізіп отырған білім саласындағы негізгі мәселелерге білім беретін мекемелер ғимарттарының тозуы мен еңбекақының төменгі деңгейі де жатады.

Жоғары технологиялық медициналық көмекті көрсететін медицина мекемелері негізінен Астана қаласында орналасады, онда дәрігерлік амбулаторлық-емханалық мекемелер қуатының көрсеткіштері мен халықтың аурухана төсектерімен және дәрігерлермен қамтылуы агломерация аудандары ғана емес, бүкіл республикадағы тиісті көрсеткіштерден бірнеше есе асып түседі. Агломерацияның денсаулық сақтау жүйесі бір орталықтанған сипатқа ие – республикалық орталықта (Астана қ.) медицна мекемелерінің басым көпшілігі шоғырланған: қалалық және жұқпалы аурулар ауруханасы, қалалық балалар ауруханасы, стоматологиялық емхана, балалар стоматологиялық емханасы, түрлі типтегі диспансерлер, ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы, көптеген жеке меншік медицна мекемелері.

Агломерацияның ауылдық аудандары бойынша дәрігерлермен жасақталу орташа алғанда 75 до 86%, орта медицина қызметкерлерімен - 88,5% құрайды.

Денсаулық сақтау саласының негізгі мәселелеріне мыналар жатады:



  • денсаулық сақтау мекемелерінің, әсіресе ауылды жерлерде, қатты тозуы;

  • халықтың дәрігерлермен және орта медицна қызметкерлерімен жеткілікті дәрежеде қамтылмауы;

Агломерацияны дамыту жобасы аясында денсаулық сақтау саласында жобаларды іске асыруға қаражат тарту жаңа емдік-профилактикалық мекемелерді салып, әрекеттегілерін жаңғыртуға мүмкіндік береді, бұл агломерация орталығының қазіргі медициналық мекемелер желісіне түсетін жүктемені төмендетуге әкеліп, халыққа көрсетілетін медицина қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыратын болады.

Мәдениет саласындағы негізгі мәселелерге әлсіз материалдық-техникалық база; бюджеттік қаржыландырудың тапшылығы; мәдениет саласы қызметкерлері еңбекақысының төмендігі, сонымен қатар өткен ғасырдың 90- шы жылдары аукциондардан жеке меншік иелеріне сатылған ғимараттардың жетіспеушілігі жатады.

Агломерация аудандарының арасында тұрақты байланыстар қалыптаспай жатыр, себебі барлық қорларды өзіне агломерацияның орталығы – Астана қаласы тартып отыр. Ауылдық аудандар мен агломерация орталығының бірлескен әрекеттері осы мәселелерді шешуге бағытталатын болады, бұл агломерацияның бірыңғай мәдени кеңістігін құруға, әрекеттегі мекемелер желісін оңтайландыруға әкеліп, ауылдық елді мекендер тұрғындарына мәдени-уақыт өткізу қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Агломерацияның ауылдық аудандары аумақтарында ірі сауда және ойын-сауық орталықтарын салу қажет. Бұл нысандар агломерация халқының шоғырланар орталығына айналу мүмкіндігіне ие болып, агломерацияның бірыңғай әлеуметтік-мәдени кеңістігін қалыптастыруға септігін тигізетін болады.

Агломерация құрамына кіретін аудандардың дамуы біркелкі емес, бірақ олар халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейі жоғары болатын ортаны қалыптастыруға болатын қомақты даму әлеуетіне ие.

Қоныстандыру арналары тұжырымдамасы контрмагнит қалаларды және индустриялық аймақтарды құру арқылы қатынамалы көші-қонды төмендетуді көздейді. Оларда жұмыспен қамтуды және өмір сүруге қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым болады.

Қоныстандыру арналарының құрылуы агломерация халқы тығыздығының айтарлықтай қайта қаралуына әкеліп соқтырады. Қарастырылып жатқан аумақта қазіргі кезде бақыланып жатқан адамдардың дисперсті, бытыраңқы, әркелкі қоныстануы адамдардың басым көпшілігінің арналардың әсер ету аймағында шоғырлануымен алмасуы мүмкін. Бұл халықты әлеуметтік инфрақұрылым нысандарымен қамтамасыз етуді жеңілдетіп, индустриялық аймақтарды құрумен қатар, шағын және орта бизнестің дамуына демеу бере алады. Бұл кезде қалған аумақтар дисперсті елді мекендерден босап, оларға бастапқы табиғи жағдайды қайтаруға болады.

Қоныстану арналары көлік қатынасының анағұрлым кішірек жолдарымен үйлесе отырып, бірыңғай коммуникациялық жүйеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Тап осы арналарда көлік жүйелері (тас жолдары, рельстік көлік) шоғырланып, газбен магистральды құбырлар мен ақпараттық кабельдер өтетін болады. Мұндай өңіраралық коммуникациялық дәліздерді салу агломерацияның бүкіл аумағында және одан тыс жерлерде қорлардың кең ауқымын пайдаланудың тең шарттарын құруға мүмкіндік береді.


2.6 Орман шаруашылығын және рекреациялық инфрақұрылымды кешенді дамыту шаралары

Орман шаруашылығының дамуы. Астана агломерациясының аумағы далалы жерде орналасқан және табиғи орман алабы тек аумақтың солтүстік бөлігі – Ақкөл ауданына ғана тән. Бұл жердегі орман алабы тамырлы гранит жыныстардың шығысындағы қылқан жапырақты қарағайға бай, сонымен қатар, агломерация аумағының шығысында, Константиновский селолық округінде шағын алаң бар.

Астана қаласының шекарасындағы жасыл белдеудің ауданы 14,8 мың га құрайды, оның ішінде орман өсімдіктері – 11,5 мың га;

Агломерация шекарасындағы орман қорының ауданы 73,9 мың га, оның ішінде орман өсімдіктері – 46.8 мың га;

Орманға жарамды топырақты жерлердің ауданы, екпе ағаштарды отырғызу үшін ұсынылған жобалық зерттеулерден кейін – 27,0 мың га;

Жобалық-іздеу жұмыстары мен екпе ағаштарды жобалауға арналған орманға жарамды жерлерді анықтау алаңдарының қоры 52,0 мың га құрайды.

Агломерация аумағындағы көгалдандыру саласының шаруашылық субъектісі ретінде «Жасыл Аймақ» РМК табылады.

2003 жылдан 2010 жылға дейін, жалпы көлемі 57 мың га құрайтын Астана, Вячеславское , Қызылжар, Шортанды, Аршалы, Ерейментау орман шаруашылығы мен «Ақ қайың» көшеттік салынды (69 кесте).
Агломерация аумағындағы орман шаруашылығы

69 кесте




Бөлімшелердің атауы

Ауданы, га

1

Астана

12389

2

Батыс

12261

3

Вячеславское

9525

4

Қызылжар

12605

5

Шортанды, оның ішінде, «Дамса» көшеттігі

23075

6

Аршалы

6237

7

Ерейментау

6382

8

Сарыоба

3909

9

Орталық

6

10

«Ақ Қайың» көшеттігі

265

Барлығы

68 012

«Жасыл аймақ» РМК аумағында жалпы ауданы 334 га 2 көшеттік бар.

Отырғызу материалдарының ассортиментін кеңейту үшін, 2014 жылы жалпы ауданы 51,3 га «Ақкөл» ОШ КГУ көшеттікті қайта құру жүзеге асырылды, онда тамшылатып суарудың заманауи жүйесі қолданылды, яғни, полимерлі құбыр желілерінің жүйесі бойынша су өсімдіктің тамыр аймағына жіберіледі. Осыған орай, тамшылатып суару кезінде су мен энергияның шығыны 2-5 есеге азаяды. Сумен бірге тікелей әр өсімдіктің тамыр аймағына берілетін тыңайтқыштардың шығыны 3-4 есеге төмендейді.

Көгалдандыруды қалыптастыру бойынша жобалық ұсыныстар



  1. Астана қаласының айналасында жасыл белдеуді қалыптастыру және оны Шу-Бурабай курорттық аймағының табиғи орман алаптарымен жалғастыру үшін келесі кестеде көрсетілген шаралар қарастырылған.



Астана қаласының айналасында жасыл белдеуді құру

70 кесте




Іс-шаралар

Жүзеге асыру мерзімі

Болжалды шығындар, млн тг

Қаржыландыру көздері

1

«Астана-Бурабай» (шамамен 137,0 мың га) жасыл дәлізін құру

2016 жыл

2016 жыл – 84, 9


Жергілікті бюджет

2

Астана қаласының айналасындағы жасыл белдеу аумағына екпе ағаштарды отырғызу

2016 – 2020 жылдар

2016 жыл – 5 877,7*

2017 жыл – 6 739,4*

2018 жыл – 5 187,0*

2019 жыл – 5 146,5*

2020 жыл – 5 388,2*


Жергілікті бюджет

3

Астана агломерациясының орман қоры аумағында екпе ағаштарды отырғызу (оның ішінде екінші әдіс) бойынша жұмыстардың жобаларын әзірлеу және өндіру

2016 – 2020 жылдар

2016 жыл – 2 761,4*

2017 жыл – 2 771,5*

2018 жыл – 2 771,5*

2019 жыл – 2 771,5*

2020 жыл – 2 771,5*


Республикалық бюджет





  1. Орманға жарамды жерлердегі ландшафтты қалыптастыру жобаларын әзірлеу (екінші әдіс) және оларды құру.

«Ақ жайық» РМК 2015-2017 жылдары жүзеге асырылатын, жалпы ауданы 7216 га ландшафтты қалыптастырудың тоғыз әзірленген жобасы бар.

2015-2018 жылдарға арналған жобаларды әзірлеудің болжалды ауданы 17974 га құрайды.



  1. «Жасыл аймақ» РМК мен оның орман шаруашылығының материалдық базасы мен инфрақұрылымының құрылысы.

«Жасыл Аймақ» РМК екпе ағаштары мен өндірістік базасын құру ТЭН»

сәйкес, келесі ауылдарда орман шаруашылықтарының құрылысы қарастырылған:



  1. Астана – Қызылжар ауылы;

  2. Аршалы – Жалтыркөл ауылы;

  3. Батыс - Максимовка селосы;

  4. Вячеславское - Арнасай ауылы;

  5. Ерейментау - Приречный ауылы;

  6. Қызылжар - Шұбар ауылы;

  7. Сарыоба - Сары-Оба ауылы;

  8. Шортанды – Бозайғыр селосы.

Орталық мекен мен орман шаруашылығының құрылысын екпе ағаштарды отырғызуға арналған орман қорының жарамсыз аймақтарына орналастыру қажет.

Орман өрттерімен күрес бойынша шаралар. Агломерация аумағында өртке қарсы техникамен және өрт сөндіру құралдарымен, автомобильдер, тракторлар және бульдозерлермен, топырақты өңдеу құралдарымен жабдықталуы тиіс, 1 және 2 типті ӨХС (өрт-химиялық станциялар, мотоөрт бекеттері) жұмыс істеуі қажет.



Өртке қарсы тағайындамадағы нысандардың жобалық құрылысы

71 кесте

р/с


Орман шаруашылығының атауы

1 типті ӨХС, бірлік

2 типті ӨХС, бірлік

Ұңғымалар, бірлік.

Резер-вуарлар, м3

Өрт мұнаралары, бірлік

1

Астана

1

-

1

150

1

2

Аршалы

1

-

1

150

1

3

Батыс

1

-

1

150

1

4

Вячеславское

1

-

1

150

1

5

Ерейментау

1

-

1

150

1

6

Қызылжар

Доукомп

-

Бар

30 м3




7

Сарыоба

1

-

1

150

1

8

Шортанды

1

-

-

150

1

9

Орталық мекен




1

1

150

1




Барлығы

7

1

6

8

8

5. Жабық тамыр жүйесі және топырақты микоризациялау жүйесі бар көшет материалдарын өсіруге арналған көшеттіктің құрылысы.

«Жасыл Аймақ» РМК орталық мекенінің резервтік аумағында 2 млн екпе көшетке арналған жабық тамыр жүйесі және топырақты микоризациялау жүйесі бар көшет материалдарын өсіруге арналған контейнерлік көшеттіктің 8 жылыжайын орналастыруға арналған алаң қарастырылған.

6. Өнеркәсіптік энергетикалық плантацияларды дамыту бойынша ұсыныстар (терек, тал).

Астана агломерациясының шаруа қожалықтарының аумағында, ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін жарамсыз жерлерде (жыра, сай, бөктер, құм) терек, талдардан тұратын энергетикалық плантацияларды құру және ол жерлерді жеке орман қорына айналдыру ұсынылады.

7. Рекреациялық жерлерді дамыту бойынша ұсыныстар

Астана агломерациясының нысандарын сәтті дамыту және кешенді салу үшін, 49 жылға жалға алып пайдалану жолымен орман қорын қолдану және оларды рекреациялық мүмкіндіктерге пайдалануға болады.

Рекреациялық аймақты қалыптастыру

Ірі курорттық аймақтардың біріне Ақкөл табиғи кешені жатады. Сапарлардың негізгі бағыттары ретінде Шортанды және Ақкөл аудандары табылады, себебі, олар арқылы Шу-Бурабай курорттық аймағына жол салынған. Халықтың басым бөлігі (21%) рекреация нысандары ретінде Целиноград ауданындағы Есіл мен Нұра өзендерінің аралығын таңдайды. Сонымен қатар, Аршалы ауданында орналасқан Вячеславское су қоймасы мен шағын көлдер жүйесі де адамдарды қызықтыратын орындардың біріне жатады.

Қызметтер сапасын арттыру және қызмет көрсету көлемін жоғарылату мақсатында туризм инфрақұрылымы мен материалдық базаны ары қарай дамыту (қонақүйлерді, отельдерді, кемпингтерді, этнографиялық кешендерді, жолдарды және т.б.) салу және қайта салу) қажет. Көлік (ыңғайлы туристік автобустар) жеткіліксіздігі байқалады. Облыс ішіндегі жол дамуы туристік талаптарға сай келмейді.

Рекреациялық аймақтарды дамыту және агломерацияның туристік қызметтерінің сапасын арттыруға қажетті шаралар:


  1. Туристік фирмалардың, санаторийлердің, демалыс базаларының, экскурсиялық ұйымдардың басшыларына, қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курстарына мемлекеттік немесе демеушілік құралдарды бөл. Туристік және курорттық сала қызметкерлерін аттестациялаудан өткізу кезінде курстық дайындық пен біліктілікті арттыруды пайдалану. Үдерісті бақылауға алу.

  2. Ішкі туризмді, әсіресе, қашық жатқан табиғи аумақтардағы, ауылдық жерлердегі ішкі туризмді дамыту бойынша жобаларды қаржыландыру.

  3. «Туризм», «Қонақ үй ісі», «Әлеуметтік-мәдени сервис» мамандықтары, Астана агломерациясының рекреациялық аймақтарына қатысты, өлкетану саласындағы арнайы курстары бар, Астана қаласының ЖОО мен колледждеріне кәсіптік дайындықты енгізу. Студенттерге арналған, астана тұрғындары мен қонақтарының табиғат аясындағы демалысына бағытталған туристік қызметтерді көрсету саласындағы тәжірибелерді ұйымдастыру.

  4. Агломерацияның барынша танымал және жаңа, келешегі зор туристік нысандары жолының құрылысына мемлекеттен қаржы бөлу.

  5. Агломерация аумағында, әсіресе, орналастыру мен тамақтану орындары жоқ жерлерде, «Дөңгелекті үйлерді» жалға беру бекеттерінің желісін ұйымдастыруды қолға алу (Австралия, АҚШ және басқа елдердің тәжірибесі бойынша).

  6. Агломерацияның бағыттары бойынша каталогтарды, карталарды әзірлеу және шығару.

  7. ҚР аккредиттелген барлық елшіліктердің өкілдерін, агломерацияның туристік нысандары, оның бағыттары туралы ақпараттандыру, сонымен қатар, осы ақпаратты өз елдерінде ары қарай насихаттау мақсатында, туристік көрмелерге, жәрмеңкелерге шақыру.

  8. астанадан 300 және одан көп шақырым арақашықтықта орналасқан, жолы нашар, жиі рейс болмайтын, халқы аз аудандарына ұшуға арналған шағын авиацияны (тікұшақтарды) пайдалана отырып, Астана қаласында көлік орталығын құру.

  9. Табиғатты қорғау саласында, әсіресе, халықтың бұқаралық демалысы түрінің бірі – балық аулау саласындағы бақылау органдарының жұмысына ерекше назар аудару. Осыған орай, кәсіби ұйымдарды есепке алмағанда, елдің аймағында балық аулауға арналған ауларды сатуға тыйым салу. Бұл су қоймаларындағы экологиялық жағдайдың сапасын жоғарылатып қана қоймай, сонымен қатар, белсенді демалыс түріне Республика тұрғындары мен қонақтарының басым бөлігін тартады.

  10. Ішкі туризм мамандарының ішінен, елдегі ішкі туризмді дамыту теориясы мен тәжірибесі саласындағы негіз болатын жұмыс тобын құру. Топ қатысушыларына аймақтардың нақты секторлары бойынша міндеттерді бөле отырып, бақылаушылардың өкілеттіліктерін беру.

  11. Туризмнің жаңа бағыттарын, соның ішінде аграрлық туризмді дамыту.

Келешегі зор рекреациялық нысандар.

Целиноград ауданында орналасқан София шоқылары, Жақсы-Қоянды шатқалы, Нұра өзені, Қосши селосының аймағы, Тайтөбе селосының аумағы. Аршалы ауданындағы Ақжар өзені, Үлкен Сарыоба көлі. Сонымен қатар, Ақкөл ауданында орналасқан Ақкүншік шатқалы, Ақкөл көлі, Шортанды ауданында орналасқан Бектау шатқалы, Ключевское су қоймасы үлкен әлеуетке ие.



Қазіргі таңда Жақсы-Қоянды шатқалы, Ақжар өзені, Ақмола шатқалы, Ақкүншік шатқалы, Үлкен және Кіші Сарыоба көлі, Бектау шатқалы, Ключевское су қоймасы сынды нысандардың жанынан демалыс мен туризм инфрақұрылымдарын құру бойынша ұсыныстар бар (72 кесте)
жүктеу 2,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау